Шпаргалка по "Экономикалық теории"

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 22:30, шпаргалка

Описание работы

1.Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
Экономикалық теорияның пәні-адамдар мен әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы игіліктерді өңдіру, бөлу , айырбастау ж/е тұтыну процесстерімен байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастарды зерттеу. Нобель сыйлығының лауреаты П.Самуэльсон өзінің «Экономика» атты еңбегінде эк/қ теорияның зерттеу пәнін тұтыну және өндіру жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбас, ақшалай келісім-шарттардан туындайтын қызмет түрлерімен байланыстырады және эк/қ теорияның пәні өзгермейді, оны нақты деп айту қиын деген қорытынды жасайды.

Работа содержит 1 файл

Ekonom teoriya wpor.docx

— 187.43 Кб (Скачать)

Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы  қорлану кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері меркантилистер, яғни У.Стаффорд, Т.Ман, Д.Норс және т.б. Олар ақшаның  қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде абсолюттеді  және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестірді. Мемлекеттің  монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде  қарастырды.

Ақшаның номиналды теориясын құрушылар  римдік және ортағасырлық юристер болып  табылады. Кейінірек оны Дж.Беркли мен Дж. Стюарт дамытты. „Металлистерге“  сын айта отырып, олар ақшаның басқа  қызметтерін – айналыс құралы мен төлем құралын абсолюттеді. „Номиналистер“ ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп бірлігі  ретінде көрсетті және ол мемлекеттік  биліктің өнімі болып табылады деп  есептеді.

Ақшаның сандық теоричсының негізін қалаушылар Дж.Локк (ХҮІІ ғ. соңы), Ш.Монтескье, Д.Рикардо (ХҮІІІ ғ. соңы) болды. Олар ақшаның  құндық негізін қорғады. Ақшаның  сандық теориясының жақтаушылары ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының  деңгейі айналыстағы ақшаның  мөлшерімен байланысты анықталады деп  есептеді. Сандық А.С.Пигу (ХХ ғ. ортасы) және т.б. елеулі үлес қосты. Олардың  көзқарастары келесі сұрақтарда қарастырылады.

24. Ақша функциялары.

Ақшаның пайда  болуын маркстік жэне неоклассикалық мек-тептер айырбас, сауданың даму процестерімен, шаруашылықтың рыноктық формасының ныгаюымен байланыстырады. Айры-машылықтары  ең алдымен тауар табиғатын түсіндіруде  жатыр.

К.Маркстің теориясында ақша бұл ерекше тауар. Ол ақшаның шығуын қүн формасының, ягни ауыспалы қүн формасының дамуымен байланыстырады. Ол форма төртеу: жай  немесе кездейсоқ; толық немесе жан-жақты; жалпылама; ақшалай.

X ғасырда  ақша қызметтері және ақшаның  жалпыға ортақ эквивалент ретіндегі  рөлі өзгерістерге үшырады. Барлық  жерде алтын ақша жоғарыда  аталған бес қызметті атқаруын  қойды. Еш жерде тауар құны  алтын арқылы өлшенбейді; ешбір  елде алтын ақша ретінде айналыста  болмайды; алтын төлем қүралы  қызметін де атқармайды. Халықаралық  экономикалық қатынастарда есеп  айырысу валюталар - доллар, евро, иена жэне т.б. арқылы жүзеге  асады. Сонымен, алтынның айналыстан  шығуы жэне оның ақша қызметін  атқармайтын болуы демонетизациялау  деп аталады. Демонетизация дегеніміз  алтынның ақша рөлін және жалпыга  ортақ экви валент рөл ін  атқаруды догаруы. Осы жерде  мынадай өте қиын теориялық  сүраққа тап боламыз. Қазіргі  ақшалардың мәні, жалпы табиғаты  қандай? Өйткені кімге де болса  анығы қазіргі уақытта асыл  металл- ақша емес, қағаз ақша- ақша. Ақшаның бар болуы немен анықталады, оның тұрақтылығы неге байланысты? Батыстық экономикалык теорияда  бұл сұрак бойынша пікірталас  жүріп жатқанына кемінде екі  гасыр болды. Егер кагаз ақша  са-лыстырмалы сиректік касиетінен  айрылатын болса, онда оның  багалылыгы томендейді. Сондықтан  қагаз акшаның құны туралы  мәселе айналысқа қажет қагаз  ақшаның саны туралы мэселемен  тыгыз байланысты. Ақшаның мәні  оның қызметтерінен шыгады (ең  алдымен төлем қүралы және  айналыс қүралы ретіндегі).

   Қоғамдық  өндіріс дамыған сайын,айырбас  операцияларын жүргізуге көмектесетін  жалғыз тауардың бөлініп шығуының  қажеттігі пайда болды. Ақшаның  анайы,тұңғыш формалары дүниеге келді. Әр халықтарда, әр географиялық аймақтарда олар әр түрлі болды- егіншілерде бидай, малшы тайпаларда мал, аңшыларда терілер,т.т.б.Өкінішке орай, осы тауарлар барша территорияларда қызмет ете алмады,олар кең тарамады. Түбінде тауар қатынастарының дамуы, ақшаның рөлін асыл металдарға: алтынға, күміске жүктеді. Өзінің табиғи қасиеттері- бір тектілігі, бөлшектеп бөлуге болатындығы, ықшамдылығы, қолайлығы, көп уақыт сақталатындығы жағынан асыл металдар осы рөлді атқаруға неғұрлым бейімді болды. Ақшаның есеп бірлігін оның салмағы атқаратын болды.      Бара-бара ақшаны майдалап айырбастаушылар алтын,күміс кесектеріне оның салмағын көрсететін таңба басатын болған. Осылай куәландырған алтын,күміс кесіндісі монета деп аталған.Жер әлемінің көптеген халықтарында монета заңды айырбас және төлем құралы болып табылған. Бірте-бірте ол айырбаста қолайлы дөңгелектенген форма алып монетадағы металдың салмағын жәнесынамасын мемлекет өзінің белгілі мөрімен растап отырған. Міне осылай, тарихи даму барысында, металдық ақша айналымы жүйесі қалыптасқан.   Классикалық экономикалық теорияның негізін қалаушылар А.Смит және Д,Рикардо ақшаның басты қызметі деп, айналыс құралы болуын атап көрсетіп, ал басқаларын осы айналыс құралы қызметінен туынды деп есептеген.     К.Маркс ақша құнының еңбектік сипатына сүйене отырып, ақша теориясын дәлелдеп әрі қарай дамытқан, ақшаны жалпылама эквивалент және абстрактік қоғамдық еңбектің жалпылама көрінісі дей отырып оның мәнін анықтайтын, атқаратын бес қызметіне назар аударады: құн өлшемі, айналым құралы, төлем құралы, жинақ жасау құралы, дүниежүзілік ақша.      Осы замандағы экономикалық әдебиетте ақшаның атқаратын үш қызметі аталып отыр: құн өлшемі, айналым құралы, жинақ құралы.     Тек нақтылы, қолма-қол ақша айналыс құралы қызметін атқара алады. Бұл қызметті ақша тез бір қолдан екінші қолға ауысқаншағана атқаратынына байланысты, нақтылы ақша материалы, ақшаның белгісімен, немесе оның символымен алмастырылуы мүмкін. Бұл үшін осы символды қоғам ақша материалының белгілі мөлшері деп мойындайды деген кепілдік қажет. Осылайша, толық бағалы емес монеталар, кейіннен қағаз ақшалар пайда болған.       Ақшаны айналыс құралы ретінде қолданғанда, сатып алу-сатуға жұмсалатын іс-қимыл мен уақыттың үнемделуінің арқасында айналыс шығындарының төмендеуінің нәтижесінде, ақша сауданы дамытуға жол ашты, өндірістің мамандануы кеңейе түсті.Бұл жағдай еңбек өнімділігін жоғарылатты, демек қоғамның хал-жағдайы жақсара түсті.

Ақша қасиеттері:

Ақшаның негізгі 5 қызметі: құн өлшемі, айналыс құралы,жинақтау құралы, төлем құралы, әлемдік ақшалар.

25. Ақша жүйесі және оның элементтері.

Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:

  • Ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;
  • Ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару  тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
  • Нақтылы ақша тілемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
  • Ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.

Елдің ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің  әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары  жүргізеді.

Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады, монометализм тұсында – тек бір метал. Биметализм жүйесі Еуропада ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жұйе монометализмге алмастырылады.

26.Ақша  массасы ж/е ақша агрегаты. Ақша нарығы қаржы нарығының өте маңызды құрамды бөлігі б.т. Ақша нарығының қызмет ету механизмін түсіну үшін оның құрамды бөлшектерімен танысу керек. Осының маңыздысына ақшаның массасы жатады.

Ақшаның массасы  қолма-қол ж/е қолма-қол емес формадағы  барлық ақша құралдарының жиынтығы, бұлардың көмегімен шаруашылығы тауарлар ме қызметтердің айналымы жүріп отырады. Ақша массасының көлемі көптеген факторлардан тәуелді болады, алдымен ақша нарығының  көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан.

Ақшаның ұсынысы  – бұл осы мезгілде экономикады  айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Айналысқа ақшаны мемлекеттік  қазыналық ж/е эмиссиялық банк шығарады. Ақшаның ұсынысы ақша агрегаттары  М**,М**,М**,...L ж/е т.с. арқылы белгіленеді. Агрегаттың келесісінің әрқайсысының ішінде қолданудың әрбір сатысындағы ақша құралдары, активтер, бағалы қағаздар болады.

Ақшаның ұсынысын сипаттау үшін көбінесе М* агрегаты – «келісімдер үшін ақша» қолданылады, бұған ақшалар, талап етілмелі дипозиттер ж/е чек дипозиттері жатады.

Ақша ұсынысын елдің орталық банкі бақылап  отырады

 Бұл оны  тіркелген дәрежеде қолдап отыруға  тырысады. Сондықтан ақша ұсынысының  қисық сызығын графикте тік  түзу сызық түрін алады.

%                        Ақша ұсынысы, млрд теңге

Ақшаға сұраныс  оның айналыс құралы ж/е байлықты сақтау құралы қызметінен, сонымен  қатар оның абсолюттік өнімділігінен  туындайды. Жиынтық сұраныс мәміле жасауға керек ақшаға сұраныстан ж/е байлықты сақтау үшін керек ақшаға сұраныстан тұрады.Ақшаға жалпы сұраныстың қисығының түрі мынандай болады.

%

 

Ақшаға сұраныс, млрд теңге

Бұл, процент  мөлшермесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін ж/е бағалы қағаздар сатып алу  үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын, ақшаның жалпы көлемі.

27.Капитал:  мәні, әртүрлі көзқарастар. Капитал (ағылшынша бас мүлік, бас сома, латынша – ең басты) – экон. ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.

Тауар өндірісі п.б.қалыптасқаннан бері, капитал мынадай  тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), - тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін - өнеркәсіптік.

Капиталдың  формалары толығырақ А.Смит пен  Д.Рикардоның еңбектерінде зерттелген.

Капиталдың  формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл котегорияны  тұңғыш зерттеушілердің – меркантилистер ж/е физиократтар оған сыңаржақты қарауының  себебі болады.

Капитал котегориясына  ең толық, жан-жақты зерттеуді өзінің  «Капитал» деп аталған еңбегінде  К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің    нақты формаларын зертеумен қатар, ол онын мәнін, мазмұнын айқындап көрсетеді.К.Маркс капиталды  зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдайды. «Капитал» экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті – станок, машина, шикізат т.б. түрінде.

Экономикалық  теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмның  қалыптасуының бастапқы қезеңі деп  тұжырымдады.

Заттық  немесе натуралдық концепция: Капитал - өндіріс құрал –жабдықтары н/е сатуға арналған тауарлар.

А.Смит: Капитал – заттардың қорланған запасы ретінде.

Д.Рикардо: Капитал - өндіріс құрал-жабдықтары ретінде.

А.Маршал: Капитал - өндіріс алғышарттарын жинайтын заттар.

Дж.Кларк: Капитал – еңбекпен қатар өндірістің мәңгі бастауын көрсететін өндірістік игіліктердің запасы дейді.

П.Самуэльсон: Капитал – ірі фабрикалардың дайын өнімі ж/е жартылай өңделген шикізат қоймаларының өндірістік құрал-жабдықтары ретінде анықтайды.

Ақшалай немесе монетарлық концепция: Капитал – процент әкелетін ақша.

Дж.Кейнс: Капитал – бұл ақша н/е оның ауыстырушысы – несиелік ақша деген қөзқарастарды қарастырады. Алайда басқалар капиталды табыс алумен байланыстырады.

28.Ақшаның  капиталға айналуы. Капиталдың  жалпыға бірдей формуласы..

Капитал– кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яғни қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншікАқша ақша ретінде және айналым ақша капитал ретінде алғашқыда бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді.Ақшаның капиталға айналуының басты шарты ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңаша құнды жасауға қабілетті, одан да көп өзінің бай тұрғысынан құнды жасайды. Сондай тауарға жұмыс күші тауары жатады. Жұмыс күші тауар құнының төменшгі шекарасы болып жұмысшы өмір сүруге және еңбек етуіне қажетті өмір жабдығының құны жатады. Өмір сүруі үшін жұмысшы еңбек рыногында өзінің жұмыс күшін сатуға мәжбүр. Еңбек процесінде жұмысшы құнды жасайды, ол болса оның жұмыс күші құнынан асып түседі, міне осы қосымша құн болып табылады. Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған сомадан артық сома алу мақсатында жұмсалған жағдайда капитал болады. Капитал айналымының жалпы формуласы мынадай: А-Т-А’; мұндағы А’=А+ДА, ал ДА – ақша өсімі.

29.Капитал  құрылымын талдаудағы ерекшеліктер

Капитал –  қаржылық менеджменттің маңызды  түсініктерінің бірі. Қаржылық менеджмент түсінігінен капитал корпорацияның  активтеріне салынған материалдық  және материалдық емес формадағы  ақша қаражаттарының мөлшері. Корпоративтік  қаржы түсінігінен капитал корпорациялар  арасындағы және басқа да  шаруашылық субьектілердің арасындағы қарым-қатынас кезінде пайда болған ақшалай қатынастарды көрсетеді. Мұндай қаржылық қатынастар корпорациялар арасында заңды тұлғалармен, олардың акционерлерімен, несие берушілермен, жеткізушілермен, өнімді сатып алаушылармен, қор нарығына қатысушыларынмен болады.

Капитал құрылымын  оңтайландыру қажеттілігі көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде: 
- компанияның мақсаты мен міндеттері; 
- қаржы жүйесін оңтайландыруы; 
- өндірістік бағдарламасы және т.б. 
Компания алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан 
Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни компанияның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Нарықтық экономика жағдайларында компаниялардың өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету олардың өз мойындарына түсіп отыр. Жоспарлы экономика жағдайларында кәсіпорындар қаржылық мұқтаждықтар мен қиындықтарға душар болған жағдайда мемлекеттің және оның орталықтандырылған қаржы жүйесіне арқа сүйейтін еді. Алайда нарықтық қатынастардың орнауы мен дамуы аталған мәселені кәсіпорындардың өз иықтарына жүктеп отыр. 
Компаниялардың меншікті және қарыз қаражаттар тарту нәтижесінде қалыптасқан капитал құрылымы оның қызметінің тиімділігін, бәсекелсетік ортадағы өміршеңдігін, қызметінің түпкі мақсаты болып табылатын табыстылығын анықтап беретін бастапқы фактор болып табылады. Әрине, кәсіпорындар өз қызметі барысында меншікті капиталға арқа сүйейді. Олардың кәсіпкерлік табыстан алған табысы – бизнестің дамуының бірден-бір көзі болып табылады. Алайда, меншікті капитал кәсіпорындардың экономикалық-әлеуметтік дамуы мәселелерін шешу үшін жеткіліксіз, сол себепті кәсіпорындар өз қызметі барысында шеттен қаражаттар тартуларына мәжбүр болады. Дәлірек айтсақ, қарыз қаражаттар тарту кәсіпкерлікті дамытудың басты шарты болып табылады. 
Компаниялар үшін оңтайлы капитал құрылымын қалыптастырудағы ең маңызды сұрақтар – бұл қажетті қаржы ресурстарын қандай бағамен тарту керек екендігі. Компанияның нарықтық экономика жағдайларындағы басты стратегиялық мақсаты өзінің ағымды және келешектегі нарықтық құнын арттыру және оны қолдау болып табылады, ал бұл жетістікке жетудің бірден бір жолы – капиталдың құнын тиімді басқару. Капитал құны неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын қызметінің тиімділігі де соғұрлым төмендей береді және керісінше. Сол себепті компанияныңның қаржы менеджерлері капитал құрылымын қалыптастыру, оңтайландыру көздерінің құнын анықтауға үлкен назар аударулары қажет. Міне, осы соңғы мәселе курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып табылады.

Информация о работе Шпаргалка по "Экономикалық теории"