Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 09:47, реферат

Описание работы

Бірінші компонент – бұл экономикалық объект. Аудиторлық қызметті жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, айталық, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондай – ақ экономикалық объект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізуші субъектілердің параметрлерімен анықталады.

Работа содержит 1 файл

Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері.docx

— 23.80 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым  министрлігі 

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті 
 
 
 
 
 
 
 

Баяндама 

  

                                  
 

               Студент: Сыдыкова А.С.

Мамандығы: «Есеп және аудит»

           Тобы: 308

                    Оқытушы:  Акимжанова Ж.Б. 
           

                   
         
         

                 Алматы 2011 ж.

Аудиторлық  қызметтің теориялық  негіздері

     Аудит теориясы мына негізгі элементтерден  тұрады: компоненттер, принциптер, концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалар.

     Аудит компоненттері

     Бірінші компонент – бұл экономикалық объект. Аудиторлық қызметті жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, айталық, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондай – ақ экономикалық объект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізуші субъектілердің параметрлерімен анықталады.

     Екінші  компонент – өндірістік жағдай мен  ақпарат. Аудиттің көптеген түрі шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылығымен дайындалған ақпаратты бағалайды. Аудитор ақпараттың дұрыстығын талдайды. Оның міндетіне есеп берулерге тек  түсінік беру ғана емес, сондай –  ақ тікелей олардың өзі жаңа ақпарат  алуында.

     Үшінші  компонент – бұл аудитті жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі. Аудитор  ең алдымен өз ісінің құзыретті маманы болуы, яғни тиісті фактілерді жинай  білуі керек және осы фактілерді бағалайтын өлшемдерді жете ұғуы қажет. Одан тәртіптің (мінез – құлықтың) белгілі бір нормаларын, атап айтқанда, өз ісінің тәуелсіздігін сақтап, қысым көрсетушілікке қарсы тұра білу керек.

     Аудиттің  төртінші компонентіне техникалық тұрғыда  аудиторлық қызметтің негізгі мазмұны  болып табылатын фактілерді алу  мен бағалау жатады. Фактісіз қандай да бір аудиторлық есеп беру ұтымды жүргізілген зерттеудің нәтижесі ретінде  қабылданбайды.

     Бесінші компонент ретінде аудит мазмұны  туралы ақпаратқа немесе функциялауға қатысты жиналған фактілер негізінде  белгіленген китерийлер (өлшемдер) алдыға шығады. Бұл фактілерді белгіленген  стандартқа немесе жалпы қабылданған  критерийлерге сәйкес бағалау қажет.

     Аудиттің  алтыншы компоненті – аудиторлық есеп беруді жасау. Аудитор осы арқылы тексеру барысында ашылған жағдайлар  туралы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін оңтайландыру бойынша ұсынған шаралары мен айтқан ескертпелері туралы хабарлайды. 

     Аудит принциптері

     Аудитор өзінің кәсіби қызметінде мына принциптерді басшылыққа алу керек: адалдық, объективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетіндік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ақ ниеттілік, ғылымилық, нақтылық, жариялылық, демократияшылдық және т.б.

     Мысалы, аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қоғамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, объективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырылған жұмысты мінсіз әрі адал орындауы талқылауда білдіретін пікірінің объективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.

     Ғылымилық принциптің мағынасы – аудиттің қорытындылары аудит теориясы және басқару ғылымының бар ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын  немесе жалғандығын көрсетіп береді.

      Нақтылық  принципі аудиттің мақсатқа лайықты  әрі уақытылы жүргізілуін білдіреді. 

      Жариялылық принципін сақтау қажеттілігі аудитті жүргізуге де, оның нәтижесіне де қатысты. Жариялылықтың аудиттің дамуы мен аудиторлық беделін көтеруде пайдасы бар. Қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызы зор. 

      Халықаралық аудиторлық қызметтің  нұсқауында тәуелсіз тексеру жүргізілгенде  сақталуы қажет басқа да принциптер аталады. Негізгі принциптердің маңызы мен оларды сақтау аудиторлықты тек жақсы жағынан ғана ұғындырып қоймай, оның қызмет нәтижелерінің тиімділігін арттырады. 

     Аудит концепциялары

     Концепциялар (тұжырымдамалар) аудит теориясының  бағытын белгілеп береді. Негізгі  бес тұжырымдаманы қарастырайық.

  1. Мінез – құлық (тәртіп) этикасы жалпыға бірдей этика нормаларын белгілеп қана қоймай, аудитор тәртібінің арнайы ережесін де белгілейді (мысалы, Кәсіби бухгалтерлер (аудиторлар) этикасының халықаралық кодексі).
  2. Тәуелсіздік ең алдымен пікірдің объективтілігін және шынайы болуын қамтамасыз етеді. Әрбір аудитор өз пікірін дербес қалыптастыруы керек және оған ешқандай сыртқы факторлар (қысым, күш көрсету) әсер етпеуі қажет.
  3. Кәсібилік. Аудиторлар құзыретті, білікті және зерделі болуы қажет.
  4. Дәлелділігі. Аудиторлар қисынға негізделген шешім қабылдау үшін жеткілікті дәрежеде құзырлы мағлұматтар мөлшерін жинап бағалау керек.
  5. Ұсынудың дәлдігі. Ақпаратты ашу мен ұсыну бара – барлығы әдетте бір мәнді ережелердің толық жинағы ретінде қарастырылатын жалпы қабылданған аудиторлық стандарттарға қызмет етеді.

    Аудиттің  постулаттары

      Аудиттің  көкейтесті  мәселелерінің бірі – оның пастулаттарын зерделеу болып табылады. Кең мағынасындағы постулат – бұл басқаша дәлелденбейінше, жоққа шығарылмайынша ақиқат ретінде қабылданатын аксиомалық ережелер.

      Постулаттар ғылым және ғылыми тәртіп жүйесінің  негізінде жатады. Олар кез келген ғылыми теорияның дамуы үшін одан кейінгі логикалық құрылымды  жасау базасына керекті бастапқы алғышарт пен болжаулар болып  табылады. Іргелі постулаттарды негізге ала отырып, ең күрделі мәселелерді түсінуге болады. 

      Аудит теориясындағы постулаттардың рөлі аса маңызды болады. Батыс ғылымдары  мен мамандары олардың қажеттілігін ерте сезінді. 1961 жылы Р.К. Маутц және Х.А. Шараф аудиттің 8 постулатын қалыптастырды. Олар өте әйгілі болып, аудит теориясында кеңінен қолданыла бастады. 

      Әр  түрлі ғалымдар мен маман – практиктердің көзқарастарын жан – жақты зерделеу арқылы ғылыми негізделген постулаттар болып мыналар саналады: 

  1. Қаржылық  есеп берулер мен қаржы мәліметтері  тексерілуі мүмкін.
  2. Мүдделердің қайшы келіп қалу ықтималдығы.
  3. Верификацияның мүмкіндігі.
  4. Есептеме дұрыс жасалмаған.
  5. Егер қаржылық ақпаратты тексеру тәуелсіз пікір білдіру мақсатында орындалса, онда аудитордың қызметі оның өкілеттілігімен реттемеленеді.
  6. Қате қорытынды жіберіп алудан ешкім де тыс емес.
  7. Аудитордың пікірі оның мүдделеріне тәуелді.
  8. Есеп беру мәліметтерінің объективтілігі ішкі бақылаудың тиімділігіне тікелей пропорционалды.
  9. Әрбір тізбекті тексеру өткен шақтағы тексерулердің құндылығын кемітуі мүмкін және әрдайым ақпараттылығы аз болады.
  10. Аудитордың әрбір пайымдауы белгілі бір деңгейде иландырады.
  11. Бұрынғы ақпараттың құндылығы.
  12. Жалпы қабылданған бухгалтерлік принциптерді ұдайы сақтау.
 

      Осылайша, аудит саласын стандарттау және теориясын дамытудағы постулаттардың маңызы зор. 

      Аудит стандарттары мен  нормалары

     Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс – тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураларының принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.

      Аудиторлық  қызмет заңнан басқа стандарттармен және нормалармен реттеледі.

      Аудиторлық  стандарттар әрбір тексеруші  органға кәсіпорынның міндет жүктеушісі болып табылады, алайда олар ревизиялық іс – тәжірибелерді қорытындылаудан алынған іріктемелер негізінде әзірленген. 

      Стандарттардан  айырмашылығы аудит нормалары негізгі  принциптерді қарастырмайды, сөйтсе де мына жағдайларда қолданылуы мүмкін процедуралары бойынша басшылықты қамтиды: 

  • өзіндік ерекшелігі бар мәселелерді тексеру;
  • жекелеген салаларды ревизиялау;
  • бейаудиторлық есеп берулерді дайындау және т.б.
 

      Нормалар  көз жеткізіп иландыратындай болуы  керек, бірақ олардың тура нұсқаулық (директивалық) сипаты жоқ. Аудиторлар нормадан ауытқуы мүмкін, бірақ олардың  сақталмау себептерін түсіндіріп беруге әрдайым дайын тұруы керек.

      Аудиторлық  стандарттар мен нормалар сияқты жарияланған ресми құжаттарды мемлекеттік, бақылаушы, заңды және басқа да өкілетті инстанциялар аудиторлар жұмысының құзыреттілігі мен дұрыстығын қарастырғанда басшылыққа алып, пайдалануы мүмкін. 

      

Информация о работе Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері