Прибыль как целевая функция фирмы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа

Описание работы

Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 2.86 Мб (Скачать)

 

Көпше түрі

Жақ

I

II

II. Сыпайы түрі

III

Септіктер

  1. Атау

Біз (мы)

Сендер (вы)

Сіздер (Вы)

Олар (они)

  1. Ілік

Біздің (наш, наша, наше, наши, у нас)

Сендердің (ваши, у вас)

Сіздердің (Ваши, у Вас)

Олардың (их, у них)

  1. Барыс

Бізге (нам, к нам)

Сендерге (вам, к вам)

Сіздерге (Вам, к Вам)

Оларға (им, к ним)

  1. Табыс

Бізді (нас)

Сендерді (вас)

Сіздерді (Вас)

Оларды (их)

5. Жатыс 

Бізде (у нас)

Сендерге (у вас)

Сіздерде (у Вас)

Оларда (у них)

6. Шығыс

Бізден (от нас, у нас)

Сендерден (от вас, у вас)

Сіздерден (от Вас)

Олардан (у них, от них)

7. Көмектес

Бізбен (с нами)

Сендермен (с вами)

Сіздермен (с Вами)

Олармен (с ними)


Нұсқау, сілтеу мәнін білдіріп, қай? қайсы? сұраққа жауап беретін есімдіктер сілтеу есімдіктері деп аталады.

Сітеу есімдіктері  мыналар: бұл, ол, сол, осы, ана, мына, әне, міне, анау, мынау, сонау (тонау), осынау. Мысалы: Бұл үй кімдікі? Осы адамды мен танимын.Ол келді. Мына заман – бизнестің заманы.

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • айып төлеу – платить штраф
  • ақ некені бұзу – расторжение брака, развод
  • ақсүйек – аристократ
  • беделін көтеру – поднимать авторитет
  • бүлік – смута, мятеж, бунт
  • дүбірлеу – производить грохот; шуметь, греметь
  • дүрілдеу – сильно гудеть, издавать сильный гул; шуметь, греметь
  • елшілік – посольство
  • жазықсыз – безвинный, невиновный
  • жиынтық – сумма, совокупность, свод
  • жүзеге асыру – осуществлять
  • заңнама – законодательство
  • зинақорлық – прелюбодеяние, блуд, распутство
  • киелі – святой
  • қол жеткізу – добиться
  • көрініс табу – получить отражение
  • көтеріліс – восстание
  • құн – цена, стоимость
  • мертік – получить увечье, калечиться
  • мойындау – признавать
  • мүдде – интерес
  • мүлік – имущество
  • опасыздық – измена, предательство, вероломство, неверность
  • орнату – установить
  • өлім жазасы – смертный приговор
  • өпкен – целовать, лобзать
  • сәйгүлік – красивая лошадь, предназначенная для празднеств
  • тағзым жасау – поклон перед старшими
  • толықтыру – дополнить
  • топырақ – земля
  • шара – мера
  • шариғат – шариат (свод законов о правилах поведения и обязанностях мусульманина)

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Абдульманов А. «Кел, қазақша сөйлесейік». – Орал, 2005 ж.
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі»учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка. 1995 ж.
  2. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  3. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004 ж.
  4. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. Қазақ тілі: – Алматы, 1999 ж.
  5. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.
  7. Сабыр М., «Қазақ тілі». – Алматы, 2002 ж.
  8. Сариев К. «Қазақ тілі». – Алматы: «Білім», 2001 ж.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Еңбек, білім алу, денсаулық сақтау құқығы туралы сұхбат жасау.
  1. Мұқағали Мақатаевтің өлеңін жаттау. 

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Жеті жарғы» – дала конституциясы туралы реферат жазу.
  1. «Жіктеу, сілтеу есімдіктері» грамматикалық тақырыбын меңгеру.

 

4 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ

Грамматикалық тақырып: ЕСІМДІК ТҮРЛЕРІ

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  КОНСТИТУЦИЯСЫ 

Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Республикалық референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік билiктiң қайнар көзi – өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, халық билiгiн жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.

ҚР Конституциясы барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi.

ҚР Конституциясының кiрiспесiнде  Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз». Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеологиялық тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемлекеттік бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демократиялық негiздерiнiң мызғымастығын бекiту. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ).

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

    1. Мәтін оқып, орыс тіліне аударыңыз.
    2. Жаңа сөздерді сөздікпен аударыңыз.
    3. Мәтінді пікірлесімге айналдырып, бір-біріңізбен сөйлесіңіз.

 

  • ДАНАЛАР СӨЗІ

2-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз М.Әуезовтың өлеңін жаттаңыз.

«Дүниеде, тарихта ер елден артық ел бар ма?! Ер жолымен  өткен елдердің тарихынан сұлу тарих  бар ма?! Елін «ел екен» дегізіп  өткен ұлдарға өлім бар ма, сірә да?! Елдің белін көтеретін ер ұл туған аталық пен аналық қандай бақытты! Ер серігі болған жар жарастық қандай сұлу! Қорлық өмірге көнгенше, қадырлы өлім таңдармын дейтін жас жалын қандай биік мағыналы!»  

М.Әуезов.

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

ЕСІМДІК ТҮРЛЕРІ

Сұрау есімдіктері – сұрау мағыналы сөздер. Олар: кім? не? қай? қандай? қанша? қалай? неше? нешінші? нешеу? қайсы? қайдан? қайда? қашаннан? қашанғы?

Өздік есімдігіне жалғыз ӨЗ сөзі жатады, бірақ ол тәуелдік жалғауымен түрленіп, бірнеше сөз ретінде, бірнеше сөздің қызметін атқарады. Мысалы: мен өзім, сен өзің, сіз өзіңіз, ол өзі. Өзім келдім. Өзің келдің. Өзіңіз келдіңіз. Өзі келді.

 

3-тапсырма. Мәтіннен  ӨЗ есімдігі бар сөйлемдерді  тауып, дәптеріңізге жазыңыз.

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • азаматтық қоғам – гражданское общество
  • байырғы қазақ жерi – исконно казахская земля
  • бап – статья
  • баянды ету – закрепить что-л.
  • билiк – власть
  • демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет – демократическое, правовое и социальное государство
  • жариялану – быть обнародованным, оглашенным, объявленным
  • заңдық күшi бар – имеющий законную силу
  • кіріспе – введение
  • қағида – правило
  • құқық – право
  • құрылым – структура
  • лайықты орын – достойное место
  • тарихи жауапкершiлiк – историческая ответственность
  • тармақ – пункт
  • тармақша – подпункт
  • теңдiк – равенство
  • тұжырымдалу – быть подытоженным

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Абдульманов А. «Кел, қазақша сөйлесейік». – Орал, 2005 ж.
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі»учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка. 1995 ж.
  2. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  3. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004 ж.
  4. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. Қазақ тілі: – Алматы, 1999 ж.
  5. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.
  7. Сабыр М., «Қазақ тілі». – Алматы, 2002 ж.
  8. Сариев К. «Қазақ тілі». – Алматы: «Білім», 2001 ж.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Қазақстан Республикасының Конституциясы» тақырыбы бойынша сұхбат құрастыру.
  1. М.Әуезовтың сөзің жаттау.
  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Жаңа сөздерді жаттау.
  2. «Жіктеу, сілтеу есімдіктері» грамматикалық тақырыбын меңгеру.

 

14 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: АДАМ ЖӘНЕ ЗАҢ

Грамматикалық тақырып: ЕСІМДІК ТҮРЛЕРІ

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

ҰЛТТЫҚ САЯСАТ

Ассамблея – шын мәнісінде, мемлекет пен халық, әсіресе әртүрлі ұлт  адамдары арасындағы алтын көпір  болып табылады. Біздің еліміз онда тұратын халықтардың өзінің ең көкейкесті армандары мен тілектерін толық дамыту үшін осындай мүмкіндіктерге ие болатындығын ешқашан білген емес.

Ассамблеяның басты рөлі, ең алдымен, біздің көпұлтты елімізде бейбітшілік  пен келісімділікті қолдау болып  табылады. Біз бір ұлттың екінші ұлтқа, бір мәдениеттің екінші мәдениетке түбегейлі араласып кетуіне қарсымыз. Сондықтан біз мемлекеттік ұлттық саясат туралы айтқанда халықтар арасындағы бейбітшілік пен тұрақтылық қарым-қатынастарды дамытуды ғана емес, сонымен бірге ұлттық мәдениеттерді сақтауды да көздейміз.

Менің ойымша, мемлекет пен халық  арасындағы өзара қарым-қатынаста  сол алтын арқау табылған сияқты. Ол ортақ тіл табуға мүмкіндік  береді және саяси ортада болып жатқан заманалық үрдістерді жете түсінуді қамтамасыз етеді.

Н.Ә.Назарбаев 

 

2-тапсырма. Берілген сөз мен сөз тіркестерінің дұрыс жазылуына назар аударыңыз. Жатқа жазыңыз.

Халықтар. Достық. Келісім. Бірлік. Қарым-қатынас. Өкіл. Игілік. Бір-біріне. Саясат. Ерекшелік. Көзқарас. Қуаныш. Адалдық. Сенімділік. Өзара. Ұлттар. Тұрақтылық. Мәдениет. Маңызды. Келісім. Бейбітшілік. Мүмкіндік.

 

3-тапсырма. Қазақ тілінен орыс тіліне аударыңыз.

Біз бір ұлттың екінші ұлтқа, бір  мәдениеттің екінші мәдениетке түбегейлі араласып кетуіне қарсымыз. Сондықтан біз мемлекеттік ұлттық саясат туралы айтқанда халықтар арасындағы бейбітшілік пен тұрақтылық қарым-қатынастарды дамытуды ғана емес, сонымен бірге ұлттық мәдениеттерді сақтауды да көздейміз. Менің ойымша, мемлекет пен халық арасындағы өзара қарым-қатынаста сол алтын арқау табылған сияқты.

 

4-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша берілген сөйлемдердің аудармасымен сәйкестендіріңіз.

Информация о работе Прибыль как целевая функция фирмы