Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа
Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.
5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
6-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша берілген сөйлемдердің дұрыс, дұрыс еместігін анықтаңыз (дұрыс болса «+», дұрыс емес болса «-» белгісін қойыңыз).
Мәтіндегі сөйлемдер |
Дұрыс |
Дұрыс емес |
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 2000 жылдың 31 шілдесінде «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» Қаулы қабылдады. |
||
Бүгінгі таңда Астана – мемлекетіміздің саяси-экономикалық, мәдени орталығы. |
||
Астана зәулім ғимараттарымен, көркемдігімен барлық әлемнің назарын өзіне аударды. |
||
Бәйтерек дегеніміз – терек туысына тән ең аласа ағаш. |
||
1992 жылдың аяғына дейін Қазақстан
Республикасын дүниежүзінің 120-дан
астам мемлекеті Тәуелсіз |
||
Реттік сан есім заттың реттік, қатар санын білдіреді. |
||
Алтыншы сан есімі есептік сан есімге жатады. |
7-тапсырма. Қазақ тілінен орыс тіліне аударыңыз.
Бәйтерек дегеніміз, біріншіден, терек туысына тән ең биік ағаш – бәйтерек сияқты биік, ірі дегенді білдірсе, екіншіден, ауыспалы мағынасы – тірек, таяныш,сүйеніш дегенді білдіреді. Алтын шарлы жебенің ұзындығы – 97 метр. Бұл биіктік әу баста қаламыздың бүкіл Республика астанасы болған кезін паш етіп тұруы үшін таңдап алыныпты.
8-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша берілген сөйлемдердің аудармасымен сәйкестендіріңіз.
Қалада бұл тарихи датаны айғақтап тұрған ғажайып бір ғимарат бар. |
Это комплекс «Астана – Байтерек». |
Ол «Астана – Бәйтерек» кешені. |
Байтерек, во-первых, самое высокое Тополиное дерево. |
Бәйтерек – біріншіден, терек туысына тән ең биік ағаш. |
«Ускоренное развитие Астаны достойно войти в книгу рекордов Гиннеса». |
«Бәйтерек – ғажайып құбылыс.» |
В городе есть одно прекрасное здание, которое олицетворяет историческую дату. |
«Астананың даму қарқыны Гиннестің рекордтар кітабына енуге лайықты». |
«Байтерек – прекрасное явление». |
9-тапсырма. Мәтіннен барлық сан есімдерді тауып, сөзбен дәптеріңізге жазыңыз. Олардың қай топқа жататынын анықтаңыз.
10-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Өлеңді жаттаңыз.
ҚАНДАЙ КӨРКЕМ, АСТАНА!
Қандай көркем, Астана!
Астананың көрдің бе, әсем көркін,
Аралайды самал жел емін-еркін.
Астананы мекендеп, қадірлесең,
Айналайын, қазағым, өзің еркің.
Дем берген көңілге,
Астана – әніміз!
Ақ қайың – сәніміз.
Іңкәрміз өмірге
Өйткені бәріміз, бәріміз.
Астананың көрдің бе, әсем көркін,
Астанада менің де есіл-дертім.
Өнерлінің шынымен бағы жанып,
Шын жүректің кезі бұл көсілетін.
Астананың көрдің бе, әсем көркін,
Аймалайды жағаны күміс толқын.
Өз бақытын табады Астанадан,
Келер ұрпақ, жас буын толқын – толқын.
Жарасбай Нұрқан
Болжалдық сан есімдер заттар мен құбылыстардың санын дәл білдірмей, шамамен болжамдап, тұспалдап көрсетіп, қанша? неше? қай шамалы? қаншадай ? секілді сұрақтарға жауап береді.
Болжалдық сан есімдердің жұрнақтары -ЛАҒАН /-ЛЕГЕН, -ЛАП /-ЛЕП, -ДАП /-ДЕП
КӨПТІК + СЕПТІК ЖАЛҒАУ
ШАҚТЫ, АСТАМ, ЖУЫҚ, ТАМАН сөздері
Мысалы: Форумға жиырмадай мекеме қатысты. Мерекені тамашалауға алаңға жүздеген адам жиналды.
Бөлшектік сан есімдер заттар мен құбылыстардың бөлшектік санын, үлесін білдіреді. Бөлшектік сан есімдер есептік сан есімдерге жарты, жарым, ширек сөздерінің тіркесуі арқылы жалғасады.
Бөлшектік сан есімдердің жалғаулары: ЕСЕПТІК + ШЫҒЫС СЕПТІК
ЖАРТЫ, ЖАРЫМ, ШИРЕК сөздері
Мысалы: Қызметшілердің үштен бірі жаңа технологияны меңгермеген. Ескерткіштің биіктігі үш бүтін жүзден алпыс алты (3,66) метр.
14 АПТА
1 КРЕДИТ САҒАТ
№1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Лексикалық тақырып: «ЖЕТІ ЖАРҒЫ» – ДАЛА КОНСТИТУЦИЯСЫ
Грамматикалық тақырып: ЕСІМДІК ТҮРЛЕРІ. ЖІКТЕУ ЕСІМДІКТЕРІ. СІЛТЕУ ЕСІМДІКТЕРІ
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
ЖЕТІ ЖАРҒЫ
Жеті жарғы – Жеті жарғы XVII ғасырдың аяғы мен XVIІI ғасырдың басында қалыптасқан қазақ құқықтарының жиынтығы.
Өмірге әкелген – Тәуке хан мен оның билері. Мұны олар Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» деп атады.
Ол жарғыдағы негізгі баптар мыналар:
а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, қызы болмаса, қыздың қалың малын беруге тиіс;
ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі ат береді.
Тәуке хан (т.ж.б. – 1718 ж.) – ел аузында әз Тәуке атанып, Қазақ хандығына 1680–1718 жылдары билік құрған хан. Тәуке хан билік жүргізіп тұрған кезеңде мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты көптеген өзгерістер енгізілді. Тәуке хан мемлекеттік мәселелерді шешетін хан кеңесін құрды. Хан кеңесіне барлық қазақ руларының билері мен әскербасыларын тартты. Бұрынғы заңдарды жетілдіре отырып, «Жеті жарғы» деп аталған тарихи мәні зор жаңа заң жүйесін жасады. Бұл шараларды жүзеге асыруда Тәуке хан дала, ақсүйектерінің өкілі – билерге арқа сүйеді. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би тәрізді үш жүздің үш биіне басқару тұтқасын берді. Түрлі дау-дамайды шешуде билер сотының беделін көтерді. Түркістан қаласы осы Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы болып бекітілді. Көрші елдермен дипломатиялық қатынас орнатуда да Тәуке хан айтарлықтай табыстарға қол жеткізе алды. Орыс-қазақ қарым-қатынасын күшейту, бейбіт түрде түйінді мәселелерді шешу мақсатында 1686–1693 жылдары Сібірге бес рет елшілік жіберген. Ол Ташкент қаласын қазақ иелігіне қалдыруда да зор еңбек сіңірді және Сырдария бойындағы тағы 32 қаланы өзіне қаратып алды.
Қазақ заңнама тарихында Тәуке хан заңдары аса маңызды құжат болып табылады. Тәуке хан заңдарының басты ерекшелігі шариғат қағидасымен боялмай, халықтық сипаты басым көрініс табады. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп аталған бұрынғы заңдар толықтырылып, Тәуке хан тұсында «жер дауы, құн дауы» деген тараулар қосылып жасалған. «Жеті жарғы» заңы халық мойындаған билердің жүргізуіне тапсырылады.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:
3-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Өлеңді жаттаңыз.
ҚАЗАҚ ЖЕРІ
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Мұқағали Мақатаев
ЕСІМДІК ТҮРЛЕРІ
Есімдіктер есім сөздердің орнына қолданылады. Есімдіктер 7 топқа бөлінеді:
Жіктеу есімдіктері 8 сөзден тұрады, олар: жекеше мәндегі – МЕН, СЕН, СІЗ, ОЛ, көпше мәндегі – БІЗ, СЕНДЕР, СІЗДЕР, ОЛАР.
ЖІКТЕУ ЕСІМДІКТЕРІНІҢ СЕПТЕЛУІ
Жекеше түрі | ||||
Жақ |
I |
II |
II. Сыпайы түрі |
III |
Септіктер | ||||
|
Мен (ÿ) |
Сен (ты) |
Сіз (Вы) |
Ол (он, она, оно) |
|
Менің (мой, моя, мое, мои, у меня) |
Сенің (твой, твоя, твое, твои, у тебяы |
Сіздің (Ваш, Ваша, Ваше, Ваши, у Вас) |
Оның (его, ее, у него, у нее) |
|
Маған (мне, ко мне) |
Саған (тебе, к тебе) |
Сізге (Вам) |
Оған (ему, к нему, ей, к ней) |
|
Мені (меня) |
Сені (тебя) |
Сізді (Вас) |
Оны (его, ее) |
|
Менде (у меня) |
Сенде (у тебя) |
Сізде (у Вас) |
Онда (у него, у нее) |
|
Менен (от меня, у меня) |
Сенен (от тебя, у тебя) |
Сізден (от Вас, у Вас) |
Онан (от него, от нее, у него, у нее) |
|
Менімен (со мной) |
Сенімен (с тобой) |
Сізбен (с Вами) |
Онымен (с ним, с ней) |