Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа
Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:
2-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Даналар сөзін жаттаңыз.
«Мұғалімдік мамандық – бұл адам тану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады».
В.А.Сухомлинский
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады».
К.Д.Ушинский
«Егер
мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне
деген сүйіспеншілікті
К.Д.Ушинский
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де ақмақшылық ...».
Абай Құнанбаев
«Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық».
Төле би
СЫН ЕСІМ
Сын есім заттың сынын білдіріп, ҚАНДАЙ? ҚАЙ? ҚАЙСЫ? деген сұрақтарға жауап береді. Сын есім қатыстық, сапалық болып бөлінеді. Сапалық сын есім түбір сын есімнен жасалады. Мысалы: жаңа көпір. Қатыстық сын есім басқа сөз табынан жасалады. Мысалы: ұлттық саясат.
3-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі сын есімдерді тауып, қатыстық және сапалық түрлеріне ажыратып жазыңыз.
Ассамблея – шын мәнісінде мемлекет пен халық, әсіресе әртүрлі ұлт адамдары арасындағы алтын көпір болып табылады. Біздің еліміз онда тұратын халықтардың өзінің көкейтесті армандары мен тілектерін толық дамыту үшін осындай мүмкіндіктерге ие болатындығын ешқашан білген емес. Менің ойымша, мемлекет пен халық арасындағы өзара қарым-қатынаста сол алтын арқау табылған сияқты. Ол ортақ тіл табуға мүмкіндік береді және саяси ортада болып жатқан заманалық үрдістерді жете түсінуді қамтамасыз етеді.
4-тапсырма. Мәтіннен
барлық сын есімдерді тауып
жазыңыз. Ішінен қатыстық және
сапалық сын есімдерді
Үлгі: әйгілі – қатыстық с.е.
ортағасырлық – қатыстық с.е.,
12 АПТА
1 КРЕДИТ САҒАТ
№2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Лексикалық тақырып: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Грамматикалық тақырып: СЫН ЕСІМ ШЫРАЙЛАРЫ
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
Қазіргі кезде Қазақстан
Академия Батыс Қазақстанның белді оқу орындарымен, сондай-ақ Ресей Федерациясының бірнеше оқу орындары: Экономика, гуманитарлық ғылымдар, басқару және құқық Шығыс институты (Уфа қаласы); Самара мемлекеттік университеті; Самара педагогика университеті; Самара экономикалық академиясымен тәжірибе алмасу іс-шараларын жүргізуде. Академия студенттерге төмендегідей жағдай жасайды:
БҚГА-ның студенттер белсенді және көңілді. Дәріс және семинар сабақтардың күрделілігіне қарамастан студенттер қоғамдық жұмыстарға белсене араласады: «Жасыл ел» республикалық акциясына, Қазақстан жастар Альянсы форумына қатысады. «Дәуір» жастар қоғамдық бірлестігінде, «Белсенді студенттер орталығында» жұмыс істеп, Қазақстан халықтары тілдерінің декадасын жүргізуге ат салысады.
Академия мынадай мамандықтар бойынша білім алуды ұсынады:
050203 тарих
050117 қазақ тілі және әдебиеті
050101 мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу
050102 педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі
050103 педагогика және психология
050503 психология
050108 дене шынықтыру және спорт
050119 шет тілі: екі шет тілі
050509 қаржы
050115 экономика және құқық негіздері
050111 информатика
Оқу орнын бітірушілер білім беру жүйесінде, өнеркәсіптерде, әр саладағы кәсіпорындарда жемісті қызмет көрсетуде.
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясында оқу-үмітіңіздің ақталғандығы, болашағыңыздың айқындығы, сеніміздің – кепілдігі.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:
2-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Даналар сөзін жаттаңыз.
«Білім мен құдіреттілік – екеуі бір нәрсе».
Бэкон
«Ұстазынан асып түсуге талаптанбаған шәкірт – шәлдірік».
Леонардо да Винчи
«Мұрасыз ғалым – миуасыз ағаш».
Сағди
«Білім мақсат емес, құрал».
Л.Н.Толстой
Сын есімнің шырайлары:
Жай шырай түбір күйінде келеді. Мысалы: қызыл, ақ, үлкен. биік.
Салыстырмалы жай шырайға дау, деу, тау, теу, лау, леу, -ғылт, -гілт, -рақ, -рек, -ырақ, -ірек, -шыл, -шіл, -қай, -ғыш, -ілдір жұрнақтары жалғанған кезде заттардың сыны бір-бірімен салыстырыла көрсетіледі. Мысалы: қызғылт, көкшіл, ақтау.
Күшейтпелі шырай қос сөз түрінде келіп, екінші сыңардағы мағынасыз буын күшейіп тұрады. Мысалы: қып-қызыл., қап-қара
Асырмалы шырай: тым қызыл, ең биік.
12 АПТА
1 КРЕДИТ САҒАТ
№3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Лексикалық тақырып: УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ
Грамматикалық тақырып: СЫН ЕСІМІҢ ЖАСАЛУЫ
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Студент (латынша: studens – бір нәрсеге ұмтылушы, бір нәрсеге қызығушы) – жоғары оқу орынында оқитын адам.