Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 22:37, курсовая работа
Негізі ретінде құралдарға жеке меншігінің болу және еңбек нәтижесі болып келетін нарықтық экономика жағдайында оның бастапқы тобының жетекші ұйымдық нысаны болып ұжымдық кәсіпкерліктің және акционерлердің инвестициялық белсенділігінің жеткілікті икемділігін қамтамасыз ететін акционерлік қоғамдар бой көрсетеді. Бірақ, тәжірбие көрсеткендей, оларды қамтамасыз ету акционерлік қоғамды басқарудың қандай жүйесі жұмыс істейтіндігі мен оның шаруашылық ету қызметіне ықпал ететін факторлардың қандай шамада ескерілетіндігіне байланысты.
КІРІСПЕ .................................................................................................................6
1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ....11
1.1 Акционерлік қоғамдардар кәсіпкерліктің жетекші ұйымдық нысаны ретінде ..............................11
1.2 Акционерлік қоғамның дамуын және тиімді жұмыс істеуін ынталандыратын факторлары және экономикалық механизмі……................17
1.3 Акционерлік қоғамдардың тиімді қызмет етуін бағалаудың әдістемелік сұрақтары ......................22
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ДАМУЫН ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ .35
2.1 Кәсіпкерліктің акционерлік нысанының даму жағдайы .............................35
2.2 Акционерлік қоғам қызметінің тиімділігін талдау және бағалау ..............39
2.3«Алматыметроқұрылыс» акционерлік қоғамның экономикалық тиімділігін талдау..........................44
3 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДАҒЫ ҮЛЕСТІРУШІЛІК ҚАРЫМ–ҚАТЫНАСТАР МЕН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ......60
Акционерлік қоғамдарды басқаруды жетілдірудің негізгі бағыттары.......60
Акционерлік қоғамдардағы үлестірушілік қарым-қатынастардың тиімділігін жоғарылату жолдары .................71
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................81
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................84
Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі мен табыстылығының маңызды факторы тәуелсіз директорлардың қатысуымен олардың қызметін ұйымдастыру болып келеді.
Тәуелсіз директорлардың қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін тәуелсіз директорларды тағайындаудың ашық және бақыланбалы жүйесін енгізу, олардың міндеттері мен функцияларын анықтау, акционерлермен қалыпты қарым-қатынас орнату қажет.
Тәуелсіз директорлардың
қатысуымен компанияның директорлар
кеңесінің жұмысын
Акционерлік қоғам тәуелсіз директорлары кандидаттарын іріктеу барысында келесі талаптарды ескерген жөн: ең жақсысы акционерлік қоғамның негізгі қызметіне сәйкес саладағы жоғары білімінің болуы; басшылық жұмыста (заңды тұлғаның басқарушысы немесе оның орынбасары, акционерлік қоғам директорлары кеңесінің мүшесі ретінде) ең жақсысы акционерлік қоғамның негізгі қызметіне сәйкес салада 5 жылдан аз емес,
«АҚ-нің тәуелсіз директорлар қызметінің тиімділігін бағалау үшін Ережелерге» сәйкес келесі көрсеткіштерді пайдалануға ұсынылады:
Тәуелсіз директордың қызметінің тиімділігін бағалау баллдық жүйе бойынша жүзеге асады. Тәуелсіз директордың қызметінің тиімділігі жиналған жалпы балл санын есепке ала отырып анықтайды және оң, қанағаттанарлық және қанағаттанғысыз деп бағаланады.
Сонымен, осы
уақытқа дейін алуан-түрлі
Республикадағы Акционерлік қоғам дамуының елеулі бағыты шаруашылық субъектілері бірлестігінің тиімді нысаны ретінде холдингтердің әрі қарай қарқынды дамуы болып келеді.
Акционерлік нысандардың дамуы, нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесі көрсеткендей алуан-түрлі холдинг-компаниялардың құрылуына әкеледі. Кең тараған холдингтермен қатар – таза холдинг, аралас холдинг, холдинг-компаниялар еншілес қоғамдар тобын бақылау және басқару мақсатында ішкі ұйымдарда катиталдың ірі бірігуімен пайдаланылады, холдинг сонымен қатар қаржылық капиталдың ұйымдық нысанының бірі болып келеді. Холдинг - компаниялар және де өндірістік салада мемлекеттік секторды ұйымдастыру үшін кеңінен пайдаланыла бастады.
Акционерлік меншік нысанына негізделген Қазақстандағы кәсіпкер-ліктің жаңа нысаны – әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациялар болып табы-лады.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар – ол өндірістен және тауарлар мен қызметтерді сатудан табыс табу мақсатында өзінің қызметін жүзеге асы-ратын тұрақты бизнес-құрылымдар. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация-лардың негізгі айырмашылығы алынған табыс сол аймақтың тұрғындарының әлеуметтік, экономикалық және мәдениеттік мақсаттарын іске асыру үшін қайта инвестициялануында. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар негізінен осы мақсатта құрылады.
Нәтижесінде әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациялар ірі жұмыс
ӘКК мемлекеттің бинес-құрылымдарымен серіктестік негізінде көпте-ген әлеуметтік проблемаларды шешу үшін алғы шарт құрады. Берілген кәсіпкерлік нысан ерікті түрде құрылған. Ол жеке меншікке негізделген кез келген коммерциялық ұйымға қайта құрылуына болады. Акционерлік қоғам егер одан төмен болса халықтық деп танылмайтын ең төмен қызметкерлер санына шектеу анықталады. Тек шектелген қызметкерлер саны ғана акционерлер емес бола алады. Халықтық кәсіпорын қызметкерлері 75 %- дан кем болмайтын жарғылық капиталына ие болу қажет. Жаңа қабылданған қызметкерлерге акциялар бөліп беріледі. Қызметкер шектелген акция санына ие бола алады. Жұмысынан босатылу кезінде ол өзіне тиесілі акцияларды сатуға міндетті. Акционерлерге тиесілі акция санынан бөлек, басқарымдық шешім қабылдау барысында «Бір акционер-бір дауыс» принципі бойынша дауыс беруге жол беріледі. Сайланған кәсіпорын директоры кең құқыққа ие болады. Басқарушыларға еңбекақы төлеу қатаң шектелген.
13 мамыр 2003 жылғы
«Акционерлік қоғам туралы»
Қоғам жабылуы немесе қайта ұйымдастырылуы, жоғарыда көрсетілген мөлшерден меншікті капиталының мөлшері төмендеген және акционерлер саны 500-ден төменге дейін азайған кезде халықтық акционерлік қоғам статусын жоғалтады.
Сонымен қатар, акционерлік қоғамның басымдықпен сатып алу құқығын жүзеге асыру тәртібі белгіленген.
«Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «Көпшілік компаниясы» түсінігі енгізілген. Көпшілік компаниялары сай болу қажет белгілері, көпшілік компаниялардың құрылу және жұмыс істеу шарттары, сондай-ақ берілген статусты жоғалту жағдайы белгіленген.
28 ақпан 2007 жылғы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көпшілік компанияларға жататын шаруашылық субъектілерінің тізімі көрсетілген.
Көпшілік мүддесінің ұйымына қаржылық ұйымдар, акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерді есепке алмағанда), ұйым – жер қойнауын пайдаланушылар (жалпы кең тараған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқасы) және жарғылық капиталында мемлекеттік қатысу үлесі бар ұйымдар, сонымен қатар шаруашылықты жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар жатады.
Келтірілген қоғамдар тізімі, сондай-ақ көпшілікті мүдделі қоғамға жататын критерийлер инвесторлар-акционерлер ортасын кеңейтуге бағытталған. Қазақстан Республикадағы акционерлік қоғамдардың даму процессі 8-суретте көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес миноритарлық акционер деп акционерлік қоғамның дауыс беру акцияларының он пайыздан аз акциялары тиесілі акционерлерді айтамыз, сондай-ақ бұл да акционерлер ортасын кеңейтуге бағытталған. Белгіленген шаралар еліміздегі акционерлік нысанның дамуын жетілдіреді.
Технологиялық ілгеріліліктердің жүзеге асуында кәсіпкерліктің жетекші нысаны ретінде акционерлік қоғамдардың үлесі өндірісті әртарап-тандыруда көрінеді. Сондықтан Акционерлік қоғамды басқару жүйесін жасау барысында тұрақты даму принципін ескерген жөн, акционерлік қоғамдардың жұмыс істеу механизмі тұжырымдаманың бекітілетін параметріне сәйкес келу қажет.
Шарушылық субъектісінің
кез келген ұйымдық-құқықтық нысаны
жұмысының тиімділігін
Мотивация – еңбек қызметінің тиімділігін белгілейтін негізгі факторлердің бірі. Қызметкердің мотивациясының жүйесін құрудың әр-түрлі шешімі бар, бірақ мақсаты жұмыскерге табысты сезіну қажеттігінен тұрады. Табыс – адамды мотивациялайтын қажеттіліктердің бірі, сондықтан табысты сезінуіне, оның соған қатыстылығын және оның сіңірген еңбегінің жұмыс беруші немесе кәсіпорын басшылары жағынан танылғанын сезінуге мүмкіндік беру маңызды.
Материалды ынталандыру деп еңбекақыны, сыйақыны және басқаны түсінеміз. Нарық жағдайында материалдық көтермелеу құралы ретінде кәсіпорын пайдасын үлестіруде жұмыскерлердің қатысуының әр-түрлі нысаны пайдаланылады. Ынталандырудың бұл түрі көп жағдайда акционерлік қоғамда болып келеді.
Кәсіпорынның
барлық ұйымдық-құқықтық нысанында
жұмыскерлерді материалдық
«Өскемендік арматура заводы» Акционерлік қоғам өндірістік арматура, мұнай өнеркәсібі жабдықтарын шығарады. Өнім сұранысқа ие және бәсекелеске қабілетті. Өндіріс көлемі серпінді өсуде, еңбек өнімділігі жоғарылауда, еңбектің қормен жарақтандырылуы артуда, өндірістің пайдалылығы өсуде. Кәсіпорын қажетті деңгейде өндірістік қызметкерлермен жасақталған, жұмыскерлердің тізімдік санының төрттен үші дерлігінде кәсіптік білімі бар, жүйелі түрде жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылату, кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүргізіледі. Кадрлардың тұрақтамауы коэфициенті төмендейді.
Еңбек қарым-қатынастарын реттеуге негіз болатын элементтер санына жалақы кіреді, сондықтан оның кәсіпорындағы ұйымдасу бағасы маңызды.
«Өскемен арматура заводы» акционерлік қоғам жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу туралы Ереже мынаны қамтиды: негізгі еңбекақы белгілеу шарттары мен тәртібі, Қазақстан Республика заңнамасымен қарастырылған төлеулер; кәсіпорында қолданылатын қосымша төлемдер, үстемеақылар; сыйақылар және басқа да төлемдер. Бұл ереже тәжірибиеде жұмыскерлерді акционерлік қоғамның табысты дамуына ынталандыра отырып өзінің құндылығын көрсетті.
Сонымен қатар,
кәсіпорындағы қолданыстағы төлем
жүйесі мен жұмыскерлерді
Екіншіден, ұжымдық шарт жасау кезінде көптеген кәсіпорында қолданылатын әлеуметтік қызмет тізімі көрсетілмейді. Әңгіме мынадай әлеуметтік шараларда болыр отыр: кәсіпорында 20 жылдан аса жұмыс істегендерге мадақтау, мамандардың оқуын төлеу, жас мамандардың орнығуы үшін материалдық көмек, зейнет жасына жетуден бұрын штатты қысқарту кезіндегі зейнетақыны төлеу бойынша жұмыс берушінің міндеттемелері, жұмыскерлерге және олардың жанұя мүшелеріне жолдама алуға жеңілдіктер және басқалар.
Көрсетілген мотивация факторлары ұжымдық шарттың да жеке еңбек шартының да ажырамас бөлігі болуы қажет.
Шетел тәжірибесі көрсеткендей табысты үлестіруге қатысу ынталандыру элементі ретінде тиімді пайдаланылады. Бұл тетік ынталандыру жүйесінің басқа элементтерімен қосыла отырып бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, жоғары технология мен техниканы ендіру, кадрлардың тұрақтылығы және басқа да кәсіпорын қызметінің түйінді жағы бойынша мәселелерін табысты шешуіне себепші болады. Тәжірибеде шаруашылық субъектісінің табысында қызметкерлердің қатысуының әр-түрлі нысаны кездеседі. Тиімді жұмысты ынталандыруды жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі орташа жалақының өсуімен салыстырғанда еңбек өнімділігінің озық өсуі принципін қамтамасыз ету болып келеді. Кәсіпорын, сонымен қатар Акционерлік қоғам ережелерінде бұл принципті қалпына келтіру керек.
Еңбекақы төлеу жүйесінің жетілдірілгендігінің деңгейі кәсіпорынның бастапқы ұйымдасуында жұмыскерлерді ынталадыру көбінесе берілген процессті мемлекеттік реттеу деңгейімен белгіленеді. Экономикалық қызмет түрі бойынша еңбекақы төлеуді дифференциациялауды қарастырайық.
Кесте-18. 1999-2005 жылдар бойынша Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық номиналды еңбекақы.
(тенге)
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 | |
Қазақстан Республикасы бойынша |
11864 |
14374 |
17303 |
20323 |
23128 |
28 329 |
34060 |
Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы |
4 600 |
5 657 |
6 851 |
8 163 |
9 567 |
11 978 |
14981 |
Өнеркәсіп |
16370 |
20647 |
23812 |
26280 |
29585 |
35 485 |
41855 |
Құрылыс |
15907 |
21017 |
26280 |
32453 |
34473 |
38 622 |
47921 |
Қаржылық қызмет |
33392 |
36140 |
41686 |
50460 |
55207 |
64 532 |
79520 |
Максималды мәні |
33392 |
36140 |
41686 |
50460 |
55207 |
64 532 |
79520 |
Минималды мәні |
4 600 |
5 657 |
6 851 |
8 163 |
9 567 |
11 978 |
14978 |
Максималды және минималды мәндерінің қосындысы |
7,25 |
6,38 |
6,08 |
6,18 |
5,80 |
5,38 |
5,30 |
Ескерту: [13] көзі негізінде құрылған |