Баға қалыптастырудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 14:51, реферат

Описание работы

1Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит осыдан 200 жылдай бұрын Глазо (Англия) қаласында университетте лекция оқып тұрып, мынандай сұрақ қойған: не бағалырақ? Ішетін су ма, әлде гауһар тас па? Су өте төмен бағаланады немесе ешқандай құны жоқ, ал гауһар тас (бриллиант) болса жоғары бағаланады. Кейінірек А.Смиттің осы сауалы оның «парадоксы» аталып кеткен. Бұл сауалдың жауабын ол шеше алмаған. Себебі А

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3

І. БАҒА ЖӘНЕ БАҒА ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛАРЫ-----------------------5
1.1 Баға және баға белгілеу ұғымы, түрлері-------------------------------------------5
1.2 Бағаның қызметтері------------------------------------------------------------------11
1.3 Бағаның экономикадағы мәні мен маңызы-------------------------------------13

ІІ. Қазақстан Республикасындағы бағаны реттеу мәселелері--------------16
2.1.Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы мен ерекшеліктері ------------16
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестер және бағаның жоғарылауы--------------------------------------------------------------------------------17

ІІІ. ТАБЫС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК--------------------------------------22
3.1 Кәсіпорынның табысы және оның маңызы мен мәні-------------------------22
3.2 Кәсіпорын табысын қалыптастыру және оның қызметі --------------------23
3.3 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы----------------------------26

IV. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛАРДЫҢ ЖОҒАРЫЛАУЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ-----------------------------------30

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------

Работа содержит 1 файл

бага жане табыс теориясы.doc

— 1.34 Мб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3

 

І.  БАҒА  ЖӘНЕ  БАҒА ЖҮЙЕСІНІҢ  ТЕОРИЯЛАРЫ-----------------------5

1.1 Баға және баға белгілеу  ұғымы, түрлері-------------------------------------------5

1.2  Бағаның қызметтері------------------------------------------------------------------11

1.3 Бағаның экономикадағы   мәні мен маңызы-------------------------------------13

 

ІІ. Қазақстан Республикасындағы бағаны реттеу мәселелері--------------16

2.1.Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы мен ерекшеліктері ------------16

2.2 Қазақстан Республикасындағы  инфляциялық процестер  және  бағаның жоғарылауы--------------------------------------------------------------------------------17

 

ІІІ. ТАБЫС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК--------------------------------------22

3.1 Кәсіпорынның табысы және  оның маңызы мен мәні-------------------------22

3.2 Кәсіпорын табысын қалыптастыру  және оның  қызметі --------------------23

3.3 Кәсіпорын пайдасының  бөлінуі және пайдалануы----------------------------26

 

IV. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛАРДЫҢ ЖОҒАРЫЛАУЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ-----------------------------------30

 

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------35

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------------------------36

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит осыдан 200 жылдай бұрын Глазо (Англия) қаласында университетте лекция оқып тұрып, мынандай сұрақ қойған: не бағалырақ? Ішетін су ма, әлде гауһар тас па? Су өте төмен бағаланады немесе ешқандай құны жоқ, ал гауһар тас (бриллиант) болса жоғары бағаланады. Кейінірек А.Смиттің осы сауалы оның «парадоксы» аталып кеткен. Бұл сауалдың жауабын ол шеше алмаған. Себебі А. Смиттің пайымдауымша алмазды қазуға (алуға) көптеген шығынмен байланыстырған. Молшылық кезінде су гауһар тастан (алмаз) төмен бағаланады, ал судың тапшылығы мен қуаңшылық жағдайында адам бір тамшы суға зәру (судан артық, бағалы нәрсе жоқ ол кезде) болады. Себебі өмір мен елім кесе-көлденең тұрады. Міне осыдан барып жаңа теория пайда бодды. Игілік бағалылығы колда бар иәрсенін пайлалығымен анықталады немесе сол игіліктін шекті пайдалылығы мөлшерімен бағаланады. Осы ойлар тауардың күн теориясына революция жасады. Сөйтіп шекті пайдалылық теориясы дүниеге келді. Оның негізін салушылар: ағылшын Уильяи Стенли Джевонс (1835-1882 ж.), Альфред Маршалл (1842-1924 ж.); австриялық Карл Менгер (1840-1921 ж.), Ейғен Фон Бем-Баверк (1851-1914 ж.) және тағы басқалар. Олардың ойьшша, кұн (бағалылык) тиівді пайдалылық дәрежесімен анықталады.

Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін салушылар А. Смит пен Д. Рикардоның ойынша, тауар құны оған жұмсалған еңбектің мөлшерімен анықталады деп есептеген. Адам еңбегі тауар кұнының субстанциясы, қайнар көзі. Сондықтан да классикалық мектептің өкілдері енбектің кұн теориясының негізін қалап, оны ары қарай жан-жақты дамыта зерттеген К. Маркс болды.

Егер К. Маркс өзінің барлық зерттеуін тауардың еңбек құньын талдауға арнаса, Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері: мейлі либерализм, неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм — барлығы дерлік бағаның шығуын зерттеді. Баға қозғалысының әсер ететін өндіріс шығындарының ықпалын ғана емес, сондай-ақ жұмыссыздықдың бәсекенің, саяси тұрақсыздық, экономикалық дағдырыстың, салық, сиректік, пайдалылық және басқа факторлардың әсерін қарастырды.

ХІХ-ғасырдың аяғы мен  ХХ-шы ғасырдың басында Батыс пен  Ресей экономикалык теория өкілдері (ағылшын экономисі Альфред Маршалл  және ресей ғалымы М.И. Гугап-Барановский  т.б. еңбектін құндық теориясын шекті пайдалылық теориясымен қосты. Мысалы, ағылшын экономисі Альфред Маршалл қүнньщ қайнар кезін бір жерден ғана іздемеуте кұлшыныс жасап, шекті пайдалалык теориясын сұраным мен ұсыным теориясы және өндіріс шығындар ды теориясымен қосып қарады.

Бұл ізденіс пайдалалықтың  езара әсерін біртекті анықтауға  итермеледі. Ол сұраным-ұсынымға, шығынға  және бағаға бірдей ықпал етеді деген  сөз.

Демек, құн мен баға — ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара-пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол  ауытқуы әбден мүмкін. Себебі оған сүраным мен ұсыным, пайдалылық, сиректік, сән, инфляцияжәнет.б. факторлар ықпал жасайды. Баға-тауар құнының ақшалай өлшемінің модификациясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.  БАҒА  ЖӘНЕ  БАҒА ЖҮЙЕСІНІҢ  ТЕОРИЯЛАРЫ

1.1 Баға және  баға белгілеу ұғымы, түрлері

Баға және баға белгілеу нарықтық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Баға - күрделі  экономикалық категория. Бағада іс жүзінде  экономиканың жалпы қоғам дамуыыың барлық негізгі мәселелері түйінделген және шоғырланған. Бұл тауарларды өндіру және сатып өткізу, олардың құнын қалыптастыру жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты құру, бөлу мен пайдалануға қатысты болады.

Барлық тауар-ақша қатынастары баға арқылы іске асады. Ең жалпы, абстракты түсінік бойынша,  тауар құнының ақшалай көрінісі болады. Өз кезегінде, тауар құны оны өңдірудегі қажетті қоғамдық еңбек шығындарымен анықталады.

Баға белгілеу - тауарлар мен көрсетілген қызметтерге бағасын қалыптастыру процесі.

Баға белгілеудің негізгі  екі моделін бөліп көрсетуге  болады:

- қандай да бір тауар  нарығында сатып алушылар сұранысы  мен сатушылар ұсынысы арасында  өзара әрекет ету негізінде  нарықтық баға белгілеу.

-   орталықтандырылған  мемлекеттік баға белгілеу - шығындық баға белгілеу шеңберінде өндіріс пен айналым шығындары қойылу арқылы бағаларды мемлекеттік мекемелердің бағаны анықтауы.

Өз тауарлары мен  көрсетілетін қызметтеріне баға қою  кәсіпорын қызметіндегі негізгі  проблемалардың бірі болып табылады. Әрбір кәсіпорын баға белгілеу мәселесін өзінше шешеді. Ірі компанияларда баға белгілеу мәселесімен орта деңгейлі басқарушылар айналысады. Ұсақ кәсіпорындарда бағаны әдеттегідей. оның басшылары анықтайды.

Өз кезегінде, коммерциялық нәтиже көбіне баға деңгейіне байланысты болады. Баға әркашан адамдардың сауда жасау кезіндегі таңдауын анықтайтын негізгі фактор болған.

 Бағаның тауар құнынан жоғары немесе төмен қарай ауытқуларын анықтайтын факторлар өндірушінің өзіне басшылары мен ұжымның қызметіне байланысты, ішкі және кәсіпорынға тәуелді емес сыртқы факторлар болып екіге бөлінеді.

Ішкі факторлар:

-      жарнама деңгейі (ол қаншама тартымды да ұтымды болса, өндіруші бағаны да соншалықты көтере алады);

-     өндірілген өнімнің ерекшелігі, (оның өнделу деңгейі қаншалықты жоғары сапасы ерекше болса, бағасы да соншама жоғары болады);

-    өндіріс процесінің  ерекшеліктері (аз көлемде шығарылатын  және жеке өндіріс өнімдерінің  өзіндік кұны және осыған сәйкес, бағасы да жоғары болады; жаппай өндірілетін тауарлардың шығыны салыстырмалы түрде төмен болғандықтан, өнімдердің бағасы да онша жоғары болмайды);

-  өндірушінің нарықтық  стратегиясы мен тактикасы (бір немесе бірнеше рынок сегменттеріне бағытталған);

-      өнімнің  өмірлік кезеңдерінің ерекшеліктері;

-      өндірістік  процестің жинақтылығы;

-       тауардың өндірушіден тұтынушыға дейін жетуінің ұзақтылығы;

-      сату  және сатқаннан кейінгі кезеңде сервис қызметін ұйымдастыру;

-   өндірушінің ішкі және сыртқы нарықтардағы имиджі. Бағаның  ауытқуына әсер ететін сыртқы факторлар:

-       тауар  өндірілетін ел мен кәсіпорын өнімдерін сататын елдердегі саяси тұрақтылық;

-   еркін нарықта  қандай да бір қажетті ресурстардың (еңбек, материалдық, қаржылық) болмауы;

-       мемлекет  жүргізетін экономикалық саясаттың сипаты;

-       инфляцияның  деңгейі және динамикасы:

-         нарық көлемі;

-    әрекет етуші және болашақтағы сатып алушылық сұраныстың көлемі мен ерекше белгілері;

-  біртекті өнімді  өндірушілер арасында бәсеке болуы және оның деңгейі.

1. Қызмет көрсетілетін айналым саласы бойынша

2. Мемлекеттік реттеу  мен әсер ету, нарықтағы бәсеке  дәрежесіне байланысты.

3. Анықтау және белгілеу  тәсілі бойынша

4. Уақыт факторын есепке алу бойынша

1. Айналымға қызмет көрсету сипаты бойынша бағаның келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:

-  сатып алу және  сатудың көтерме сауда бағасы. Көтерме баға деп өндірушілер  шығарған тауарларын басқа кәсіпорындарға, жеткізуші ұйымдарға ірі партиямен сататын бағаны айтамыз;

-  сатып алу бағасы  бойынша ауыл шаруашылық өндірушілері өз өнімдерін мемлекетке, кәсіпорындарға, өнеркәсіптік кәсіпорындарға кайта өңдеу үшін сатады;

-  бөлшек сауда бағасы  арқылы тауарлар жеке немесе ұсақ сатып алушыларға негізінен халықка өткізіледі;

-    смета құны - салынған құрылысқа (ғимараттар, үйлер) төленетін баға;

-   халыққа көрсетілген қызметтердің бағалары мен тарифтері - тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықтар, туристік және қонақ үй, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету қызметтеріне қойылған бөлшек бағаның ерекше түрі.

Айналым саласында (көтерме - өткізуші бөлшек саудада) баға шегерімі мен баға үстемесі қолданылады.

Жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар  бағасы мен жеткізуші кәсіпорынның көтерме бағасы арасындағы жабдықтаушы-өткізуші үстемесі болады. Сатып алу және сатудың көтерме бағасы мен көтерме және бөлшек бағалар араларындағы айырмашылық сауда үстемесін (шегерімін) көрсетеді.

2. Мемлекеттің әсер етуі мен реттеуіне нарықтағы бәсеке деңгейіне байланысты келесі баға түрлері ерекшеленеді:

- Еркін бағалар (нарықтық бағалар) - осы нарықтағы қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс негізінде өнімдер мен қызмет көрсетуге өндірушілердің орнататын бағалары. Еркін бағаға жататындар:

-   сұраныс бағасы - сатып алушы нарығында қапыптасатын бағалар;

- ұсыныс бағасы - сатушылардың ресми ұсынысында (офертеде) көрсетілетін шегерімсіз нарықтық баға;

 - өндіріс бағасы - барлық авансыланған капиталға орташа пайданы қосу арқылы өндіріс шығындары негізінде анықталатын баға;

-  реттелетіп бағалар - мемлекеттік басқару органдары орнататын бағалар. Реттелетін бағалар кепілді және кепілдемелі, ұсынылатын, шектеулі, төменгі қорғаныс болады.

Реттелетін бағалардың арасынан шектеулі бағалар мен бекітілген бағаларды бөліп көрсетеді:

      шектеулі  бағалар – кәсіпорындар, белгіленген бағадан жоғары деңгейде баға белгілей алмайтын бағалар;

-  бекітілген бағалар - белгілі деңгейде қойылатын бағалар. Олардың өзгеруі бекіткен нарық субъектісІнІң немесе органының шешімімен ғана болуы мүмкін,

3. Тағайындау және бекіту әдісі бойынша. Бұл бағалар шарттарда, келісім-шарттарда анықталады. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:

-   қатаң баға (тұрақты) - шартқа қол қойылған кезде, қойылатын және осы шарт, келісім-шарт, келісім бойынша өнімді жеткізу мерзімі аяқталғанша өзгертілмейді.

Тұрақты баға келесі мәмілелерде қолданылады;

*  өнімді жедел жеткізу;

*  өнімді қысқа мерзімде  жеткізу;

*  ұзақ мерзімде тоқтаусыз жеткізу.

-  жылжымалы баға - егер шартта айтылғандай, оны орындау кезінде нарыктық баға өзгерсе (жоғарыласа немесе төмендесе), онда келісілген баға деңгейі қайта қаралуы мумкін болады;

- сырғымалы баға-ұзақ дайындау мерзімін талап ететін бұйымдарға қойылатын баға. Өнімді дайындауға қажет уақыт кезеңіндегі өндіріс шығындарындағы өзгерісті есепке ала отырып, бастапқы шарт бағасын қайта қарау арқылы шарт орындала бастаған кезден бастап есептеледі.

4. Уақыт факторын есепке алу бойынша келесі баға түрлері анықталады:

-  тұрақты баға - әрекет ету мерзімі алдын-ала анықталмаған баға түрі.

- маусымдық баға - маусымдық тауарлардың сипаттағы сатып алу немесе бөлшек бағаларының түрлері;

- белгілі бір уақыт ішінде әрекет етеді және бастапқы сату бағасына жеңілдіктер қолдану арқылы анықталады;

- сатылы баға - белгілі уақыт мерзімдерінде алдын-ала анықталған тәртіп бойынша біртіндеп төмендетілетін баға түрі.

 Баға деңгейі туралы ақпарат алу тәсілі бойынша.

2.  Нарықтың түріне байланысты.

3.    Ішкі фирма  бағалары.

4.   Жеткізу және  сату жағдайлары бойынша.

5.   Әлемдік бағалар.

1.  Баға деңгейі  туралы ақпарат алу тәсілі  бойынша:

-  анықтамалық бағалар  - каталогтарда, прейскуранттарда, экономикалық журналдарда, анықтамалар мен арнаулы экономикалық шолуларда жарияланады; ұқсас өнімге баға қою кезінде бағдарлық ақпарат ретінде немесе бағалардың деңгейлері мен арақатынастарын талдау үшін пайдаланады;

- прейскуранттық баға - сатушы фирмалардың прейскуранттарында жарияланатын анықтамалық баға түрі.

Информация о работе Баға қалыптастырудың теориялық негіздері