Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 14:23, курсовая работа
Еңбекақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкерлердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлгісімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Кіріспе 5
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері 7
1.1 Еңбекақының нормативтік-заңнамалық базасы 7
1.2 Еңбекақы түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері 16
1.3 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп 30
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың
аудиті 35
Еңбекақы аудитінің мәні, негізгі мақсаттары 35
Еңбекақы аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын
құру 38
Еңбекақы бойынша аудиторлық тексеру процедураларын
жүргізу 44
3 «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінде еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудитінің ерекшеліктері.
«Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінің жалпы
сипаттамасы 52
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың құжаттық рәсімделуі және
бухгалтерлік есебі 57
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және
еңбек заңдылықтарының сақталынуы 61
Қорытынды 65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 69
Қосымшалар
- оқиға – Еңбек кодексіне сәйкес орташа жалақының сақталуымен немесе төленуімен байланысты жағдайлар.
- Орташа айлық жалақыны айқындаудың барлық жағдайлары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мереке күндері есеп кезеңінен алынып тасталады.
- Орташа жалақыны есептеу кезінде есеп айырысу кезеңінен жұмыс істелмеген уақыт және осы кезеңде Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерге орташа жалақысы төленген немесе сақталған кездегі жұмыс істелмеген уақыт үшін есептелген сомалар алынып тасталады.
- Ұжымдық шартта орташа жалақыны есептеу үшін қызметкерлердің жағдайын нашарлатпайтын өзге кезеңдер көзделуі мүмкін.
Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі:
- Бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі. Орташа жалақыны есептеуде қосымшаға сәйкес тұрақты сипаттағы емес төлемдер ескерілмейді.
- Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндеріннің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.
- Орташа күндік (сағаттық) жалақы барлық жағдайларда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиісінше бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына бөлу жолымен анықталады.
- Егер есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмесе, онда орташа күндік (сағаттық) жалақы жұмыс істелген уақыт үшін есептелген жалақының сомасын осы жұмыс істеген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына тиісінше бөлу жолымен анықталады.
- Егер есеп айырысу кезеңінде қызметкерге жалақы еспетелмеген болса, онда орташа күндік (сағаттық) жалақыны есептеу есеп айырысу кезеңінің алдындағы он екі айдағы жұмысы, не есеп айырысу кезеңінің осы жұмыс берушіде нақты жұмыс істеген уақыт кезеңі үшін есептелген жалақы сомасын жұмыс істелген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына тиісінше бөлу жолымен жүзеге асырылады.
- Қызметкер жұмысқа орналасқан кезде оқиға орын алған жағдайда есептелген жалақы сомасы болмағанда, не оқиға алдындағы 24 ай бойы қызметкердің жалақысы болмаған жағдайда, орташа күндік (сағаттық) жалақы қызметкердің күндік (сағаттық) тарифтік ставкасын (лауазымдық жалақысын) негізге ала отырып есептеледі.
- Жұмысты вахталық әдіспен орындайтын қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны есептеуге арналған орташа жалақы орташа сағаттық жалақыны Еңбек кодексінде белгіленген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан аспайтын, жұмыс беруші жасаған кесте бойынша еңбекке жарамсыздығы салдарынан болмаған жұмыс сағаттарының санына көбейту жолымен анықталады.
- Лауазымдық жалақы арттырылған жағдайда орташа жалақыны есептеу арттыру коэффициентiн ескере отырып, мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
- егер арттыру есеп айырысу кезеңінде жүргiзiлсе, арттырудың алдындағы әрбір ай үшін орташа жалақы арттыру коэффициентiн ескере отырып есептеледі;
- егер арттыру есеп айырысу кезеңінен кейiн оқиға болғанға дейiн жүргiзiлсе, есеп айырысу кезеңі үшін орташа жалақы арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі;
- егер арттыру оқиға кезеңiнде жүргiзiлсе, орташа жалақының бiр бөлiгi лауазымдық жалақы (ставка) арттырылған күнiнен бастап көрсетiлген кезең аяқталғанға дейiн коэффициентін ескере отырып есептеледі.
Арттыру коэффициентi оқиға басталған айда белгiленген лауазымдық жалақыны (ставканы) арттыруға дейiн белгiленген лауазымдық жалақыға (ставкаға) бөлу жолымен есептеледi. Қызметкерді бір лауазымнан екіншісіне ауыстырған кезде арттыру коэффициенті қолданылмайды.
- Өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша төленетін жылдық сыйлықақыларды, сыйақыларды қоспағанда, тұрақты сипаттағы және жұмыс берушінің еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген сыйлықақылар мен еңбек нәтижелері үшін төленетін басқа да ынталандыру төлемдері орташа жалақыны есептеу кезінде есептелген уақыты бойынша қосылады.
Жұмыс
берушінің еңбекақы төлеу мен
сыйлықақы беру жүйесінде көзделген
жұмыс қорытындысы бойынша
Ағымдағы
жылда төленетін өткен жылдың
жұмыс қорытындысы бойынша
Есеп айырысу кезеңіне сәйкес келетін уақыт жұмыспен толық өтелмеген жағдайларда, сыйлықақылар мен тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері орташа жалақыны есептеген кезде есеп айырысу кезеңіндегі жұмыс істелген уақытқа барабар ескеріледі.
Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесіне қосымша.
Тұрақты сипаттағы емес, орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтін төлемдер:
- Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі үшін өтемақы.
- Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ жұмыс беруші белгілейтін әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер.
- Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде қызметкерлерге төленетін сауықтыру жәрдемақысы.
- Қызметтік іссапарға жіберілетін қызметкерлерге берілетін өтемақы.
- Тұрақты жұмысы жол үстінде немесе жүріп-тұру сипатында не қызмет көрсететін учаскелер шегінде қызметтік сапарлармен байланысты болған жағдайларда тәулікақы орнына белгіленетін қосымша ақылар мен үстемеақылар, өтемақы төлемдері.
- Дала жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге берілетін далалық жабдықталым.
- Қызметкерді ұйыммен бірге басқа жерге ауыстырған кезде берілетін өтемақы.
- Қызметкердің (жеке тұлғаның) жеке мүлкін, тараптардың келісімі негізінде жұмыс берушінің мүдделері үшін пайдаланған кезіндегі шығыстарды өтеу.
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес берілген арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің және басқа да жеке қорғаныш құралдарының, алғашқы дәрігерлік көмек құралдарының, жуу және зарарсыздандыру материалдарының, сүттің, емдеу-профилактикалық тамақтандырудың және басқа да құралдардың құны.
- Қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдер (жоғалтқан жалақысы бөлігіндегі төлемдерден басқа).
- Қызметкерлерге жұмыс беруші көрсететін материалдық көмек (ақшалай жәрдемақы) (бала туған кезде, дәрігерлік қызметтің ақысын төлеу үшін, жерлеуге және басқа жағдайларда).
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерекелік күндерге, мерейтой күндеріне байланысты, лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін, мінсіз еңбек қызметі үшін, зейнетақыға шығуына орай жұмыс беруші еңбекақы төлеу қоры есебінен беретін біржолғы көтермелеу төлемдері (біржолғы ақшалай сыйақыларды қоса алғанда).
- Жұмыс берушінің кінәсінен жалақы төлемдері кешіктірілген кезде және міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аудармағаны үшін жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерге төлейтін өсімақылар.
- Қызметкерлерді оқытуға және біліктілігін арттыруға байланысты жұмыс берушінің шығыстары.
- Жұмыс берушінің қаражаты есебінен ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде қосымша көзделген өтемақылар мен әлеуметтік кепілдіктер төлемдері.
- Спорттық байқауларда, конкурстар мен жарыстарда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай наградалар.
- Қызметкерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындайтын жері бойынша төленген жалақы.
- Қызметкерлерге күнделікті жұмысын (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлу кезіндегі жұмысы үшін өтемақы төлемдері.
- Үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге төленетін өтемақы төлемдері.
Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін кейбір төлемдердің мөлшері олардың өткен уақыттағы алған еңбекақысының орташа мөлшеріне байланысты есептеледі. Орташа еңбекақының сомасына байланысты есептелетін мұндай төлемдерге мыналар жатады:
- Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқарған уақыты үшін төленетін төлем.
- Қызметтік іссапарда болған уақытқа төленетін еңбекақы.
- Жас сәбилі аналарға демалу және баланы тамақтандыру үшін берілетін үзіліске төленетін төлем.
-
Жас өспірімдердің
- Өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей оқитын жұмысшылар мен қызметкерлерге емтихан тапсыратын уақыттағы (сессия уақытында) жұмыста болмаған уақыттарына төленетін төлем.
- Амалсыздан жұмысқа шықпаған уақытқа төленетін төлем.
- Ауыл шаруашылық жұмыстарына (егін жинау, уақыттары үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлем.
- Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек демалысы немесе пайдаланбаған еңбек демалысы үшін төленетін төлем.
- Зейнетақы, табыс салығы жөне жылдық жұмыс нәтижесі бойынша сыйақы есептеу, тағы басқалары.
Ұйымдар жұмысшылар мен қызметкерлерге орташа еңбекақыны есептегенде оның қай мерзімге есептелу керек екендігін белгілеуі керек. Осы күнгі қолданылатын заңдарға сәйкес орташа еңбекақы мынадай уақыттарға (мерзімдерге) есептеледі:
-
жұмысшылар мен қызметкерлерге
жыл сайынғы еңбек демалысына баратын
уақытына немесе жұмыстан босатылатын
және пайдаланбаған демалысы үшін, сондай-ақ
балалы болған кездегі әйелдерге
берілетін демалыс үшін,
амалсыздан жұмысқа шықпай қалғаны
үшін, еңбекке уақытша жарамсыздыққа
жәрдемақы төлеу үшін
және тағы да басқа жағдайларда
соңғы он екі айдың
орташа еңбекақысы алынуға
тиіс. Егер бұл
жоғарыда айтылған төлемдерді
есептеу барысында жұмысшылар
мен қызметкерлер он екі ай жұмыс істемеген
жағдайда, онда орташа еңбекақыны есептеуге
дейінгі толық істеген
уақыты алынады. Еңбек
демалысына төленетін төлемдерді
есептеу барысында демалысқа барар
аддындығы он екі айдың енбекақысы
жартылай сақталған, (ауырған
күні, ауырған адамға қараған уақыты, оқу
орындарында оқитын студенттерге берілген
демалыс, тағы басқалар) уақыттары алынып
тасталады. Осы жоғарыда айтылғандарды
есептеу кезінде толық
бір айда қалмаған жағдайда демалыс
үшін төленетін соманы сол демалысқа
барар алдындағы жұмыс
істеген күндерге алған еңбекақы сомасын
жұмыс істеген күндерінің санына бөліп
есептейді.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жыл сайынғы берілетін демалысы немесе пайдаланбаған демалысына төленетін төлемдерді есептеу үшін орташа еңбекақыны есептегенде төлеу жүйелеріне қарамастан төленген төлемдердің мына түрлері алынады:
-
Негізгі еңбекақы және оған
қосымша төленген үстемелер (
- Жыл бойы істеген жұмысының қорытындысы бойынша берілетін сыйақы, яғни он үшінші айлық (әр айға бөлініп қосылады),
- Қосымша еңбекақы (жұмыстан босатыларда берілетін жәрдемақы, әскери жиында болған уақытқа төленетін төлемдерден басқа).