Басқару шешімдерін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 23:06, реферат

Описание работы

Басқару шешімдерін қабылдау баламалы нұсқалардың ішінен ең оңтайлысын іріктеп, оларды салыстырып бағалауды білдіреді.
Менеджерлер өткізу бағасы, өзгермелі және тұрақты шығындар, ресурстарды сатып алу және пайдалану туралы шешімдерді ұдайы қабылдауларына тура келеді. Егер оларда анық ақпарат болмаса, онда олардың қызметі залал келтіруі, тіпті күйретуші салдарға ұрындыруы мүмкін. Әдетте бұл шешімдер қысқа мерзімді сипатта болады: қанша бірлік өндіру; канша жұмысшыны жалдау; жарнамаға қанша шығын жұмсау? Алайда жаңа зауыт немесе қүрал-сайман сатып алу сияқты ұзақ мерзімді шешімге де шығындар, өндіріс көлемі мен табыс қатынасы туралы талданған ақпарат керек.

Содержание

1. Өндіріс зиянсыздығын талдау 3
2. «Релевантты» ақпарат түсінігі 8
3. Қысқа мерзімді басқару шешімдерін қабылдау 10
4. Ұзақ мерзімді басқару шешімдерін қабылдау 13
Әдебиеттер 16

Работа содержит 1 файл

127261322029169_a.doc

— 73.50 Кб (Скачать)

Бухгалтерлік есеп

Баяндама

16

Басқару шешімдерін қабылдау

Жоспар

1. Өндіріс  зиянсыздығын талдау 3

2. «Релевантты»  ақпарат түсінігі 8

3. Қысқа  мерзімді басқару шешімдерін  қабылдау 10

4. Ұзақ  мерзімді басқару шешімдерін қабылдау 13

Әдебиеттер 16

1. Өндіріс зиянсыздығын талдау

Басқару есебінің негізгі міндеттерінің біріне дұрыс  басқару шешімдерін қабылдау үшін кэсіпорын басқарушылары мен жоғары басшылығына аса қажетті ақпараттарды жинау және қорытындылау жатады.

Басқару шешімдерін қабылдау баламалы нұсқалардың ішінен ең оңтайлысын іріктеп, оларды салыстырып бағалауды білдіреді.

Менеджерлер өткізу бағасы, өзгермелі және тұрақты шығындар, ресурстарды сатып алу және пайдалану туралы шешімдерді ұдайы қабылдауларына тура келеді. Егер оларда анық ақпарат болмаса, онда олардың қызметі залал келтіруі, тіпті күйретуші салдарға ұрындыруы мүмкін. Әдетте бұл шешімдер қысқа мерзімді сипатта болады: қанша бірлік өндіру; канша жұмысшыны жалдау; жарнамаға қанша шығын жұмсау? Алайда жаңа зауыт немесе қүрал-сайман сатып алу сияқты ұзақ мерзімді шешімге де шығындар, өндіріс көлемі мен табыс қатынасы туралы талданған ақпарат керек.

Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шешімдердін  арасындағы елеулі айырмашылық - оның біріншісін өзгерту оңай шаруа емес, ал екіншісі жиі өзгертіледі. Қысқа мерзімді шешімді орындау әрекеті жиі қайталанады, ал олардың кейбіреуі кешірек жузеге асырылуы мүмкін. Мәселен, өткізу бағасын немесе өндірілген тауардың номенклатурасын жылдам өзгертуге болады, ал капитал салудың (күрделі қаржы жұмсалымы) бағытын өзгерту туралы шешімге келсек, оны қысқа мерзімнің ішінде өзгерту оңай болмайды (осының негізінде барлық одан арғы қорытындылар мен түйіндер қысқа мерзімді уақытқа қатысты).

Өнім шығару туралы қысқа мерзімді оңтайлы шешім қабылдау үшін мынаны білу қажет: өткізу бағасын түсіру мен көп сату табысқа қалай ықпал етеді, кәсіпорынды ұлғайтып отырумен және т.б. байланысты қосымша тұрақты шығындардың орнын толтыру үшін сатудың қандай көлемі керек. Осы және басқа сауалдарға сатудан, шығындардан және таза табыстан болатын жиынтық табыстың өзгерісі мен өндіріс көлемінің өзгерісі арасындағы байланыстьі қарастыруды қажет ететін өндірістің залалсыздық нүктесі туралы деректерді талдау арқылы жауап беруге болады. Бұл байланыстардың үлгісін (моделін) құрастыру үшін залалсыздық талдауы фирма қактығысатын нақты жағдайды оңайлатады, өйткені қандай да бір шешімді кабылдау барысында оны бір мезгілде мүмкін еместей көрінеді. Залалсыздықты талдаудағы максат - белгілі бір өндіру деңгейі немесе өндіріс көлемі өзгеретін болса, оның қаржылык нәтижесі кандай болатынын анықтау. Бұл акпарат кәсіпорын басшылығы мен менеджерлері үшін аса маңызды, өйткені бұл ақпараттың негізінде шығарылымның қатерлі деңгейін тіркеп отыруға болады. Мысалы, табыс ең көп шамада болатын деңгей немесе табыс та, залал да болмайтын деңгей.

Залалсыздықты талдау сатудан, шығыннан болатын табыс пен аз уакыттың ішіндегі, яғни өндіріс ресурстарының тұрақты қорына қатысты өндіріс қуаты белгілі бір деңгейде шектелген фирмалардың өнім шығаратын уақыт аралығындағы табыс арасындағы байланысқа негізделген. Мұндай талдау мыналарды аныктау қажет болғанда жүзеге асырылады:

• өткізу бағасын түсірудің табысқа тигізетін ықпалы қандай;
• бұйымды өткізу көлемін ұлғайтудың табысқа тигізетін ықпалы қандай;
• өндірісті ұлғайту туралы топшылауға байланысты қосымша тұрақты шығындардың орнын толтыру үшін сату көлемі қандай болуы керек.

Залалсыздықты талдау кәсіпорын  өз шығынының орнын толтыруға қол жеткізетін және оның табысы нөлге тең болатын нүктені анықтайды. Бұл ақпарат кәсіпорынның бәсекелестікке баға белгілеудегі өзінің мүмкіндігін бағалауға, өз қызметінің қауіпсіз шегін белгілеуге, яғни бәсекелестік жағдай мен өндіріс жағдайы өзгеру барысында кәсіпорын өз шығындарын басқара алатын жағдайда мүмкіндік тудырады.

Мәселені  шешу процесі кәсіпорын сол немесе басқа нұсқаны тандауына көмек беретін, кәсіпорынның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді анықтаудан басталады.

Дұрыс шешім қабылдау үшін ең алдымен барлық баламалы нұсқалар бойынша келешекте кездесетін шығындар туралы ақпараттың болуы аса қажет. Кейде есептеу барысында кәсіпорынның жіберіп алған пайдасы ескеріледі.

Бухгалтерлік басқару  есебі бастапқы ақпараттарды өңдеуге және қорытындылауға мүмкіндік беретін әдістер мен тәсілдердің тұтас арсеналына ие.

Басқарушылық есептің  ақпаратын пайдалану барысында  мыналар шешіледі:

1)    оперативті міндеттер:

• өндірістің залалсыздығын талдау;
• өнім   шығарылымы   мен   өткізу   көлемін  және  ассортиментін жоспарлау;
• шектеу факторларын ескеріп, кұрылымды анықтау;
• "сатып алу немесе өзімізде өндіру" міндеттерін шешу;
• баға белгілеу бойынша шешім қабылдау.

2)  ұзақ мерзімді стратегиялык маңызы бар келешектік сипаттағы міндеттер:

• капитал салу туралы шешім қабылдау;
• бизнесті қайта құрылымдау туралы шешу;
• жаңа өнім өндіру бойынша шешім қабылдау.

Қолдану үшін таңдап алынған баламалы нұсқа бюджетті жасаудың бастапқы нүктесі болып табылады.

Бухгалтерлік басқару  есебінің әдістері мен тәсілдері кәсіпорынның алдында тұрған мәселені шешуде дұрыс ұсыныс береді.

Тұрақты шығындар - жалпы сомасы өндіріс көлемі өзгерсе де өзгеріссіз қалатын белгілі бір кезеңдегі шығынның бір бөлігі. Үй-жайларды жалдау ақысы, қызмет көрсетуші қызметкердің еңбекақысы және уақыт өткен сайын өсуі мүмкін, бірақ өндіріс көлемінің өзгерісіне тікелей үйлесімді өзгермейтін басқа да шығындар тұрақты шығынның үлгілері бола алады. Залалсыздықты талдаудың тағы бір мәселесі - дайын өнімдердің өзіндік құндарына қосылатын барлық шығындарды іс жүзінде тұрақтыға немесе өзгермеліге нақты бөлу мүмкін емес. Шығынның бір бөлігі жартылай өзгермелі немесе жартылай тұрақты сипатында болады, ал олардың кейбіреуі белгілі бір жағдайда өздерін тұрақты шығындар басқа кезде - өзгермелі ретінде көрсетіледі.

Ішінара өзгермелі  шығындар аралас тұрақты және өзгермелі шығынды білдіреді. Ішінара өзгермелі шығынның жалпы сомасы өзгермелі шығын сияқты өзгереді, яғни өндіріс көлемінің өзгерісіне сәйкес болады, бірақ тікелей үйлесімді болмайды.

Тұрақты бөлігінде - телефонды пайдаланғаны үшін абоненттік төлем кіретін, ал өзгермелі бөлігінде - халықаралық байланыстың (сөйлесудің) акысы алынатын телефонды пайдаланудың төлемақысы ішінара өзгермелі шығынның үлгісі бола алады.

Шығынды тұрақтыға және өзгермеліге шектеу, әдетте, өндіріс көлемінің өзгерісі кезінде жиынтык шығындардың өзгерісімен анықталады.

Былай, өндіріске  қатысты пайдаланылған негізгі  өндірістік материалдар өзгермелі  шығын ретінде қарастырылады, өйткені  өндіріс көлемінің ұлғаюымен  катар негізгі өндірістік материалдардың шығыны үйлесімділігін бұзбай өзгереді. Шаруашылық қызметтің көлемін сипаттау үшін өндіріс көлемінің көрсеткіші пайдаланылады. Саудалық-өткізу шығыны өнім бірлігінің өткізу санына қатысты өзгермелі шығын болып табылады, ал өндіріс көлемінде - ол міндетті болып табылмайды. Өндіріс көлемі мен өткізу көлемі әрдайым бірдей бола бермейді. Тұрпатты өзгермеліге шикізат пен материал қосалқы бөлшектер мен құрастырушы бөлшектер (детальдар) жұмысшы күші және шығындар жатады.

Тұрақты шығынның жалпы сомасы өндіріс көлемі өзгергенде өзгеріссіз калады. Жалдың ақысы, негізгі құрал-жабдықтың амортизациясы, қызметкерлердің еңбекақысы тұрақты шығынның үлгісі болып табылады.

"Тұрақты"  және «өзгермелі» үғымдары өнім  бірлігінің есебіндегі шығындарға емес, жиынтық шығынға қатысты, ал олардың жаппы саны өндіріс көлемінің өзгерісіне үйлесімділігін бұзбай өзгереді. Өнім бірлігінің тұрақты шығыны өндіріс көлемінің өсу дәрежесіне карай кемиді, ал оның кему дәрежесіне қарай артады. Алайда, жиынтық шығын өзгеріссіз қалады.

Жоспарлау барысында  тұрақты шығын жиынтықталған  тұрақты шығын ретінде, ал өзгермелі шығын - өнім бірлігінің өзгермелі шығыны ретінде қарастырылады.

2. «Релевантты» ақпарат түсінігі

Шығындарды  тұрактыға және өзгермеліге бөлгенде мынаны есте ұстау қажет: оларды осылайша жіктеу тек белгілі бір шекте ғана болады, немесе былайша айтқанда, түсім мен шығынның арасындағьі ерекше катынас сақталатын  тұрақты шығын осы саладағы және осы уақыттағы релеванттыққа тұрақты қатынаста болатын  релеванттық саласында ғана жүзеге асырылмақ.

Өндіріс процесі бәрінен бүрын  тұрақты және өзгермелі шығындардан тұратын аралас шығындармен сипатталады. Мысалы, көліктік қызмет көрсету, яғни жүк тасымалдаудың шығынын анықтауда тұрақты (көліктік құрал-жабдықтың амортизациясы немесе оларды пайдаланғаны үшін жалдаудың ақысы) және өзгермелі (бензин, машина майы, доңғалақ (шина), жөндеу шығындары) шығындарды ескеру қажет. Тұрақты шығын жүріп өткен жолға тұрақты болады, ал өзгермелі шығын рейс (сапар) санына үйлесімді.

Өндіріс залалсыздығын  талдау және оның басқарушылық есептегі мағынасы

Өндіріс қызметін жоспарлауда "шығын - көлем - пайда" талдауы жиі пайдаланылады. Егер өндіріс көлемі белгіленсе, онда тапсырыс портфеліне сәйкес осы талдаудың арқасында ұйым баланс ретінде де, таза пайда түрінде де табыстың белгілі бір шамасын алу үшін шығын шамасы мен сату бағасын есептейді. Осы талдаудың көмегімен, мысалы, жарнама шығыны, өнім бағасы немесе материал жабдыгы, өндіріс кұрылымы өзгергенде өндірістік бағдарламалардың әр түрлі нұсқаларын оңай санауға болады. Баскаша айтқанда, "шығын - көлем - пайда" талдауы өндірістік процестің бір немесе бірнеше параметрлері өзгеретіндей болса, біз қандай дүниеге ие боп қаламыз дейтін сұрака жауап алуымызға мүмкіндік тудырады.

Нарықты қалыптастыру және оны реттеудің әдісін әзірлеу сұраныс, ұсыныс, баға тәрізді нарықтық элементтердің өзара байланысы мен олардың бір-біріне тәуелділігін аныктайды.

Жүйенің әрбір элементі өндіріс, шығын жэне табыстылық (маржиналдық) факторларының ықпалына тәуелді болып, өзгеріп отырады.

3. Қысқа мерзімді басқару шешімдерін қабылдау

"Шығын  - көлем - пайда" талдауы - бұл  негізінде шығынның, түсімнің (табыстың), өндіріс көлемінің және пайданың; баскарушылық жоспарлаудың аспабы мен бақылаудың өзара байланысы жататын шығын мінез-кұлқының талдауы болып табылады. Аттары аталған өзара байланыстар қаржылық қызметтің негізгі моделін қалыптастырады. Бұл менеджерге. қысқа мерзімді жоспарлау мен баламалы шешімдерді бағалау үшін,осы модель бойынша талдаудың нәтижесін пайдалануға мүмкіндік береді.

Залалсыздықты талдаудағы мақсат - ұйымның өндірістік қызмет деңгейі (іскерлік белсенділігі) -өзгергенде қаржылық нәтижесінің қандай күйде болатынын белгілеу.

Залалсыздыкты талдау шығындары  тұрақты және өзгермелі деп бөлуге негізделгендіктен, бөлудегі нақтылыкқа, яғни бөлудің неғұрлым нақтылығына қарай қабылданған шешім соғұрлым орнықты болады. Мұндай бөлу өзіне тұрақты ретінде де, өзгермелі ретінде кұраушыларды қосатын аралас (жартылай өзгермелі) деп аталатын шығындардың болуын белгілі бір деңгейде қиындатады.

Өндірістің  залалсыздығын талдау аз уақыт ішіндегі сату көлемі, шығындар мен пайданың арасындағы өзара байланысты анықтап береді.

Талдау нәтижесі бойынша ұсыыыс берілетін кезеңде  өндіріс қуаттылығы шектеулі.

Бұл арада  басшылыққа өндіріс көлемінің шиеленіскен ("елі") сәтін, яғни сын көтермейтін осал тұсын анықтауға мүмкіндік тудыратын өнім шығарылымының талдауына баса назар аудартады. Барлық өнімді өткізуден түскен түсімге кәсіпорын шығыны тең болатын өткізу көлемінің мұндай сәті, яғни шйеленіскен сәт деп аталады. Бұл жүйеде пайда да, зиян да болмайды.

Теңестіру әдісін кұрылымдық жылжытудың ыкпалын талдауда колдануға болады. Өткізу - өткізуден түскен түсімнің жалпы сомасындагы өнімнің қатысты үлесін іріктеу ретінде қарастырылады. Егер кұрылым өзгеретін болса, онда түсімнің көлемі міндеттелген шамаға жетеді, ал пайда аз болуы мүмкін. Пайдаға ықпал ету ассортименттің қалай өзгергеніне байланысты - өнімнің аз пайдалылығы немесе жоғары пайдалылығы жағына қарай болады.

Маржиналдық табыс әдісі математикалық әдіске балама болып табылады. Маржиналдық табыстың құрамына пайда мен тұракты шығын кіреді. Кәсіпорын өз өнімін - маржиналдық табысты түрақты шығын сомасына теңестіріп, өткізуі керек. Осы арада тепе-тендік нүктесіне қол жеткізіледі.

Маржиналдық табыс  бұл  өнім өткізуден түскен түсім мен өзгермелі шығын арасындағы айырмашылық (егер есеп өткізілген өнімнің барлық көлемінде жүргізілетін болса) немесе өнім бірлігінің сату бағасы мен өнім бірлігіне келетін өзгермелі шығынның арасындағы айырмашылық.

Егер маржиналдық табыстан тұрақты шығынды шегеріп тастасақ, онда пайданың шамасын аламыз.

Пайда= Маржиналдық табыс-Тұрақты  шьғын.

Маржиналдық тәсілдемені ішкі фирмалык жоспарлау  мен шешім кабылдаудың аспабы ретінде карастыруға болады. Ол "шыгын - көлем - пайда" талдауын жүргізу үшін керек. Шығын, шаруашылық қызметтің көлемі және пайданың арасындағы өзара байланысты қарастыруды пайдалылыктың табалдырығы деген анықтаумен жиі аталады (өндіріс көлемінің қиын шегі) немесе залалсыздык нүктесі.

Информация о работе Басқару шешімдерін талдау