Еңбекақы бойынша есеп айырысу

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 14:23, курсовая работа

Описание работы

Еңбекақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкерлердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлгісімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.

Содержание

Кіріспе 5
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері 7
1.1 Еңбекақының нормативтік-заңнамалық базасы 7
1.2 Еңбекақы түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері 16
1.3 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп 30

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың
аудиті 35
Еңбекақы аудитінің мәні, негізгі мақсаттары 35
Еңбекақы аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын
құру 38
Еңбекақы бойынша аудиторлық тексеру процедураларын
жүргізу 44
3 «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінде еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудитінің ерекшеліктері.
«Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінің жалпы
сипаттамасы 52
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың құжаттық рәсімделуі және
бухгалтерлік есебі 57
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және
еңбек заңдылықтарының сақталынуы 61
Қорытынды 65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 69
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

дипломная.doc

— 640.50 Кб (Скачать)

       Кәсіпорындарда   жұмысшылар    мен    қызметкерлерге орташа  еңбекақыны  есептегенде  мына  төлемдер  есепке алынбайды:

     - Еңбекақы қорынан басқа қаржы  көздерінен төленген төлемдер (өнертапқыштыққа, тағы басқалар).

  • Есепке   алынатын   12   (он   екі)   айдан   бұрынғы уақытқа тиісті төлемдер.
  • Жұмысшының  міндетіне  жатпайтын  жұмыстарды орындағаны үшін төленген төлем.

     Кәсіпорындарда  жұмысшылар мен қызметкерлердің  кезекті еңбек демалысына немесе пайдаланбаған демалысына төлем төлеу үшін, сол демалысқа барар алдындағы 12 айдың еңбекақыларының қосындысын 12-ге бөліп, орташа еңбекақыны табамыз. Бұл табылған соманы әр жылдың күнтізбелік күндерінің санын (мейрам күндерінен басқа) 12-ге бөлу арқылы табылатын коэффициентке (29.75) бөлу арқылы еңбек демалысының бір күніне тиісті төлем сомасының мөлшерін анықтаймыз. Еңбек демалысының  күндерінің  санына  байланысты  бір   күнге  тиісті төлем мөлшері демалыс күніне көбейтіліп, жалпы сома анықталады. Егер жұмысшылар мен қызметкерлер есеп айырысу кезеңінде, яғни демалысқа барар алдында 12 (он екі) ай бойы еңбекақы алмаған жағдайда, мысалы: баланы күту үшін еңбекақы сақталмайтын демалыста болғанда, оның әр жылғы еңбек демалысы үшін төленетін төлемді есептеу үшін осы мезгіл алдындағы 12 (он екі) айдың орташа еңбекақысы алынады. 
 
 

 
 
 
 
 

     

       

     

     

       
 
 

       
 
 

     

       
 
 

     

       
 

       
 
 

     

       
 
 

       
 
 
 

       Сурет 1. Еңбекақы түрлері 

  1.2 Еңбекақы түрлері, еңбекақы төлеудің  нысандары мен жүйелері

         

       Еңбекақы негізгі және қосымша   болып екіге бөлінеді. 
 Негізгі - бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өндірілген өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы.

       Негізгі еңбекақының құрамына мыналар кіреді: 
- жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы; 
-қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме; 
- жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет (материалдардың сәйксесіздігі, өңдеудің күрделілігі; 
-кесімді ақы алушыларға үстемелі бағалар бойынша қосымша ақы; 
-ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар; 
-мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы; 
-түндегі жұмыс үшін қосымша ақы; 
-жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер; 
 Қосымша еңбекақы. Қосымша жалақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу  

     ҚР  еңбек заңдарына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің мынадай  жұмыспен өтелмеген уақыттары төленеді:

   1. Мемлекеттік және қоғмдық   міндеттемелерді орындау уақыты;

   2. Жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарын  төлеу;

   3. Нәрестені тамақтандыруға аранлған  қосымша үзілістерді төлеу;

   4. Кезекті және оқу демалыстарының  уақытын төлеу;

   5. Пайдаланылмаған демалыс үшін  өтемақы;

   6. Жұмыстан босаған кездегі шығу жердемақысы.

   Жұмыспен өтелмеген уақыт орташа  жалақы бойынша төленеді. ҚР Еңбек  және әлеуметтік қорғау министрлігінің 5.09.97 ж. №3 және ҚР Қаржы министрлігінің 16.09.97 ж. №17/8340 бұйрықтарымен бекітілген  Ұйымдардың қызметкерлеріне орташа  жалақыны есептеудің тәртібі туралы Нұсқаулыққа   сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне орташа жалақы есептеу үшін төлемдердің алдындағы 12 күнтізбелік ай есепткі кезең болып табылады (1 жылдан кем  уақыт жасаған қызметкерлер үшін орташа жалақы нақты жұмыспен өтелген уақыт үшін белгіленеді).

   Орташа жалақыны анықтау үшін:

      1.Күндік орташа жалақыны (жұмыс  істелмейтін және мереке күндерін  қоспағанда);

      2.Орташа сағаттық жалақы пайдаланылады;

   Күндік орташа жалақы, еңбеккке  ақы төлеу мен демаыс үшін  өтемақы төлеуден басқа барлық жағдайда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс күндерінң сомасына бөлу жолымен анықталады.

   Нақты жұмысшының ораташа жалақысының  мөлшері күндік орташа  жалақыны  төленуге тиіс күндер сомасына  көбейту жолымен анықталады.

   Күндік орташа жалақы есепеті кезеңде есептелген жалақы сомасын жыл сайынғы жұмыс уақытының балансына сәйкес осы кезеңдегі жұмыс сағаттарына бөлу жолымен есептеледі. Нақты қызметкердің орташа жалақысынң мөлшері орташа сағаттық жалақыны төленуге тиіс кезеңдегі жұмыс сағатының санына көбейтілу жолымен анықталады. Егер:

   1.Қызметкердің орташа жалақысы  төленсе немесе сақталса (ҚР заңына  сәйкес);

   2.Қызметкер мемлекеттік әлеуметтік  сақтандыру бойынша жәрдемақы  аласа (жүктілігі мен босануы  бойынша еңбекке уақытша жалрамсыздық) және басқадай болса орташа жалақыны есептеуге арналған есептік кезеңнен уақыт, сондай - ақ  төленген сомалар аланып тасталынады.

   Ынталандырушы сипаттағы сыйақылар  мен басқа төлемдер есептеу  уақыты бойынша ораташа жалақыны  есептеген кезде қосады, жылдық сыйақылар мен сыйлықтар есепті кезеңнің әрбір айы үшін 1/12 мөлшерінде ескеріледі.

   1.Мемелекеттік және қоғамдық  міндеттемелерді орындау уақыты. Төлем орташа сағаттық немесе  орташа күндік міндеттемелерді  орындаған мекеменің табелінің,  анықтамасының немесе құлықтандыруының негізінде жүргізіледі.

   2.Жасөспірімдердің жеңілдік сағаттары. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде  16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер  үшін күніне 7 сағат 12 минуттан  апауы керек (16-дан 18 дасқа дейін  – аптасына 36 сағат, 15 –тен 16 жасқа дейін – аптасына 24 сағат). Олар:

а) кесімді  ақы алушы жасөспірімдерге кесімді  ақы алушының тарифтік ставкасы бойынша;

б) мерзімдік  ақы алушы жасөспірімдерге тиісті разрядтың ставкасы бойынша төленеді.       

   3.Нәрестені тамақтандыдуға арналған үзіліс. Мұның өзі медицина мекемсі емізетін аналар мен 1 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге  берген наықтамамен рәсімделеді. Демелыс пен тамақтануға берілетін жалпы үзілістен әрбір 3 сағат сайын нәрестені тамақтандыруға арналған 30 минуттық қосымша үзілістер беріледі. Бұл үзілістер орташа жалақы бойынша төленеді.

   4.Демалыс уақытын төлеу. Еңбек  заңдарына сәйкес жұмыс (күнтізбелік  емес) жывлында жұмысшылар мен  қызметкерлерге бір рет демалыс  беріледі. Демалыс алу құқығы  сол кәсіпорында 11 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін туындайды. Демалыстың ұзақтығын шаруашылық субъектісі белгілейді және кестеге сәйкес беріледі. Демалыс бұйрықпен немесе демалыс беру туралы жазбамен рәсімделеді де, онда оның қандай мерзімге берілетіндігі мен қзақтығы көресетіледі. Демалысты төлеуге және пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеуге арналған күндік орташа жалақысы демаылсқа кетер алдындағы  12 күнтізбелік айдың жалақысына орай анықталады (18.09.97 ж. №17/9340 Нұсқаулық).

   Егер бір жылдан кем жұмыс  істесе, онда демалысқа кетер алдындағы күнтізбелік айлардың жалақысына орай анықталады. Күндікорташа жалақы есепті кезеңдегі жалақы сомасын жұмыс уақытының жыл сайынғы балансындағы жұмыс жұмыс күндерінің айлыұ орташа санына бөлу жолдарымен есептеліп шығарылады. (1997 жылы – 25,0; 1998 жылы – 25,67).

   5.Еңбекке уақытша жарамсыздық  бойынша жәрдемақыны есептеу.  Сырқаттанғанда, отбасы мүшесі ауырғанда  және оған күтім жасау қажет  болғанда, карантинде, кәсіби ауырғанда  ауру күндері белгіленеді. Аурулық  куәлік (еңбеккке жармсыздақ қағазы) жәрдемақы тағайындауға негіз болады. Жалақының 100% мөлшеріндегі жәрдемақы мертіккенде, кәсіби аурумен ауырғанда, 8 жыл және одан астам үздіксіз жұмыс стажы бар қызметкерлерге, сондай – ақ асырауында 16 жасқа жетпеген (18 жасқа дейінгі оқушылар) 3 және одан көп балалары бар қызметкерлерге беріледі: 80% - ті мөлшерінде – үздіксіз жұмыс стажф 5-8 жыл болса; 60% - үздіксіз стажы 5 жыл болса беріледі. Оратша жалақыны есептеген кезде мынадай төлемдер ескерілмейді (ҚР Үкіметінің 26.03.97ж. №419 қаулысы):

  • пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
  • материалдық көмек түріндегі ақшалай жәрдем ақы;
  • тәулік ақынаң орнына жалақыға қосылатын қосымшалар  мен үстемелер;
  • арнайы киімнің, арнайы аяқ-киімнің, арнайы тамақтың құны;
  • біржолғы көтермелеу төлемдері;
  • бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;
  • оқушылардың, студеттер мен аспираттардың степендиялары;
  • қызметкерге келтірілген залалды, оның жұмысқа байланысты ертігуі немес өзге жарақаттануын төлеу және өтемақы беру.
 

  Қызметкерлер  жалақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру  қаражаттары есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінідегі жәрдемақыны алады. 
  Негізгі және қсымша жалақылар жалақы қорын құрайды. Жалақы қорының құрамына жалақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады. 
  Кәсіпорынның жоспарымен (болжамымен) белгіленген, жалақы төлеу шығыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал есепті кезеңде қызметкерлерге нақты төленуге тиісті жалақының сомасы кәсіпорындағы жалақының есептік қоры деп аталады.  
  Бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеудің 2 нысаны бар:

     Бірінші нысаны – мерзімдік, екіншісі –  кесімді. 
  Мерзімдік нысан кезінде еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Еңбекақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады: 
- Жұмысшы өнім шығарудың артуына тікелей әсер ете алмайды; 
- Кесімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес; 
- Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі; 
- Жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келу; 
-. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін; 
  Мерзімді еңбекақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.  
  Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Тәжірибеде осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады: Сағаттық, күндік ақы, айлық ақы. 

       Марзімдік – сыйақылық еңбекақы  кезінде тек нақты жұмыспен  өтелген уақыт қана ескеріліп  қоймай, сондай – ақ еңбектің  соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі  бір көрсеткішьерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді). 
  Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады.

     Бұл нысанда еңбекақы төлеудің 5 жүйесі бар: Тікелей кесімді жүйе, кесімді сыйақылық жүйе, ілгерішіл кесімді жүйе, жанама кесімді жүйе, аккордтық жүйе. 

       Тікелей кесімді төлемде жалақының  мөлшері тек шығарылған бұйымның  саны мен өнім бірлігі үшін  белгіленген бағалауға тәуелді  болады. 
  Кесімді – сыйақылық төлемде кесімді жалақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейді. 
  Ілгерішіл – кесімді төлемде өндірілген өнімді белгіленген нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлеу көзделген. Ал нормадан тыс бұйымдарды шығару көтермеленген бағалар бойынша (2 есе кесімді бағалаудан аспайтындай төленеді). 
  Жанама - кесімді жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек өнімділігін өсіруге ынталандыру үшін қолданылады. Мұндай жұмыскерлердің еңбегі олар қызмет көрстетін негізгі жұмысшылар өндіретін өнімнің есебінен жанама – кесімді бағалаулар төленеді. 
  Аккордық жүйеде орындалатын жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп, бағалау белгіленеді. Жұмыс орындалу мерзімін көрсету арқылы бағаланады. Жұмысты орындауға наряд жазылады да, онда табыстың жалпы сомасы, жұмысты аяқтау мерзімі, көрсеткіштер мен сыйақының мөлшері көрсетіледі.  
  Кесімді, сондай - ақ мерзімді еңбекақылар жеке түрде және ұжымдық (бригада) түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Бригадалық нысан әдетте кәсіптерді қоса атқару және орындаушылар бірін бірі ауыстыруы қажет болғанда қолданылады.
Бригада ұжымының жалақыны және жұмыстың жалпы нәтижесіне бригаданың әрбір мүшесінің шынайы үлесін ескере отырып сыйақыны анықтауға құқығы бар. Кәсіби шеберлігі мен кәсіптерді қоса атқарғаны үшін қосымша ақылар мен үстемелерді белгілеу жөнінде айталық. Бригадалық табысты бөлу ескерілген тариф бойынша жалақыға пара – пар жүргізіледі. Тарифтік ставкалар мерзімдік ақы алатындар үшін және бір сағат жұмыс үшін кесімді ақы алатын қызметкерлер үшін разряды бойынша белгіленген. Жұмысшылардың қызметіне ақы төлеу тарифтік ставкалардың негізінде, ал қызметкерлер үшін лауазымдық қызметақы негізінде жүргізіледі. Кесімді бағалаулар қолданыстағы уақыт нормалары мен шығарылым нормаларына негізделеді. Уақыт нормасы – бұл адам / сағат, адам / күн көрсеткіштерімен көрсетілген, жұмыс бірлігін орындауға қажетті уақыт. Шығарылым нормасы қызметкер уақыт бірлігінде жасауға тиіс жұмыс санымен анықталады. Кесімді бағалау (Б) былайша есептейді: 
- Шығарылым нормасын қолданған кезде (Н шығ.) Б=Т/Н шығ. , мұндағы Т – тиісті разрядтың тарифтік ставкасы (Бірегей тарифтік кесте айлық балансына бөлу жолымен анықтайды). 
- Уақыт нормасын қоладанған кезде (Н уақ.) Б=Т*Н уақ.  
  Төлемнің мерзімдік нысаны қызметкерлердің барлық санатына қолданылады. Жалақыны есептеу жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табелінің негізінде жүргізіледі. Мерзімдік ақы алатын жұмысшының жалақы сомасы нақты жұмыспен өтелген сағаттардың сағаттық тариф ставкасына

Информация о работе Еңбекақы бойынша есеп айырысу