Шпаргалка по "Экономикалық теории"

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 22:30, шпаргалка

Описание работы

1.Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
Экономикалық теорияның пәні-адамдар мен әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы игіліктерді өңдіру, бөлу , айырбастау ж/е тұтыну процесстерімен байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастарды зерттеу. Нобель сыйлығының лауреаты П.Самуэльсон өзінің «Экономика» атты еңбегінде эк/қ теорияның зерттеу пәнін тұтыну және өндіру жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбас, ақшалай келісім-шарттардан туындайтын қызмет түрлерімен байланыстырады және эк/қ теорияның пәні өзгермейді, оны нақты деп айту қиын деген қорытынды жасайды.

Работа содержит 1 файл

Ekonom teoriya wpor.docx

— 187.43 Кб (Скачать)

14. Меншіктің объектілері мен субъектілері, экономикалық категориясы.

Меншік  – бұл зат емес, затқа байланысты адамдар арасындағы қатынсатар, яғни материалдық ж/е рухани игіліктер мен оларды өндіру жағдайларын пайдалану бойынша адамдар арасындағы қатынастар. Өндіріс жағдайларына н/е капиталға меншіктің болуы адамдарды еңбек етуге, эк қатынасқа түсуге мәжбүрлейді. Меншік қатынастары екі элементтен тұрады: субъект ж/е объект. Меншік субъектінің объектіге қатынасы ретінде көрінуі мүмкін, бірақ меншіктің эк қатынас екенін дұрыс сипаттау үшін сол объектіге байланысты басқа да субъектілердің болуы шарт. Адамдар арасындағы меншікке негізделген шаруашылық байланыстар құқық арқылы реттелетіндіктен, ол құқықтық қатыныасқа айналады, яғни бұл қатынасқа қатысушылардың заңды құқықтары мен міндеттемелері бар. Мұндай құқықтық нормалар меншік қатынастарын бекіте түседі ж/е қоғамдағы ресурстардың бөлінуін реттейді. Меншік құқығының субъектілері болып жеке азаматтар, ұйымдар, мемлекет ж/е жергілікті билік органдары табылады. Меншік объетісіне шаруашылық үшін қажет барлық игіліктер, оның ішінде жылжымайтын мүліктер, санаткерлік меншік адамның  ғылыми, өнер-шығармашылық туындылары: фирманың атауы, тауар белгісі жатады. Меншік объектілері әрқашан шектеулі. Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Меншік пен иемденудің ішкі заңдары бар(2): 1) өз еңбегінің өнімін иемдену, меншікте заңы, оған сәйкес иемдену заңы: еңбек – бастапқы иемдену әдісі; 2) бөтен біреудің еңбегінің өнімін меншіктеу заңы, оған сәйкес басқаның еңбегін иемдену заңы. Меншік субъектілері келесі түрлерге бөлінеді: 1) потенциалдық меншік иесі; 2) меншік иесі заттың тұтынушысы (иемденушісі); 3) толық меншік иесі.

15. Меншік құқығының экономикалық  теориясы. Меншік - адамның, кәсіпорынның немесе мемлекеттің пайдалынатын немесе иелік ететін заты. Экономикалық мағынасында, меншік, бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу айырбастау мен тұтыну қатынасын білдіреді.

Меншік бұл  зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Меншіктің  негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары, т.б. жатады.

Меншік иелері үш типке бөлінеді:

1.Потенциалдың (мұрагердің) меншік иесі. Бірақ,  бұл белгілі бір кәсіпорынды  немесе басқа да затты иемденгеннен  кейін ғана меншік иесіне айналады.

2.Меншік  иесі, заттаң тұтынушысы ( иемденуші). Мұнда иемденуші меншіктің толық  иесі бола алмайды. Себебі, мұндағы  заттың иесі басқа адам болып  табылады. Иемденуші келісімге сәйкес  өзіне түскен табыстың бір  бөлігін ғана иемдене алады.

3.Толық меншік  иесі. Мұнда заттың бағалылығының  және оны тұтынудың меншік  иесі, ол меншікті иелігінен шығарып,  оны басқа бір субъектіге беруге, өткізуге құқығы болады.

Меншік экономикалық категория ретінде жеке меншік болып  табылады. Жеке  меншік дегеніміз- белгілі бір мүлікке жеке адамныңиелік етуінайтамыз.

«Меншік»  белгілі бір затты жеке мүлік  ретінде адамның иеленуінен шыққан.

Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Экономикалық мағынасында  меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді  өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.

Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас.

Меншік қатынастары  меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Меншік иесі мүлкін уақытша пайдаланулары үшін басқа  адамдарға белгілі бір ақыға  беру шартын келтіруге болады. Біздіңше, иелену, пайдалану мен іске жарату – бұл толық меншік емес.

Тарихта меншіктің  әр түрлі типтері белгілі, олардың  ішінде ортақ, қауымдық және жеке меншік басты түрлері болып табылады.

Тарихи бастама  ортақ меншік болады, ол ортақ еңбек  пен оның нәтижелерін бірігіп  шешуге негізделеді. Кейіннен жеке меншік пайда болды. Ол еңбектік және еңбектік емес болып екіге бөлінеді.

Еңбектік  жеке меншік тұлғалары – жеке басты  шаруалар, қол өнершілер мен басқада  адамдар өз еңбектерімен өмір сүреді. Қазіргі Қазақстанда оларға жеке еңбегімен айналысатын фермерлер  мен адамдар жатады.

Жеке меншіктің  екінші түріне бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән.   Өндіріс  құралдарының негізгі бөлігі азғана адамдар қолында болған кезде, бұл  қоғамның қалған бөлігінің бұл игіліктерден шеттелуін білдіреді. Осы кезде  мүліктікт теңзіздік пен қоғамның әлеуметтік жіктелуі туады.

Иемденудің  үшінші түрі аралас меншік кезінде мүлік қатысушылардың ақшалай және басқа да жарнамаларының есебінен құралады.

Қазақстанда заңға сәйкес жеке, мемлекеттік және тағы басқа да меншік түрлері танылады.

Мемлекеттік меншік – бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, мймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.

Ұжымдық меншік – бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін орта иемденіп, пайдаланып және әске жарататын экономикалық қатыныстар жүйесі. Қазақстан Республикасында қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және тағы басқа меншіктер формалары жатады.

 Меншік  субъектісі ретінде – мемлекеті,  ұжымды, жеке тұлғаны, адамды қарастыруға  болады.

    Меншік  объектісі ретінде – жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет  заттары жатады.

     Басқаша айтсақ, меншік – бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену - әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «иемдену» түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік – анағұрлым абстрактілі ұғым, ал иемдену нақты ұғым болып табылады.

     Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарай жүзеге асады. Егер, өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке меншік айқын көрінеді. Егер, өндіріс топ мүддесіне қарай жүргізілсе, онда мәселе иеленуде. Егер, өндіріс қоғам мүддесін көздесе, онда қоғамдық иелену орын алады.

16. Меншік типтері мен формалары. Мешік адамдардың затқа жай қатынасы ғана емес. Меншік осы затпен байланысты адамдар арасындағы қатынас. Меншік, әдетте затпен б\ты, алайда күнделікті тұрмыстағы түсінігіміздегідей жай зат емес, осы заттарды иемденумен б\ты адамдар арасындағы қатынас. Меншіктің әр қилы тарихи типтерін анықтасақ: бір адамның екінші адамға күш көрсету жолымен қосылуы, ұүл иеленушілік ж\е көпшілік жағдайда феодалдық меншік типі; жұмыс күшін сатып алу, сату арқылы қосылуы, меншіктің капиталистік типі. Меншік экономикалық тұрғыда өндіріс пен еңбектің бөліну және кооперациялану деңгейлеріне байланысты бірнеше сатыларға бөлінеді. Ұйымдастырушылық-эконоикалық қатынастардың бұл түрлері өндірістің нақты дамуы сатысын көрсетеді. Мұндағы ең төменгі саты- жеке бір адамның шаруашылық жүргізуі. Аса жоғарғы саты адамдардың белгілі бір ұйымдарға бірігуі арқылы пайда болады. Өндірісті ұйымдастырудың бір сатысынан екінші сатысына өту техникалық прогреске және алынатын экономикалық пайдаға байланысты. Мысалы, өндіріс құралдарының жетілуі, технологияның дамуы және бәсекенің күшеюі капиталдардың орталықтануы мен шоғырлануы туындатады.

Меншік  типтері: а) өздеріне тиесілі мүліктерді меншік иелерінің жалпы мақсатта пайдалану деңгейі бойынша; б) жекелеген  еншілес меншік иелері арасында жалпы  меншікті еркін бөлу мүмкіндігі мен  мүмкін еместігі бойынша анықталады.

1.Жеке өзіндік  меншік- жеке азаматтардың мүлікті жеке басының табыс көзі ретінде пайдалануын білдіреді. Иемденудің бұл типі меншік иесінің экономикалық психологиясын қалыптастырады, яғни адамның шаруашылық тәсілі мен іс-әрекетінің белгілеріне әсер етеді. Жеке меншік иесінің келесідей психологиялық ерекшіліктері бар:

-Өз мүлкінен табыс  алуға материалдық тұрғыдан жеке  өзі мүдделі болады;

-Әдетте қоғамдық міндеттер  үшін еңбек пен мүліктік шығындардың  пайдасы жоқ деп есептейді;

-Өзінің жеке мүдделерін  жоғары қояды; 

-Жеке меншік иелері  «әркім өзі үшін» мәтелді жиі  ұсынады. 

Жеке иемденудің екі түрі бар:

а)адамның  өзінің еңбегіне негізделген меншік, мұнда меншік иесі мен жұмысшы  рөлін бір тұлға атқарады, сондықтан  өндірістің барлық нәтижесі жұмысшының меншігі болып табылады;

б)жалдамалы  еңбекке негізделген меншік, мұнда  жалдамалы жұмысшылардың еңбегі пайдаланылады, сондықтан меншік иесінің  алатын пайдасы жалақы мөлшеріне  кем болады;

2.Иемденудің  екінші түрі- жалпы үлестік меншік. Ол жеке өзіндік меншіктен өзгеше, бірақ ұқсастықтары бар.

Жалпы үлестік  меншіктің ерекше белгілері: а) жеке меншік иелерінің үлестерін біріктіру  негізінде құрылады; б) ол жалпы мақсатта, ортақ бақылау мен басқару  арқылы пайдаланылады; в) мүлікті ортақтасып пайдаланудың экономикалық нәтижелері ұжымдық шаруашылыққа қатысушылардың арасында әрқайсысының үлесіне қарай  бөлінеді.

Жалпы үлестік  меншікке қатысушылардың экономикалық-психологиялықерекшеліктері келесідей:

-Олардың  жеке дербес мүдделері ұжымдық  мүдделермен үйлеседі;

-Әрбір меншік  иесі ортақ мүліктегі өз үлесін  арттыруды көздкйді;

-Меншік иелері  кәсіпорынның тұрақты және табысты  болуы үшін мүдделі; 

-Әрбір қатысушы  өз әл-ауқатының жалпы табыстардың  көлеміне тәуелді екенін түсінеді;

-Жеке экономикалық  мүдделер ұжымдық меншік мүдделерімен  тығыз байланысты.

-Жалпы үлестік  меншіктің нақты нысандары суретте  көрсетілген.

     Шаруашылық серіктестік- жарғылық капиталы қатысушылардың үлестеріне бөлінген, пайда табу мақсатында әрекет ететін коммерциялық ұйым.

     Акционерлік қоғам- жарғылық капиталы акциялардың белгілі бір санына бөлінген коммерциялық ұйым.

    Өндірістік коорпоратив- бірігіп шаруашылық жүргізу үшін оның мүшелерінің мүліктік пайлық жанрларын біріктіру арқылы құрылатын азаматтардың ерікті бірігуі.

    Біріккен кәсіпорын- отандық және шетелдік әріптес кәсіпорындардың капитал салымдары негізінде құрылуы.

3.Жалпы ортақ меншіктің өзіндік ерекшеліктері: а) біртұтас ұжымға біріккен заңды және жеке тұлғалар өндіріс факторлары мен нәтижелерін ортақтасып пайдаланады; б) әрбір қатысушының мүліктік үлесі анықталмайды; в) меншіктен алынатын жалпы табыс қатысушылар арасында теңдей үлесте немесе әрқайсысының ұжымдық нәтижелерге қосқан еңбектік үлесіне байланысты бөлінеді; г) мүлікті пайдалану, басқару барлық қатысушылардың келісімі арқылы жүзеге асырылады.

Алғашқы қауымдық ортақ меншік- адамзат өміріндегі ортақтасып иемденудің алғашқы нысаны. Табиғатқа толық тәуелді болғандықтан, олар тек қауымдасып өмір сүрді.

Жалпы отбасылық меншік- отбасы мүшелерімен жинақталған мүліктер.

Мемлекеттік меншік- мемлекеттік меншік құқығына негізделген елдің барлық мүліктері. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей мемлекеттік меншік тиімді бола алады, өйткені оның қызметтерімен байланысты өзіндік артықшылықтры бар: макроэкономикалық реттеуге, елдің экономикалық даму стратегиясын қалыптастыруға, ұлттық экономика құрылымын оңтайлы етуге қабілетті.

Муниципалдық меншік- жергілікті өзін-өзі басқарушы органдардың меншік құқығының болуы. Муниципалды меншік объектілері: су құбыры және канализация желісі, газ шаруашылығы, электрмен жабдықтау, көлік, тұрғын үй және т.б.

Тарихқа меншіктің екі формасы мәлім: жалпы ж\е жеке меншік. Бұлардың бірінен  бірінің айырмашылықтары қоғамдастырудың  дәрежесі мен иеленудің сипаты, формалары  ж\ке әдістерімен айқындалады. Екеуінің түпкі мәні ортақ, сондықтан жалпы  меншік жеке меншіккеғ жеке жалпыға  айнала алады.

17.Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру процестерінің экономикалық мазмұны. Жалпы меншікті мемлекет иелігіне алу мен жекешелендіру рынокқа көшу барысында аса маңызды мәселе. Біріншіден, қазіргі күрделі де, қиын жағдайда қалыпты әлеуметтәк ахуалды жасауға еңбекшілерді әлеуметтік қорғауға, олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға мемлекеттің күші жетпей әлсіздік көретуде. Міне осындай жағдайда меншіктің бірқатар бөлігін ортақ мүдделерге сай пайдалана білетіндерге беру тиімді болары даусыз. Екінщіден, өндірісті дамыту, бағаның өсуін тоқтатып, өндіріс шығындарын кеміту, тек бәсеке механизмі әрекет еткенде ғана мүмкін б\ды. Мемлекетсіздендіру- экономикадағы мемлекеттің шамадан тыс рөлін төмендетуге бағытталған мемлекеттік меншікті қайта құру бойынша іс-шаралар жиынтығы. Мемлекетсіздендіру мемлекеттің экономика сферасынан толық кетуін білдірмейді, ол шарушылықты басқару қызметін кәсіпорын деңгейіне беруді, тікелей шаруашылық байланыстарды көлденең байланыстармен ауыстыруды сипаттайды.

Мемлекетсіздендіру  әртүрлі бағытта жүзеге асуы мүмкін:

1)Иемдену  процестерін мемлекетсіздендіру, әрбір  жұмысшы мен еңбек ұжымын иемденудің  теңдей қатысушысы ретінде тану, мемлекеттік монополияны жою; 

2)Шаруашылық  жүргізудің көптеген нысандарын  құру, барлығына тең құқықтар  беру;

3)Көлденең  байланыстарға негізделген жаңа  ұйымдық құрылымдары, кәсіпкерлік  қызметтерді құру.

Информация о работе Шпаргалка по "Экономикалық теории"