Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 14:23, курсовая работа
Еңбекақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкерлердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлгісімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Кіріспе 5
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері 7
1.1 Еңбекақының нормативтік-заңнамалық базасы 7
1.2 Еңбекақы түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері 16
1.3 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп 30
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың
аудиті 35
Еңбекақы аудитінің мәні, негізгі мақсаттары 35
Еңбекақы аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын
құру 38
Еңбекақы бойынша аудиторлық тексеру процедураларын
жүргізу 44
3 «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінде еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудитінің ерекшеліктері.
«Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінің жалпы
сипаттамасы 52
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың құжаттық рәсімделуі және
бухгалтерлік есебі 57
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және
еңбек заңдылықтарының сақталынуы 61
Қорытынды 65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 69
Қосымшалар
көбейтіндісі ретінде анықталады.
Жалақы = нақты жұмыспен*сағаттық
тариф
сомасы өтелген сағаты саны ставкасы
мерзімдік ақы алатын 6-разрядтағы сағаттық
тариф ставкасы 76 теңге болған кезде 182
сағат жұмыс істеген.
Жалақы
сомасының есептелуі: 182*76=13732 теңге.
Қызметкерлердің жалақысы бойынша есептеледі:
- егер жұмыскер сол айдағы жұмыс күндерінде
толықтай жұмыс істесе, онда жалақының
мөлшері қызметақы мөлшеріне сәйкес келеді:
- егер жұмыскер сол айдағы жұмыс күндерінде
толықтай жұмыс істемесе, онда жалақы
нақты жұмыспен өтелген уақытқа қарай
есептеп шығарылады.
Мысалы: қызметақысы 11300 теңге фирма менеджері
айдағы 26 жұмыс күнінң 20 күнінде жұмыс
істеген.
Айдың орташа күндік жалақысы: 11300/26 =434,62
теңге. Менеджердің жалақысы 434,62*20=8692,4
теңге құрайды. Жай мерзімдік жүйе жұмыскер
еңбегінің түпкілікті нәтижесі мен оның
жалақысы арасындағы байланысты қамтамасыз
етпейді. Шаруашылық субъектісі жұмыскердің
еңбегіне ақы төлеу үшін мерзімдік – сыйақылық
жүйені қолдануға құқылы. Бұл орайда сыйақы
беру мынадай көрсеткіштер бойынша жалақы
қорына (К-т 3350) немесе тұтыну қорына (5520-шот)
жүргізіледі.
Өндірістік
тапсымаларды орындау және асыра
орындау;
- Еңбек өнімділігінің өсуі, бұйымның
еңбекті қажет етуін төмендету, шығарылымының
жаңа нормасын, қызмет көрсету мерзімін
игеру басқалар.
Сыйақы мөлшері орындалған жұмыстың маңыздылығы
мен күрделілігіне қарай кәсіпкер мен
жұмысшылардың топтарына сараланып белгіленеді.
Мысалы, сыйақы беру туралы ережеде жабдықтың
тұрып қалуын қысқарту үшін кезекші слесарьларға
тарифтік ставкасының 20% - ті мөлшерінде
сыйақы беру көзделеді.
Техникалық себептерге байланысты жабдықтардың
тұрып қалу нормасы 5% құрайды. Кезекші
слесарь есепті айда 180 сағат жұмыс жасаған.
Тарифтік сатвка 100 %, жабдықтың ай ішінде
тұрып қалуы - 3%.
- Мерзімдік жалақы:
180*100=18000 теңгеге тең. Жабдықтың тұрып қалуын
төмендетудің әрбір % - ті үшін сыйақы мөлшері
20%/5%=4%. Жабдықтың тұрып қалуын қысқарту
5% - 3%=2%, сыйақының %-тік мөлшері 4%*2%=8%, сыйақы
сомасы: 18000*8% = 1440теңге, ай ішіндегі жалақы
18000+1440 = 19440 теңге.
Материалдарды үнемдеген жұмысшыларға
сыйақы беруге бір жұмыс орны, бригада
учаскесі бойынша нақты үнемделген материалдар
сомасынан белгілі бір пайыз жасалуы мүмкін.
Мысалы. Мерзімдік ақы алушы жұмысшы
180 сағат жұмыс істеп есепті
айда 1200 теңге сомасының материалдарын
үнемдеген. Сыйақы беру туралы ережеге
сәйкес сыйақы нақты үнемделген материалдардың
35% мөлшерніде есептелінеді. Тарифтік
сатвка 100 (сағатпен):
- Мерзімдік жалақының сомасы 180*100 = 18000
теңге.
- Материалдарды үнемдегені үшін сыйақы
1200*35% = 42000 теңге.
- Айдағы жалақы сомасы 18000+42000=60000 теңге.
Сыйақы цехтардың және бүкіл кәсіпорынның
жалпы ұжымдық жұмыс көрсеткіштер үшін
есептелуі мүмкін (өндірістік тапсырмаларды,
жеткізу шарты, өткізу көлемін орындау
және асыра орындау). Сыйақы көлемі жалпы
кәсіпорын бойынша белгіленеді.
Мысалы. Цехтың қол жеткізген жұмыс көрсеткіштері
үшін бұйрыққа сәйкес кезекші слесарь
15% мөлшерінде сыйақы алады. Слесарь 160
сағат жұмыс істеген. Тарифтік ставка
100 теңге.
- Тарифтік жалақы: 160*100 = 16000 теңге.
- Сыйақы: 16000*15% = 2400теңге.
- Жалақы сомасы 16000+2400 = 18400 теңге.
Қызметкерлер кәсіпорын жұмысының жалпы
көресткіштері үшін сыйақы алады.
Табыс
әрбір жұмысшының жұмыс нәтижесіне байланысты.
Ол белгіленген бағалауды дайындалған
бұйымдардың сапасына көбейту жолдарымен
анықталады.
Мысалы. Кесімді ақы алатын жұмысшыға
белгілі 250,56 теңге бағаланатын 30 бөлшекті
әзірлеу тапсырылды. Жалақысы 30*205,56=7516,8
теңге.
Жұмысшыларды жалақысы бригадалардың,
учаскенің жұмыс нәтижесі бойынша анықталады.
Бағалар жеке (әрбір кәсіпке) және кешенді
(ұжымдық) болуы мүмкін.
Жеке бағалауды қолданған
Кешенді бағалауды қолданған кезде бригаданың кесімді табысы анықталады. Ол бригада мүшелерінің арасында жалақы тарифіне пара – пар бөлінеді (жұмысшы разрядының тарифтік ставкасын нақты жұмыспен өтелген сағаттарға көбейту арқылы). Жалақы ескерілген тариф бойынша есептелінеді, содан кейін бөлу коэффициенті анықталады (бригаданың кесімді жалақысы ескерілген тариф бойынша бригада жалақысына бөлінеді). Әрбір жұмысшының айлық жалақысы тариф бойынша жалақыны бөлу коэффициентіне қайта көбейту арқылы анықталады.
Мысалы. Құрамында 3-ші, 5-ші, 6-ші разрядты
3 адам бар кесімді ақы алушы
жұмысшылар бригадасы әрқайсысы 8-40,40 теңгеден
бағаланған екі машинаны жинады. Ахметов
М.К. 80 сағат жұмыс істеген (6-разряд), Қалымов
А. О. 60 сағат жұмыс істеген (5-разряд), Жанғыров
У.С. – 70 сағат жұмыс істеген (3-разряд).
-Бригаданың жалақысы 8040,40*2машина = 16080,80
теңге. Тариф бойынша жалақы:
Жиыны: 16080,80 теңге.
Жанама
– кесімді жүйеде қызмет көрсетуші
жұмысшылардың жалақы мөлшері осы
жұмысшылар қызмет көрсеткен негізгі
өндірістік жұмысшылар еңбегінің түпкілікті
нәтижесіне тікелей тәуелді болады. Бұл
орайда жанама – кесімді бағалау қызмет
көрсетуші жұмысшылардың тарифтік жалақысының
негізгі жұмысшылар жоспарлаған өнім
шығарылымның санына қатынасы ретінде
анықталады.
Жалпы жұмысшылар
мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы
негізгі және қосымша деп екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төменде аталғандар жатқызылады:
- Мерзімді және кесімді еңбекақы;
- Сыйлықтар мен сыйақылар;
- Үстеме сыйлықтар.
Қосымша еңбекақыға – еңбек заңына сәйкес шарттарды қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Мұндай төлемдер қатарына:
- Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.
- Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
- Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
- Жасөспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.
- Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсыз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.
- Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.
- Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және де басқа мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдер.
- Әскери жиындарға қатысқаны үшін сондай-ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалары жатады.
Өндіріс
пен құрылыста халық
Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өнім өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.
Мысалы: автоматтандырылған өндірісте машина жөндейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның басшыларына қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне, тағы басқаларға. Мерзімдік еңбекақының төмендегідідей түрлері бар:
- Жай мерзімді;
- Мерзімді сыйлықты.
Жай мерзімді жүйесі бойынша – жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.
Мерзімді сыйлықты – жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және ьағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.
Кесімді еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады. өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын, өндіретін өнімінің санымен немесе көлемімен анықталады.
Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:
Сурет 2.
Еңбекақы
нысандары мен жүйесі
Жұмысшылар
мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің
тікелей кесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының
немесе бір бригаданың өндірген өнімінің,
істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленеген
еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе
бойынша еңбекақы мөлшері – бұл құжатта
көрсетілген, өндірілген өнімнің санын
сол өнімнің бір данасына қарастырылған,
яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту
арқылы табылады.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруді санымен бірге сапалық жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем - өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы түрінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейді.
Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі – ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналыссатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.
Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша еңбекақы шаруашылықтың негізгі жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы ұйымдағы станоктардың, жабдықтардың, тағы да басқа құралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға, операторларға және жөндейтін және оларды жұмысқа дайындайтын басқа жұмысшыларға төленеді.
Мерзімді еңбекақыны есептеу:
Мерзімдік еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта істеген жұмысына есептелінетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем, тағы басқа төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелетін төлемдер жатады.
Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ұйымдарда қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдердің негізінде ай бойғы қызмет атқарған (белгілі бір есеп айырмасын) уақытқа есептеледі. Негізінде мерзімдік еңбекақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне күнтізбелік ай, күн немесе сағат алынады. Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер толық бір ай қызмет атақаратын немесе жұмыс істеген болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе кәсіпорынның басшылығы бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы толығымен төленеді. Егер ай сайын тұрақты мөлшерде еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер есепті айды бірнеше күн жұмысқа немесе қызметке келе алмай қалған болса, онда оларға төленуше тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы мен қызметкердің толық ай жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы жұмыс күндерінің санына бөліп алған нәтижені, яғни сол айдағы бір күнге тиісті еңбекақы сомасын сол айдағы жұмысшының немесе қызметкердің жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы табылады.