Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 22:32, реферат
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит пен Рикардоның ойынша, тауар құны оған жұмсалатын еңбектің мөлшерімен анықталады деп есептеген. Адам еңбегі тауар құнының субстанциясы, қайнар көзі. Сондықтан да классикалық мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының негізін қалады. Оны кейіннен К.Маркс дамыта түсті.
Егер К.Маркс өзінің барлық зерттеуін тауардың еңбек құнын талдауға арналса, Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері: мейлі либерализм, неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм – барлығы дерлік бағаның шығуын зерттеді.
Баға қалыптастырудың теориялық негіздері
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит пен Рикардоның ойынша, тауар құны оған жұмсалатын еңбектің мөлшерімен анықталады деп есептеген. Адам еңбегі тауар құнының субстанциясы, қайнар көзі. Сондықтан да классикалық мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының негізін қалады. Оны кейіннен К.Маркс дамыта түсті.
Егер К.Маркс өзінің барлық зерттеуін тауардың еңбек құнын талдауға арналса, Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері: мейлі либерализм, неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм – барлығы дерлік бағаның шығуын зерттеді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Батыс пен Ресей экономикалық теория өкілдері ағылшын эеономисі Альфред Маршалл және ресей ғалымы М.И.Туган-Барановский құндық теорияны шекті пайдалылық теориясымен қосты.
Осыдан, құн мен баға – ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан ауытқуы мүмкін. Себебі оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық, сиректік, сән, инфлияция және т.б. факторлар ықпал жасайды. Баға – тауар құнының ақшалай өлшемінің модификациясы.
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Бағалар және баға қалыптастыру нарықтық экономиканың шешуші, маңызды элементтерінің бірі.
Баға тауарлық-ақшалай қатынастардың барлығына қатысты болып табылады.
Баға – сатып алушының тауарды сатып алуға, ал өндірушінің сатуға дайын ақшалай сомасы. Сатып алушы тауарды ақшалай бірлікте көрсетілген тауар құндылығы оның бағасынан жоғары болғанда сатып алады (1 Сурет.).
Тауар құндылығы | ||
Өзіндік құн |
Пайда |
Сатып алушының олжасы |
Тауар бағасы |
1 Сурет. Тауар бағасы мен құндылығының қатынасы.
Сатушы үшін баға еңбек үшін, оның пайдасының шамасына, өмір сүру қабілеттілігіне әсер ететін сый-ақы болып табылады. Ол өндіріс құрылымына, нарықтағы фирма үлесіне әсерін тигізеді.
Баға – айырбас үдерісіндегі тауардың (қызметтің) құндылығының (мәнінің) ақшалай көрінісі. Тауар (қызмет) құндылығы оған баға бекіту кезеңіндегі сұраныс және ұсыныс факторларымен анықталады.
Баға және баға қалыптастыру мәселелері экономикалық теорияның ең қиын бөлімдеріне және экономиканы басқару тәжірибесінің ең маңызды компоненттеріне жатады.
Нарықтық экономика жағдайында
бағалар экономиканы реттегіш функцияларын
атқару керек, онда бағаны қалыптастырушы факторлар
кешені, экономиканың дамуының заңдылықтары
мен тауар нарығының конъюнктурасы
Бағалардың табиғи мәнін айқындау мәселесі оның теориялық негіздерін, мағынасын қарастыруда өте маңызды роль атқарады.
Баға теориясында негізгі екі бағыт бар:
- шығындық, оның негізінде өндірушілердің жиынтық шығындар (тұрақты және ауыспалы) есебі жатыр;
- нарықтық (құндылық), оның негізінде тұтынушылық мінез-құлық пен сұраныс жатыр.
Бағалар динамикасы 2 маңызды
факторлар әсерінен қалыптасады: стратегиялық және
Бағаның жіктелуі
Жіктеу үшін қандай белгі, нысана алынғанына байланысты бағаның барлық түрлерін сантүрлі топтарға бөліп қарастыруға болады.
Қызмет көрсету айналымы сипаты бойынша бағаларды бөлшек саудалық баға және көтерме баға түрінде айыруға болады.
Сату және сатып алудың көтерме бағасы - өткізілетін тауарлардың ірі партияларының бағалары. Көтерме бағалар кәсіпорынның және өнеркәсіптің көтерме бағалары деп бөлінеді.
Коммерциялық баға – орталықты түрде үлестірілетін, тауарларға мемлекеттік баға болғанда коммерциялық дүкен арқылы өткізілетін тауар не қызмет бағасы.
Тауарлық аукцион
бағалары – сатып алушымен алдын ала қарастырылған тауар
партиясын максималды ұсынған баға деңгейі бойынша
Биржалық котировкалар - арнайы ұйымдастырылған және аукциондарға қарағанда, өзара алмасатын, сапалы біртекті, жалпылық тауарлар нарығының бағалары (ауыл шаруашылық, өндірістік емес және орман шикізаттары, астық, металдар, мұнай өнімдері және т.б.).
Сауда-саттық бағасы - тауарларды жеткізу немесе арнайы құжатта (тендерде) көрсетілген шарттар бойынша белгілі жұмыстарды өндіруге мердігерлерді алуға тапсырыстарды өткізуге, орындатуға негізделген маманданған сауданың ерекше формасының бағалары..
Тұрақты баға – қызмет ету мерзімі алдын ала шектелмеген баға.
Маусымдық баға – қызмет ету мерзімі сұраныстың белсенді мерзімдерімен анықталған баға.
Сатылы баға – алдын-ала анықталған шкала бойынша алдын ала шартталынған уақыт сәттерінде біртіндеп төмендейтін бағалар реттілігі.
Қазақстан Республикасының баға жүйесі
Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР бағаны тұрақтандыру маңызды роль атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі
Қазақстан өз тәжірибесінде көптеген баға тұрақтандыру мәселелеріне байланысты басты сұрақтардың шешімін тиімді етіп шешіп келеді және шешу үстінде. Осы тұрғыда мемлекет баға тұрақтандыру шараларын қалыптастырып үлгерді.
Банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;
ақша-несиелік қатынастарды реттеу;
сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу;
банктердің қызметін жүйелеу;
үкімет тарапынан бағаны қадағалау және т.б..
Ақша-несиелік саясат жүргізу үшін мемлекет заңды бекітілген құралдары мен операциялар арқылы жұмыс жасауда, олар: қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын резервтік талаптар нормативі, қысқа мерзімді ноталардың шығарылымы, ашық нарық операциясын жүргізу, кредиттік және депозиттік операциялар, вексельдерді қайта есепке алу және т.б.
Оларды пайдаланудың тиімділігін республикада 2001-2004 жж. қалыптасқан инфляция деңгейімен (6,4-6,8%) шамалауға болады.
Сонымен қатар болашақта артық
Институционалдық жағынан қарасақ несие жүйесі валюта қаржы мекемелерінің кешені, оны мемлекет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Ақша-несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.
Қазіргі нарықтық
экономикада зейнеткерлер қоры, сақтандыру
компаниялары, өзара қорлар, инвестициялық банктер,
ипотекалық банктер, қарыз сақтау ассоциациялары
және т.б. осы сияқты арнаулы қаржы несие институттары
ерекше орын алады. Көп көлемде ақша ресурстарын
шоғырландырған бұл институттар капиталды
тиімді орналастыру және қорлану процесіне
белсене қатысады.
Информация о работе Баға қалыптастырудың теориялық негіздері