Басқарушылық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 02:24, контрольная работа

Описание работы

1. Талдау әдісі мен оның сипаттамалық ерекшеліктері.
2. Жүйелі көзқарас пен өзара байланысты аналитикалық көрсеткіштерді жетілдіру.
3. Экономикалық ақпаратты басқарушылық талдауда өңдеудің дәстүрлі тәсілдері.
4. Факторлық талдаудың әдістері.
5. Детерминирлі талдаудағы факторлардың әсер етуін өлшеу тәсілдері.
6. Экономикалық мән - маңызы, резервтерді іздеу мен есептеудің ұйымдастырылуы.
Әдіс кең мағынада жалпы диалектикалық таным әдісі негізінде өз пәнін тану тәсілін түсінеді. Диалектикалық әдіс бойынша барлық құбылыстар мен процесстерді үздіксіз қозғалыста, өзгерісте және дамуда болады деп талқылау қажет.

Работа содержит 1 файл

BASKARUWILIK TALDAU.docx

— 27.17 Кб (Скачать)

Басқарушылық  талдауда қолданылатын әдiстермен тәсiлдер

 

  1. Талдау  әдісі мен оның сипаттамалық ерекшеліктері.
  2. Жүйелі көзқарас пен өзара байланысты аналитикалық көрсеткіштерді жетілдіру.
  3. Экономикалық ақпаратты басқарушылық талдауда өңдеудің дәстүрлі  тәсілдері.
  4. Факторлық талдаудың әдістері.
  5. Детерминирлі талдаудағы факторлардың әсер етуін өлшеу тәсілдері.
  6. Экономикалық мән - маңызы, резервтерді іздеу мен есептеудің ұйымдастырылуы.

Әдіс кең мағынада жалпы диалектикалық таным әдісі негізінде өз пәнін тану тәсілін түсінеді. Диалектикалық әдіс бойынша барлық құбылыстар мен процесстерді үздіксіз қозғалыста, өзгерісте және дамуда болады деп талқылау қажет.

Басқарушылық  талдау әдісінің сипаттамалық ерекшеліктері болып келесілер табылады:

    • экономикалық құбылыстарды өлшеу үшін көрсеткіштер жүйесін қолдану;
    • талдау объектісінің ерекшеліктері тәуелділігінен бағалау өлшеуіштерін таңдау;
    • факторларды анықтау және өлшеу, математикалық, статистикалық және есептеу әдістерін қолдану арқылы олардың қорытынды көрсеткішке әсерінің өзара байланысы.

Талдау әдісінің әдістемелік сипаты:

    • салыстыру әдісін қолдану;
    • талдау тек қана себеп - салдарлық байланысты орнатуды ғана емес, сонымен қатар оларға сандық сипат беруге бейім болып келеді, яғни  қызмет нәтижесіне әсер ететін факторларды өлшеуді қамтамасыз етеді;
    • ішкі қарама-қарсылықтарды, әр құбылыстың жағымды және жағымсыз жақтарын зерттеу қажеттілігі;
    • жалпы әдістемелік зерттеу тәсілдерін қолдану: индукция мен дедукцияны;
    • талдау объектілерін зерттеудегі жүйелі және кешенді көзқарас;
    • экономикалық құбылыстарды құрамдас бөліктерге бөлшектеу. Ол зерттелетін объектідегі ең маңыздылары мен негізгілерін анықтау үшін қажет;
    • элементтердің жүйелілігі олардың өзара байланыстылығын, әрекеттестігін, өзара тәуелділігін және өзара бағынушылығын зерттеу негізінде жүргізіледі. Бұл зерттелетін объектінің үлгісін құруға, зерттелетін көрсеткіштің ішкі байланыстарын зерттеу үшін талдаудың логико - әдістемелік схемасын ашып көрсетуге мүмкіндік береді;
    • қорыту (синтез) - зерттелетін факторлардың ішінен типтіктерді кездейсоқтардан бөлуге және негізгілері мен шешімділерін атап көрсетуге мүмкіндік береді.

Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелі көзқарасын атап кету қажет.

Жүйелі көзқарас - бұл талдау позициясынан экономиканы бір бүтін ретінде кешенді зерттеу. Ол объектіні тереңірек зерттеуге, ол туралы одан да толығырақ білуге, осы объектінің бөлек бөлімдері арасындағы себеп - салдарлық байланысты бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Жүйелі көзқарастың  негізгі ерекшеліктері болып табылады:

    • динамикалылық;
    • әрекеттестік;
    • жүйе элементтерінің өзара тәуелділігі мен өзара байланысы;
    • кешенділік;
    • тұтастылық;
    • бағыныштылық;
    • жетекші буынды бөліп көрсету.

Жүйелі көзқарас айқын артықшылықтарға ие: шаруашылық міндеттерді ғылыми дәлелді шешу нұсқаларын өңдеуге , нұсқалардың тиімділігін анықтауға, нағыз мақсатқа сәйкес басқарушылық шешімдерді таңдауға, резервтерді іздеу схемасын, шаруашылықтану нәтижелерінің объективті бағасын, оперативтілік, әрекеттілік, талдау мен оның тұжырымдарының дәлдігін  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Жүйелі көзқарасты қолдану келесідей кезеңдерден  тұрады:

1 - кезең: жүйенің функцияландыру  мақсаттарын анықтау, басқа жүйелермен  өзара байланысы;

2 - кезең: барлық элементтерге, өзара байланыстарға толық және  сапалы баға беретін көрсеткіштерді  таңдау;

3 - кезең: жүйенің негізгі  компоненттерін, өзара байланысын  және олардың арасындағы бағынушылықты  орнату;

4 - кезең: жүйенің экономика  - математикалық үлгісін құру;

5 - кезең: шаруашылық қызметтің  нәтижесін объективті бағалау,  өндірістің тиімділігін арттыру  үшін резервтерді анықтау.

Сонымен, шаруашылық қызметті талдаудағы жүйелі көзқарастың негізгі  құндылығы оның көрсеткіштер мен  факторлардың арасындағы ішкі байланыстары көрсетілген логико - әдістемелік  схеманы құруға мүмкіндік беретіндігінде.

Талдау әдісі аналитикалық зерттеулердің нақты әдістемелерінің  ішінен байқалады. Әдістеме негізінде қандай да бір жұмыстың мақсатқа сай орындалған тәсілдер мен ережелердің жиынтығы түсіндіріледі.

Басқарушылық талдаудағы әдістеме талдаудың мақсатына жету үшін бағынышты шаруашылық қызметіндегі экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттеуде аналитикалық ережелерінің жиынтығы ретінде көрсетіледі.

Талдау әдістемесінің  жалпы және жеке түрлері айқындалады.

Жалпы әдістеме - экономикалық талдаудың түрлі объектілерін ұлттық экономиканың әр түрлі секторларында зерттеуде бірдей қолданылатын зерттеу жүйесі.

Жеке әдістеме - экономиканың айқын секторларын, өндіріс түрлерін, зерттеу объектілерін, талдау түрлерін салыстыру негізінде жалпыны нақтыландырады.

Шаруашылық қызметті талдауда қолданылатын көптеген әдістерді келесідей  схема бойынша көрсетуге болады:

    1. Дәстүрлі  әдістер:
      1. салыстыру
      2. салыстырмалы және орташа шама
      3. мәліметтерді графикалық және кестелік ұсыну
      4. топтастықтар
      5. баланстық
      6. эвристикалық әдістер
    2. Детерминирлік факторлық талдаудың әдістері:
      1. тізбекті подстановка
      2. абсолютті айырмашылық
      3. салыстырмалы айырмашылық
      4. индекстік
      5. интегралдық
      6. пропорционалды бөлу
      7. логарифмиялау
    3. Стохастикалық факторлық талдау әдістері:
      1. корреляциондық талдау
      2. дисперсиондық талдау
      3. компоненттік талдау
      4. дискриминанттық талдау
      5. көпөлшеулі
    4. Міндеттерді оптимизациялық шешу әдістері:
      1. сызықты және сызықсыз бағдарламалау
      2. ойын теориясы
      3. массалық зерттеу теориясы
      4. операцияларды зерттеу

Талдауда ең кең тарағаны традициондық әдіс.

Салыстыру әдісі экономикалық құбылыстардағы жалпы мен ерекшені анықтауға, зерттелетін объектілердің өзгерістерін, олардың дамуының тенденциялары мен заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік береді. Жоспардың орындалу деңгейін бағалау үшін фактілік көрсеткіштерді жоспарлық көрсеткіштермен, ал бақылау жүргізу мен төмендету резервтерін анықтау үшін нормативтермен салыстырады. Экономикалық процесстердің даму тенденцияларын анықтау мақсатында есепті кезеңнің фактілік көрсеткіштерін өткен кезеңдегімен салыстырады. Қолданылмаған резервтерді анықтау үшін, жеткен нәтижені бағалау үшін талдалатын кезеңнің көрсеткіштерін орташа көрсеткіштермен салыстырады. Фактордың өзгеруіне дейін және фактордың өзгерісінен кейін қызмет нәтижелерін салыстыру факторлардың әсер етуі мен резервтерді санауға мүмкіндік береді. Резервтерді іздестіру үшін талдалатын кәсіпорынның көрсеткіштерін ғылым жетістіктері мен үздік тәжірибемен салыстырады. Шешімнің бір нұсқасын басқа нұсқалармен салыстыру ең оңтайлысын табуға мүмкіндік береді.

Экономикалық құбылыстар мен процесстер  абсолютті және салыстырмалы шамаларында өрнектеледі. Абсолюттік көрсеткіштер құбылыстың сандық шамасын өлшем бірліктерінде, көлемде, жалғастырушылықта, ауданда, бағасында және т.б. көрсетеді. Салыстырмалы көрсеткіштер зерттелетін құбылыс шамасының қандай да бір басқа құбылыстың шамасымен немесе басқа уақытта немесе басқа объект бойынша алынған осы құбылыстың шамасымен ара қатынасын бейнелейді. Салыстырмалы көрсеткіштер коэффициент немесе пайыз қалпында бейнеленеді. Талдауда салыстырмалы шамалардың әр түрлісі қолданылады: болжау, жоспардың орындалуы, динамика, құрылым, үйлестіру, қарқындылық,тиімділік.

Орташа шамалар біртекті құбылыстардың жиынтығының жалпылама сандық сипаттамасы үшін қандай да бір белгісі бойынша қолданылады, яғни объектілердің барлық жиынтығын бір санмен сипаттайды. Талдау тәжірибесінде орташа шамалардың әр түрлі түрлері қолданылады (жай және өлшенген орташа арифметикалық, орташа гармониялық, орташа хронологиялық және т.б.). Орташа шамаларды қолдану кезінде олардың жаппай мәліметтерге негізделіп құбылыстарға жалпылама сипаттама беретінін ескеру қажет. Олардың күші мен кемшілігі осында.

Ақпараттық топтастықтар кең қолданысқа ие - объектілердің зерттелетін жиынтығының массасын сәйкес белгілеріне қарай біртекті сандық топтарға бөлу.  Талдау мақсатына қарай типологиялық, құрылымдық және аналитикалық топтастықтар болып қолданылады. Типологиялық топтастықтарға мысал ретінде қызмет түрлеріне қарай халық топтарын, меншік формаларына қарай кәсіпорын топтарын және басқаларын жатқызуға болады. Құрылымдық топтастықтар көрсеткіштердің ішкі құрылысын және ондағы дара бөліктердің ара қатынасын зерттеуге мүмкіндік береді. Олардың көмегімен жұмысшылардың құрамын мамандығы, жұмыс стажы, жасы, айлық норманы орындауы және т.б. бойынша зерттейді. Аналитикалық топтастықтар зерттелетін көрсеткіштер арасындағы байланыстың бағытталуын, формасын және қолда барын анықтау үшін қолданылады. Белгілерінің сипатына қарай аналитикалық топтастықтар сапалық (белгінің сандық өрнегі болмаған кезде) және сандық болуы мүмкін. Құру күрделілігіне қарай топтастықтардың жай және қиыстырылған 2 түрі ажыратылады. Жай топтастықтардың көмегімен қандай да бір белгісі бойынша топтастырылған құбылыстардың арасындағы байланыс зерттеледі. Қиыстырылған топтастықтарда зерттелетін жиынтықтарды осылай бөлу  алдымен бір белгісі бойынша, содан кейін әр топтың ішінде -  басқа белгісі бойынша және т.б. жасалады. Осылай, екі-, үшдеңгейлі топтастықтар құрылуы мүмкін. Олар әр түрлі және күрделі өзара байланыстықтарды зерттеуге мүмкіндік береді.

Индекстік әдіс - әсіресе салыстырылмайтын элементтерден тұратын күрделі әлеуметтік - экономикалық құбылыстарды өлшеуге мүмкіндік беретін индекстердің құрылуы мен талдауы негізіндегі статистикалық зерттеу әдісі. Индекстердің басқа тағайындалуы - нәтижелі белгілердің өзгерісіне әсер ететін бөлек факторларды зерттеу.

Баланстық әдіс - шаруашылық қызметтің өзара байланысқан көрсеткіштерін  олардың өзара әсерін анықтау және өлшеу мақсатында салыстырудың және де өндіріс тиімділігін жоғарылату резервтерін есептеудің арнайы әдісі. Талдаудың баланстық әдісін қолдану кезінде бөлек көрсеткіштердің арасындағы байланыс олардың түрлі салыстырулары нәтижесінде алынған қорытынды түрінде бейнеленеді.

Қызметтің нәтижесіне әсер ететін факторларды зерттеу  мен резервтерді есептеу үшін талдауда детерминирлік және стохастикалық  факторлық талдаулар қолданылады.

Әр құбылысты себеп  деп те, нәтиже деп те қарастыруға  болады. Егер құбылыс бір немесе бірнеше себептердің әрекет нәтижесі ретінде қарастырылса және ол зерттеу  объектісі ретінде орындалса, онда оны нәтижелі деп атайды. Нәтижелі құбылыстың тәртібін анықтайтын көрсеткіштерді факторлық деп атайды. Мысалы, еңбектің өнімділігі факторлық көрсеткіш болып табылады, егер оны өндіріс көлемінің немесе өнімнің өзіндік құны деңгейінің өзгерісі ретінде қарастырса және басқа жағынан ол нәтижелі көрсеткіш те болуы мүмкін, егер оны механизация және автоматизация ықпалымен нәтиже өзгерісі ретінде қарастырса.

Әрбір нәтижелі көрсеткіш  көптеген және түрлі факторларға  тәуелді. Сондықтан, нәтижелі көрсеткіш  шамасына факторлардың әсер етуін өлшеу  және зерттеу, яғни факторлық талдауды жүргізу талдауда маңызды орын алады. Факторлық талдаудың келесідей типтері бар:

    • детерминирлік (функционалдық) және стохастикалық (корреляциондық);
    • тура (дедуктивті) және кері (индуктивті) ;
    • бірсатылы және көпсатылы;
    • статикалық және динамикалық;
    • ретроспективалық және перспективалық.

Детерминирлік факторлық  жүйені құру - зерттелетін құбылысты алгебраикалық сома түрінде, оның шамасын анықтайтын және онымен функционалдық тәуелділікте болатын жеке немесе бірнеше факторлардың туындысы түрінде көрсету. Детерминирлік факторлық жүйенің дамуы кешенді факторлардың бөлшектенуі есебінен жетіледі. Элементтілер көбейткіштерге жатпайды, өйткені олар өз мазмұны бойынша біртекті. Жүйенің дамуымен бірге кешенді факторлар біртіндеп жалпылардың азына, олар өз кезегінде одан да азына, бірте-бірте өзінің аналитикалық мазмұны бойынша элементтілерге (қарапайымдарға) жақындап, бөлшектеледі.

Сонымен, факторларды жүйелеу  зерттелетін көрсеткішті қалыптастыру кезінде факторлардың өзара байланысын тереңірек зерттеуге мүмкіндік  береді, оның зерттелетін көрсеткіштерді модельдеу кезеңінде маңызы зор  болып келеді.

Информация о работе Басқарушылық талдау