Еңбекақы бойынша есеп айырысу

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 14:23, курсовая работа

Описание работы

Еңбекақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкерлердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлгісімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.

Содержание

Кіріспе 5
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері 7
1.1 Еңбекақының нормативтік-заңнамалық базасы 7
1.2 Еңбекақы түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері 16
1.3 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп 30

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың
аудиті 35
Еңбекақы аудитінің мәні, негізгі мақсаттары 35
Еңбекақы аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын
құру 38
Еңбекақы бойынша аудиторлық тексеру процедураларын
жүргізу 44
3 «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінде еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудитінің ерекшеліктері.
«Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінің жалпы
сипаттамасы 52
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың құжаттық рәсімделуі және
бухгалтерлік есебі 57
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және
еңбек заңдылықтарының сақталынуы 61
Қорытынды 65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 69
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

дипломная.doc

— 640.50 Кб (Скачать)

     Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істегендері, қызмет атқарғандары және өнім өндіргендері үшін есептеліп төленетін еңбекақы өндіріс шығындарының бір элементі ретінде еңбекті пайдалану бағытына қарай шығындарды есептейтін белгілі бір шотқа оның ішінде тиісті өндірістік өнімге апарылуы керек. Сонымен қатар бұл туралы еңбек қоры жайлы тиісті орындарға есеп берілуі қажет. Сондықтан да рапорттар мен өнімдерді өндіру тізімдемелері, табельдер және тағы да басқа алғашқы құжаттар негізінде әр цех бөлімше бойынша есептелген еңбекақы олардың түрлері және қызметкерлердің санаттары (категориялары) бойынша топталады. Бұл топтау айналым қалдық тізбесінде жүргізіледі, ол тізбенің сол жағында дебеттелінетін шоттар нөмірлері, ал оң жағында жұмысшы-қызметкерлерінің мамандық дәрежелеріне сәйкес оларға есептелген еңбекақы сомалары түрлері бойынша бөлініп жазылады. Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы сомасы бөлу (тарату) тізімдемесінің негізінде шығындар есептелетін шоттарға былайша жазылады:

     Д-т:    "Тауарларды (жұмыстарды) сату бойынша  шығындар" шоты, "Әкімшілік шығындар" шоты, "Негізгі    өндірістегі   жұмысшылардың    еңбекақысы" шоты, "Көмекші өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы" шоттарының тиістісі,

     К-т:  "Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді қарыз" шоты.

     7110 шоттың дебетіне маркетинг бөлімінің басқа да тауарларды сатумен айналысатын жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысы жазылады.

     7211 шоттың дебетіне ұйымдағы әкімшілік басқару қызметкерлердің еңбекақысы жазылады.

     8112 шоттың дебетіне негізгі өндірісте жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлердің мерзімді және кесімді еңбекақылары жазылады. Кесімді еңбекақы алғашқы құжаттар негізінде өндіріліп шығарылған өнімдердің өзіндік құнына қосымша, мерзімді еңбекақы шығындары барлық өндірілген өнімдерге үйлесімді (пропорционалды) бөлініп, қосылады.

     8312 шоттың дебетіне көмекші өндіріс жұмысшы-қызметкерлсрінің істеген жұмыстары мен атқарған қызметтеріне есептелген еңбекақы сомалары жазылады.

     8412 шоттың дебетіне цехтың әкімшілік басқару және басқа да жұмысшылардың еңбекақылары жазылады.

     Кәсіпорындар  мен ұйымдарда жұмысшылар мен  қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан салықтар мен ұсталымдар, жарналар есептелгенде:

     Д-т:  "Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді қарыз" шоты.

     К-т:   "Зейнетақымен  қамтамасыз  ету  қорымен  есеп айырысу"  шоты,

     "Бюджетпен  басқадай салықтар немесе алымдар  бойынша  есеп  айырысу"   және  тағы  да  басқа шоттар түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады. 

Операциялар мазмұны Дебиттелетін шот Кредиттелетін шот
     Жұмысшылар  мен  қызметкерлерге еңбекақы,   сыйақы   және   басқа да төлемдер есептелінді:

     - Негізгі өндіріс жұмысшыларына;

     - Қосалқы өндіріс жұмысшыларына;

     - Цехтың қызметкерлеріне;

     - Кәсіпорынның   басқару  аппараты  қызметкерлеріне;

     - Маркетинг бөлімінің, басқа да  тауарларды (қызметтерді,жұмыстарды) сатумен айналысатын жұмыскерлерге;

 
 
 
     8112

     8312 

     8412 

     7211 
 
 

     7110

 
 
 
     3350

     3350 

     3350 

     3350 
 
 

     3350

     - Жұмысшыларға кезекті  демалыс ақысын есептеу (егер демалыс ақысын төлеуге резерв құрылған болса)

     - Демалыс ақысынан   есептелген  әлеуметтік салық сомасы

 
 
 
     5460 

     5460

 
 
 
     3350 

     3150

     Жұмысшылар  мен  қызметкерлерге есептелген   еңбекақыдан  зейнетақы қорына ұсталынатын сомаға;  
     3350
 
     3220
     Жеке   тұлғаларға есептелген еңбекақыдан    ұсталатын    табыс    салығы сомасына  
     3350
 
     3120
     Жұмысшылардың еңбекақысынан сот органдарының шешіміне сәйкес орындалатын құжат бойынша ұсталған сомаға  
 
     3350
 
 
     3540
     Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың  есеп   беруі   бойынша   ұсталатын сомаларына  
     3350
 
     1251
       Бүлінген  материалдық-құндылықтардың орнын  толтыру мақсатымен жұмысшылардың  еңбекақысынан ұсталатын сомаға  
 
     3350
 
 
     1252
     Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың алдыңғы уақыттарда алған қарыздары үшін ұсталатын сомаларға  
 
     3350
 
 
     1252
     Есептелген, бірақ белгіленген мерзімде таратылмаған еңбекақы (алушының келмеуіне байланысты)  
     3350
 
     3540
     Жұмысшылар  мен қызметкерлерге кассадан төленген еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы және зейнетақы сомасына  
     3350
 
     1011
     Лауазымды тұлға болып саналатын жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген төлемдер (басқарма тексеру комиссиясының, бақылау кеңесінің, тағы басқа мүшелеріне)  
 
     7211
 
 
     3350
     Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбекақыдан ұсталған табыс салығы сомасы  
     3350
 
     3120
     Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбекақы сомасы кассадан төленді  
     3350
 
     1011
     Жұмысшылардың алдағы уақыттардағы демалыс ақылары үшін есептелген резерв сомасына  
     8113, 8213,

     8313, 7211

 
     5460
     Есептелген  әлеуметтік салық сомасы      7211, 8112,

     8312, 8412

 
     3150
 
 

     Кесте 2

       Сонымен   қатар   жұмысшылар   мен   қызметкерлерге еңбекақы төленгенде:

     Д-т:   :  "Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді қарыз" шоты.

       К-т:  "Ағымдағы банк шотындағы ақша қаражаттары"  шоты түрінде,

     Ал  есептеліп бірақ, уақытысында таратылмағанда және тағы да басқа жағдайларда:

     Д-т:   "Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді қарыз" шоты

     К-т:   "Өзге   де   алашақ   борыштар"   шоты   түріндегі  бухгалтерлік жазу жазылады. Кесте 2 

     
  1. Қызметкерлермен еңбекақы бойынша  есеп айырысудың аудиті.

         2.1   Еңбекақы аудитінің мәні, негізгі мақсаттары.

     Аудиторлық  тексеру істердің мақсаты кәсіпорынның қаражаттық қызметі кезінде орын алатын заң ережелерін бұзушылықтар мен кемшіліктерді анықтауға  ғана болмайды. Дәлірек айтқанда сол  істер аудиторлық басты міндетті болмайды, оның негізгі мақсаты бухгалтерлік есептердің дұрыс жүргізілуінің берілетін есептерде кәсіпорын қызметінің нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштердің дұрыс, дәлме –дәл берілуінің сол сәтте орын алған жағдайларды талдаудың және кәсіпорынның болашақтағы қаржылық жағдайын болжаудың дұрыстығын анықтау болып табылады.

     Сонымен аудиторлар негізінен адвокаттар, яғни фирманың меншік иелерінің мүдделерін қорғаушылары, олардың дәрісшілері  болып табылады. Аудиторлар жүргізетін тексерістер кәсіпорынның шығынға  ұшырауына жол бермеуге оларға өздерінің иелігіндегі қаржылық және басқа да ресурстарын тиімді түрде пайдалануға көмектесуге өндірістен тыс шығындардың орнын алуына жол бермеуге бағытталған. Тек қана бухгалтерлік есептерді дұрыс жүргізгенде оның есептерінде жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларын уақытылы және ақиқатты, дәлме-дәл көрсеткенде, есептік мәліметтермен есеп беру құжаттарының бір-біріне сәйкес болғанында еңбек ақы бойынша есеп айырысуды дұрыс жүргізгенде ғана бухгалтерлік баланс толығымен және оның жеке баптары бойынша нақтылығы және ақиқаттылығы қамтамасыз етілетін болады. Ал дұрыс есеппен бухгалтерлік баланс болмаған жағдайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына дәлме-дәл келетін талдау жасау мүмкін емес сол себепті кәсіпорын өзінің болашақтағы дамуы туралы болжам жасай алмайды. Осы проблеманы шешу уақытында жүргізілетін аудиторлық тексерудің маңызы зор. Аудиторлық тексерулер кезінде тексерушілер ақшалай қаражаттардың жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу бойынша шығындары болып орындалған жұмыс көлемдерінің бір субъектіден екіншісіне қарай қозғалыс жолдарын аса тыңғылықты тексереді, тараптар арасындағы өзара есептесу жағдайларын анықтайды, қалыптасып қалған дебиторлық және несиелік қарыздардың сомаларының ақиқаттығын тексереді. Бүгінгі күні шаруашылық жүргізудің кеңінен тараған ұйымдық құқықтық нысаны, өз құрамында көптеген еншілес фирмаларға ие болған акционерлік компаниялар өздерінің қаржылық шаруашылық қызметтеріне тексеріс жүргізу сол кәсіпорындардың жұмысында орын алатын кемшіліктер мен бұзушылықтарды анықтау үшін, бас компаниялардың жетекшілері аудиторлық фирмаларға сұраныс жасап, олардың қызметтеріне жүгінеді. Сондай-ақ акционерлік компаниялардың қызметіне зерттеу  және талдау жүргізу, қаражаттық есептердің ақиқатығын растау, олардың қызметттеріндегі кемшіліктер мен осал жерлерін анықтау үшін, сонымен қатар кейбір жағдайларда компания жетекшілері бұрынды соңды білмеген сол субъектінің жеке қызметкерлерінің бір-бірімен сыбайласа отырып, саналы түрде қызмет орнын өз пайдасы үшін пайдалану және сол себепті әдейі кемшіліктерге жол берулерін анықтау мақсатымен компанияның басты ұйымның өзінде тексеріс жүргізу қажеттігі орын алған жағдайларда да аудиторлық фирмалардың қажетіне жүгінеді. Аудиторлық тексеріс материалдарды кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттеу нәтижелері және оның болашағы туралы аудиторлар тарапынан берілетін ұсыныстар кәсіпорынның бизнес жоспарын немесе жалпы коммерциялық жобаларды жасау кезінде нәтижелі түрде пайдаланылуы мүмкін. Бизнес жоспарлар коммерциялық жобаларды дайындау кезінде де, сонымен қатар кәсіпорынның ағымдағы үрдісі кезінде де үлкен маңызға ие болады. Аудитор өз жұмысын жүргізер кезде аудиторлық қорытындыдағы ережелер қалыптасуына қажетті, аудиторлық дәлелдемелердің жеткілікті санына ие болуы керек. Аудиторлық қорытындылар қаржылық есептерге деген сенімді арттырады да сенімділік дәрежесін жоғары деңгейге көтереді. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды және басқа да операцияларды тексерген кезде аудитор аудит стандарттарын қолдануды, білумен қатар аудитор өзінің жұмыс барысында бухгалтерлік есеп стандартында тиісті дәрежеде қолдана алуы керек, себебі ол стандарттарды білмейінше аудитор кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептерінің құқықтық актілеріне қандай дәрежеде сәйкес келетінін анықтай алмайды. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды тексеру барысында аудитор әр түрлі жағдайларға және әр алуан фактілерге ұшырасады, оларды оқып зерттейді себептерін анықтайды жүзеге асырылған операциялардың себептері мен салдарын табады.

     Аудиторлық  қызмет дегеніміз аудиторлық ұйымдар мен аудиторлардың аудит жүргізу жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық жағдайы мен қызметіне тексеріс жүргізу, сараптама жасау және баға беру жөніндегі және аудиторлық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі.

     Аудит дегеніміз қаржы құжаттарын, олардың дұрыстығын, толықтығын және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін анықтау мақсатымен тексеру, ол бойынша субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне, жылдық қаржы есебінің жай-күйі мен мазмұнына, жылдық баланстың дұрыстығы мен толықтығына, инвестициялар тарту және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу үшін әлеуметтік мүмкіндіктеріне, жарғылық қордың уақытылы және толық қалыптастырылуына, кәсіпорындардың бағалы қағаздары эмитенттерінің қаржылық жай-күйіне талдау жасау нәтижелері бойынша аудиторлық қорытындылар беріледі және аудиторлық қызметтің басқа да түрлері жүзеге асырылады.

     Аудитор – Біліктілік комиссиясы аттестаттаған және “аудитор” біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке адам. Аудитор аудиторлық қызметін жеке кәсіпкер ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы.

     Аудиттің  түрлері: заңдылық тұрғыдан міндетті аудит және бастамашылық (инициативалық немесе ерікті) аудит болып бөлінеді.

     Міндетті  аудит Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген жағдайларда жүргізіледі.

     Бастамашылық  аудит субъектілердің тапсырысы  бойынша кез келген уақытта және солар белгілеген көлемде жүргізіледі.

       Нысанына қарай сыртқы аудит және ішкі аудит болып бөлінеді.

     Субъектінің сыртқы аудитін субъектімен не өзге де тапсырысшымен шарт негізінде тәуелсіз аудиторлық ұйым немесе аудитор жүзеге асырады.

       Субъектінің ішкі аудитін субъектінің  өзі жүзеге асырады және ол  осы субъектінің қаржылық жай-күйі  мен қызметіне ішкі бақылау  жасаудың жалпы жүйесінің бір  бөлігі болып табылады.

     Жұмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысы түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.

     Аудиторлық  қызмет туралы заңда аудит субъектісі – ол аудиторлар және аудит фирмалары  деп көрсетілген.

     Аудитор – ол, мамандандыру, біліктілік комиссиясының шешімі бойынша аудиторлық қызмет жасауға арнайы куәлік алған жеке адам. Куәлік бес жыл мерзімге беріледі.

     Аудиторлар  – аудит субъектісі ретінде өзінің аудиторлық қызметін жеке немесе аудитор  фирмаларында атқарады. Олар мемлекет құрылымына тәуелсіз, тек қана тапсырушылармен жұмыс істейді.

     Аудитор фирмасы – ол шаруашылық субъектілеріне аудит қызметін көрсететін мекеме. «Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы» заңының үшінші бабында  «мемлекет заңы мен нормативтік ереже-нұсқау талабына сәйкес келісім-шарт бойынша белгіленген төлем үшін аудиторлық тексеру, сараптау, аудиторлық түсініктеме беру, бухгалтерлік есебіне, табыстылық көрсеткіштеріне, салық есептеу-төлеу, құқылық аспектісіне, банк операцияларына, әлеуметтік қамсыздандыру, экология проблемасын қарастыру, маркетинг жұмысына, қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап, келешектегі қаржылық деңгейіне болжау жасау, өндіріс процесінің ұйымдастыруына талдау жасап, оның тиімді даму жолдарын анықтап, шаруашылық субъектілерінің нарықты қатынас экономикасының қарсаңында олардың потенциалдық мүмкіншіліктерін анықтап, аудиторлық қызмет көрсету» - делінген.

     Аудит фирмасы әр түрлі меншіктегі қорлар негізінде құрыла береді. Оның негізгі  мақсаты кәсіпкерлер арасында шаруашылықтағы басқаруға қажет дұрыс, мүлтіксіз, сенімді информациялармен қамтамасыз ету. Олар өзара қарым-қатынасын сенімді жүргізу үшін аудитор олардың шаруашылық процестерінің заңдылығын, мемлекет тарапынан шығарылған нормативтік ереже-нұсқауларды мүлтіксіз орындайтындығын, қаржы операцияларының тиянақты, сенімді түрде жүргізілетіндігіне өз тарапынан аудит принциптеріне негізделген жазбаша түрінде өзінің қорытындысын беруі қажет. Ол аудитор қорытындысы кәсіпкерлер үшін кепілдік информация болады.Аудит фирмасы осы анықталған негізгі мақсатын орындау үшін әр түрлі кәсіпорындармен келісім-шарт жасау және нақты төлем арқылы олардың қаржылық шаруашылық жұмысына аудиторлық тексеру жүргізеді.

     Аудиттің  шаруашылық субъектісі ретіндегі құқығы

     Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңының 17-бабында аудиттің шаруашылық субъектісі ретінде келесі түрде құқығы анықталған:

     - бухгалтерлік есеп кітабын және  құжаттарды тексеруге;

     - нақты ақша қаржысын, құнды қағазын,  материал-мүлкін тексеруге;

Информация о работе Еңбекақы бойынша есеп айырысу