Прибыль как целевая функция фирмы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа

Описание работы

Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 2.86 Мб (Скачать)

Алты, бес, он үш, жеті жүз, елу, жиырма екі, алпыс.

Реттік

алтыншы

       

 

3-тапсырма. Мәтіннен сан есімдерді тауып, сөзбен жазбаша түрде жазыңыз.

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • ант беру – дать клятву
  • бекініс – укрепление
  • ғимарат – здание, сооружение
  • елестеу – представлять
  • зиялы – интеллигент
  • қоғам қайраткері – общественный деятель
  • құрамдас бөлік – составная часть
  • молшылық – изобилие
  • өлке – край
  • өңір – окрестность
  • тоқшылық – сытость, достаток

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004 ж.
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007 ж. – 116 б.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Орынбор қаласы» тақырыбы бойынша баяндама жасау.
  1. «Қызылорда қаласы» тақырыбы бойынша баяндама жасау.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Реттік және есептік сан есімдер бар 5 мақал-мәтелді жазып алу.
  1. Жаңа сөздерді жаттау.

 

13 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТАНАЛАРЫ. АЛМАТЫ

Грамматикалық тақырып: САН ЕСІМ ТҮРЛЕРІ. ЖИНАҚТЫҚ, ТОПТЫҚ САН ЕСІМДЕРІ

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

АЛМАТЫ

1929 жылы Қазақстан  астанасы Қызылордадан Алматыға  көшіп келді. Басын қар басқан Алатаудың етегіне орналасқан табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін Алматы қаласы Қазақстан Республикасының орталығы болуға лайық еді.

Алматы –  көне қала. Археологтардың айтуы бойынша  бұдан екі мың жыл бұрын  да қала болған. Ежелгі заманның өзінде-ақ Алматы деп аталған.

1854 жылы Кіші  Алматы өзенінің бойында іргетасы  қаланған. Сол кезде ол әскери бекініс болатын. Алматыға «Верный» («сенімді» деген мағынада) деген ат берілді.

1921 жылы қалаға  ежелгі Алматы берілді. 1929 жылы  Алматы Қазақстанның астанасы болды. Сол жылы Алматыға алғашқы пойыз келді.

Республика  тәуелсіздігінің белгісі – Алтын  адамның биік бағана үстіне орнатылған мүсіні алыстан көз тартады.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

  1. Мәтін оқып, орыс тіліне аударыңыз.
  2. Жаңа сөздерді сөздікпен аударыңыз.
  3. Мәтінді пікірлесімге айналдырып, бір-біріңізбен сөйлесіңіз.

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

САН ЕСІМ

Жинақтық сан есім заттың жинақталған сандық мөлшерін білдіріп нешеу? деген сұраққа жауап береді. Қазақ тілінде жинақтық сан есімнің барлығы жетеу. Олар: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.

Жинақтық сан есімнің жұрнақтары: -АУ/-ЕУ. Мысалы: Құжаттардың жетеуі тазартылды.

 

Топтық сан есімдер заттар мен құбылыстардың санын топтап көрсетіп, қаншадан? нешеден? деген сұрақтарға жауап береді.

Топтық сан есімдердің жұрнақтары: -НАН /-НЕН, -ДАН /-ДЕН, -ТАН /-ТЕН шығыс септік жалғаулары. Мысалы: Әр бөлімде екі-үштен адам бар. Жүзден біреу шешен, Мыңнан біреу көсем.

 

2-тапсырма. Мына сан есімдерді жазбаша түрде сан есімнің топтық, топтық түрлеріне түрлендіріңіз.

Алты, сексен, сегіз, мың, екі жүз, тоқсан, жетпіс.

Топтық:

алтыншы

       

Жинақтық.

алтыдан

       

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • Алатаудың етегі – подножие Алатау
  • бағана – столб, колонна
  • ежелгі – старинный
  • әскери бекініс – военная крепость
  • іргетасы – фундамент
  • көне – древний
  • лайық – соответствует
  • мүсін – фигура
  • сирек – редко

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Абдульманов А. «Кел, қазақша сөйлесейік». – Орал, 2005 ж.
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі»учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка. 1995 ж.
  2. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  3. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004 ж.
  4. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. Қазақ тілі: – Алматы, 1999 ж.
  5. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.
  7. Сабыр М., «Қазақ тілі». – Алматы, 2002 ж.
  8. Сариев К. «Қазақ тілі». – Алматы: «Білім», 2001 ж.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Алматының көрікті жерлері» тақырыбына шығарма жазу.
  1. «Медео мұз айдыны» тақырыбына баяндама жасау.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Топтық және жинақтық сан есімдер бар мақал-мәтелдерді жазып алу.
  1. Жаңа сөздерді жаттау.

 

13 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТАНАЛАРЫ. АСТАНА

Грамматикалық тақырып: САН ЕСІМДЕР. БОЛЖАЛДЫҚ, БӨЛШЕКТІК САН ЕСІМДЕРІ

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

АСТАНАНЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ

Қазақстан Республикасы – Еуразия  құрлығының орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Елдің астанасы – Астана қаласы. Астана қаласы Қазақстанның солтүстігінде. Ол киелі Сарыарқа даласының төсінде, көшпелілердің ежелгі өркениеті осында бастау алған.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы  Кеңесі 1994 жылдың 6 шілдесінде «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» Қаулы қабылдады. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстанның астанасы Ақмола қаласына көшірілді.

1998 жылдың 6 мамырында Ақмола қаласының  атауы Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлығымен Астана  деп өзгертілді. Қазіргі күні астанада құрылыс жұмысы қарқынды жүргізілуде, сәулетті де зәулім ғимараттар күн сайын көптеп бой көтеруде.

1992 жылдың аяғына дейін Қазақстан  Республикасын дүниежүзінің 120-дан  астам мемлекеті Тәуелсіз мемлекет  деп таныды. 70 ел елшілік қатынас орнатты. Алматыда 19 елдің мәмлегерлік өкілдігі жұмыс істеп жатыр.

Бүгінгі таңда Астана – мемлекетіміздің  саяси-экономикалық, мәдени орталығы. Астана зәулім ғимараттарымен, көркемдігімен барлық әлемнің назарын өзіне аударды.

1997 жылы Астана қаласының елордалық мәртебеге ие болғандығы қазақстандықтардың мәңгі жадында. Қалада бұл тарихи датаны айғақтап тұрған ғажайып бір ғимарат бар. Ол – «Астана – Бәйтерек» кешені.

Бүгінгі таңда Астана Қазақстанның қазіргі және болашақтағы жолын  айқындайтын мемлекеттік маңызды шешімдер қабылданатын ақ ордаға айналып отыр. 2004 жылы Астанада дүниежүзінің түрлі конфессия өкілдерінің қатысуымен өткен әлем діндері мен дәстүрлі ұлттық діндер съезі бас қаланың халықаралық қауымдастық алдындағы беделін тағы да аспандатты. Африка мен Азия, Таяу Шығыс және Орта Шығыс, Америка, Канада, Жапония, Қытай және Еуропа елдерінен ең беделді дін өкілдерінің Астанаға келуі еліміздің бейбітшілік бесігінде тербеліп отырғанын көрсетті. ЮНЕСКО-ның 1999 жылғы 16 шілдедегі шешімімен Астанаға «Бейбітшілік қаласы» атағы берілді. Астанада «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі, «Жас қанат» халықаралық байқауы, қазақ фольклоры фестивальдары өткізіледі.

Елбасының сөзіне сүйенсек, «Жаңа  Астана – ежелгі қазақ жерінің  төрі. Жаңа астана – тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны».

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

  1. Мәтін оқып, орыс тіліне аударыңыз.
  2. Жаңа сөздерді сөздікпен аударыңыз.
  3. Мәтінді пікірлесімге айналдырып, бір-біріңізбен сөйлесіңіз.

 

  • СҰХБАТТАСАЙЫҚ!

2-тапсырма. Сұхбатты  оқыңыз, меңгеріңіз.

Ермек:

  • Сәлеметсің бе, Еркебұлан! Қазақстанның жүрегі, елордамыз Астана қаласына қош келдің! Қазір біз Астананың көрікті жерлерін аралап, серуен жасаймыз.

Еркебұлан:

  • Ермек, мен Астанаға бірінші келуім. Сондықтан қаланы аралап, ондағы зәулім ғимараттарды көргім келеді. Теледидардан көріп, тамсанып отырамыз. Енді өз көзіммен көргім келеді. Мүмкін болса, маған қаладағы соңғы салынған сәулет өнері туралы айтып берсеңіз.

Ермек:

  • О, не дегенің, достым! Мен бүгін әдейі уақытымды саған арнадым. Астана қаласында қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Әсіресе, Есілдің сол жағалауында әкімшілік ғимараты, министірліктер үйі, Бәйтерек монументі т.б. құрылыс нысандары бар.

Еркебұлан:

  • Иә, иә, соның ішіндегі маған ең қызықтысы – Бәйтерек монументі. Сол жайлы не айта аласыз? Оның мәнісі қандай?

Ермек:

  • Бұл – елордамыздың символы. Бәйтерек, біріншіден, ең биік ағаш, екіншіден, тірек, таяныш дегенді білдіреді.

Еркебұлан:

  • Оның ұшар басындағы алтын шар нені білдіреді?

Ермек:

  • Бәйтерек – ғажайып құбылыс. Оның ұшар басындағы алтын шар – қазақ елінің ертеңгі бақытын елестетіп тұрғандай.

Еркебұлан:

  • Сізге қызықты әңгімеңіз үшін рақмет айтамын.

Ермек:

  • Тағы келіңіз Астанаға. Астана қаласының әрбір ғимараты – бөлек бір әңгіме. Тыңдар құлақ болса, айтуға біз дайынбыз. Еліміздің ордасы туралы әңгімеміз таусылмасын!

 

3-тапсырма. Сөздерді мағыналық жағынан сәйкес келетін тиісті сөздермен тіркестіріп, сөз тіркестерін жазыңыз, ал керек емес сөздерді өшіріп тастаңыз.

зәулім

үй, көше, ай

жоспар

жасау, салынды, өткізу

мекемені, құрылысты

жоспарлау

жаңа, орасан, асқар

ғимарат

мемлекеттік, кіші

мәртебе

әлем, кешен, жоғары

назарын аудару

салтанатты

құжат, жиналыс, жоба

мәмлегерлік

кездесу, шешім, халық 

мерекелік, шетелдік

өкілдік


4-тапсырма. Берілген сөз мен сөз тіркестерінің дұрыс жазылуына назар аударыңыз. Жатқа жазыңыз.

Елорда, зәулім үй, құрылысты жоспарлау, көркем ғимарат, Астанаға назар аударады, салтанатты мәжіліс, таңдай қағу, мәмлегерлік  қарым-қатынас, паш ету, ұлттар өкілдігі, тамсану, ХХІ ғасыр өркениеті, серуендеу, Америка елшілігі ғимараты, тарихи дата, орасан зор, мәртебе, құрылыстың жаңартылуы.

Информация о работе Прибыль как целевая функция фирмы