Еңбекақы бойынша есеп айырысу

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 14:23, курсовая работа

Описание работы

Еңбекақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкерлердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлгісімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.

Содержание

Кіріспе 5
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері 7
1.1 Еңбекақының нормативтік-заңнамалық базасы 7
1.2 Еңбекақы түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері 16
1.3 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп 30

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың
аудиті 35
Еңбекақы аудитінің мәні, негізгі мақсаттары 35
Еңбекақы аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын
құру 38
Еңбекақы бойынша аудиторлық тексеру процедураларын
жүргізу 44
3 «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінде еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудитінің ерекшеліктері.
«Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінің жалпы
сипаттамасы 52
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың құжаттық рәсімделуі және
бухгалтерлік есебі 57
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және
еңбек заңдылықтарының сақталынуы 61
Қорытынды 65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 69
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

дипломная.doc

— 640.50 Кб (Скачать)
fy">     - Қызметкерді ұйыммен бірге басқа жерге ауыстырған кезде берілетін өтемақы.

     - Қызметкердің (жеке тұлғаның) жеке мүлкін, тараптардың келісімі негізінде жұмыс берушінің мүдделері үшін пайдаланған кезіндегі шығыстарды өтеу.

     - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес берілген арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің және басқа да жеке қорғаныш құралдарының, алғашқы дәрігерлік көмек құралдарының, жуу және зарарсыздандыру материалдарының, сүттің, емдеу-профилактикалық тамақтандырудың және басқа да құралдардың құны.

     - Қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдер (жоғалтқан жалақысы бөлігіндегі төлемдерден басқа).

     - Қызметкерлерге жұмыс беруші көрсететін материалдық көмек (ақшалай жәрдемақы) (бала туған кезде, дәрігерлік қызметтің ақысын төлеу үшін, жерлеуге және басқа жағдайларда).

     - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерекелік күндерге, мерейтой күндеріне байланысты, лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін, мінсіз еңбек қызметі үшін, зейнетақыға шығуына орай жұмыс беруші еңбекақы төлеу қоры есебінен беретін біржолғы көтермелеу төлемдері (біржолғы ақшалай сыйақыларды қоса алғанда).

     - Жұмыс берушінің кінәсінен жалақы төлемдері кешіктірілген кезде және міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аудармағаны үшін жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерге төлейтін өсімақылар.

     - Қызметкерлерді оқытуға және біліктілігін арттыруға байланысты жұмыс берушінің шығыстары.

     - Жұмыс берушінің қаражаты есебінен ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде қосымша көзделген өтемақылар мен әлеуметтік кепілдіктер төлемдері.

     - Спорттық байқауларда, конкурстар мен жарыстарда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай наградалар.

     - Қызметкерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындайтын жері бойынша төленген жалақы.

     - Қызметкерлерге күнделікті жұмысын (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлу кезіндегі жұмысы үшін өтемақы төлемдері.

     - Үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге төленетін өтемақы төлемдері.

Жалақылардан  ұстап қалулар мен төлемдер. Жалақыдан ұстап қалу тек заңда көзделген жағдайларда жүргізіледі. Әрбір жалақы төлемі кезінде барлық ұстап қалулардың жалпы мөлшері жалақының 50% - нен аса алмайды.

Қызметкердің  жалақысынан бухгалтерия ұсталымдарының мынадай түрлерін ұстап қалады:

  • Табыс салығын;
  • Орындаушы қағаздар бойынша;
  • Несие сатып алынған тауарлар үшін тапсырмалар мен міндеттемелер бойынша;
  • Жазбаша тапсырмалар, жеке сақтандыру шарттары бойынша;
  • Егер шаруашылық субъектісі кәсіподақтардың немес тәуелсіз кәсіподақтардың федерация кеңесінде тіркелегн болса, 1% - тік кәсіподақ жарнасы;
  • Жалақы есебінен берілген авансты өтеу;
  • Жеке тұрын – үй құрылысына берілген несиені  өтеу есебінен;
  • Жұмысшының жазбаша келісімі бойынша шауашылық субъектісіне тиесілі тұрғын үй үшін пәрет ақы төлеу;
  • Демалыстың өтелмеген күндері үшін;
  • Кәсіпорынға келтірілген зияндыөтеу;
  • Айыппұлдар мен мойнындағы ақша;
  • Ведомстволық мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау үшін.

   Табыс салығын ұстау. «Салық  және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдер туаралы»  ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес (01.01.98 ж. өзгерістерін ескергенде) жылдық оратша кіріс пен шегерімдер  арсындағы айырма ретінде есептелген  кіріс салық салу объектісі болып табылады.29- бапқа сәйкес табыс салығын есптеу салық жыл ішінде біркелкі (ай сайын) жүргізіледі. Соған байланысты 1.01.97 ж.бастапқы қайта есептеу коэффициенті өндіріледі. Мұның өзі 12 саныны салық салынатын кірістің сомасы анықталатын айлар санына қатынасы юолып табылады. Қаңтар = 12 (12/1), ақпан = 6 (12/2), наурыз = 4 (12/3), желтоқсан = 1 (12/12). Салық жылы аяқталғанға дейін қызметкер жұмыстан кететін болса, о лалған нақты табысқа орай табыс салығын қайта есептеу керек. Қажет болған жағдайда кірістің есептік сомасынан аванспен ұсталған табыс салығының сомасын қайтару қажет.

   Халықтың соттың шешіміне, нотариалыд  органдардың атқарушы жазуларына, өтем алу туарлы әкімшілік  органдардың қаулысына сәйкес  берілетін атқауршы қағаздар  бойынша ұстап қалу негізгі жалақыдан, тұрақты сипаттағы барлық қалған төлемдерден, соның ішінде сыйақылар мен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыдан жүргізіледі. Келіп тұскен атқарушы қағаздар арнайы тізілімде тіркелуге тиіс. Алименттер есепті айдағы негізгі және қосымшаден табыс салығы ұсталғаннан кейін  қалған сомадан ұсталады. Кәмілетке толмаған балаларды күтуге арналған алимент бір бала үшін жалақының 25% мөлшерінде, екі бала үшін – жалақының 33% - ті, үш және одан да көп балар үшін - 50% - тін құрайды. Белгіленген төлем күнінен кейінгі үш күн ішінде ұсталған алиметтер сомасы алушыға төленуге  немесе  өтем алушының шотына аударылуы керек.  Боышкер кәсіпорыннан кететін болса, шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы атқарушы қағазға  барлық ұсталған алиметтер туралы белгі қйып, оны мөрмен растайды, егер белгілі болса, оның жаңа жұмыс орыны немесе тұратын жерін көрсетеді.

   Несиеге сатылған тауарлар үшін  ұстап қалу саудаласушы ұйымның  жазбаша тапсырмасы, міндеттемесі  негізінде жұргізіледі. Есептеудің  екі әдісі бар:

   1 - әдіс. Субъект банктен (немес өз құжаттары есебінен)  қаыз алады және саудаласушы кәсіпорынмен талықтай есеп айырысады да, тауарды өз қзыметкеріне сатып әпереді. Осы тауарларды алған қызметкерлердің жалақысынан ай сайын белгілі бір сома ұстап отырады. Мұның өзі қызметкердің шаруашылық  субъектісі алдындағы берешегін кемітуге жатады.

   2 - әдіс. Сауда жасаушы ұйымның жазбаша тапсырма – міндеттемесінің негізінде (таураларды қызметкерлер сатып алғанда) қызметкердің жалақысынан ай сайын беліглі бір сома ұсталады және сауда жасаушы ұйымның шотына аударылады.

   Материалдық залалды (кемшілік, ұрлық  – қарлық) өтеу бойынша ұстап  қалу көшірмелердің, жалпы жиналыстың  хаттамасының сот органдары шешімінің  негізінде жүргізіледі. Мұнда  ұстап қалудың мөлшері мен мерзімі көрсетіледі. Ақаудан және бүлінуден болған ысыраптар ақау туралы актінің негізінде өтеледі.

   Кәсіподық жарналарын ұстап қалу  айға есептелген жалақының барлық  сомасын 1% мөлшерінде жүргізіледі.

   Берілген жоспарлы және жоспардан  тыс аванстар сақтандыру қағаздарының немес сақтандыру агенттерінің куәлігі (ұйғарымы) негізінде ұсталады.

   Қызметкерлермен есеп айырысуды  рәсімдеудің тәртібі. Депоненттелген  жалақының есебі:

   Есеп айырысу және есеп  айырысу  - төлем ведомостері еңбекақы  бойынша есеп айырысудың негізгі тіркелімі болып табылады. Бұл жалақы бойынша әрбір қызметкерден ұсталатын барлық ұсталымдардың түрлері бойынша деректер көрсетілетін жиынтық деркетер.

   Қызметкерлермен есеп айырысудың 4 түрі бар:

  1. Т – 49 нысынындағы есеп айырысу – төлем ведомосі бойынша, мұнда жалақыдан ұсталатындардың барлығы көрсетіледі және жалақыны төлеу жүргізіледі.
  2. Т – 50 нысаындағы есеп айырысу ведомосі бойынша,   мұнда жалақы мен барлық ұсталымдардың есебі жүргізіледі. Жалақыны беру тікелей жазылған төлем ведомосі бойынша дара жүргізіеледі.
  3. Т – 2 нысанындағы «Жалақымен есеп айырысу» қағаздары бойынша, мұнда бір қызметкерге есептеу мен ұстап қалулар жүргізіледі. Жалақыны төлеу төлем ведомосі бойынша жүргізіеді.
  4. Жылдың есеп айырысу ведомостері, кітап болып түптелген салым қағаздары бойынша. төлем жалақы төлеу ведомосі бойынша жүргізіледі.

   Төлем ведомостері бойынша жалақы  төлеу есеп айырысу шотына  кассаға ақша алу күнін қоса  алғанда, белгіленген үш күн  ішінде жүргізіледі. Төлем ведомосіне  басшы мен бас бухгалтер қол қояды. 3 күн өткеннен кейін төлем ведомосі жабылады. Бұл орайда берілген жалақының сомасы жолдар бойынша тексеріледі және жалпы сомаы есептеледі. Жалақысын алмаған адамдардың аты – жөнінің тұсына «депоненттелді« деген жазу жазыады және берілмеген жалақының жалпы сомасы банкке өткізіледі. Бұл орайда кассир берілмеген жалақылардың ведомосін жасайды.

Еңбек ақы–күрделілігімен мөлшері және сомасына қарай адам қызметіне төленетін табыс.Сонымен  жалақы - өндірісте өнімді өндіру мен  оны өткізуге жұмсалған шығындардың бір бөлігінен тұрады. Сондықтан еңбек пен жалақыны есептеу (есепке алу ) мекеменің ( субъектінің ) бухгалтерлік есепке алу системасында ең маңызды орын алады.Еңбек пен жалақыны есепке алудың басты мақсаты еңбек шығындарымен оған төленетін жалақы мөлшерін дұрыс анықтау болып табылады. Өндірісте өнімді өндіру мен оның сапасын жақсатру, өндірістегі еңбек өнімділігін арттырады, жұмыс уақытын дұрыс пайдалануға, еңбек тәртібін жақсартуға мүмкіншілік береді. Еңбек ақы төлеу ( жалақы ) өнімінің өздік құнын құрайтын басты элементі болып табылады. Оны дұрыс есептеуді іске асыру өнімнің өздік құнын төмендетуге мүмкіндік туғызады. 
Еңбек үлесі мен еңбегіне қарай ақы төлеуге қадағалап отыру үшін шоттардың бас жоспарында ‘‘ Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу ‘‘ шоты қарастырылған. Балансқа қатысты бұл шот ‘‘ пассивті ‘‘ шот.      Бұл мекеменің ( субъектінің ) жұмыскерлері мен қызметкерлері алдында еңбек ақы (жалақы ) бойынша міндеттеменің пайда болғандығын көрсетеді.Сондықтан міндеттеменің барлық сомасы пассив шотының кредиті бойынша ‘‘ Қызмет көлеміне жалақы бойынша есеп айырысу ‘‘ шотында көрсетіледі ( жазылады ). Осы кезде өндіріс шығыны мен басқару шығындары көбейеді. Сонда еңбек ақыны төлеуге жұмсалған шығын, шығындар көрсетілетін шоттың дебетінде

‘‘ Негізгі  өндіріс ‘‘ пен ‘‘ А ‘‘ өнімі  мен ‘‘ Б ‘‘ өнімдерінің талдау шоттарының дебетінде көрсетіледі. Қызмет көрсетушілердің жалақысын  төлеуге есептелген сомма жөнелту  шығындары жатқызылып ‘‘ Жөнелту  шығыстары ‘‘ шотында берешекке  жазылады ( дебеттелінеді ). Басқару қызметкерлерінің жалақысы өндірістік шығыстарға жатқызылмайды. Олар мерзімдік шығыстарға жатады. Сондықтан ол ‘‘ Жалпы және әкімшілік шығыстары ‘‘ , шотында дебеттеледі. ‘‘ Жалақы бойынша есептеу ‘‘ шотындағы қалған қалдық жалақыны есептеу мен төлеу уақыты дәл келмегендіктен  пайда болады. Яғни еңбек ақыға төленетін шығыс өнімінің есеп беру мерзіміндегі өздік құнына қосылып, ал еңбек ақыға жұмсалатын шығын келесі есеп беру айында төленеді. 
Төртінші операция. Мекеменің (өндіріс орынның) жұмыскерлер мен қызметкерлерге төленетін еңбек ақы (жалақы) есептелген: 
Бұйымның «А» түрін дайындауға–26 000 теңге; 
Бұйымның «Б» түрін дайындауға–10 000 теңге; 
.............................................................................................. 
Барлығы  36 000 теңге; 
Қондырғыларды жүргізетін қызметкерлерге  9500 теңге; 
Басқару қызметкерлеріне 7 000 теңге; 
Барлығы 52 500 теңге; 
Төртінші операцияны жазу.  
Дебет шотында «Негізгі өндіріс»-36 000 теңге;  
Дебет шотында «Жөнелту шығыстары»–9 500 теңге; 
Дебет шотында «Жалпы және әкімшілік шығыстары»–7 000 теңге; 
Кредит бойынша «Жалақы бойынша есеп айырысу»–52 500 теңге; 
Бір уақытта қорытынды шот бойынша «Негізгі өндіріс» тікелей шығындары «А» өнімінің өндірісі 26000 теңге; «Б» өнімінің өндірісі 10 000 теңге талдау шоттарында көрсетілуі заңдылық игіліктерге сәйкесті жұмыскерлерге есептелген жалақыдан әртүрлі ұстап қалулар жүргізіледі. Оларды екі топқа: міндетті ұстап қалу мен мекеменің бастамасы бойынша ұстап қалулар деп бөлінеді. 
Мендетті ұстап қалуға:  табыс салығы, зейнеткерлер және әлеументтік фондыларға ұстап қалулар жатады. Ұсталған сомалар белгіленген мерзімде (жалақы берген күні) бюджетке аударылады.  
Қорытындысында мекеме алдында көрсетілген сомаларды жоғары келтірілген қорлар мен бюджетке аудару жөніндегі міндет пайда болады. Осы кезде мекеменің шығыны артады. 
Бесінші операция. Жинақтаушы еңбекақы қорына:  өндіріс жұмысшыларының жалақы қорынан-10 800 теңге: міндеті 10% мөлшерінде, ерікті 20% (соның ішінде «Б»-3000 теңге), «А» өнім түрі бойынша–7 800 теңге; қызымет көрсететін қызметкерлерге–2 850 теңге; басқару қызметкерлеріне–2 100 теңге, барлығы 15 750 теңге; төленетін жарна есептелінген. 
Бесінші опрерацияны жазу: 
Дебет шотына «Негізгі өндіріс»–10 800 теңге,  Дебет шотына «Жалпы шығындары»–2 850 теңге, Дебет шотында «Жалпы және әкімшілік шығындары»–2 100 теңге,Кредит шотында «Әлеументтік сақтандыру бойынша есеп айырысу» – 15 750 теңге

Алтыншы операция: 
Әлеументтік салық мөлшері 21%, сомасы–11025 теңге,Әлеументтік қамтамасыз ету 1,5%, сомасы–787 теңге 50тиын,Барлығы 11821 теңге 50 тиын 
Алтыншы операцияны жазу  
Дебет шотында «Жалпы және әкімшілік шығындары»–11812 теңге 50 тиын 
Кредит шотында «Бюджетпен есеп айырысу»–11025 теңге, Кредит шотында «Басқада есептелген шығындары»–787 теңге 50 тиын;
 

     1.3 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп 

     Кәсіпорындардағы  жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әрқайсысына бір айға төленуге тиісті еңбекақының жалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу тізілімі (ведомосі) деп атайды. Ұйымдарда бұл тізімдеме әрбір цехтар,  бөлімшелер бойынша толтырылады.   Еңбекақы   жөнінде   есеп   айырысу   төлеу тізімдемесі   әрбір   жұмысшы   мен   қызметкер   бойынша есептелген еңбекақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады.  Бұл тізімдемеде  жұмысшы-қызметкерлердің  аты-жөні,   табельдік   нөмірі,   оларға   есептелінген негізгі   және   қосымша   еңбекақылары   мен   одан   ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы  мен соңындағы  кәсіпорынның жұмысшылар   мен   қызметкерлерге   немесе   жұмысшылар   мен қызметкерлердің кәсіпорынға қарыз сомалары көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу тізімдемесі   бойынша  ұйымның  кассасынан   өзіне   тиісті еңбекақыны  алып,   қол  қояды.   Бұл тізімдеме  бойынша біріншіден жұмысшы немесе қызметкерлермен еңбекақы жайында есеп айырысу жүргізілсе, екіншіден бұл тізімдеме еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық есебі болып  табылады,   ал   үшіншіден   осы   тізімдеме   арқылы жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың еңбегіне қарай еңбекақыларын төлейді. Кейбір ұйымдарда есеп айырысу-төлеу тізімдемесі мен дербес шоттың орнына есеп айырысу тізімдемесі ғана толтырылып жүргізіледі. Бұл есеп айырысу тізімдемесі жұрнал түрінде жасалып, негізгі және қосымша беттерден тұрады. Негізгі бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген негізгі және қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы және олардан ұсталатын ұсталымдары есептеуге керекті мәліметтері (лауазымды тұлғаның жалақысы, белгіленген мамандық дәрежесіне сәйкес тарифтік еңбекақысы, туған жылы, отбасы жағдайы,   балаларының   және   қарауындағы   адамдардың саны ұсталынатын және шегерілетін сомалардың мөлшері, қай уақытқа дейін демалатыны, тағы да басқалар) көрсетіледі.  Тізімдеменің қосымша беттерінің саны  бұл  жұрналдың қандай  мерзімге  (айға,  тоқсанға,  жарты  жылға, жылға)  ашылғандығына байланысты  болады.   Бұл  тізімдеменің титулдық бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген және депотенттелген еңбекақы сомалары жазылады. Тізімдемені толтыру барысында оның ең соңғы бетіне жиынтық сомалары жазылады. Бұл жоғарыда аталған құжаттарды толтырғанда жазылған сомалардың алдымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілген сомаларына сәйкестігін тексеру қажет. Бұл тізімдеме бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомаларының одан ұсталынатын ұсталымдарды және қолдарына берілуге тиісті сомалардың дұрыстығын анықтау үшін тізімдеменің тік және көлденең жақтарының жиынтық сомалары арифметикалық жолмен тексерілуі тиіс. Кәсіпорыңдарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі 3350-ші "Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді қарыз" деп аталатын синтетикалық, пассивті шотта есептеліп жүргізіледі.

Информация о работе Еңбекақы бойынша есеп айырысу