Банктердің инвестициялық қызметінің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 11:15, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық қатынастарға, қаржы нарықтарына ерекше рөл берілген қалыптасып келе жатқан нарықтық экономика күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйені білдіреді. Еліміздегі қаржы нарығының қызмет етуінің қазіргі уақыттағы проблемалары белгілі бір дәрежеде қаржы нарығы бойынша теориялық зерттеушілердің болмауымен де түсіндіріледі.
Инвестициялық процесс болашақта пайда жасау және алу үшін экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімді салымдармен байланысты болғандықтан, бұл салымдардың мәні инвестордың меншікті және тартылған қаражаттарын пайдалану кезінде жаңа құн жасайтын активтерге айналуына негізделеді.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................... 3

1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ҚЫЗМЕТІ..........................................................
4

1.1 Банктердің инвестициялық қызметінің теориялық негіздері.......................................................................................
4
1.2 Банктің инвестициялық саясаты және инвестициялық құралдарын табыстылығын анықтауы.....................................
12

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ..........................
16

2.1 «Альянс Банк» АҚ-ның қызмет ету негіздерін және негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау ............................................
16
2.2 «Альянс банк» АҚ-ның инвестициялық операцияларын талдау...........................................................................................
29

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................ 31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................... 32

Работа содержит 1 файл

ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ҚЫЗМЕТІ.doc

— 318.50 Кб (Скачать)

Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптардан тұрады:

    • жарғылық немесе акционерлік капитал;
    • резервтік капитал;
    • қосымша капиталдар;
    • банк операиялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резевтер);
    • бөлінбеген банк пайдасы.

Банктің меншікті капиталының  жиынтық көлемі  31.12.2009 жылғы жағдай бойынша 158975 млн. теңге болса, 31.12.2010 жылғы жағдай бойынша 227180 млн. теңге көлемінде және 30.06.2009 жылғы жағдай бойынша 380913 млн. теңге капитал жетіспеушілігі орын алған.

Меншікті капитал көлемінің  жетіспеушілігін әлемдік қаржылық дағдарыс салдарымен түсіндіруге болады. 2009 жылдың екі тоқсаны бойынша капитал жетспеушілігінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда ұлғайған.

Төмендегі кестеде «Альянс  банк» АҚ-ның меншікті капиталының  құрылымы берілген.

 

Кесте 3

«Альянс банк» АҚ-ның 2009-2010ж.ж. меншікті капиталының құрылымы

млн. теңге

Атауы

2009 жыл

2010 жыл

2010 ж/ 2009ж өзгерісі

Жарғылық капитал

96380

96380

0

Қосымша төленген капитал

1222

1222

0

Сатуға арналған қолда бар инвестициялардың таза құнын қайта бағалаудың резерві

-33

-29

3

Негізгі құралдарды қайта бағалау  бойынша резервтер

2109

2023

-86

(Жинақталған залал)/ Бөлінбеген  пайда

59297

-326776

-386073

Барлығы:

158975

-227180

1,4 есе азайған


 

Кесте мәліметтеріне  сүйенсек, 2009-2010 жылдары меншікті капитал құрылымында үлкен үлес салмақты жарғылық капитал иеленіп отыр. Меншікті капиталдың жиынтық көлемінің азаюы жинақталған залал көлемінің ұлғаюымен түсінідіріледі. 2009 жылы бөлінбеген пайда көлемі 59297 млн. теңгені құраса, 2010 жылы жинақталған залал көлемі 386073 млн. теңгеге ұлғайып, 326776 млн. теңгені құраған. Осының салдарынан капиталдың жиынтық көлемі 2010 жылы өткен кезеңмен салыстырғанда 1,4 есеге азайған (3 кесте).

30.06.2009 жылғы жағдай  бойынша жиынтық капиталдың жетіспеушілігі  байқалады. Бұл ең алдымен сатуға арналған қолда бар инвестициялардың таза құнын қайта бағалаудың резервінің (-498 млн. теңге), негізгі құралдарды қайта бағалаудың резервінің (1979 млн. теңге) және жинақталған зала көлемінің (479996 млн. теңге) өзгерулерімен түсіндіріледі.

Банк ресурстарының  құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда  өте жоғары, олардың есебінен банктің  активті операцияларының басым  бөлігі жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынастардың  дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе болады.

Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне  байланысты үлкен екі топқа бөледі:

    • депозиттік қражаттар;
    • депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін арзан ресурс көзі болып саналады.

Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған  қаражаттар - бұл банктің алған  қарыздары түрінде немесе өздерінің  меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен  тартатын қаражаттары.

Төмендегі суретте «Альянс  банк» АҚ-ның міндеттемелерінің жиынтық көлемінің өзгеру серпіні берілген (3-сурет).

 

Сурет 3. «Альянс банк» АҚ-ның міндеттемелерінің жиынтық көлемі,            млн. теңге

 

2009 жылы банктің тартылған қаражаттарының көлемі 840712 млн.. теңгені, 2010 жылы – 1001956 млн. теңгені, 2011 жылы – 975488 млн. теңгені құраған. 2010 жылы банк міндеттемелерінің өсімі 83,9%-ды құраса, ал 2011 жылы міндеттемелердің 2,7 пайызға төмендеуі байқалған.

30.06.2009 жылдағы жағдай  бойынша банктің жиынтық міндеттемелері 1050262 млн. теңгені құраған. Міндеттемелердің жиынтық көлемінің ұлғаюы Қазақстан Үкіметі алындағы міндеттемелер (22828 млн. теңге),  банктердің қаражаты (195595 млн. теңге), шығарылған қарыздық құнды қағаздар (457456 млн. теңге), субординатталған қарыз (47037 млн. теңге) және басқа да міндеттемелер (9106 млн. теңге) көлемдерінің ұлғаюымен түсіндіріледі.

 «Альянс банк» АҚ-ның  міндеттемелері құрылымы ҚР Ұлттық  банкінің алдындағы міндеттемелер,  ҚР Үкіметінің алдындағы міндеттемелер,  пайда мен залал арқылы таза құнды көрсететін қаржылық мінедттемелер, банктердің қаражаттары, басқа қаржылық ұйымдардың қаражаты, клиенттердің қаражаты, шығарылған қарыздық құнды қағаздар, РЕПО, кепілдіктерге арнайы резерв, субординатталған қарыз және басқа да міндеттемелерді қамтиды.

Төмендегі кестеде «Альянс  банк» акционерлік қоғамының  міндеттемелерінің құрылымы берілген. 2009-2011 жылдарда банк міндеттемелерінің құрылымында банктердің қаражаты көшбасшылық жайғасымда болған, олардың көлемі 2009 жылы 321185 млн. теңге (немесе барлық міндеттемелердің 38,20%), 2010 жылы – 292565 млн. теңге (немесе 29,19%) және 2011 жылы – 137377 млн. теңге (немесе 14,08%) болған (4 кесте).

 

Кесте 4

2009-2011 жылғы «Альянс банк» АҚ-ның міндеттемелерінің құрылымын талдау

млн.теңге

Көрсеткіштер

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Ауытқу,%

Көлем

Үлес

%

Көлем

Үлес

%

Көлем

Үлес

%

2009/

2008

2010/

2009

ҚР Ұлттық банкі алдындағы  міндеттемелер

2000

0,23

5569

0,56

15026

1,54

2,8 есе

2,7 есе

ҚР Үкіметінің алдындағы  міндеттемелер

-

-

-

 

4460

0,46

-

-

Пайда мен залал арқылы таза құнды көрсететін қаржылық міндеттемелер

18

0,002

6280

0,62

50168

5,14

348 есе

7,98 есе

Банктердің қаражаты

321185

38,20

292565

29,19

137377

14,08

-9,7

-46,9

Басқа қаржылық ұйымдардың қаражаты

25174

2,99

48533

4,85

35741

3,66

1,9 есе

-35,7

Басқа қаржыландыру

24901

2,96

31051

3,09

29449

3,02

24,7

-5,4

Клиенттердің қаражаты

245261

29,17

241817

24,13

189044

19,38

-1,4

-27,9

РЕПО

44444

5,28

6357

0,63

41945

4,30

7 есе

азай-ған

6,6 есе

Шығарылған қарыздық құнды қағаздар

139249

16,56

328265

32,76

286584

29,38

37,2

-14,5

Пайда салығы бойынша  мерзімі өткен талаптар

1100

0,13

1554

0,16

-

-

41,2

 

Пайда салығы бойынша  ағымдық талаптар

912

0,10

1860

0,19

-

-

2 есе

 

Басқа да міндеттемелер

3854

0,45

3307

0,33

6962

0,71

-16,5

2,1 есе

Кепілдіктерге арнайы резервтер

-

-

-

-

136972

14,04

   

Субординатталған қарыз

32614

4,40

34798

3,47

41760

4,28

6,7

20,0

Барлығы

840712

100

1001956

100

975488

100,00

19,2

-2,7


 

 

Банктердің қаражатынан  кейін көлемі жөнінен клиенттердің қаражатты келесі жайғасымда орналасқан. Олардың көлемі 2008 жылы – 245231 млн. теңге (немесе 29,17%), 2009 жылы - 241817 млн. теңге (немесе 24,13%), ал 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда 27,9%-ға төмендеп, 189044 млн. теңгені (немесе 19,38%) құраған.

Міндеттемелердің жиынтық  көлемінде 2008 жылмен салыстырғанда одан кейінгі жылдары ҚР Ұлттық банкі алдындағы міндеттемелер, пайда мен залал арқылы таза құнды көрсететін қаржылық міндеттемелер және субординатталған қарыз көлемінің жүйелі түрде өсімі байқалады.

Басқа қаржылық ұйымдардың қаражаттары көлемі 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге артса, 2010 жылы өткен жылмен салыстырған оның көлемі 35,7%-ға азайған.

Сол сияқты басқа қаржыландыру көздері бойынша да 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда оның көлемі 24,7%-ға артса, 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда көлемі 5,4%-ға қысқарған.

Шығарылған қарыздық құнды қағаздар көлемі де 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 37,2%-ға артса, 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда көлемі 14,5%-ға азайған.

Пайда салығы бойынша  мерзімі өткен талаптар және пайда салығы бойынша ағымдық талаптар бойынша 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда шамамен 2 есеге дейін өсім байқалған болса, 2010 жылы мұндай талаптар қойылмаған.

Енді «Альянс банк»  АҚ-ның активтеріне талдау жасайық. Банктің активтер құрылымы ақша қаражаттары, ҚР ұлттық банкіндегі қаражаттар, банктердегі және өзге де қаржы мекемелеріндегі шоттар мен салымдар, шынайы құны бойынша бағаланатын қаржы құралдары, сату үшін қолда бар активтер, «кері репо» мәмілелері бойынша дебиторлық қарыз, клиенттерге берілген займдар, өтелу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар, ассоциацияланған және еншілес компанияларға инвестициялар, негізгі құралдар, инвестициялық жылжымайтын мүлік, материалдық емес активтер, кейінге қалдырылған салықтық активтер және өзге де активтер баптарынан тұрады.

Төмендегі суретте банк активтерінің 2008-2010 жж. бойынша жиынтық активтер көлемі бейнеленген.

 

      1. сурет – «Альянс банк» АҚ-ның жиынтық активтер көлемі, млн. теңге

Банктің жиынтық активтер көлемі 2009 жылы - 920750 млн. теңге, 2010 жылы 1160931 млн. теңгені құраған, ал 2011 жылы оның көлемі 682623 млн. теңгеге қысқарып, 748308 млн. теңгені құрады.

2011 жылдың 1-жарты жылдығы бойынша активтер көлемі 669349 млн. теңгені құраған.

 

Кесте 5

2009-2011 жылғы «Альянс банк» АҚ-ның активтер құрылымын талдау

                                                                                                                                         млн.теңге

Көрсеткіштер

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Ауытқу

Көлемі

Үлесі

%

Көлемі

Үлесі

%

Көлемі

Үлесі

%

2009/

2008  

2010/

2009

ҚР ҰБ қаражаты мен  шоттары

99594

10,82

69795

6,01

21217

2,84

-42,7

3,3 есе азай-ған

Пайда мен шығын арқылы таза құнды көрсететін қаржы активтері

133745

14,53

179620

15,47

201973

26,99

34,3

12,4

Кері РЕПО

18099

1,97

-

-

132

0,02

-

-

Сатуға арналған қолда  бар инвестициялар

5176

<p class="dash041e_0431_04


Информация о работе Банктердің инвестициялық қызметінің теориялық негіздері