Бизнестің жол картасы 2020

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:41, реферат

Описание работы

Бағдарламаның мақсаты Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.
Бағдарламаның міндеттері
1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

Работа содержит 1 файл

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.doc

— 229.00 Кб (Скачать)

                    Қазақстан Республикасы

                    Үкіметінің

                2010 жылғы «     »

                    №        қаулысымен

                    бекітілген

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты

 
Бағдарламаның атауы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы  
19 наурызда
ғы № 958 Жарлығы
Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Бағдарламаның мақсаты Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.
Бағдарламаның міндеттері 1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау

2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру

3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

Іске  асыру  мерзімі 2010 – 2020 жылдар
Нысаналы  индикаторлары Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:

жыл сайын  кредиттерді жалпы сомасы кемінде  
400 млрд. те
ңгеге арзандату;

2015 жылға:

ЖІӨ-нің құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту;

жалпы экспорт көлемдегі шикізат емес сектордың үлесін кемінде 40 %-ға ұлғайту

шикізат емес экспорттың көлемін өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық өндіріс көлемінің кемінде  
43 %-ына
ұлғайту;

өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін кемінде  
1,5 есеге
ұлғайту

Қаржыландыру көздері мен көлемі 2010 жылға арналған республикалық бюджетте  
30 млрд. те
ңге көзделген. Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланады
 
 
 
 
 

     2. Кіріспе 

      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы 
ұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.

     Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.

      Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды жалғасы болып табылады, бұл ретте дағдарыстан кейінгі дамуға, қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән беріледі. 

      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:

      жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – Банктер) Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;

      уәкілетті мемлекеттік орган мен арнайы белгіленген комиссия және кеңестер арқылы мемлекет субсидиялау, кепілдік беру және (немесе) мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мүмкіндігі бойынша шешім қабылдайды;

      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекет тарапынан барлық келісулерді жергілікті деңгейде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Бағдарламаның үйлестірушілері орындайды.

     Акцизделетін  тауарлар шығаруды көздейтін жобалар бойынша банктер кредиттерінің пайыздық ставкаларды субсидиялауға жатпайды.

     Жеке кәсіпкерлік субъектісіне (бұдан әрі – кәсіпкерге) Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.

     Мемлекеттік даму институттары, сондай-ақ қаржы институттары ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауды алатын кәсіпкерлер кредиторы болып табылатын қарыздар  субсидиялауға жатпайды.

     Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде  екінші деңгейдегі банктер арқылы мемлекеттен қаржылық қолдау алатын  кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушылар болып табылуы мүмкін.

     Жергілікті  атқарушы органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде осы Бағдарламаның ережелерін ескеретін болады.

     Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдар және Бағдарламада пайдаланылатын терминдер:

     Мемлекеттік комиссия – «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия;

     өңірлік үйлестіру кеңесі – облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері құратын және  басқаратын жергілікті атқарушы органдардың, банктердің, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысатын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – ӨҮК) ;

Информация о работе Бизнестің жол картасы 2020