Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 14:23, курсовая работа
Еңбекақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкерлердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлгісімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Кіріспе 5
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері 7
1.1 Еңбекақының нормативтік-заңнамалық базасы 7
1.2 Еңбекақы түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері 16
1.3 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп 30
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың
аудиті 35
Еңбекақы аудитінің мәні, негізгі мақсаттары 35
Еңбекақы аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын
құру 38
Еңбекақы бойынша аудиторлық тексеру процедураларын
жүргізу 44
3 «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінде еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудитінің ерекшеліктері.
«Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінің жалпы
сипаттамасы 52
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың құжаттық рәсімделуі және
бухгалтерлік есебі 57
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және
еңбек заңдылықтарының сақталынуы 61
Қорытынды 65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 69
Қосымшалар
Кесімді еңбекақыны есептеу: кәсіпорындарда кесімді еңбекақы төлеу жүйесі бойынша – жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы олардың өндірген өнімді және істеген жұмысының, атқарған қызметінің саны мен көлемі жайлы жазылған алғашқы құжаттар бойынша есептеледі. Ол үшін алғашқы құжаттарда көрсетілген өндіріп шығарған өнімдер мен істелген жұмыстардың және дайындалған детальдардың, сондай-ақ тағы да басқа операциялардың жалпы саны мен көлемі, олардың бір данасын жасап шығаруға, өндіруге белгілеген бағаға көбейтеді.
Ұйымдарда тапсырманы жеке адам орындаған, яғни операция немесе өнім өндіру басынан аяғына дейін бір жұмысшының немесе қызметкердің қолынан өтетін жағдайда мұндай әдісті қолдану ыңғайлы болып табылады. Кесімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің бригада бойынша істеген жұмысына төленетін жағдайда жоғарыда аталған алғашқы құжаттарға әр жұмысшы мен қызметкердің жұмыс істеген уақыты, мамандық дәрежесі, бригада болып өндірген өнімі мен істеген жұмысының көлемі мен саны және олардың бір данасын жасауға, өндіруге белгіленген бағасы көрсетіліп жазылады. Жалпы бригада бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстың саны мен көлемін, олардың бір данасын өндіріп шығаруға белгіленген бағаға көбейту арқылы сол бригада мүшелерінің еңбекақысы есептеліп шығарылады. Бригаданың жалпы табысы ондағы жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында олардың мамандық дәрежесіне және жұмыс істеген уақытына сәйкес бөлінеді. Ол үшін алдымен барлық бригада мүшелерінің жұмысқа қатысқан уақыты табылады. Содан соң жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне сәйкес тариф бойынша бір сағатқа белгіленген еңбекақы мөлшері олардың жұмыс істеген сағаттарының санына көбейтіледі. Осының нәтижесінде бригада мүшелерінің әрқайсысының тариф бойынша есептелетін еңбекақысының жалпы сомасы табылады. Алғашқы құжаттар бойынша есептелген бригада мүшелеріне тиісті еңбекақы сомасының жоғарыда көрсетілген тариф бойынша есептелген еңбекақының жалпы сомаларының қосындысына қатынасы қосымша табыс коэффициенті болып табылады. Осыдан кейін тариф бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің әрқайсысына есептелген еңбекақы сомасы осы коэффициентке көбейтіліп, әр жұмысшының немесе қызметкердің орындаған жұмысы мен өндрген өнімінің саны мен оның мамандық дәрежесіне байланысты еңбекақысы табылады.
Мысалы:
Құрамында алты жұмысшы жұмыс істейтін
бригаданың сәуір айында өндірген өнімі
мен істеген жұмысына тиісті еңбекақы
қоры 62669 теңге 60 тиынды құрайды делік.
Бұл жағдайда осы бригадағы әрбір жұмысшының
еңбекақы мөлшері олардың мамандық дәрежесі
мен жұмыс істеген уақытына сәйкес былайша
есептеліп шығарылады:
Кесте 1
Жұмысшылардың
еңбекақы мөлшерін есептеу
№ | Жұмысшылар мен қызметкерлердің аты-жөні | мМа-мандық дәрежесі | Жұмыс істеген сағатта-рының саны (сағат) | Тариф-тік коэффи-циенті | Тариф бойынша есептелген еңбекақы сомасы (теңге) | Қосым-ша табыс коэф-фициенті | Жұмысшыларға есептелген еңбекақы сомалары (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 (2х3) | 5 (6*/4*) | 6 (4х5) | ||
1 | Ақжігітов А. | 1 | 175 | 1,76 | 308 | 26,1 | 8838,8 |
2 | Аманбаев Б. | 2 | 160 | 2,06 | 329,6 | 26,1 | 8602,06 |
3 | Әбдірахманов Ж. | 3 | 165 | 2,35 | 187,75 | 26,1 | 10120,3 |
4 | Бақтыбаев С. | 4 | 154 | 2,64 | 406,56 | 26,1 | 10611,2 |
5 | Жұмашев М. | 5 | 150 | 2,93 | 439,5 | 26,1 | 11471,0 |
6 | Тілесов Ж. | 6 | 164 | 3,23 | 529,72 | 26,1 | 13825,7 |
Жиыны: | 968 | 2401,13 | 62669,6 |
Қосымша табыс коэффициенті бұл мысалымызда 26 (жиырма алты) теңге 10 (он) тиынға тең болып отыр (яғни 6 бағана/4 бағана немесе 62669 теңге 60 тиын бөлінген 2401 теңге 13 тиын = 26 теңге 10 тиын).
Егер кәсіпорындарда өнім өндірудің тапсырмасын артығымен орындағаны, жұмыс істеу барысында ақау жібермегені, күрделі де қиын жұмысты атқарғаны, тағы басқалар үшін сыйақы берілетін болса, онда ло сома бригаданың жұмысшылары мен қызметкерлері арасында олардың кесімді еңбекақы сомасына үйлесімді (пропорцианалды) түрде бөлінеді. Кейбір жұмысшылар мен қызметкерлер бір айдың ішінде бірнеше бригаданың құрамында жұмыс атқаруы мүмкін. Мұндай жағдайда әрбір жұмысшы өзінің істеген жұмысы туралы мәлімет жазады. Осы деректі мәлімет негізінде сол жұмысшының немесе қызметкердің есепті айдағы еңбекақысы есептеліп шығарылады. Жоғарыда жалпы көрсетілген бригаданың табысын жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында олардың жұмыс істеген уақыты мен олардың мамандық дәрежесіне қарай бөлу әдісі, бригада мүшесінің барлығын бірдей адал ниетпен жұмыс істеуге ынталандырмайды. Соған байланысты соңғы кезде еңбекақы сомасые бригада мүшелерінің арасында олардың еңбекке қатысу коэффициентіне қарай бөлу әдісі кеңінен қолданылуда. Ол үшін бригададағы жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір мүшелеріне ай сайын олардың еңбекке қатысу коэффициентін анықтайды. Жұмысты жақсы істеген, еңбек өнімділігін арттырған жұмысшылар мен қызметкерлерге жоғарылату коэффициенті беріледі де, ал еңбек тәртібі мен техникалық қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін және құрал-саймандарға немқұрайлы қарағаны, тағы басқа кемшіліктері үшін төмендету коэффициенті беріледі. Жұмыстағы жетістіктері мен жіберілген кемшіліктерінің әрқайсысына байланысты ұйымдарда әр түрлі төмендету және жоғарылату коэффициенттері қарастырылады. Кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлерге негізгі деп алатын кесімді және мерзімді еңбекақыдан басқа әр түрлі қосымша еңбекақы болып табылатын бір жолғы сыйақылар және жәрдемақылар төленуі мүмкін.
Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін кейбір төлемдердің мөлшері олардың өткен уақыттағы алған еңбекақысының орташа мөлшеріне байланысты есептеледі. Орташа еңбекақының сомасына байланысты есептелетін мұндай төлемдерге мыналар жатады:
Ұйымдар жұмысшылар мен қызметкерлерге орташа еңбекақыны есептегенде оның қай мерзімге есептелу керек екендігін белгілеу керек. Осы күнгі қолданылатын заңдарға сәйкес орташа еңбекақы мынадай уақыттарға (мерзімдерге) есептеледі:
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жыл сайынғы берілетін демалысы немесе пайдаланбаған демалысына төленетін төлемдерді есептеу үшін орташа еңбекақыны есептегенде төлеу жүйелеріне қарамастан төленген төлемдердің мына түрлері алынады:
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге орташа еңбекақыны есептегенде мына төлемдер есепке алынбайды:
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің кезекті еңбек демалысына немесе пайдаланбаған демалысына төлем төлеу үшін, сол демалысқа барар алдындағы он екі айдың еңбекақыларының қосындысын 12-ге бөліп, орташа еңбекақыны табамыз. Бұл табылған соманы әр жылдың күнтізбелік күндерінің санын (мейрам күндерінен басқа) 12-ге бөлу арқылы табылатын коэффициентке (29,75) бөлу арқылы еңбек демалысының бір күніне тиісті төлем сомасының мөлшерін анықтаймыз. Еңбек демалысының күндерінің санына байланысты бір күнге тиісті төлем мөлшері демалыс күніне көбейтіліп, жалпы сома анықталады. Егер жұмысшылар мен қызметкерлер есеп айырысу кезеңінде, яғни демалысқа барар алдында 12 (он екі) ай бойы еңбекақы алмаған жағдайда, мысалы: баланы күту үшін еңбекақы сақталмайтын демалыста болғанда, оның әр жылғы еңбек демалысы үшін төленетін төлемді есептеу үшін осы мезгіл алдындағы 12 (он екі) айдың орташа еңбекақысы алынады.
Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесіне қосымша
Тұрақты
сипаттағы емес, орташа жалақыны есептеу
кезінде ескерілмейтін
- Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі үшін өтемақы.
- Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ жұмыс беруші белгілейтін әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер.
- Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде қызметкерлерге төленетін сауықтыру жәрдемақысы.
- Қызметтік іссапарға жіберілетін қызметкерлерге берілетін өтемақы.
- Тұрақты жұмысы жол үстінде немесе жүріп-тұру сипатында не қызмет көрсететін учаскелер шегінде қызметтік сапарлармен байланысты болған жағдайларда тәулікақы орнына белгіленетін қосымша ақылар мен үстемеақылар, өтемақы төлемдері.
- Дала жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге берілетін далалық жабдықталым.