Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 22:37, курсовая работа
Негізі ретінде құралдарға жеке меншігінің болу және еңбек нәтижесі болып келетін нарықтық экономика жағдайында оның бастапқы тобының жетекші ұйымдық нысаны болып ұжымдық кәсіпкерліктің және акционерлердің инвестициялық белсенділігінің жеткілікті икемділігін қамтамасыз ететін акционерлік қоғамдар бой көрсетеді. Бірақ, тәжірбие көрсеткендей, оларды қамтамасыз ету акционерлік қоғамды басқарудың қандай жүйесі жұмыс істейтіндігі мен оның шаруашылық ету қызметіне ықпал ететін факторлардың қандай шамада ескерілетіндігіне байланысты.
КІРІСПЕ .................................................................................................................6
1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ....11
1.1 Акционерлік қоғамдардар кәсіпкерліктің жетекші ұйымдық нысаны ретінде ..............................11
1.2 Акционерлік қоғамның дамуын және тиімді жұмыс істеуін ынталандыратын факторлары және экономикалық механизмі……................17
1.3 Акционерлік қоғамдардың тиімді қызмет етуін бағалаудың әдістемелік сұрақтары ......................22
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ДАМУЫН ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ .35
2.1 Кәсіпкерліктің акционерлік нысанының даму жағдайы .............................35
2.2 Акционерлік қоғам қызметінің тиімділігін талдау және бағалау ..............39
2.3«Алматыметроқұрылыс» акционерлік қоғамның экономикалық тиімділігін талдау..........................44
3 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДАҒЫ ҮЛЕСТІРУШІЛІК ҚАРЫМ–ҚАТЫНАСТАР МЕН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ......60
Акционерлік қоғамдарды басқаруды жетілдірудің негізгі бағыттары.......60
Акционерлік қоғамдардағы үлестірушілік қарым-қатынастардың тиімділігін жоғарылату жолдары .................71
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................81
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................84
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі. [27]
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіден - азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді
өткізуден түскен табыс жоспарланған
тауар өндірісінен және бұйымдардың
(дайын өнімдер, сатып алушының жауапты
сақталуындағы тауарлар) өтпеген
бөлігінің қалдықтарының
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикіат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Кәсіпорын табыстылығы
осы бағыттағы кәсіпорын
Кәсіпорындардың қызметінің нәтижесіне әсер етуші факторлардың көптүрлілігі көпфункционалды және көп мақсатты экономикалық жүйе ретінде қарастыру қажеттігін анықтайды. Сол себептен, кәсіпорын қызметі-нің нәтижелерін сипаттау экономикалық көрсеткіштер жүйесімен жүргізі-леді. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелері көрсеткіштерін қалыптастыру алгоритмі ҚР Ұлттық банкімен бекітілген қаржылық есеп берудің арнайы формалары қолданылатын және қабылданған бухгалтерлік есеп жүйесімен анықталады. Бірақ біздің республикамыздағы кәсіпорын жүйенің қалыптасу процесі әлі аяқталмаған, қаржылық есеп беру формалары өзгеруде және олар-дың мазмұны жетілдірілуде. Бұл жағдай әлемдік кәсіпорындық бірлестікке отандық кәсіпорындардың экономикалық интеграциялануы мен есеп беру-лердің батыстық стандарттарға бағытталуына қажеттілігінен туындап отыр.
Бүгінде қазақстандық кәсіпорындармен қаржылық есеп берудің екі түрі құрастырылып жатыр, олар мазмұны, белгісі және ұсыну мерзімдері бойын-ша ажыратылады.[27]
Қаржылық есеп берудің негізгі түрі – ол дәстүрлі бухгалтерлік есеп беру, оған бухгалтерлік баланс пен кіріс және шығыс туралы есеп беру жата-ды.
Қаржылық есеп берудің №2 формасы негізінде кәсіпорынның ағымдағы жылғы кірістері мен шығыстарына талдау жүргізейік.
Кесте -13. «Алматыметроқұрылыс» акционерлік қоғамның түсімдер мен шығыстар есебі
2009 |
2010 |
Ауытқу | |||||||||
сомасы |
үлесі |
сомасы |
үлесі |
абсолютті |
% | ||||||
Ақшалай түсім |
17122816 |
98,5 |
22634706 |
99,3 |
5511890 |
32,2 | |||||
Активтардың шығуынан табыс |
243949 |
1,4 |
0 |
0 |
-243949 |
-100,0 | |||||
Басқа да кірістер |
17817 |
0,1 |
79639 |
0,7 |
61822 |
347,0 | |||||
Сатудан кірістің барлығы |
17384582 |
100 |
22714345 |
100 |
5329763 |
30,7 | |||||
Сатудың өзіндік құны |
16341871 |
96,1 |
23137188 |
97,4 |
6795317 |
41,6 | |||||
Жалпы және әкімшілік шығыстар |
657219 |
3,9 |
616069 |
2,6 |
-41150 |
-6,3 | |||||
Табыс салығына шығыстар |
6349 |
0,0 |
57 |
0,0 |
-6292 |
-99,1 | |||||
Басқа операциялық шығыстар. |
58265 |
0,3 |
944 |
0,0 |
-57321 |
-98,4 | |||||
Барлық шығыстар сомасы |
17005439 |
100,0 |
23754258 |
100,0 |
6748819 |
39,7 | |||||
Ескерту:[27] көзі негізінде құралды |
Бұл кестеден кәсіпорынның екі жыл арасындағы түскен түсімдері мен кеткен шығындар көрсеткіштерін көруге болады. Түсімдер 2009-2010 жылдар аралығында 30 пайызға артып отыр. Түскен түсімдер құрылымын қарастыратын болсақ, ақшалай түсімнің үлесі жоғары (99%) болып келеді. Бұл көрсеткіш жоғары өтімді болып келеді. Ол екі жыл аралығында 5,5 млрд теңгеге немесе 32,2 пайызға артып отыр. Бұл кәсіпорынның нарықта өз үлесін нығайту сасатының дұрыс жүргізілуіне байланысты болып отыр. Активтердің шығунан табыс тек 2009 жылы түссе, келесі жылы бұл операциялар жүргізілмеген. Басқа да кірістер жалпы кірістердің 0,7 үлесін алады. Екі жыл аралығында 61,8 млн тг немесе 347 пайызға артып отыр.
Ал шығыстар құрылымында үлесі ең жоғары (97,4%) болып табылатын, стаужың өзіндік құны. Ол кәсіпорынның өнімдерін шығаруға кететін өзіндік құн шығындары. Жалпы және әкімшілік шығыстар болса үлесі 1,3 пайызға түскен. Екі жыл ішінде 41,1 млн азайған. Табыс салығына шығыстар сомасы 57 мың теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,2 млн тгге азайған. Басқа да операциялардан шығыстар 98,4 пайызға азайған. Қорыта айтқанда, кәсіпорын екі жыл аралығында өзінің табыстарын көбейтіп, ал шығыстарын азайтқан.
Сурет-1. Кіріс және шығын сомаларының көрсеткіштері
Ескерту: [27] көзі негізінде құралды
Бұл диаграммада кәсіпорынның
ағымдағы жылдағы 2009-2010ж түскен табыстары
мен кеткен шығыстарының тенденциясы
көрсетілген,көріп отырған
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді бағалау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын бағалау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын
мүлік құнының өсу себептерін
талдағанда, жоғары деңгейі баланстық
есептің номиналды
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кесте құрылады.
Кесте – 14. «Алматыметроқұрылыс» акционерлік қоғамының актив құрамы мен құрылымы
2009 |
2010 |
Ауытқу | ||||
сомасы |
үлесі |
сомасы |
үлесі |
абсолютті |
% | |
I. Қысқа мерзімді активтер |
||||||
Ақшалай қаражаттар |
63 629 |
2,0 |
446 116 |
8,0 |
382 487 |
601,1 |
Өндірістік қаржылық инструменттер |
1 378 |
0,04 |
1 378 |
0,02 |
0 |
0,0 |
Қысқа мерзімді сауда және басқа дебиторлық берешек |
58 020 |
1,9 |
444 127 |
8,0 |
386 107 |
665,5 |
Ағымдағы салық активтері |
79 508 |
2,5 |
153 142 |
2,7 |
73 634 |
92,6 |
Босалқы қорлар |
2907822 |
93,0 |
4516006 |
81,0 |
1 608 184 |
55,3 |
Басқа да қысқа мерзімді активтер |
16 168 |
0,5 |
15800 |
0,3 |
-368 |
-2,3 |
Қысқа мерзімді барлығы |
3126525 |
100,0 |
5576569 |
100,0 |
2 450 044 |
78,4 |
I. Ұзақ мерзімді активтер |
||||||
Негізі құрал-жабдықтар |
3 999 192 |
99,9 |
4045434 |
99,893 |
46 242 |
1,2 |
Материалды емес активтер |
5 637 |
0,1 |
4 321 |
0,1 |
-1 316 |
-23,3 |
Ұзақ мерзімді активтердің |
4004829 |
100,0 |
4049755 |
100,0 |
44 926 |
1,1 |
Баланс барлығы |
7131354 |
9626324 |
2 494 970 |
35 | ||
Ескерту:[27] көзі негізінде құралды |
Кестеден кәспорынның қысқа және ұзақ мерзімді активтерінің нәтижелерін қөруге болады. Қысқа мерзімді активтер екі жыл арлығында 2,5 млрд тенгеге немесе 78,4 пайызға артып отыр. Бұған себеп құрамында жоғары өтімді ақша қаражаттарының 601 пайызға артуы, қысқа мерзімді сауда және басқа дебиторлық берешектің 665 есеге артуы маңызды болып отыр.
Ал ұзақ мерзімді активтер 1 пайызға өскен болатын. Құрамында негізгі құралдардың үлесі жоғары болып келеді, 99,9 пайызды құрады.
Сурет - 2. Активтердің өзгеру динамикасы
Ескерту:[27] көзі негізінде құралды
Бұл диаграммадан ұзақ жане қысқа мерзімді активтерді өзгеру тенденциясы көрсетілген. Ұзақ мерзімді активтер 2жыл аралығында тұрақты түрде қалып отыр,ал қысқа мерзімді активтер болса 2 жыл аралығында тұрақты өсу тенденциясына ие.
Сурет - 3 Қысқа және ұзақ мерзімді активтердің үлес салмағы
Ескерту:[27] көзі негізінде құралды
Бұл диаграммада көріп отырғандай кәсіпорынның активтерінің құрамында ұзақ мерзімді активтер 42% құрайды, ал қысқа мерзімді активтер керісінше 58% құрайды. Бұған себеп компанияның қысқа мерзім арасында пайда табу саясатына байланысты,яғни тактикалық саясат.
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы (2009-2010 жж.) 2 494 970 мың теңгеге немесе 35%-ға артқанын көруге болады. Бұл кәсіпорын дамуының оң нәтижесін сипаттайды.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы қысқа мерзімді активтер үлесін анықтау маңызды: қысқа мерзімді активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.
Талдау жүргізіп
отырған кәсіпорында бұл
2009 жылы= 0,6 (4004829 / 7131354)
2010 жылы= 0,4 (4049755 /9626324)
Кәсіпорын активтерін
таратудың тиімділігін