Банктердің инвестициялық қызметінің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 11:15, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық қатынастарға, қаржы нарықтарына ерекше рөл берілген қалыптасып келе жатқан нарықтық экономика күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйені білдіреді. Еліміздегі қаржы нарығының қызмет етуінің қазіргі уақыттағы проблемалары белгілі бір дәрежеде қаржы нарығы бойынша теориялық зерттеушілердің болмауымен де түсіндіріледі.
Инвестициялық процесс болашақта пайда жасау және алу үшін экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімді салымдармен байланысты болғандықтан, бұл салымдардың мәні инвестордың меншікті және тартылған қаражаттарын пайдалану кезінде жаңа құн жасайтын активтерге айналуына негізделеді.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................... 3

1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ҚЫЗМЕТІ..........................................................
4

1.1 Банктердің инвестициялық қызметінің теориялық негіздері.......................................................................................
4
1.2 Банктің инвестициялық саясаты және инвестициялық құралдарын табыстылығын анықтауы.....................................
12

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ..........................
16

2.1 «Альянс Банк» АҚ-ның қызмет ету негіздерін және негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау ............................................
16
2.2 «Альянс банк» АҚ-ның инвестициялық операцияларын талдау...........................................................................................
29

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................ 31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................... 32

Работа содержит 1 файл

ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ҚЫЗМЕТІ.doc

— 318.50 Кб (Скачать)

Алайда қарапайым акцияларға инвестициялаудың артықшылығымен қатар  кемшіліктері де бар.

Жай акциялардың ең мәнді  кемшілігі олардың тәуекелді  болып табылуында. Акцияларға іскерлік және қаржылық тәуекел, сатып алушылық қабілетінің төмендігі, нарықтық тәуекел, өнеркәсіптік тәуекел, өтімділік тәуекел және тағы басқа тәуекелдер тән болады. Олардың әрқайсысы акциялар бойынша алынатын табыстылық пен дивидентке, олардың бағамның көтерілуіне, инвестор алатын табыстылық мөлшерлемесіне теріс әсер етуі мүмкін. Тіпті жоғары класты акцияларға тәуекел элементі тән болады. Акциялар табыстылығының динамикасы, пайда динамикасына үлкен ауытқулар тән болғандықтан, қарапайым акцияларға бағалау жүргізу қиынға соғады. Бұл қарапайым акцияларды инвестициялаудың тағы бір кемшілігі болып табылады.

Артықшылықты акциялар облигациялар мен жай акциялар арасында аралық орынды алады. Артықшылықты акциялар – бұл әдетте кәсіпорынды басқаруға  қатысу құқығы (дауыс беру құқығы) берілмейтін  акция, бірақ мұндай акция иесінің  келесі артықшылықтары бар:

  • дивидент артықшылықты акциялардың номиналды құнына тұрақты ақша сомасында немесе пайызбен белгіленеді, яғни кәсіпорын пайдасына тәуелсіз бекітіледі (табыс тұрақты және жақсы болжанады);
  • кәсіпорынның банкроттылығы немесе жабылуы жағдайында артықшылықты акция иесінің қарапайым акция иесімен салыстырғанда қалған активерді талап ету құқығының артықшылықтары бар, бірақ олар тек кредиторлар претензияларынан кейін қанағаттандырылады (яғни, облигация ұстаушыларының претензияларынан кейін);
  • операцияларға белсенді қатысуға шағын инвесторларға мүмкіндік беретін сатып алу құнының төмен болуы.

Артықшылықты акцияларға қарапайым акциялар мен облигациялардың  сапасы бір мезгілде тән болғандықтан, оларды гибридті (аралас) бағалы қағаздар ретінде қарастырады. Айналымға  үлестік бағалы қағаздар ретінде шығарылатындығы және олар бойынша өтелу мерзімінің белгіленбейтіндігі олардың қарапайым акцияларға ұқсастығын көрсетеді. Кәсіпорынның банкроттығы жағдайында инвесторға пайда мен активтерге бірінші кезекті талаптарды қамтамасыз етуі, ал ағымдағы табыс деңгейінің бағалы қағаз айналымының бүкіл кезеңінде бекітілген болуы артықшылықты акциялардың облигацияларға ұқсастығын көрсетеді.

Артықшылықты акциялардың  кемшілігі: олар облигациялаға қарағанда  табыстылығы төмен болады, сондай-ақ кәсіпорын қызметі тоқтатылған жағдайда ең алдымен облигация иелерінің претензиялары, содан кейін ғана артықшылықты акция ұстаушыларының претензиялары қанағаттандырылады.

Сол себепті инвесторлар арасындағы танымалдығы жөнінен қарапайым  акциялар мен облигациялардан кейінгі үшінші орынды алады.

Компаниялар, корпорациялар шығаратын  маңызды бағалы қағаз болып облигациялар табылады.

Облигация – бұл облигация иесі – кредитор мен облигация эмитенті – қарыз алушы арасындағы заемдық  қатынастарды куәландыратын бағалы қағаз. Облигация оның иесінің ақша қаражаттарын бергенін және оған алдын-ала белгіленген мерзімде бекітілген пайыз төлеумен облигацияның номиналды құнын төлейтіндігін куәландырады.

Инвестициялық тартымдылығы тұрғысында облигациялар келесі сипаттарға ие болады:

  • тұрақты, кепілденген, ағымдағы табыс;
  • төмен тәуекел деңгейі. Бұл былай түсіндіріледі: Облигациялар бойынша претензияларды бірінші қанағаттандыруы, пайыздық төлемдер көлемінің кепілденген және бекітілген болуы.

Корпоративті бағалы қағаздар нарығының экономикалық ролі әдетте кез келген нарыққа тән болатын жалпы нарықтық функциялармен, сондай-ақ тек аталған нарыққа тән спецификалық функциялармен анықталады. Корпоративті бағалы қағаздар нарығының жалпы нарықтық функциялар қатарында коммерцяилық, бағалық, ақпараттық және реттеуші, функцияларын атауға болады. Коммерциялық функция корпоративті бағалы қағаздар нарығындағы операциялар оларды жүзеге асыратындар үшін пайда алу көзі болып табылатындығын білдіреді. Бағалық функция корпоративті бағалы қағаздар нарығының нарықтық бағалардың қалыптасу процесін, олардың тұрақты қозғалысын қамтамасыз ететіндігін білдіреді. Нарықта қалыптасатын бағалар маңызды макро және микроэкономикалық заңдылықтарды айқындайды. Ақпараттық функция кез-келген өзге нарық сынды корпоративті бағалы қағаздар нарығы өзінің қатысушылырына сауда объектіліері және олардың қатысушылары туралы нарықтық ақпаратты жеткізетіндігін айқындайды. Корпоративті бағалы қағаздар нарығындағы ахуал инвесторларға елдің экономикалық конъюктурасы туралы ақпаратты хабарлайды және өзінің капитал салымы үшін оларға бағыт – бағдар береді. Реттеуші функция нарықтың сауда ережелерін жасайтындығымен;ережелерге сәйкес сауда процесін басқаратындығымен; қайшылықты мәселелерді шешу тәртібін, басымдықтарды, бақылау немесе тіпті басқару органдарын белгілейтіндігімен айқындалады. Корпоративті бағалы қағаздар нарығының спецификалық функцияларына келесілерді жатқызамыз: қайта бөлу және ынталандыру . корпоративті бағалы қағаздар нарығының негізгі функциясы- қайта бөлу -өндірісті ұйымдастыру және кеңейту, экономиканың перспективті салаларын дамыту мақсатында салымшылардың ақша қаражаттары жұмылдыруды білдіреді. Корпоративті  бағалы қағаздар нарығы салынған капиталға қатысты кәсіпорындар қамтамасыз ететін пайдаға байланысты капиталдың бір саладан екінші салаға ауысуын қамтамасыз етеді. Ынталандыру функциясы корпоративті бағалы қағаздар нарығы нарық қажеттіліктеріне сәйкес өндірісті дамыту және оларды бөлу мүддесіне шаруашылықтың бос ақша ресурстарын жұмылдыруды ынталандыруымен көрінеді.

Корпоративті бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөліктерінің негізі нарықта сауда жасау болып табылады. Корпоративті бағалы қағаздар саудасы бірінші ретті, екінші ретті, биржалық, биржадан тыс және өзге де нарықтарда жүзеге асырылуы мүмкін.

Бірінші ретті нарық эмитент корпорацияның бағалы қағаздарын жеке немесе мемлекеттік инвесторға алғашқы сату бойынша операцияларды қамтиды. Бірінші ретті орналастырудың екі негізгі тәсілі бар – инвесторға тікелей сату және андеррайтер деп аталатын қаржылық институттың делдалдығы кезінде орналастыру. Дамыған нарықтарда андеррайтер ретінде ірі инвестициялық банктер, инвестициялық компаниялар, брокерлік фирмалар, сондай – ақ көптеген елдерде (мысалы, Ресейде) коммерциялық банктер танылады. Андеррайтер инвесторлар арасында орналатыру мақсатында шығарылған бағалы қағаздардың бүкіл көлемін немесе оның белгілі бір бөлігін сатып алады. Тікелей орналатырумен салыстырғандағы андеррайтердің негізгі артықшылығы эмитенттің өзіне қажетті қаржыландыру көлемін бірден алуына негізделеді. Сату жолымен тартылған қаражаттарды эмитент өндірісті кеңейту,әрі қарай зерттеулер жүргізу және өзге де мақсаттар үшін пайдаланады. Қалыптасқан және тұрақты беделі бар, танымал қаржылық институт болып табылатын андеррайтердің бағалы қағаздар шығарылымына қатысуының өзі инвесторлар үшін эмиссияланған қаржылық құралдардың сапасы мен сенімділігін білдіреді.

Қазақстанда бірінші  ретті корпоративті бағалы қағаздар нарығының пайда болуы мен  дамуы ең алдымен жекешелендіру  мәселелерімен байланысты. Жекешелендірілетін кәсіпорындар акцияларының бірінші  ретті орналастырылуы аукциондық нысанда  (ақшалай аукциондар, төлем құралы жекешелендіру сертификаттары болып табылатын сертификаттық аукциондар), сондай – ақ басқа нысандарда- мәселен, инвесторлар арасында акцияларды тікелей орналастыру.

Айналымға алдында шығарылған бағалы қағаздармен сауда жасалатындықтан, корпоративті бағалы қағаздардың екінші ретті нарығы негізгі болып табылады. Бағалы қағаздар бағамын белгілеу екінші ретті нарық функцияларының бірі болып табылады, яғни нақты бағалы қағаздар (акция, облигация) және оларды шығарған кәсіпорындар туралы барлық ақпараттарды ай0ындайтын нарықтық бағаны анықтау; келесі функциясы – келесі инвесторлар арасында ресурстарды қайта бөлу. Толыққанды екінші ретті нарықсыз бірінші ретті нарықтың тиімді қызмет етуі туралы айтуға болмайды. Бағалы қағаздарды жедел қайта сату үшін механизм жасай отырып, екінші ретті нарық өндіріс мүддесі үшін қоғам ресурстарын толық жұмылдыруға мүмкіндік бере отырып, салымшылар турасынан оларға сенімді күшейтеді және олардың жаңа қор құндылықтарын сатып алу ынтасын ынталандырады. Екінші ретті нарық болмаған жағдайда немесе ол әлсіз ұйымдастырылған болса, инвесторлардыбағалы қағаздардың барлығыын немесе белгілі бір бөлігін сатып алудан аластатуға әкелетін бағалы қағаздарды келесі ретті қайта сату мүмкін болмас еді немесе қиындатады. Нәтижесінде қоғам ұтылатын еді, себебі көптеген кәсіпорындар, соның ішінде жаңа кәсіпорындар және бастамалар қажетті қаржылық қолдауды ала алмас еді.

Екінші ретті корпоративті бағалы қағаздар нарығының құрылымында  бағалы қағаздардың ұйымдастырылған  биржасын және биржадан тыс нарықты атап көрсетуге болады.

Биржа нарығы арнайы құрылған ұйым қор биржасының делдалдығымен  жүзеге асырылатын бағалы қағаздар саудасы  жасалатын белгілі бір орынмен  байланысты. Биржағы барлық компаниялар  жіберілмейді, тек биржада белгіленген  ережелерге жауап беретіндері ғана жіберіледі. Кез –келген фирманың бағалы қағаздарының биржада сатылуы және сатып алынуы фактіснің өзі фирма үшін беделді болады. Биржада , өз кезегінде, өзінің беделін жоғалтпау үшін биржалық айналымға екінші разрядты компаниялардың бағалы қағаздарын жібермейді. Сауда – саттық аталмыш биржада анықталған ережелер мен нұсқаулықтар сақтай отырып жүргізіледі. Бағалы қағаз бойынша сатып алу – сату жүзеге асырылу үшін ол листингтен өтуі қажет. Листинг – нақты биржада сауда жасау үшін бағалы қағаздарды тіркеу немесе оларды сатып алу -  сату парағына енгізу тәртібі. әрбәр биржаның бағалы қағаздар сапасына қоятын өзіндік критерийлері болғандықтан, кейбір компаниялардың бағалы қағаздарымен біреуінде сауда жасалса, екінші биржада олармен операциялар жүргізілмейді.

Әлемде Токиолық, Нью-йорктік  және Лондондық биржалар (сәйкесінше, айналым көлем бойынша бірінші, екінші және үшінші орындар)жетекші  орындарды иеленеді. Маңызды биржалар қатарында – Цюрихтік (Швейцария), Сиднейлік (Австралия), Париждік (Франция), Франкфурттық (германия), Гонконгтік (Қытай) және Оңтүстік – африкандық (ОАР) айтуға болады.

Корпоративті бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығы белгілі бір нақты мекемемен  байланысты емес. Бұл тек бағалы қағаздармен сауда жасаудың басқа  тәсілі. Нарық мыңдаған инвестициялық фирмаларды бірегей байланыспен біріктіретін телефон, телекс, компьютерлік желі негізінде әрекет етеді. Егер биржалық нарық тек беделді корпорациялар үшін, ал биржадан тыс нарық кез-келген  компаниялар үшін қол жетімді болады. Ол үшін аталған бағалы қағаз бойынша екінші ретті нарықты қолдауға келісетін брокерлік фирма табылуы қажет.

 

 

1.2 Банктің инвестициялық саясаты және инвестициялық құралдарын табыстылығын анықтауы

 

Банк қызметіндегі инвестициялаудың өзіндік ерекшелігі бар. Кең мағынада, банктік инвестиция – пайда табу мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялярдың жиынтығы.

Ал тар мағынада, банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.

Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп негізгі капиталға жұмсаған қаражаттарды да түсінуге болады.

Банктің инвестициялық  қызметі инвестициялық саясат көмегімен  жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың  негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.

Банктердің инвестициялық  саясаты – банк қызметінің тұрақты  жұмыс жасауын, нәтижелілігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды:

  • Инвестициялық саясаттың басты мақсаты;
  • Баланс активі мен пассивіндегі квазиинвестициялық операциялардың шегін (үлесін) анықтау;
  • Инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушылардың жауаптылығы;
  • Инвестициялардың құрамы мен құрылымы;
  • Бағалы қағаздардың сапасының деңгейінің және өтеу мерзімінің тиімділігі;
  • Инвестициялар портфелінің диверсификациялануына қойылатын негізгі талаптар;
  • Портфельдің құрамына түзетулер енгізу механизмі;
  • Сақтау тәртібі және сақтандыру механизмі;
  • Пайдалар мен зияндардың есебі;
  • Компьютерлік қамсыздарндыру бағдарламалары.

Банктердің инвестициялық қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат орналастыруға кепілдік беру (андеррайтинг), сондай-ақ клиенттерге қандай бағалы қағаз түрін, қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.

Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг – бұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақщалай қаражаттың келіп түспейтіндігі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді. Мұндай жағдайда эмитент қор құндылықтарын орналастыру жоспарын құрады.

Жоғарыда аталып өтілгендей, коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің объектілері ретінде мыналар танылады:

  • жай және артықшылықты акциялар;
  • облигациялар;
  • мемлекеттік бағалы қағаздар;
  • депозиттік сертификаттар;

-    вексельдер  және т.б.

Банктік инвестициялар  нысандары мен түрлерінің маңызды сипаттамасы оларды «табыстылық-тәуекел-өтімділік» көрсеткіштерінің тұрғысынан бағалау болып табылады.

Мемлекеттің бағалы қағаздары  табыстылығына қарай үш түрге  бөлінеді:

Информация о работе Банктердің инвестициялық қызметінің теориялық негіздері