Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 11:15, курсовая работа
Қаржылық қатынастарға, қаржы нарықтарына ерекше рөл берілген қалыптасып келе жатқан нарықтық экономика күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйені білдіреді. Еліміздегі қаржы нарығының қызмет етуінің қазіргі уақыттағы проблемалары белгілі бір дәрежеде қаржы нарығы бойынша теориялық зерттеушілердің болмауымен де түсіндіріледі.
Инвестициялық процесс болашақта пайда жасау және алу үшін экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімді салымдармен байланысты болғандықтан, бұл салымдардың мәні инвестордың меншікті және тартылған қаражаттарын пайдалану кезінде жаңа құн жасайтын активтерге айналуына негізделеді.
КІРІСПЕ..................................................................................... 3
1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ҚЫЗМЕТІ..........................................................
4
1.1 Банктердің инвестициялық қызметінің теориялық негіздері.......................................................................................
4
1.2 Банктің инвестициялық саясаты және инвестициялық құралдарын табыстылығын анықтауы.....................................
12
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ..........................
16
2.1 «Альянс Банк» АҚ-ның қызмет ету негіздерін және негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау ............................................
16
2.2 «Альянс банк» АҚ-ның инвестициялық операцияларын талдау...........................................................................................
29
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................ 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................... 32
Лауазымдық міндеттерді шектеу және банкті басқарудың барлық деңгейінде есеп беруде директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің және басқарманың өкілеттіктер және негізгі міндеттер аясын анықтайды, өйткені тиісті түрде анықталмаған немесе тым күрделі есеп беру жүйесі проблемаларды шешуді қиындатады, салдарында ақпараттың өтуі баяулайды. Басқарма жұмыскерлердің өкілеттіктер аясын және есеп беру схемасын анықтайды және Директорлар кеңесінің алдында Банк жағдайы туралы есеп береді. Осы мақсаттарда Банк Директорлар кеңесі, Директорлар кеңесінің Төрағасы, тәуелсіз директор, Басқарма туралы, Төраға туралы және Басқарма мүшелері туралы қажетті ережелерді әзірлейді, Төраға және Басқарма мүшелерінің өкілеттіктерін бөлу туралы бұйрық шығарады.
Директорлар кеңесі Банктің жұмысына және қаржылық сенімділігіне жауапкершілік көтереді. Директорлар кеңесі Банк менеджментінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін қажетті мөлшердегі ақпаратты уақытылы алу үшін Банк қызметі туралы есептіліктің тізбесін анықтайды. Директорлар кеңесінің құрамында менеджмент пен ірі акционерлердің пікірінен өзгеше тұжырымдарды беруге қабілетті тұлғалар (тәуелсіз сарапшылар) болуы қажет. Еркіндік пен әділдікті нығайту мақсатында Директорлар кеңесінің құрамына Банктің атқарушы органына кірмейтін тұлғалар кіруі қажет. Директорлар кеңесінің құрамында, қажет болған жағдайда, дербес комитеттер (атқарушы органнан бөлек) құрылуы мүмкін. Экономиканың басқа салаларында немесе халықаралық қаржы институттарында жұмыс істеген Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері (тәуелсіз директорлар) өз тәжірибелерімен Банк дамуының стратегиясына жаңалық енгізуі мүмкін, ал корпоратив ішінде проблемалар туындағанда білікті тәуелсіз директорлар басқарушылық тәжірибенің жаңа көзі ретінде әрекет етуі мүмкін.
Директорлар кеңесі Банкте корпоративтік басқарудың нығаюына қолдау көрсетуі қажет. Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі Төрағасының міндеттері мен функциялары Директорлар кеңесі туралы Ережеде, Директорлар кеңесінің Төрағасы туралы ережеде анықталуы және көрсетілуі қажет. Директорлар кеңесі:
Директорлар кеңесі өз жұмысын үнемі бақылап отыруы қажет, ақаулықтарды тауып, оларды шешудің жолдарын қарастыруы қажет.
Директорлар кеңесінің құрамында комитеттер құрылады: аудиторлық комитет, тәуекелдер жөніндегі комитет, корпоративтік басқару және тағайындау жөніндегі комитет, HR және сыйқаы беру жөніндегі комитет.
Менеджмент – Басқарма корпоративтік басқарудың негізгі буыны болып табылады. Директорлар кеңесі менеджмент әрекеттеріне қатысты шектеулер мен қарама-қайшылықтар жүйесінің функцияларын атқаратын кезде, менеджмент, өз кезегінде Банктің нақты бөлімшелерінде жұмыс істейтін және белгілі бір операциялар аясына жауап беретін орташа буын басшыларына бақылау функциясын атқарады. Маңызды басқарушылық шешімдер жеке дара қабылданбауы қажет, яғни «төрт көз қағидасы» сақталуы қажет. Сонымен қатар орташа буын басшыларының құзыретіне жататын шешімдерді қабылдау процесіне менеджменттің шектен тыс тартылуына, сондай-ақ қажетті біліктілік пен білімге ие емес менеджерлерді қызмет бағытын реттеуге белгілеуге жол бермеу қажет және т.б.
Басқарманың құрамына Банк жұмысына тікелей жауапкершілік көтеретін бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар кіруі қажет. Осы тұлғалар олармен реттелетін салаларда Банк жұмысын басқару бойынша қажетті тәжірибелері болуы қажет, сонымен қатар реттелетін бөлімшелерде жұмыс істейтін жауапты жұмысшыларға тиісті бақылау жүргізуі қажет.
Қаржы-шаруашылық қызметті бақылау жүйесінде аудиторлар корпоративтік басқару процесінде маңызды рөл атқарады. Директорлар кеңесінің және менеджменттің қызметі тиімді болу үшін келесі шарттарды сақтау қажет:
Тиімді ішкі
бақылауды ұйымдастыру
Ішкі аудит қызметінің жұмыскерлері Директорлар кеңесінің және Басқарманың құрамына сайлана алмайды.
Банк жыл
сайын Банктің қаржы
Корпоративтік басқарудың ашықтығы – ақпаратты жариялау саясаты Директорлар кеңесі мен менеджменттің өздерінің әрекеттеріне және жұмыс нәтижелеріне тиісті түрде есеп беруін қамтамасыз ету мақсатында ашықтық қажет.
Мүдделі тұлғалар, нарық қатысушылары және жұртшылық Банк құрылымы және мақсаттары туралы жеткілікті ақпарат алулары қажет және оның негізінде Директорлар кеңесі немесе менеджмент жұмысының тиімділігі туралы бағалауға болады.
Банк акционерлерге, ықтимал инвесторларға, уәкілетті органдарға ақпараттың уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етуі қажет. Ұсынылатын ақпараттың сипаты Банк жағдайы және қызметі туралы бірден шынайы түсінік қалыптастыруды қамтамасыз етуі қажет, Банкті басқару процесіне қатысу туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беруі қажет, уәкілетті орган тиісті түрде бақылау жүргізе алу үшін жеткілікті болуы қажет.
Банк туралы толық және шынайы ақпаратты уақытылы жариялау акционерлерде, ықтимал инвесторларда, уәкілетті органда Банк ашықтығы, сенімділігі және оның қызметінің пайдалылығы туралы сенімділіктің тууына мүмкіндік береді.
Банк өз қызметінің барлық елеулі мәселелері бойынша ақпараттың жариялануын қамтамасыз етеді, бұл жағдайда келесілерді анықтап алу қажет:
Ашықтық тиісті корпоративтік басқарудың нығаюына қолдау көрсетуі мүмкін. Осыған байланысты келесі ақпараттың жұртшылыққа жариялануын қамтамасыз ету қажет:
Қоғам оның аффилиирленген
тұлғаларының қатысуымен мәміле жасау
кезінде Қазақстан
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарды бұза отырып, аффилиирленген тұлғалардың қатысуымен ірі мәмілені әдейі жасаған тұлға, егер оның талабы пайдақорлық себептерден немесе жауапкершіліктен жалтарудан туындаса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқықсыз.
Банк аффилиирленген
тұлғалармен немесе қоғам тіркеушісімен
ұсынылатын мәліметтердің негізінде,
сонымен қатар Банктің
Осы салада ақпаратты жариялауға кіреді:
Банк туралы ақпаратты жариялау маңыздылығын түсіне отырып, Банк Банктің ақпараттық саясатын әзірлеуі қажет және келесілерді анықтауы қажет:
Нарықтың шаруашылықтағы банк қызметінің бағыты операциялардан түскен табысты ұлғайтып, шығындарды азайту. Банктің табысы немесе шығыны - өз бойына банктің түрлі пассивті немесе активті операцияларының нәтижелерін жинақтап, банк қызметіне ықпал ететін барлық факторларды көрсететін көрсеткіштер.
Банк қызметі нәтижелілігін сараптау әдістемесі табыстар мен шығындарды сараптаудан басталып, пайданы зерттеумен аяқталады.
Сараптама процесінде мыналарды пайдаланған жөн:
-баланстың табыстық және шығындық сараптамалық шоттарының экономикалық негізделген топтамалары;
-банк жұмысы қаржылық нәтижесінің вертикальді және горизонтальді сараптамасы.
-кварталдар мен жылдар бойынша табыстылық көрсеткіштерінің динамикалық қатырының бағасы;
-табыстың жекелеген факторларға тәуелділігі деңгейінің есептелуі мен бағалануы;
-алынған нәтижелерді шетелдік және отандық тәжірибеде кеңес берілген деңгейлерінен салыстыру.
Қаржылық нәтижелерді сараптау мақсаты –банк қызметі табыстылығының өсуі резервтерін анықтау және осы негізде өсуі резервтерін анықтау және осы негізде әрі қарай жұмыс істеуге ақыл-кеңестер беру. Бұл кезде банк стратегиясы келесі принциптерге негізделуі тиіс:
- капиталды барынша арзан бағаға сатып алу;
- қызметтер мен капиталды тиімді мөлшерлемеде сату;
-сенімді клиенттер жинап, кепілдіктер алып, операцияларды да версификациялау саудалық капитал нарықтарын игеру артық шығынға тәуекел етуді төмендету.
Банк қызметін табыстылығы жағынан сараптау басшылыққа несиелік және пайыздың саясатты қалыптастырып, неғұрлым төмен табыстарды анықтап, банк қол жеткізуі мүмкін ақыл сауатты қаржылық және экономикалық сараптамасыз, сонымен қатар қаржылық менеджментсіз шешу мүмкін емес, ол дегеніміз – капиталды рационалды және тиімді пайдалану, қаржылық ресурстар қозғалысын басқару механизмі. Қаржылық менеджменттің жалпы схемасын 5 суреттен көре аламыз.
Пайыздық емес табыс – бұл инвестициялық іс-әрекеттен (құнды қағаз дивидендтері, кәсіпорындардың біріннен шаруашылық қызметіне қатысудан түскен табыс), валюталық операция айыппұлдар мен комиссиялықтан түскен табыс (қызметтер мен корреспонденттік шоттар комиссиясы, клиенттердің телеграф және т.б. шығындарды өтеуі, көрсетілген қызмет төлемі, салынған айыппұлдар, өткен жылдар пайыздары мен комиссиясы) және т.б. табыстардан түскен табыс.
«Альянс банк» АҚ –ның негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау оның ресурстарын қалыптастыру аясында жүргізіледі.
Банк ресурстары – бұл банктің пассивті операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активті операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Информация о работе Банктердің инвестициялық қызметінің теориялық негіздері