Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа
Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.
15 АПТА
1 КРЕДИТ САҒАТ
№2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Лексикалық тақырып: «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Грамматикалық тақырып: ЕТІСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІ. ЕСІМШЕ
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ
1993 жылы Қазақстан
Бағдарламаның пайда болуы уақыт талабына сай келді. 1994 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғанда, «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 700 стипендиат әлемнің 13 елінде білім алды.
Бағдарламаның көптеген түлектері мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, әртүрлі мемлекеттік және халықаралық жобаларда жұмыс істеп, мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосуда.
«Болашақ» бағдарламасын іске асырудың бастапқы кезеңінде (1994-1997 жылдар) 30 пайыздан астам стипендиат үлгерімдерінің төмен болуы салдарынан бағдарламадан шығып қалған немесе оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстанға оралмаған. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 наурыздағы № 3375 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясын тағайындау тәртібі туралы ереже әзірленген. 1994-1997 жылдары «Болашақ» стипендиясы негізінен қазақстандық жоғары оқу орындарының экономикалық және гуманитарлық факультеттерінің түлектеріне тағайындалған. 1994-2004 жылдары «Болашақ» халықаралық стипендиясының іске асырылуы кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі стипендия тағайындауға үміткерлерді іріктеу әдістемесінде тәжірибе жинақтаған. Осы жылдары Үміткерлерді іріктеу ережесі екі рет 1997 жылы және 2000 жылы өзгертілген. Енгізілген әрбір жаңашылдық алдыңғы жылдарда жинақталған тәжірибеге негізделген және қазақстандық қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді есепке алып, бағдарлама алдына жаңа міндеттер қойған.
2005 жылы Мемлекет басшысы өзінің
Қазақстан халқына жыл сайынғы
жолдауында жас және талантты
үш мың қазақстандыққа «Болашақ
2008 жылдан бастап ғылыми және
педагог қызметкерлерге ғылыми
тағылымдамадан өту мүмкіндігі
ұсынылған, сондай-ақ ауыл
Стипендиаттар санын арттыру қажеттігі уақыт талабы. Қазақстан қалыптасқан нарықтық экономика жағдайында білім және ғылым, менеджмент, маркетинг, логистика, жаңа ақпараттық технологиялар және т.б. саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау жолын таңдап алған.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:
2-тапсырма. «Болашақ»
бағдарламасы» сөз тіркесімен
тіркесетін сөздерді тауып
Үлгі: «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде, «Болашақ» бағдарламасының көптеген түлектері, «Болашақ» бағдарламасын іске асыру, ...
...
3-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Даналар сөзін жаттаңыз.
«Имарат салғанда адамның тұруына ыңғайлылығын әдемілікке ұштастыра білген сәулетші – мақтауға татитын сәулетші».
Д.Бернини
«Зергер ісімен танылады».
Лафонтен
«Жақсы хирургта қыранның көзі, арыстанның жүрегі, әйелдің қолы болуы қажет».
Рей
«Білім – қазына қоймасы, оның кілті – практика».
Томас Филлер
3-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. М.Әуезовтың өлеңін жаттаңыз.
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Мұхтар Әуезов
ЕСІМШЕ
Етістіктің ерекше бір түрі – есімше. Оның ерекшелігі – екі жақтылығында, яғни әрі есімдер, әрі етістік қызметінде жұмсалады. Есімше есімдерше көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Мысалы: «Ақыл – тозбайтын тон, таусылмайтын кен» (сын есім мағынасында жұмсалып тұр); «Білмегенің білгендеріңнен үйрен» (заттық мағынада жұмсалып тұр); «Көп біріксе ел болар, көп тілегі көл болар» (етістік мағынасында жұмсалып тұр).
Есімшенің жұрнақтары:
4-тапсырма. Мәтіннен
есімшелерді тауып, есім
Үлгі: құрылған болатын, қоса алғанда, шығып қалған, ...
5-тапсырма. М.Әуезовтың
өлеңінен есімшені тауып
15 АПТА
1 КРЕДИТ САҒАТ
№3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Лексикалық тақырып: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РЕФОРМАЛАР
Грамматикалық тақырып: ЕТІСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІ. КӨСЕМШЕ
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РЕФОРМАЛАР
Білім берудің мазмұнын жаңарту мен мамандар дайындаудың сапасын арттыру – заман талабы. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілгендей, қазақстандық білім жүйесін дамыту оның әлемдік білім кеңістігіне кезең-кезеңімен енуіне жеткіліксіз болып келген бұрынғы білім беру әдіснамасының құрылымы мен мазмұнын өзгертуді, жетілдіруді қажет етеді.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді саласындағы басты жаңалықтар мыналар:
Бұрын мамандар бір бағытта даярланса,
қазіргі уақытта олар жоғары оқу
орындарында мамандықтың
РһD бағдарламасы бойынша даярлау – әлемнің жетекші университеттеріндегі дипломнан кейінгі даярлаудың танымал және ең тиімді жүйесі. РһD бағдарламасы жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің сапасын арттыруға және ғылыми-педагогтардың методикалық, ғылыми-әдістемелік жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында енгізілмекші. РһD бағдарламалары оқу мен зерттеудің арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз етеді. Бұл докторлық бағдарлама шеңберінде ғылыми зерттеу жүргізумен қатар, міндетті оқу пәндерін меңгеруді білдіреді. Еліміздің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерінің академиялық бағыттылығына жағдай жасап, сондай-ақ, Қазақстанға шетел мамандарын шақыруға кең жол ашып, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының халықаралық аккредитация алуына жағдай жасалады.
РһD докторлық дәрежесін бекіту жүйесі орталықтандырылмайды, яғни «философия докторы» дәрежесін докторлық бағдарламаға сәйкес аккредитацияланған жоғары оқу орындары беретін болады. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім біртіндеп екі ғылыми атақ – «ғылым магистрі» және «философия докторы» дәрежесін беруді көздейді. «Философия докторы» дәрежесі бар, өзін ғылыми зерттеу жұмысына немесе оқытушы қызметіне арналған азаматтар ала алады. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің жоғары сатысы – докторлық бағдарлама курсын меңгеріп, «философия докторы»(РһD) ғылыми дәрежесін алу.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:
КӨСЕМШЕ
Көсемше – етістіктің негізгі бір түрі. Көсемшенің жұрнақтары:
Көсемшеге көптік, тәуелдік, септік жалғаулары қосылмайды.
Көсемшелер жеке-дара сөз есебінде қолданылмайды.