Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа
Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.
Ең алғашқы университет пайда болған уақытта латын тілі ғылым мен іс қағаздарының тілі болатын. Студенттерді ол кезде школяр (латынша: scholaris – оқушы, латынша: schola – мектеп) деп атайтын. Бұл термин бүгінде мектеп оқушыларына қатысты қолданылады.
1941 ж. Лондонда, фашизмге қарсы күресетін студенттердің халықаралық жиналысында қарашаның 17-сі студенттер күні болып белгіленеді. 1939 ж. дәл осы күні Чехословакиядағы Студенттер одағының көптеген басшыларын неміс-фашист оккупациясы абақтыға салып, ату жазасына кеседі. Мыңдаған студенттер мен ұстаздар концлагерьлерге жіберіліп, ЖОО-ы жабылады.
Зерттеушілер қазіргі кездегі студенттердің келесі түрлерін бөліп қарастырады:
Бірінші топты шартты түрде «тұтынушылар» деп атауға болады. Бұл студент негізінде бизнес саласында жетістіктерге жетуді көздейді, бизнестің теориясы мен практикасын ұғу үшін, ұйымдастырушылық, басқарушылық қызметпен айналысу үшін жоғарғы білімді алады.
Екінші топ – «эмигранттар». Олар шетел тілін еркін меңгеру үшін, шет мемлекеттерде жұмыс істеу мүмкіндігін алу үшін оқу орнында оқиды. Оларға жаңа ортаға тез бейімделу және өмірлік оптимизм тән болып келеді.
Бұл екі түр үшін «традиционалист» қарама-қарсы болып келеді. Ол жақсы білімді, кәсіби дайындықты бағалайды және ол диплом алу үшін, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін білім алады.
Т.И Лисовский мынадай студенттер типологиясын ұсынады:
1. «Гармониялық». Өз мамандығын саналы түрде таңдайды. Өте жақсы оқиды, ғылыми және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Дамыған, мәдениетті, ашық, әдебиет пен өнерге қызығушылығы бар, спортпен шұғылданады.
2. «Кәсіби». Өз мамандығын саналы түрде таңдайды. Жақсы оқиды, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға сирек қатысады, себебі жоғарғы оқу орнынан кейінгі практикалық жұмыстарға бейімделген, қоғамдық жұмыстарға қатысады. Мұндай студенттер үшін ең бастысы – жақсы оқу.
3. «Академик». Мамандығын саналы түрде таңдайды. Тек «өте жақсыға» оқиды. Аспирантурада оқуға бейімделген. Өзге пәндерге зиян келтірсе де, көбінде ғылыми-зерттеушілік жұмыспен айналысады.
4. «Қоғамшыл». Оған қоғамдық жұмыстарға икемділік тән. Осының салдарынан оқуға және ғылыми жұмыстарға деген белсенділігі төмендейді. Дегенмен, ол өзінің мамандығын дұрыс таңдағанына толығымен сенімді. Әдебиетпен және өнермен шұғылданады.
5. «Өнер сүюші».Әдебиет пен өнерге жақын болғандықтан, ғылыми жұмыстарға аз қатысады. Бірақ, сабақты жақсы оқиды. Оған көркемдік қабілеттілік пен кең ой-өріс тән.
6. «Ынталы». Өз мамандығын саналы түрде таңдамайды. Бар күшін сала отырып, сабақты адал ниетпен оқиды. Ұжым адамдарымен аз араласады. Уақытының басым бөлігін оқуға жұмсағандықтан, өнермен және әдебиетпен аз шұғылданады, киноға, концертке, дискотекаға барғанды ұнатады.
7. «Орта деңгейлі». Сабақты артық күш жұмсамай мүмкіндігінше оқиды. Соны мақтан тұтады. Оның мақсаты: «Диплом алып, басқалардан кем жұмыс жасаймын». Мамандықты таңдауда көп ойланбайды. Оқуға түскен соң, аяғына дейін оқу керек деп пайымдайды.
8. «Түңілген». Өзі қабілетті болғанымен, таңдалған мамандығы ол үшін аз тартымды болып табылады. Оқуға түскен соң, аяғына дейін оқу керек деп пайымдайды. Жақсы оқуға тырысқанымен, оқудан ешқандай ырзашылық алмайды. Өнермен, спортпен шұғылдануға талпынады.
9. «Еріншек». «Аз күш жұмсау» мақсатында нашар оқиды. Дегенмен өзін толығымен мақтан етеді. Болашақтағы кәсібіне жауапкершілікпен қарамайды. Ғылыми-зертеушілік жұмыстарға және қоғамдық өмірге қатыспайды.
10. «Өнерпаз». Оған кез-келген жұмысты шығармашылық жолмен шешу тән – оқуға да, қоғамдық жұмыстарға да қатысады. Ұқыптылықты, жинақтылықты, бас көтермей істейтін жұмысты жаны сүймейді. Сондықтан да, «Маған бұл қызық емес» немесе «Маған бұл қызық» принципы бойынша дұрыс оқымайды. Ғылыми-зерттеушілік жұмыстармен айналыса отырып, түрлі мәселелерді шешудің бірқилы жолдарын іздейді.
11. «Ұлы». Мәртебелі факультеттерде сәтті оқиды, қарапайым студенттерге жоғарыдан қарайды. Компанияда басшы болалы.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:
ТУЫНДЫ СЫН ЕСІМДЕР ЖАСАЙТЫН НЕГІЗГІ ЖҰРНАҚТАР
Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар |
Етістіктерден сын есім тудыратын жұрнақтар |
Мысалы |
1. -лы /-лі, -ды /-ді, ты /-ті 2. -сыз /-сіз 3. ғы /-гі, -қы /-кі 4. лық /-лік, -дық /-дік, -тық /-тік 5. -шыл /-шіл 6. -шаң /-шең 7. -дай /-дей, -тай /-тей 8. -кер /-гер, -қой, -қор, -паз (-ымпаз /-імпаз) 9. -и, -ы, -і |
1. -ғақ /-гек, -қақ /-кек, -ақ /-ек 2. -ық /-ік, -қ, -к 3. ғыш /-гіш, -қыш /-кіш 4. ғыр /-гір, -қыр /-кір 5. -шақ /-шек 6. ыңқы /-іңкі, -ңқы /-ңкі 7. ынды /-інді, -нды /-нді 8. малы /-мелі, -балы /-белі, -палы /-пелі 9. ымды /-імді, -мды /-мді 10. -аған, -еген 11. -улы /-улі 12. ма /-ме, -ба /-бе, -па /-пе |
өркениет-ті жабыс-қақ бұлт-сыз жаб-ық жаз-ғы сен-гіш жыл-дық тап-қыр ұйқы-шыл мақтан-шақ ашу-шаң көтер-іңкі тары-дай жатта-нды сәң-қой жағым-паз таңда-малы, үр-мелі тарих-и, қазақ-ы сен-імді, сүз-еген бүкте-улі, жаб-улы қыз-ба адам |
2-тапсырма. Оқыңыз,
түсініңіз. Шешендік сөзді
Досбол би қартайған шағында ауылдас бір қария:
Жерден ауыр не?
Судан терең не?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не? –
деп, сұрапты. Сонда досбол басын көтеріп алыпты да:
Жерден ауыр – ақыл, білім.
Судан терең – оқу, ғылым.
Оттан ыстық – ғашықтық.
Көктен биік – тәкаппарлық, –
деп, жауап берген екен.
3-тапсырма. Мәтіннен туынды сын есімдерді тауып жазыңыз. Қай сөз табынан жасалғанын анықтаңыз.
Үлгі: ұйымдастырушылық – зат есімнен -лық жұрнағы арқылы жасалған, ...
13 АПТА
1 КРЕДИТ САҒАТ
№1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Лексикалық тақырып: ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТАНАЛАРЫ. ОРЫНБОР. ҚЫЗЫЛОРДА
Грамматикалық тақырып: САН ЕСІМНІҢ ТҮРЛЕРІ. ЕСЕПТІК, РЕТТІК САН ЕСІМДЕРІ
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
ОРЫНБОР
Кеңес дәуіріндегі Қазақстан
Орынбор – тұңғыш астана. 1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылды. Орынбор бас қала болып жарияланды. Орынбор өлкесі ол кезде қазақ жерінің құрамдас бір бөлігі саналатын.
1731 жылы Әбілқайыр хан Ресейге
қарау туралы ант берген. Сөйтіп,
Орынбор бекінісі Ресейдің
Орынборда А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Б.Қаратаев, М.Дулатов, М.Шоқаев және т.б. қазақ зиялылары жұмыс істеп, еңбектер жазған.
ҚЫЗЫЛОРДА
1925 жылы наурыз айында
Ол кезде Сыр бойының табиғаты өте бай еді. Басқа елдер мен халықтарға Сыр десе, тоқшылық пен молшылық елестейтін. Аз ғана уақыттың ішінде қалаға бүкіл қазақ жерінен қазақтың оқыған азаматтары, ақындар, әншілер жиналды. Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Сұлтанбек Қожанов, Ахмет Байтұрсынов осы Сыр өңірінде еңбек етті.
Қалада тұңғыш музыка театры ашылды.
Онда Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов,
Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер
тарландары өзінің талантымен танылды.
Бұрынғы қазақ музыкалық
МӘТІНДЕРМЕН ЖҰМЫС:
САН ЕСІМ
Сан есімнің негізгі қызметі – заттық ұғымдар мен құбылыстарды сандық жағынан анықтау. Сан есімдер қолданылу ерекшелігіне қарай бір тобы зат есіммен тіркесіп, оны анықтап, есебін, ретін, мөлшерін білдірсе, біразы жинақтылық ұғымды, бөлшектік үлесті, шамалық, болжалдық мағыналарды білдіреді. Осындай мағыналық ерекшелігіне қарай сан есім алты топқа бөлінеді. Олар:
Есептік сан есім Реттік сан есім
Жинақтық сан есім Топтық сан есім
Болжалдық сан есім Бөлшектік сан есім
Есептік сан есім заттың нақты санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Бөлімге бес компьютер берілді. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Реттік сан есім заттың саналу ретін, орын тәртібін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімнің жұрнақтары: -ЫНШЫ /-ІНШІ, -НШЫ /-НШІ Мысалы: Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық.
2-тапсырма. Мына сан есімдерді жазбаша түрде сан есімнің реттік түрлеріне түрлендіріңіз.