Басқаруды талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 07:29, реферат

Описание работы

Талдамалық жұмыс шешім қабылдайтын әрбір басшының, әрбір менеджердің қызметтің міндеттеріне кіреді. Осыдан оны ұйымдастыруда маңызды қағидаларға кіретіндер:
1. Атқарушылар арасында талдауды жүргізу бойынша міндеттерді анық бөлу;
2. Талдамалық үдерістің үнемделуін және тиімділігін қамтамасыз ету;
3. Регламенттеу және унификациялау.

Работа содержит 1 файл

Басқару талдау.docx

— 159.51 Кб (Скачать)

Дәріс сұрақтар:

1 Өнімнің өзіндік құнын  талдаудың ақпарат көздері, маңызы  және міндеттері.

2 Өнімнің өзіндік құнының  құрамы мен құрылымы.

3 Өнімдерді өндіруге және  өткізуге кеткен шығындарды экономикалық  элементтер бойынша талдау.

4 Өнімдердің өзіндік құнын  шығындардың калькуляциялық баптары  бойынша талдау.

5 Жеке өнім түрлерінің  өзіндік құнын талдау.

Дәрістің негізгі  мазмұны

Өнім өндіруге кеткен шығындардың  жалпы сомасын талдау. Өндірілген өнімдердің 1 теңгесіне кеткен шығындарды талдау. Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік  құнын талдау. Еңбек және тікелей  материалдық шығындарды талдау. Жанама шығындарды талдау.

Өнімнің өзіндік құны–  өндіріс ресурстарын пайдаланады  және оның барлық жақтарында көрініс  табатын маңызды эконормикалық  көрсеткіш. Өнімнің өзіндік құнының  деңгейі кәсіаорынның қаржылық жағдайының деңгейіне, өндірістің кеңею темпіне, шаруашылық жауапкершілікті серіктестіктің қаржылық қатынасына байланысты болады. Өнімнің өзіндік құнын талдау арқылы оның өзгерудеңгейін, жоспардың  сол деңгей бойынша атқарылуы, оның факторларының өсімге, қорға, кәсіпорын  жұмысын бағалауға, сол арқылы өнімнің  өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік  береді.

Өнімнің өзіндік құнын  талдау объектілері:

  1. өнімнің толық өзіндік құны және шығын элементтері бойынша
  2. шығарылған өнімнің 1 теңгеге шығын деңгейі
  3. жеке заттардың өзіндік құндары
  4. шығынның жеке статьялары

Өнімнің өзіндік құнын  талдауды шығынның жалпы соммасы  мен оның негізгі    элементін  қарастырудан бастайды.

Өнім өндірудегі шығынның жалпы соммасы келесіге байланысты өзгеруі мүмкін:

  • өнім көлемі
  • өндіріс структурасы
  • тұрақты шығынның соммасы
  • өнім бірлігіне шығын

Өнім көлемі өзгергенде тек  ауыспалы шығындар көбейіп отырады, ал тұрақты шығын қысқа мерзімде тұрақты болады.

Шығын тұзуі тұрақты және ауыспалы шығын бар кезде бірінші  дәрежелі теңдеу құрады:

Шбарл = ∑ ( VBПi ∙в i ) + А;

мұндағы Шбарл - өнім өндірісіндегі барлық шығын

                VBП - өнім өндірісінің көлемі

                в - өнім бірлігінің шығын өзгерісінің  деңгейі

                А – барлық өнімге кеткен  тұрақты шығынның абсолюттік  соммасы.

Өнімнің өзіндік құны өз кезегінде ресурс кһлеміне (еңбек  күші, материал, энергия т.б.) және инфляцияға байланысты тұтыну ресурстарына, бағаның  өзгеруіне байланысты болады.

Кәсіпорын жұмысын талдауда оған сыртқы инфляциондық фактордың  әсер етуін ескеру керек. Ол үшін өндірістегі  факттық тұтыну ресурстарының көлемін  жеке ресурстардың бағасын орташа деңгейіне  көбейту керек.

Өнімнің өзіндік құнын  анықтаудағы өнеркәсіп өнімдерінің  шығындарын азайту (Р↓С) –дың негізгі  қайнар көзі болып келесі табылады:

  1. Оның өндіріс көлемінің кәсіпорынның өнеркәсіптік қуатының толық қолдану арқылы көбейту (Р↑VBП)
  2. Еңбек өнімділігі, шикізатты үнемді пайдалану, материалдар, электроэнергия, отын, құралды мақсатты пайдалану, өндірістік емес шығындардың қысқаруы және өндірістік ысырап оның өндіріс шығындарының азаюына әсер етеді (Р↓З)

 

                      З1 - Р↓З + Зg                     З1

Р↓С = Cв - С1=---------------------------  -  ---------

                           VBП1 + Р↑VBП             VBП1

Мұндағы  Cв және С1 - өнім бірлігіне сәйкес өнімнің өзіндік құнының факттық және мүмкін деңгейі

З1 - өнім өндірісіне кеткен факттық шығын

Р↓З - өнім өндірісіне кеткен шығынның қысқарылған қоры

Зg – қосымша шығындар

VBП1, Р↑VBП – сәйкесінше факттық көлем мен өнімнің шығарылым қорының өсуі.

  1. Өндірістегі өнім қорының көбеюі өндірістік бағдарламаның орындалуын талдауда көрініс табады. Өндіріс қуаты бойынша кәсіпорын өнімнің көлемінің артуы тек өзгермелі шығындарын ғана арттырады (жұмысшылардың еңбекақысы, тура материалдық шығындар т.б.), тұрақты шығын соммасы өзгермейді, сол арқылы өнімнің өзіндік құны төмендейді.
  2. Шығынның төмендеу қоры белгілі инновациялық дамытуларға байланысты шығынның әрбір статьясында белгіленіп отырады (жаңа, прогрессивті техниканы және технологияны қолдану: еңбекті ұйымдастыру т.б.) , олар еңбекақыны азайту, шикізат, материал, энергия т.б. үнемдеуге әкеледі.

Еңбекақы төлеу бойынша  экономия инновациялық дамытулар кезінде  пайда болады, оны есептеу үшін дамытулар енгізбес бұрынғы (ТЕ0) және кейінгі (ТЕ1) айырманы орташа сағаттық еңбек төлемінің деңгейін (ОТ) және жоспарланған өнім көлемін көбейту арқылы табамыз:

Р↓ЗП = ∑ (ТЕ1 - ТЕ0) ∙ ОТпл ∙ VВПпл

Материалдық шығындардың  төмендеу қорын (Р↓МЗ) - өнеркәсіптегі  бағдарланған өнімнің шығарылуына  жаңа технология мен өзгерістер енгізу арқылы келесідей табуға болады:

Р↓МЗ = ∑ (УР1 - УР0) ∙ VВПпл∙ Ц пл

Мұндағы УР1, УР – материалдық ресурстарының өнім бірлігіне өзгеріске дейінгі және кейінгі кеткен шығыны

Ц пл – материалдарға жоспарлы баға

Негізгі қорды сақтауға арналған шығынды азайту қоры ұзақ мерзімді арендаға беру, консервация, керек емес, артық, қолданбайтын көлік, ғимарат, құрал-жабдықтардың есептен алынуы (списание) (Р↓ОПФ) арқылы оның басты соммасын амортизация  нормасына (НА) көбейту арқылы табамыз:

Р↓АМ =  ∑ (Р↓ОПФi ∙ НАi)

  1. Өнім шығарылымының көбеюіне арналған қосымша шығындар, оның жеке түрі бойынша қосымша өнімге саналады. Бұл негізінен еңбекақы, шикізат, материалдар, энергия мен т.б. өзгермелі шығындардан құралады. Ол өнім көлеміне пропорционалды болады. Ол үшін өнім көлемінің көбею қорын (неше түрлі өнім) факттық өзгермелі шығындардың есептік периодтағы деңгейіне көбейту керек.  
          

Зg = Р↑VBП i ∙ вi1

 

 

Өз білімін  бақылау сұрақтары:

  1. Өнімнін өзіндік құны талдау факторлары мен объектілері.
  2. Өндіріліген өнімдердің 1 теңгесіне кеткен шығындарды талдау.
  3. Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнын талдау.

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 416 с.

2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 222 с.

3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.

4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.

5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.

6 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

 

 

Өнiмдi өндiру, шаруашылық  субъектiлерiнiң шығындары мен  қорытындысы арасындағы өзара байланысты талдау

  1. Өндіріс заласыздығының  экономикалық модулі және оны графикалық зерттеу.
  2. Залалсыздықтың  бухгалтерлік модулі. Щығындар , өндірілген өнім және табыс арасындағы өзара байланыс зерттеудегі шекті талдаудың әдістері.

Дәрістің мақсаты: студенттерге кешенді экономикалық талдау жүйесі бойынша негізгі сұрақтарды түсіндіру.

Дәріс сұрақтар:

1 Экономикалық көрсеткіштерді  қалыптастыру жүйесі кешенді  талдаудың базасы ретінде.

2 Шаруашылық субъектісінің  қызметіне жүйелік көзқарас.

3 Шаруашылық субъектісі  қызметінің тиімділігін жоғарылату  факторлары мен резервтерінің  жіктелуі.

Дәрістің негізгі  мазмұны

Кешенді талдау негізінен 3 көрсеткішпен сипатталады:

  1. Өндірістің техникалық-экономикалық деңгейін талдаумен
  2. Шығарылатын өнім және қызмет, жұмыс сапасын талдаумен
  3. Шаруашылық субъектінің басқада қызмет түрлерінің талдауымен

Өндірістің техникалық-экономикалық деңгейін талдау. Өндірістің ұйымдық-техникалық деңгейіне негізгі өндірістің басқада  қызметтеріне сипаттама беруге мүмкіндік  береді. Оның ішінде қаржылық есептілік (статистикалық, бухгалтерлік, салықтық, басқарушылық). Есептікте сипаттама  беруге мүмкіндік жасайды.

     Өндірістің ұйымдық-техникалық деңгейі шикізаттар мен материалдардың, машиналар мен құрал-жабдықтардың капитал түріндегі негізгі құралдар мен еңбек ресурстарының бар болуы(қажеттілігіне сәйкес) жағдайлары мен пайдалануын көрсететін көрсеткіштер жүйесі арқылы, сонымен қатар ұйымдастыру, басқару деңгейін таңдау арқылы сипатталады.

Қазіргі кезде шығарылатын  өнім, жұмыс, қызмет сапасының талдауы  кәсіпорындарда тоқтаусыз қызмет ететін процесс болғандықтан оларды тиімді пайдалану жолдарын анықтау арқылы таңдау жасалады.

     Ол техникалық шектеулер оның стандарттарымен сертификаттарына сәйкес сапаның кең тараған комплекстің сипаттамаларын анықтауға келесі көрсеткіштермен анықталады.Оларға: ұзақтылығы, стандартизациясы және үлестіру деңгейі, технологиялығы, экологиялығы, қауіпсіздігі, үнемділігі және т.б. жатады. Алдыңғы кезеңдегі өндірісті ұйымдастыру деңгейін талдау,өндірісті дайындаубарысын реттеу(күнтізбелік жоспарлы) және соңғы кезеңде еңбек өнімін сату, қызмет көрсету және жою деңгейі сипатталды.

Өз білімін  бақылау сұрақтары:

 

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 416 с.

2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 222 с.

3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.

4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.

5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.

6 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

 

 

 

Операциялық тәуекелдiлiкке  басқарушылық талдау

  1. Шаруашылық субъектілерінің өндірістік – шаруашылығындағы тәуәкелділіктің концептуальды проблемалары.
  2. Тәуәкелділік  түсінігі және түрлері

 

Дәрістің негізгі  мазмұны

           Кәсіпорын қаржылық-шаруашылық қызметінің  диагностикасы мен талдауының  пәні болып жұмыстың қорытындысы,  оның өзгеру себебі мен болуы  мүмкін экономикалық зардаптары  табылады. Шаруашылық жүргізудің  қорытындысы кәсіпорынның қаржылық  жағдайымен, алынған пайда көлемімен  (экономикалық қорытынды), өндірілген  және сатылған өнім көлемімен  (өндірістік қорытынды), техникалық  және әлеуметтік жағдайдың деңгеймен  түсіндірілуі мүмкін. Аталғандардың  барлығы өзара байланысты және  шарттасқан, себебі олар қаржылық, экономикалық, өндірістік және әлеуметтік  салалардың да қызмет тиімділігін  көрсетіп тұр.

            Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық  қызметінің диагностикасы мен  талдауының міндеттері олардың  басқа қолданбалы салаларындағы  функцияларымен байланысты пайда  болады. Олардың негізгілері:

- бизнес-жоспарлар және  ішкі өндірістік нормативтер  құрастырудағы ғылыми-экономикалық  негіздің артуы;

- еңбек, материалдық және  қаржы ресурстарын (бөлек немесе  бірге) қолданудың тиімділік деңгейін  бағалау;

- барлық қаржылық-шаруашылық  қызметтің деңгейінде шығынды  үнемдеу қорын іздеу;

- басқарушылық шешімдер  мен жоспардың орындалуына бақылау.

Талдауды функционалды белгілеріне  байланысты бөлу оған деген тәжірибелік  қызығушылық тудырады, яғни оның қандай роль атқарып, міндеттерді шешуіне  байланысты. Талдаудың қаржылық, басқарушылық, маркетингтік, инвестициялық, экономика-техникалық, логистикалық, функционалды-құндық және т.б. түрлерін бөліп қарастырады.

Информация о работе Басқаруды талдау