Шпаргалка по "Экономикалық теории"

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 22:30, шпаргалка

Описание работы

1.Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
Экономикалық теорияның пәні-адамдар мен әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы игіліктерді өңдіру, бөлу , айырбастау ж/е тұтыну процесстерімен байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастарды зерттеу. Нобель сыйлығының лауреаты П.Самуэльсон өзінің «Экономика» атты еңбегінде эк/қ теорияның зерттеу пәнін тұтыну және өндіру жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбас, ақшалай келісім-шарттардан туындайтын қызмет түрлерімен байланыстырады және эк/қ теорияның пәні өзгермейді, оны нақты деп айту қиын деген қорытынды жасайды.

Работа содержит 1 файл

Ekonom teoriya wpor.docx

— 187.43 Кб (Скачать)

 

  1. Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
  2. Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы және дамуы.
  3. Экономикалық теория қызметтері.
  4. Экономикалық заңдар мен категориялар.
  5. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
  6. Экономикалық ресурстар.Экономикалық теориядағы ресурстардың сиректігі және шектеулігі мәселесі.
  7. Өндіріс және оның факторлары.
  8. Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
  9. Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі).
  10. Өндірістік мүмкіндіктер шекаралары.
  11. Өндіріс және ұдайы өндіріс.
  12. Жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
  13. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
  14. Меншіктің объектілері мен субьектілері, экономикалық категориясы.
  15. Меншік құқығының экономикалық теориясы.
  16. Меншік типтері мен формалары.
  17. Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру процестерінің экономикалық мазмұны.
  18. Тауар өндірісі: сипаттамасы, пайда болу шарттары.
  19. Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
  20. Тауар және оның қасиеттері.
  21. Еңбек бағасының теориясы.
  22. Тауар бағасын құрудың альтернативті теориясы.
  23. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
  24. Ақшаның функциялары.
  25. Ақша жүйесі және оның элементтері.
  26. Ақша массасы және ақша агрегаты.
  27. Капитал: мәні, әртүрлі көзқарастар.
  28. Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
  29. Капитал құрылымын талдаудағы ерекшеліктер.
  30. ҚР жеке кәсіпкерлікті дамыту.
  31. Жұмыссыздықтың табиғи денгейі және толық жұмысбастылық.Оукен заңы
  32. Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
  33. Негізгі және айналмалы капитал.
  34. Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері.
  35. Инвестицияға капиталдық салымдар.
  36. Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
  37. Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері.
  38. Рыноктық жүйе және оның элементтері.
  39. Рыноктық инфрақұрылым.
  40. Рыноктың артықшылықтары мен кемшіліктері.
  41. Сұраныс.Сұраныс заңы.Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
  42. Ұсыныс.Ұсыныс заңы.Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
  43. Тепе-теңдік баға. Рыноктық тепе-теңдіктің  бұзылуы.
  44. . Натуралды шаруашылық, оның негізгі белгілері мен ерекшеліктері
  45. Икемділік түсінігі. Икемділік коэффициенттері.
  46. Бәсеке мәні. Бәсекелік күрестің түрлері.
  47. Монополия және бәсеке.
  48. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
  49. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Бағалық дискриминация.
  50. Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
  51. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
  52. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
  53. Кәсіпорын шығындарының теориясы.
  54. Шығындар түрлері және олардың жіктелуі.
  55. Пайда теориясы және оның түрлері.
  56. Жалақының мәні және оның формалары.
  57. Еңбек-құн теориясы.
  58. Ренталық қатынас теориясы.
  59. Жер рентасының формалары.
  60. Натуралды шаруашылық, оның негізгі белгілері мен ерекшеліктері.
  61. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктер.
  62. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері.
  63. Ұлттық есептеу жүйесі.
  64. Ұлттық байлық және оның құрылымы.
  65. Жұмыссыздық және оның түрлері.
  66. Инфляция: мәні, себептері, түрлері.
  67. Экономикалық цикл теориясы.
  68. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
  69. Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері.
  70. Несиенің мәні мен формалары.
  71. Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
  72. Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері.
  73. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері.
  74. Индустриалды-инновациялық бағдарлама.
  75. Ақша жүйесінің эволюциясы.
  76. ҚР-дағы инфляция және жұмыссыздық проблемасына талдау
  77. Қазақстан Республикасының банктік жүйесі.
  78. Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы.
  79. Қазақстандағы нарық түрлеріне талдау жүргізу.
  80. Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық       белгілері.
  81. ЖҰӨ дефляторы.
  82. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру мен мемлекеттендіру.
  83. Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
  84. А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.
  85. Биржа нарықтық инфрақұрылым элементі ретінде.
  86. Ақша реформасы, себебі, мәні және әлеуметтік салдарлары.
  87. Кәсіпкерліктің әртүрлі формаларын дамытуды мемлекеттік қолдаудың әлемдік тәжірибесі.
  88. ТҰК және ұлттық экономика.
  89. А.Маршаллдың «Экономикс принципіндегі» баға концепциясы.
  90. Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.

 

 

 

 

 

 

1.Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.

Экономикалық  теорияның пәні-адамдар мен әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы игіліктерді өңдіру, бөлу , айырбастау ж/е тұтыну процесстерімен байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастарды зерттеу. Нобель сыйлығының лауреаты П.Самуэльсон өзінің «Экономика» атты еңбегінде  эк/қ теорияның зерттеу пәнін  тұтыну және өндіру жүзеге асыру, адамдар  арасындағы айырбас, ақшалай келісім-шарттардан туындайтын қызмет түрлерімен байланыстырады және эк/қ теорияның пәні өзгермейді, оны нақты деп айту қиын деген  қорытынды жасайды. Ол эк/қ теорияның  бірнеше анықтамаларын берді. Олар:

1) адамдар  арасындағы ақшалай келісім-шарттар  мен айырбасқа б/ты қызмет түрін  зерттейтін ғылым;

2) әр түрлі  тауарды өндіру ж/е оларды қоғам  мүшелері арасында бөлу үшін  қажет шектеулі ресурстарды тиімді  пайдалану туралы ғылым;

3) адамның  күнделікті өмірде тұтыну мен  өндіріс саласындағы міндеттерін  жүзеге асыруды қарастыратын  ғылым;

4) байлық  туралы ғылым; 

Эк зерттеу  әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмашылықтары  бар. Бірақ, барлық жағдайда да зерттеу  мен білім беруде диалектикалық  тәсіл қолданылады. Бұл әдістің  негізін Ежелгі Гректер қаласа, оны  ғылыми жүйелеген неміс философы Гегель б.т. Эк процестерді танып  білудің бірнеше зерттеу әдістері бар. Олар: ғылыми абстракция, талдау және жинақтау, индукция мен дедукция, т.б. Экономисте,рдің  барлығының қөзқарастарында  ерте заманғы ойшылдардың қазіргі  заманғы ғылымдарға дейін бір  жалпы сипат байқалады: олардың  көптеген мақсаттары қоғам байлығының өсуіне әкелетін тиімді шаруашылық жүргізу  жолдарын зерттеу.

2. Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы ж/е дамуы.

Эк ой-пікірлер негізін Ежелгі дүниеден бастау алады. Ежелгі Египет, Қытай, Үндістан, Грекия ойшылдары мен философтарының еңбектерінде эк жекелеген құбылыстары мен  процестері қарастырылған. Эк теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде  құл иемдену құрылыста п.б. Эк теория ғылым болып 16-17ғғ ғана қалыптасты. Алғаш бұл теория саяси экономия деген атқа ие болды – қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым. 17ғ басында саяси экономия дербес ғылымға айналды. Алғаш рет өз алдына қалыптасқан эк ой-пікір –  меркантелизм д.а. Осы мектептің  белгілі өкілі Томас Ман ж/е  т.б. Эк ғылымның дамуындағы келесі кезең - физиократтар ілімі. Бұл бағыттың негізін қалаушы Франсуа Кене, олар қоғамдық байлықтың көзі өндірісте  екенін дәлелдейді. Ал өндірісте, олардың  тұжырымы бойынша, бір ғана сала болады: ауыл шаруашылығы. Өндірісті зерттеуге  бет бұру ғылыми саяси экономияның  жарыққа келуіне жол ашты. Бұның  өкілдері: У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо  ұлттық байлық материалдық өндірістің барлық саласында жасалынатынын  дәлелдеді. Олардың басты табысы – еңбек-құн теориясының негізі қаланды. Бұл теорины Маркстік саяси  экономия ілгері дамытып, қосымша құн  туралы ілімді талдады. 19ғ соңы – 20ғ  басында бірнеше эк мектептер  қалыптасты. Маржинализм мектебінің ортаға салған мәселесі шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамның іс-әрекетін субъективті-психологиялық тұрғыдан эк талдау. Өкілдері: К.Менгер, Э.Бем-Баверк, В.Визер. Келесі жаңа бағыт – неоклассикалық бағыт, негізін қалаушы – А.Маршал. Эк ғылымын математикалық әдіс-тәсілдер арқылы зерттеуге негізделген мектеп п.б., негізін салушылар – М.Вальрас, В.Парето, У.Джевонс. Өздерінің бүкіл  шығармашылық өмірінде экономиканы  реттеуге мемлекеттің араласуына қарсы  пікірді ұстанған А.Хайек, Л.Мизес  сияқты ғалымдар. 20ғ басында Батыс елдерінде кең тараған дағдарыстық құбылыстың жиі қайталануы рыноктық механизм арқылы эк-ны дағдарыс жағдайынан алып шығудың мүмкін еместігін дәлелдеді. Осы кезеңнен бастап эк-ны қалпына келтіру мақсатында көптеген бағыттар өз зерттеулерін ұсынды. Солардың бірі кейнстік бағыт. Оның негізін қалаған – Д.М.Кейнс. Ол эк-ны дағдарысты жағдайдан шығару үшін макроэкономикалық құралдарды, тиімді сұраныс қағидасын пайдаланып, жұмыссыздық деңгейін төмендету шараларын ұсынады.

3. Экономикалық теория қызметтері.

Эк теория ресурстардың шектелген жағдайында қажеттіліктерді қамтамасыз етуді  көздеген, адамдар мен топтардың  материалдық игіліктер мен қызметтерді  өндіру, бөлу, айырбастау ж/е тұтынудағы іс-әрекеттерін зерттеп, талдайтын  қоғамдық ғылым. Эк теория бұл:

- ұдайы өндірістің  фазалық динамикасы ж/е ұзын  толқындар динамикасы арқылы  жүріп отыратын, эк өсудің заңдылықтары  мен факторлары туралы ғылым,  ұлттық байлық туралы ғылым;

- қажеттіліктерді  қамтамасыз ету үшін тауарлар  өндірісінде, оны айырбастауға  шектелген ресурстарды пайдалану  туралы ғылым;

- өндіріс  пен айырбас әрекетінің түрлері  туралы, адамдардың күнделікті іскерлік  өмірі туралы ж/е өмір сүруге  қажет заттар туралы ғылым.

Қызметтері: алдымен, ол танып білу, өйткені ол қоғамдық эк-қ өмірдегі проценстер мен көріністерді зерттеп, түсіндіре  білуі керек. Бірақ осы, н/е, басқа  болмыстарда тек атап өту жетімсіз болады. Олардың мәніне бойлап, даму заңдылықтарын айқындап, соларды  практикада қолдану бағыттарын белгілеу қажет. Екінші қызметі, практикалық  д.а. – бұл рационалды шаруашылық жүргізудің принциптері мен әдістерін  жасау, эк-қ өмірді реформалаудың  эк-қ стратегиясын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, т.б. Үшінші қызметі, қоғамлдық  дамудың ғылыми болжамын ж/е перспективасын жасауды қамтиды.

 Эк-қ  теорияның осы аталған қызметтері  өркениетті қоғамның күнделікті  өмірінде жүзеге асырылып отырады.  Эк ортаның қалыптасуында, эк  динамиканың көлемі мен бағыттарын  анықтауда өндіріс пен айырбастың  салааралық құрылымын жетілдіруде,  адамдардың жалпы өмір дәрежесін  ұлттық деңгейге жоғарылатуда, - оысның бәрәнде эк-қ теорияның  маңызы өте зор. 

4. Экономикалық заңдар мен категориялар.Экономикалық заңдар — адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Экономикалық заңдар ерекше және жалпы болып бөлінеді. Ерекше заңдар-шаруашылық жүргізудің нақты тарихи формаларының даму заңдары. Жалпы заңдар-барлық тарихи даму кезеңдеріне тән заңдар. Олар қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.

Экономикалық  заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптасып, көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардың іс-қарекетінен тәуелсіз емес.

Экономикалық  зандар мәңгі емес, олар тарихи сипатта  белгілі бір кезенде туындап, өзгеріп немесе жойылып кетеді. Олардың  көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде әрекет етеді де, кейін  жаңа экономикалық зандарға орын береді. Әрдайым ескеретін жайт - ескі экономикалық заңдар адамдардың еркімен жойылмайды, тек қана жаңа экономикалық құбылыстардың  туындауымен өз әрекетін тоқтатады.

Экономикалық  категориялар тарихи сипатта болумен қатар, қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды. Экономикалық категориялар-қогамның экономикалық өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы, тауар, құн, ақша, сұраныс, ұсыныс және т.б.

5. Экономикалық құбылыстарды танып  білу әдістері.

Экономикалық  динамиканы ж/е статиканы зерттеу  мен талдаудың екі амалы қалыптасқан: зерттеуді ұдайы өндірістік бағытта жүргізу ж/е байланыстар мен тәуелділіктерді экономикалық өсу бағытынана зерттеу.Оларды зерттеуде өндіріс құрал-жабдықтары, жұмыс күші, жұмыс ж/е бос уақыт, жалпы қоғамдық өмір, ұлттық табыс ж/е басқадай ортақ категориялар мен көрсеткіштер қоладнылады. Олардың айырмашылықтары: 1) ұдайы өндіріс теориясы өндірістің динамикасын оның өсімінің қарқынымен есептеспей зерттейді.Басты мәселе – қоғамдық өндірістердің бірінші ж/е екінші бөлімдерінің байланыстарының пропорциялары. Экономикалық өсу теориясында себеп-салдарлы байланыстар керісінше сипатта болады; 2) Болжамдайтын деңгей үшін ұдайы өндірістік негізі деп динамиканың бір жылдық мерзімі алынады. Экономикалық өсуді есептеудің негізін «ұзын толқындар» құрайды және ол ұдайы өндірістің бірнеше циклдарынан тұрады; 3) экономикалық өсу жүйесінде бос уақыт өсудің резерві, өсу потенциялының құрамдас бөлігі. Бос уақыт – адам капиталы дамуы үшін қажет кеңістік. Ұдайы өндірісті талдауда бос уақыт еленбейді, бос уақыт аз болған сайын жұмыскерді қанау дәрежесі жоғары деп есептелінеді.

Ұлттық  шаруашылықтың конъюктуралық болмысын ж/е оның мүмкін болатын динамикасы екі әдіспен есептелінеді: а) жан  басына шаққандағы ұлттық өнімнің н/е  таза ұлттық өнімнің өсуімен; ә) өндірістің бір жылдық өнімінің өсу темпімен. Осының екеуінде шығындарды барынша  аз жұмсап, материалдық молшылықтың  өсуін көрсетеді.

Методология – экономикалық жағдайларды зерттеуде қолданылатын жалпылама әдіс. Зерттеудің нәтижесінде экономикалық үлгілер, схемалар, графиктер п.б.

Эк. теорияны танып білудің әр түрлі әдістерін  қолданады: позитивтік, нормативтік, факторларды  жүйеге келтіру, ғылыми абстракция, эксперимент, т.б. Позитивтік әдіс эк ғылымының белгілі бір философиясын құруды, білімді тұжырымдауды, фактілерді суреттеп баяндау ж/е жүйеге келтіру негізінде эк ортаның даму заңдары мен категорияларын ашуды, тәжірибені қолдануды, нарықтық байқау-бақылауды талап етеді. Нормативтік әдіс адамдардың барынша жоғары үнемділік принциптерге негізделген практикалық әрекеттерін талдауды талап етеді. Басты принципі – шаруашылық іспен шұғылданатын барлық субъектілердің пайдасын көздейтін нәтижеге жету болады. Экономикалық өмір нақты жағдайдағы фактілердің жиынтығы. Бұл әдісті қолдану үшін, неғұрлым көп фактілер жинау қажет. Оларды танып білу үшін ғылыми тұрғыдан талдап, қорытынды шығара білу қажет. Ғылыми абстракция – құбылыстардың қсиеттерінің басты, ең мәнді қасиетерін табу мақсатпен,ой-сана жүзінде онша мәнді емес жағдайлармен есептеспеу болып табылады. Талдау мен синтез әдісінің п.б абстракциялық ойлаумен байланысты. Эк құбылыстарды талдау эк құбылысты, оның жеке элементтеріне бөліп ж/е әр элементті тұтас құбылыстың қажетті құрамды бөлігі деп зерттеуді талап етеді. Ал синтез құбылысты алдымен әр бөліктен тұратын құрылым деп, бұдан кейін осы элементтердің біртұтас қосылымы деп зерттеп, жалпы қорытынды шығарады. Эк теорияда қолданылатын әдістердің ішінде экперимент пен эк реформа елеулі рөл атқарады. Олар жан-жақты дайындықты ж/е терең болжауды, дәлелдеуді, сынақ өткізуді қажет етеді. Тарихи ж/е логикалық тану принципінің бірлігі кең пайдаланылады. Әрбір эк жүйенің логикалық байланысы бар: 1) бір-бірімен өзара әсер ететін динамикалық қатынаста болады; 2) жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады.

6.Экономикалық  ресурстар.Экономикалық теориядағы  ресурстардың сиректігі және  шектеулігі мәселесі.

Өнд\с процесінде ресурс\р пайдал\ды. Ресурстар –материалдық ж\е рухани игілік\р мен қызметтерді  жасау процесінде пайдаланылуы мүмкін түрлі өнд\с элементтерінің жиынтығы. Ресурстардың бес түрін ажыратуға  болады:

1.Табиғи  ресурстар –бұл адам\ң тіршілік  етуінің табиғи жағдайларының  барлық жиынтығының бір бөлігі, өнд\с процесінде пайдал\н қоршаған  ортаның ең маңызды құрамдас  бөлік\рі (топырақ, су ресурс\ры, пайдалы  қазбалар);

2.Еңбек рес\ры  –еңбекке жарамды жастағы халық,  жұмыс күшіне ие адам\р;

3.Өнд\с құралдары  (машина\р, жабдық\р) ж\е қоғам  өндірістік процес үшін бөлетін  ақшалай қаражат түріндегі капитал;

4.Ақпараттық  рес\р –автоматтандырылған өнд\тің  қызмет етуіне ж\е оны компьютерлік  техника көмегімен басқару үшін  қажетті мәліметтер;

5.Кәсіпкерлік  қабілет –басқа ресурстардың  барлығын игіліктер мен қызмет\р  жасау мақсатында үйлестіру мен  құрамдастыру бой\ша әрекет түрінде  көрінген адам\р капиталының айрықша  түрі.

Ресурс\дың  абсолютті ж\е салыстырмалы шектеулігі ажыратылып жүр. Абс\ті шектеулік ретінде  өнд\к рес\дың қоғам мүшелерінің  барлық қажеттіліктерін бір мезгілде қанағаттандыруға жетіспеушілігін  айтады. Егер қажеттілік\р шеңберін тарылтса, онда қажеттіліктердің абсол\к  шектеулігі салыстырмалы болады, өйт\ні кажеттілік\дің шектеулі шеңбері  үшін рес\р салыс\лы түрде шексіз болмақ. Өнд\с процесінде рес\р адамдардың қажеттіліктеріне бейімделеді, игіліктер\ң  жасалуы жүзеге асады. Рес\р өнд\с  факторлары, өнім жасау фактор\ры ретінде  көрінеді. Әрбір адамның өндірілуіне  қажетті өзі\ң факторлар жиынтығы бар. Факторлар былай жіктеледі:

  1. Өнд\с процесінде жүз\асатын еңбекке деген қабілеттіліг бар адам рес\ры;
  2. Табиғи рес\р ж\е адамдардың бүкіл қызметінің нәтижесінде өзгеретін, олардан жасалатын материалдар еңбек заттары ретінде көрінеді;
  3. Адам\р олар арқылы еңбек процесінде заттарға әсер ететін еңбек қызметінің жинақталған рес\ры (еңб\құралдары, жабдықтар) еңб\құралдары ретінде көрінеді.

7.Өндіріс  және оның факторлары.

Өнд\с –пайдалы өнім шығару процесі. Бұл бастапқы саты. Оның қоғамдық өнімнің қозғалысындағы орнына қарай экономисттер ә\т бағыт\р  ұстанады. Біреулері,  бұл саты шешуші мағынаға ие, с\б, егер материалды ж\е  сухани игіліктер өндірілмесе, нені бөліп, айырбастап ж\е тұтынылар  еді. Кейбір зерттеушілер пікірінше, эк\ка тек айырбас болғанда қалыптасады, сол себепті тек айырбас пеен бөлу шешуші сфераларға жататындығын айт. Өз пайымдауларында олар, әдетте, айырбас пен бөлуден басталатын батыс\қ зерттеулерге сүйенеді. Көпшілік санасында қалып\н өндірісті екі\ші кезеккке қою эк\ға орасан зиян тигізетіні түсінікті. Көз алдымызда еңбек  өнімділігің рөлі, мазмұны мен  беделі жойқын жылдамдықпен төмендеді, ал бұл тұтастай қоғамның жасампаз еңбегінің құлдырауын білд\ді.

Информация о работе Шпаргалка по "Экономикалық теории"