Шпаргалка по "Экономикалық теории"

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 22:30, шпаргалка

Описание работы

1.Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
Экономикалық теорияның пәні-адамдар мен әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы игіліктерді өңдіру, бөлу , айырбастау ж/е тұтыну процесстерімен байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастарды зерттеу. Нобель сыйлығының лауреаты П.Самуэльсон өзінің «Экономика» атты еңбегінде эк/қ теорияның зерттеу пәнін тұтыну және өндіру жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбас, ақшалай келісім-шарттардан туындайтын қызмет түрлерімен байланыстырады және эк/қ теорияның пәні өзгермейді, оны нақты деп айту қиын деген қорытынды жасайды.

Работа содержит 1 файл

Ekonom teoriya wpor.docx

— 187.43 Кб (Скачать)

Осыған  орай мемлекетсіздендіру монополияны  шектеуге, бәсеке мен кәсіпкерлікті  дамытуға бағытталған.

Жекешелендіру (латынша «приватус»-жеке)- мемлекеттік меншікті жеке және заңды тұлғаларға сату негізінде жүзеге асырылатын мемлекетсіздендірудің бір түрі.

Жекешенлендіру  меншік қатынастарын түбегейлі өзгерту  процесін сипаттаса, мемлекетсіздендіру мемлекеттік монополияны жоюға, экономиканың мемлекеттен тәуелсіз қызмет етуі үшін қолайлы жағдайлар  құруға бағытталған қайта кешенін  білдіреді. Жекешелендіру нарықтық қатынасқа өтудің түбірлі мәселесі. Ол жеке меншік секторы мен акционерлік  қоғамдардың ж\е бірлескен кәсіпорындардың  алдыңғы позицияларды алуын қөрсететін қозғалысты анықтайды.

      Жекешелендіру экономиканың тиімді  дамуына күш береді, жек сектор  мемлекеттік кәсіпорындар секілді  өзіне ғана емес, тұтынушыға жұмыс  істейді. 

     Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру  меншікті тегін беру, жеңәлдетілген  жағдайда сату, акцияларды сату, кәсіпорындарды жалға беру, конкурс  және конкурссыз аукционда шағын  кәсіпорындарды сату арқылы жүзеге  асырылуы мүмкін.

     Жекешелендірудің шебері- Ұлыбритания  жекешелендірудің келесідей тәсілдерін  ұсынады: акцияларды арзанға сату  және қайтарымсыз түрде бөлу; қызмет көрсету; мемлекеттік тұрғын  үйлерді жалға алушыларға сату; бәсекені дамыту мақсатында мемлекеттік  монополиядан бас тарту. Әлемдік  тәжірибеде мемлекеттік меншік  пен оның қызметтерін жеке  секторға толық жіне ішінара  берудің 22 тәсілі бар. 

    Айта  кететін бір жайт, мемлекетсіздендіру  мен жекешелендіру шаруашылықты  тиімді жүргізуді қамтамасыз  етпейді, тек рыноктық экономикада  ғана бәсекелік ортаны қалыптастыруға, өндірісті демонополизациялауға  объективті негіз болып табылады. Сондықтан олар түпкі мақсат  емес, тек қана халықтың әл-ауқатын  арттыру құралы. Ал тиімділікке  бәсекеге негізделген рыноктық  экономикада ғана қол жеткізуге  болады.

    Қазақстанда  жекешелендіру процесі негізінен  аяқталады. Ұлттық бағдарлама  орындалып, біздің экономика демонополизацияланған  жағдайда қызмет етуде, онда  шағын және орта бизнес, қызмет  көрсету сферасының үлесі жоғары.

18.Тауар өндірісі: сипаттамасы, пайда болу шарттары. Тауарлы өндірістің қалыптасуының жалпы негізі қоғамдық еңбек бөлінісі, осымен б\ты өндірушілер әр қилы өнімдерді өндіруге маманданады. Екінші бір шарты, жекелей өндірушілердің бір бірінен экоеомикалық жағынан оқшаулануы нәт өз еңбектерінің өнімдеріне өздері ие болып рынокқа сатуға шығады. Тауар дегеніміз айырбастау ж\е сату, тұтыну .шін шығарылатын еңбек өнім Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына негізгі үш алғышарт қажет. Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдықеңбек бөлінісіб\ды. Алғашқы күрделі еңбек бөлінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде осы тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездетті. Екінші күрделі еңбек бөлінісі ауыл шаруашылығынан қолөнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі еңбек бөлінісі жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы. Осы көрсетілген күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі  қазіргі заманғы ауыл шарушылығы, өнеркәсіп, тасымал, құрылыс ж\е сауда салаларының негізі екені айқын. Бірақ өндіргіш күштердің алғашқы қауыммен салыстырғанда орасан зор дамығанын еске алсақ, қоғамдық еңбек бөлінісі, мамандандыру саласының  мыңдаған тармаққа бөлініп, кең етек жайғанын байқаймыз. Демек тауар өндірісінің экономикалық негізі қоғамдық еңбек бөлінісі. Ол болмаса тауар өндірісі де рынок те болмас еді. Тауар өндірісінің екінші шарты тауар өндірушінің жеке меншігң болуы. Басқа сөзбен айтқанда, тауар өндіруші өз мүлкін еркін сатуға, басқа жерге апарып өткізуіне ерікті болуы қажет. Меншік қатынасы негізінен бірнеше тарихи сатылардан өтті. Алғашқы адамзат қоғамына бегілі қауымдық, тайпалық меншік болды. Бұл меншіктің пайда болуы алғашқы қауымдағы адамдардың, табиғаттың дүлей күштеріне тәуелді болуынан, күн көрудің ауыртпалығынан туған қажеттілік. Өндіргіш күштердің дамуы, бірігіп еңбек атқару, құрал саймандарды жетілдіру, сол сияқты отпен пайдаланатын тағам пісіру, қорған, үй салу сияқты еңбекке бейімделу арқылы алғашқы қауымда өмір сүрген адамдардың күнделікті тұтынуынан артық қосымша өнімі пайда болды. Ал қосышша өнімнің болуын тауар айырбасының, рынок қатынасыныфң дамуына қажет үшінші алғы шарт деу керек. Тауар шаруашылығының пайда болуы және себептеріне қоғамдық еңбек бөлінісі, өндірушілердің экономикалық ерекшеленуі, өнімдерді өндірушілер мен тұтынушылардың рынок арқылы байланыс жасауы, тауарларды сату және сатып алу жатады. Еңбекбөлінісі алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған. Оның қарапайым түрі еңбектің жыныстық және жас мөлшері бойынша бөлінуі болды.ал мал шаруашылығы мен жерді игерудің басталуы алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Өндіріс құралдарының жетілдірілуі жеке дара шаруашылыққа өту мүмкіндіктерін ашты, сөйтіп бірлескен еңбек түрі біртіндеп жойыла бастады. Бұл арадан жалпы ортақ меншіктен жеке меншікке өту жағдайын айқын көруге болады.жеке меншіктің пайда болуы қоғамдық еңбек бөлінісімен және айырбастың дамуымен тығыз байланысты. Ең бірінші жеке меншікте мал, өндіріс құралдары болса, кейіннен жерде жеке меншікке айналды. Өндіргіш күштердің дамуымен қоғамдық еңбіктің де түрлері күрделене түсті, ол өз кезегінде еңбек бөлінісінің күрделенуі және маманданудың өсуінен көрінеді. Белгілі бір еңбек түріне машықтанған мамандану әрбір өндірушіге өз дағдылары мен білімдерін белгілі бір тауар өндірісінде үлкен пайдалалықпен қолдануға мүмкіндік береді. Адамдар бір бірлері үшін еңбек етеді, яғни ол белгілі бір қауым ішіндегі қоғамдық еңбек сипатына ие болады, яғни олардың еңбегінің өнімдері рынокта сатылуы үшін өндірушілер арасында өзара айырбасқа түседі, сөйтіп еңбек өнімдері тауар сипатына ие болады да қоғамда рыноктық экономика негізгі тауар шаруашылығы орныға бастайды. Негізінен тауар шаруашылығы құл иеленушілік, феодалдық кезеңдерде де орын алған, бірақ капитализмге дейін оның жалпыға бірдей сипаты болмаған. Тауар тауар өндірісінің қорытынды категориясы, оның «экономикалық клеткасы». Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі оны тауарға айналдыратынжаңа ерекше қасиеттерге ие болады. Бұл өнімнің бағалығы өндіріс үшін емес, басқа адамдар үшін болады басқаша айтсақ, бұл өнім қоғамдық қасиетке ие болады. Тауар болу үшін заттың тек басқалар үшін жасалуы, оның тауар болуына жетімсіз жаідай; осы зат басқаларға өткізілуі керек, оның орны эквиваленттік түрде өтелуі қажет. Басқа адамның қажеттігінқанағаттандвру үшін жасалған сыйлық тауар болмайды. Тауар дегеніміз еңбекпен жасалған қоғамдық бағалылықты иемденген жіне айырбасқа арналған заттар.

19. Экономикалық өнім формалары:  игілік, тауар, қызмет көрсетулер.

Өндіріс нәтижесінде  қоғамда өнім немесе игілік жасалынады. Жиынтық қоғамдық өнім - бүл белгілі  бір кезеңде (әдетте бір жыл ішінде) өндірістің барлық салаларында жасалынган игіліктердің жиынтығы. Жиынтық қогамдық өнім көптеген сала-лар мен кәсіпорындардың, қоғамдық еңбек беліпісі жүйесіидегі  күрделі өзара байланыстың нәтижесі.Қазіргі  қоғамның экономикалық өмірінде кэсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде  тауарға айналады. Оқулықтарда және ғылыми әдебиеттерде, адамзат қоғамының  тарихында қоғамдық өндірістің екі  ғана нысаны: натуралдық және тауарлы  ондіріс болған және солай қалып  отырады деген пікір терең  тамыр жайған.Қоғамдық өндірістің жалпыға  танылған нысанымен қатар, әдебиеттерде тікелей коғамдық өндіріс, сондай-ақ жос¬парлы шаруашылыктар туралы да айтылады. Натуралдық шаруашылық жеке тұтынуға қажетті өнімді өз колымен  жасау жағдайын сипаттайды. Натуралдык өндірістің айқын сипатына оныңбөлшек түрінесэйкес шаруашылықөмірдіңтүйықталуыжа-тады. Натуралдық шаруашылықты жүргізуде  өнім жеке адамның немесе көпшілік біріккен еңбегімен де өндіріле береді. Бірақ, дара еңбек тұйықталған шаруашылық шеңберінде, көбінесе, біріккен еңбектің бір бөлігін құрай отырып, қоғамдық еңбек бөлінісінің алғашқы табиғи мәйегіне негізделеді. Сөйтіп, бір-лескен еңбек дами отырып, өзгеріске ұшырайды, басқа жағдайға өтіп, шаруашылық жүргізудің жаңа түрінің пайда болуына себін  тигізеді. Натуралдық нысандағы еңбектің эр қилы түрлері және шаруашылык жүргізудің натуралдық типі бір үғым емес. Бірін-шісі, қандай болмасын өңдірістің табиғи элементі болып та-былады. Екіншісі болса  тарихи сипатқа ие, өйткені ол адамзат  дамуының белгілі бір кезеңінде  пайда болып, өзінің өрлеуінде басымдық жағдайға жетті, кейін, анағүрлым жетілген нысандарға орын беріп, қүлдырауға түсті. Натуралдық шаруашылықтағы бөлу, айырбас  пен тұтыну жеке жұмыскердің сіңірген еңбегіне байланысты емес.Тарихи тұрғыдан шаруашылық жүргізудің келесі дами түскен нысаны ретінде тауарлы өндіріс  пайда болды. Тауарлық қарым-қатынастың негізі ретіндегі қоғамдық еңбек  бөлінісінің дамуы процестеріндегі  байланыс айналым арқылы сату, сатып алу түрінде орнығып, өз ерекшеліктері бойынша оқшауланған өндірушілердің пайда болуына алып келді.

20. Тауар және оның қасиеттері. Тауар дегеніміз айырбастау ж\е сату, тұтыну .шін шығарылатын еңбек өнім. Ал ол тауардың айырбасталу немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан,май,сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса, құрал жабдықтар өндірістік талғамды қан. Олай болса, заттың екі қасиеті болады екен, заттың қандай да болсын адамның бір қажетін өтейтін қасиеті оны құқыну құны етеді, тауардың белгілі бір қажетті өтеу қасиетінің пайдалы да зиянды да болуы әбден мүмкін.тағы бір ескертетін жайт адамның бір қажетін өтейтін заттың бәрін біз ьауар деп атай аламыз. Мысалы, ауаны алайық. Адам баласының ең басты тіршілігін қамтамасыз ететін ауа екені белгілі.алайда ол тауар емес, өйткені ол адам еңбегінің жемісі емес, табиғаттың сыйы. Ал осы ауаның белгілі бір бөлігін оттегі жастығына жиыстырса, ол тауар бола алады. Өйткені оны ауадан бөліп алуда белгілі бір мөлшерде адам еңбегң жұмсалады. Оны сатып алуға, сатуға болады, сөйтіп оны адам қажетіне пайдаланады. Енді қандайда болмасын еңбек өнімі тауар бола алама деген сұрақтың қойылуы мүмкін. Мысалы, шаруалардың,қала тұрғындарының өз шаруашылығында, қосалқы шаруашылығында өсірген жеміс жидегі өз отбасының, яғни жеке талғамын өтеуге пайдаланды делік. Осы өнімдер әлі де болса ауар емес. Ол тауар болу үшін басқа бір қоғам мүшесінің қажетін қанағанттандыратындай айырбасқа түсу шарт. Сонымен, тауардың екі жақсы қасиеті бар: біріншіден, ол адамның қандай да болса бір тұтыну қажетін қанағаттандыратын зат; екіншіден, ол басқа бір затқа айырбасталатын зат; заттың пайдалылығы оны тұтыну құны етеді. Тқтыну құны тауардың пайдалылығы, адамның беггілі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті.ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді.тқтыні құнының ерекшеліктері: ол негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты; тұтыну құны сол заттың шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерінен байланыссыз; тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірісті қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Жоғарыда атап өтілгендей тұтыну құны бар затты әлі тауар дей алмаймыз. Ол үшін екінші бір қасиеті айырбас құны немесе басқаша құн болуы керек. айырбас құны ең алдымен сан арақатынасы түрінде көрәнедә. Мұнда біртектес тұтыну құндары екішші біртектес тұтыну құралдарына айырбасталады. Бұл арақатынас уақыты мен орнына қарай ылғи өзгеріп отырады. Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты.тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші жағынан, ол нақты түрінде көрінсе, екінші жағынан, абстракті еңбек түрінде көрінеді.алғашқы кезеңде айырбас өте кездейсоқ, жай түрде орын алды. Осыған орай құн да кездейсоқ, жай нысанда дамыды. Мысалы, бір қой бір қап кстыққа айырбасталды, яғни бір заттың құны екінші бір тауар арқылы анықталады. Айырбас процесі тауарлар дүниесінен ерекше тауар ақшаның бөлініп шығуына жеткізді. Құнның ақшалай нысанының пайда болуымен б\ты бүкіл тауарлы әлем екіге б\ді: тауарлар ж\е ақшалар.

21. Еңбек бағасының теориясы

Смит еңбек  құны (құндылық) теориясының қарапайым  қағидаларын мойындады, бірақ ол тек қарабайыр күйінде ғана, өндіріс  құрал-жабдығы ретінде түсінілетін  капиталдың еңбек үдерісінде болмашы  рөл атқаратын кезінде ғана тауар  айырбасын реттейді деп есептеді. Смит жүйесінде қоғам үш таптан —  капиталистерден, жалдамалы жұмысшылардан  және егіншілерден тұрады, мұнда ол егіншілердің, сондай-ақ өзі өнімсіз  еңбек өкілдері деп есептеген  халық топтарының, атап айтқанда, үй қызметшілері мен қоғамдық қызмет көрсету  саласы жұмыскерлерінің, мемл. басқару  қызметкерлерінің қоғамдағы рөліне сын көзбен қарады. Ол халық ш-н  объективті даму заңдарына бағынатын  жүйе деп есептеді, өндіріске қатысушылардың еркін бәсеке арқылы тиімді түрде  жүзеге асырылатын меншіктік мүддесі (бас пайдасы) ілгерілеудің ең басты қозғаушысы деп санады. Әдетте, бәсекені шектеу және монополия экон. өрлеуге, халықтың материалдық жағдайын жақсартуға (“халықтың байлығын” арттыруға) бөгет жасайды. Ол мемлекеттің экономика рөлін теріске шығармады, бірақ оны “ойын ережелерін” қадағалау міндеттерімен шектеуді ұсынды. Ол теориялық жүйе және мемлекеттік саясат ретіндегі меркантилизмді қатты сынға алды. Цмиттің ілімі Ұлыбританияда және басқа бірқатар мемлекеттерде капитализмнің даму қажеттеріне сай келетін ішкі және сыртқы экономикалық саясат ұстанымдарының қалыптасуында елеулі рөл атқарды. Ресейде ол басыбайлылық құқықты жою үшін дәйекті дәлел көздері ретінде пайдаланылды. Смит салық салудың, банк жүйесінің, сыртқы сауда саясатының ұтымды қағидаларын әзірлеуге де елеулі еңбек сіңірді.

Еңбек нарығында  бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін  иемденетін адамдар жатады. Бұларға  психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер  тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке  белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның  тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік  мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының  аман-есендігінің бағасы, құны болып  табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар  екенін естен шығармау қажет. Жалақы — еңбектің күрделілігіне, саны мен  сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс). Еңбекақы — қаржыландыру көзіне қарамастан , ақшалай немесе заттай түрде еңбекке  төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша  төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер. Бұлардың қатарына арнаулы  заңға сәйкес қызметкерлерге жұмыс  істемеген уақыты (жыл сайынғы  еңбек демалысы, мерекелік күндер, т.б.) үшін берілетін ақша сомасы да жатады.

Еңбекақыны  еңбегіне қарай төлеу жүйесі жеке және ұжымдық (бригадалық) болып бөлінеді.

Еңбекке ақы  төлеудің жеке жүйесінде ақы төлеу  әрбір жұмысшының жеке өндірген өніміне  қарай анықталады. Ұжымдық еңбек  ақы төлеу технология жағдайына  қарай, жұмысты бір адам атқаруға болмайтын уақытта немесе қызметкерлердің  өзара алмасып отыруын қамтамасыз ету үшін кәсіптерді кеңінен ұштастыру  қажет болған жағдайда қолданылады. Ұжымға (бригадаға) бұл жүйе бойынша  жалақы есептегенде ол ұжым (бригада) мүшелері арасында олардың разрядтары мен жұмыс жасаған уақытына қарай  бөлінеді.

22. Тауар бағасын құрудың альтернативті  құрылысы

Көптеген  сөздіктерде баға – тауар өлшемінің  ақшалай түріндегі құны деп түсіндіріледі. Баға- ақша соммасы.Осы үшін сатып  алушы тауарларды сатып алуға, ал өндіруші сатуға дайын деген ұғымды білдіреді. Нарықтық қатынастар жағдайында бағаның ролі кез – келген  коммерциялық ұйымдар үшін  кенет  артады.Мұндай жағдай  көптеген себептерге себепші болады.Бағаның деңгейіне  тәуелді болатындар:

1.Коммерциялық  ұйымдардың пайда мөлшері

2.Ұйымдардың  бәсеке жарамдылығы, оның өнімдері

3.Кәсіпорынның  қаржы тұрақтылығы

    Баға  өзінің макро – микро экономикалық  мағынасында обьекті фактормен  өндірістің белгілі бір шарттарымен  нарықта тауарларды өткізу жағдайымен  анықталады және мемлекеттің  экономикалық саясатын белгілейді.Баға  белгілеудің маңызды қызметі  барлық шығаратын шығындарды  жоба отырып пайда табу.

Нарықтық  экономикада тауарларда бағалар  үнемі ауытқып отырады. Тауардың нақтылы түрлері және нақтылы кезеңдері үшін бағаны өзерту бағыты әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен Қазақстан экономикасының жалпы дамуына және шаруашылық жүргізушінің әрбір субъектісінде баға ерекше рол атқарады. Осыдан барып баға құрылымы жөніндегі саясатының мәндері туындайды. Кәсіпорын шығаратын өнімнің бағасы оны анықтайтын пайдасының маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар тауарды ойдағыдай өткізудің жағдайына байланысты.

Нарық экономикасына  өтпелі кезеңде бағалар түрлері  және алуан түрлілігіне байланысты сыныпталады.Тауар айналымы саласының  қызмет көрсету бағасы бірінші немесе негізгі белгі бойынша сыныпталады. Баға негізгі түрлерге бөлінеді:

  1. Өнеркәсіп өнімінің көтерме бағасы.
  2. Құрылыс өнімінің бағасы.
  3. Ауылшаруашылық  көтерме сатып алу бағасы.
  4. Жүк және жолаушылар көлігінің тарифі.
  5. Бөлшек сауда бағасы.
  6. Тұрмыс  және коммуникациялық  қызметі көрсету трифі.
  7. Сыртқы сауда айналымының қызмет көрсету бағасы.

Өнеркәсіп өнімінің көтерме бағасы  фирмаларының және ұйым, өнеркәсіптің,  кәсіпорынның өнім сатып алу және өткізу бағасы екі  түрге бөлінеді:

  1. Кәсіпорынның көтерме бағасы(жіберу бағасы)
  2. Өнеркәсіптің көтерме бағасы

Кәсіпорыннығң көтерме бағасы өнім дайындаушы баға бойынша кәсіпорында көтерме  өткізу ұымдарға немесе басқа кәсіпорындарға шығарылған өнімді өткізеді.Негізгі  көтерме баға кәсіпорында жоспарлау, талдау және есептеу арқылы анықталады.Кәсіпорында  көтерме баға өзіндік құннан (өндіріс  және өткізу шығындары) пайда акциздер және ҚҚС – нан құралады.

Өнеркәсіптің  көтерме бағасы  кәсіпорындар мен  ұйымдар өнім бағасын жабдықтау, өткізу арқылы ұйымдарға төленеді.Алуан  түрлі өнеркәсіп көтерме бағасы тауар биржасының  бағасымен мәміле бағасымен құрылады.

23. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша  теориясы.

Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті.

Субъективті көзқарас кезінде ақша адмдар арасындағы саналы, тиімді келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі.

Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша –бұл жалпы эквивалент рөлі бекітілген, көптеген тауарлардың ішінен бөлініп шыққан тауарлы-ақша қатынастарының дамуының нәтижесі.

Осы теорияға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына байланысты. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болды, бір тауар тікелей екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте-бірте айырбас мөлшері қалыптасады.

Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестіріледі. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола бастады. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туады.

Бірте-бірте көптеген тауарлардың ішінен біреуі бөлініп шықты, мысалы, мүйізді ірі қара мал. Оған барлық тауарлар айырбасталды. Осы бір тауарда басқа тауарлардың құны белгіленеді. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ақшалық тауар. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.

Ақша – бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар.

Ақшаның осы  заманғы концепциялары ХҮІІ-ХҮІІІ  ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның  металдық, номиналдық және сандық теорияларына байланысты.

Бірақ, алдыңғы  теориялар жаңа жағдайға сәйкес басқа  формада дамиды. Егер бұрын негізгі  назар ақшаның пайда болуына, мәніне, құнының қалыптасуына бөлінсе, осы заманғы ақшаның теориялары сол концепциялардың рыноктық экономиканың дамуына қалай әсер етуін зерттеу  саласына көңіл бөледі.

Информация о работе Шпаргалка по "Экономикалық теории"