Басқарудағы мектептер

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 06:57, доклад

Описание работы

Осы күнге дейін мыңдаған жылдар бойы еңбекті тиімді ұйымдастыру жөнінде көптеген зерттеулер жүргізіліп келеді. Ертедегі египеттіктер мен гректердің бізге қалдырған жазба ескеткішінде басқару жөнінде көптеген мазмұндамалар көрсетілген. Мысалы: Платон жұмысты бөлшектеу еңбекті кәсіби байланысты мамандану жөнінде пікір айтса . Ал Сократ басқаруды өте бір ерекше кәсіпкерлік ретінде көрсетеді.

Работа содержит 1 файл

Осы күнге дейін мыңдаған жылдар бойы еңбекті тиімді ұйымдастыру жөнінде көптеген зерттеулер жүргізіліп келеді.doc

— 43.00 Кб (Скачать)

Осы күнге дейін мыңдаған жылдар бойы еңбекті тиімді ұйымдастыру  жөнінде көптеген зерттеулер жүргізіліп келеді. Ертедегі египеттіктер мен  гректердің бізге қалдырған жазба  ескеткішінде басқару жөнінде көптеген мазмұндамалар көрсетілген. Мысалы: Платон жұмысты бөлшектеу еңбекті кәсіби байланысты мамандану жөнінде пікір айтса . Ал Сократ басқаруды өте бір ерекше кәсіпкерлік ретінде көрсетеді. Сократтың ойынша басқарудың ең негізгі басты ережесі: Негізгі керекті орынға қажетті адамды тауып, оған тапсырылған міндеттерді орындауды талап ету. Басқару ілімде өндіріс күшінің дамуында ғылым мен техниканың өркендеуі арқылы басқару теориясында бірнеше мектептер дамыды. Басқару сапасының дамуында қоғамдық өзгерістердің ашқан жаңалықтары мектептердің пайда болуына әкеп соқты.

Ғылыми басқару мектебінің негізін қалаушысы американдық инженер Фридрих Тейлор. Ол 1911 жылы өзінің әйгілі еңбегін жазған «принципы научного менеджмента». Ф. Тейлор бұл бағыттың негізінде еңбек процесінің жеке әлемдерге бөліп, олардың орындарының озат әдісін анықтап, жұмысшыларды осыған оқып үйреткен. Оның жұмыстарының мақсаты:

 а) Оқып үйрету.

 б) Ынталандыру.

 в) Достық қарым-қатынасы.

Классикалық немесе әкімшілік басқару мектебі – басқаруды жетілдіруді     дамуының негізі ретінде ұйымды тұтасымен алады. Тұтас жүйе ретінде қарайды.

Басқаруды жетілдіру, дамыту негізі ретінде ұйымды тұтасымен  алады. Бұл       бағыттардың  негізін қалаушы француз зерттеушісі  Анри Файол.  Ол 30 жыл бойы үлкен  компанияның бас директоры болып  қызмет атқарған. Ол компанияға келгенде, ол өндіріс орны ең нашар халде болады. Ал ол кеткен кезде бұл компания  дүниежүзілік ең ірі компанияның бірі болды. Бұл кісі қазіргі менеджменттің әкесі деп аталады.

          Классикалық   немесе әкімшілік басқару мектебінің  негізгі мақсаты:

Басқару ортақ жалпылама принципін ойлап табу. Осы принципті күнделікті жұмысқа қолдану арқылы үлкен табысқа жетуге болады. 

Анри Файол тұжырымдамалары бойынша, басқару дгеніміз- қолдағы бар мүмкіндіктерді, ресурстарды, қорларды барынша пайдалану, кәсіпорынның алға қойған мақсаттарына  алып бару.

Анри Файол әкімшілік, басқарудың бірнеше принциптерін ұсынады:

 1. Билік пен жауапкершілік әрқашанда бірге.

      2. Маманданумен  қатар еңбекті бөлшектеу екрек.

      3. Жарлық бірлігінің  болуы. 

      4. Тәртіп барлығына бірдей болуы керек.

      5. Басқарру бірлігі.

      6. Жеке бастың  мүддесін жалпы мүддеге бағындыру. 

      7. Сіңірген еңбегі  үшін сый беру.

      8. Жұмысты орталықтандыру.

      9. Төмен шендегілердің  жоғары шендегілерге бағынуы.

      10.Тәртіп принциптері.

      11. Әділеттік  принциптері.

      12. Жұмыскерлердің  тұрақтылығы.

      13. Ынталылық,  ықыластық принциптері.

      14. Жұмыста  коллективтік, ұйымдық рухтың болуы.

 Классикалық немесе  әкімшілік басқару мектебінің  әрі қарай дамуына 2 бағытта         дамыды.

1. Өндірісті жетілдірудің  бағыты.

2. Басқарудың жалпы  прблемаларын зерттеу.

  

Адамдар арасындағы қатынастар мектебі.

 

  Негізгі бағыты психология  жағдайында болады.

Психология дегеніміз -  адамдардың мінез - құлқын, тәртібін зерттеу, оның өндіріске деген көзқарасын зерттеу.

Бұл мектептің негізін  салушы Эдуард Мейо. Ол шағын өндірістегі жұмысшылардың еңбек жағдайын зерттей келіп, мынандай қорытынды  шығарды. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі тек қана жұмысшының жалақы мөлшеріне байланысты емес. Ол жұмысшылар ортасының психологиялық және әлеуметтік жағдайына байланысты  Э. Мейо « Неформальды топ» деген ұғымды басқару теориясына енгізеді. Жұмысшылар кейінгі кезде басшылардың ақшасының ықпалынан «Неформальды топтың » әсеріне қатты бағынады. Осы нәтижеге сүйеніп, бұл бағыттың өкілеттіктері мынандай қорытынды жасайды.

 Егер басшылар өз  қарамағының жұмысшылардың жағдайын  ескеріп, оларға әрдайым қамқорлық  жасаса, онда жұмысшылардың еңбекке  деген ықыласын артып, еңбек  өнімділігін көтеруге мүмкіндік болады.

 

    Империкалық білім мектебі.

 

Империка - латын сөзінен  аударғанда «күнделікті тәжірибе»  деген мағынаны білдіреді.  Көбіне империкалық бақылау арқылы қорытынды  шығарып  ары қарай кеңес, ақыл, нұсқау беру жолдары империкалық  мектептің негізі. Бұл бағыттың өкілдері: К.Девис, Нью Мэн т.б.

 Бұл бағыт өкілдері  негізгі мақсаты: жергілікті материалдарды  жинап, оны зерттеп, ықшамдап, одан белгілі – бір қорытынды  шығарып, басшы алдындағы іс- әрекеттеріне  жаңа нұсқаулар жасап беру.

Басшылардың еңбегі өзгерерде  оның өзгермейтін 2 қасиеті анықталады.

  1. Басқарушы басшы қолдағы бар ресурстар негізділген толық, біртұттас жүйе құра білу керек.
  2. Оның әр шешімі, іс- әрекеті, кәсіпорынның болашақ дамуына бағытталуы қажет. Бұл бағыттың ерекшелігі басшының іс- әрекетін жан-жақты қамтитын  комплексті болуына көіл аударады. Басқарудың ерекше бір өнер түрі ретінде қарап оны насихаттап және күнделікті өмірде қолданып, тек қана таңдаулы мамандардың қолынан келеді деп есептеу. Тағы бір ерекшелігі қазіргі заман басшысы тек бір жақты маман болуы керек.

 

Қазақстан Республикасының  Ғылым және Білім Министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

 

 

 

Кафедра: Менеджмент

 

 

 

 

 

ЭССЕ

Тақырыбы: Басқарудағы әртүрлі мектептер

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Басқарудағы мектептер