Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа
Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.
Ассамблеяның басты рөлі, ең алдымен, біздің көпұлтты елімізде бейбітшілік пен келісімділікті қолдау болып табылады. |
Ассамблея, в самом деле является золотым мостом между государством и народом, в особенности, между людьми разных национальностей. |
Біздің еліміз онда тұратын халықтардың өзінің ең көкейтесті армандары мен тілектерін толық дамыту үшін осындай мүмкіндіктерге ие болатындығын ешқашан білген емес. |
Наша страна никогда не знала, что может иметь возможности для полного развития и исполнения своей сокровенной мечты и желаний. |
Ассамблея – шын мәнісінде мемлекет пен халық, әсіресе, әртүрлі ұлттар адамдары арасындағы алтын көпір болып табылады. |
Главной ролью Ассамблеи является поддержка мира и согласия в нашей многонациональной стране. |
5-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.
6-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша берілген сөйлемдердің дұрыс, дұрыс еместігін анықтаңыз (дұрыс болса «+», дұрыс емес болса «-» белгісін қойыңыз).
Мәтіндегі сөйлемдер |
Дұрыс |
Дұрыс емес |
Біз бір ұлттың екінші ұлтқа, бір мәдениеттің екінші мәдениетке түбегейлі араласып кетуіне қарсы емеспіз. |
||
Біздің еліміз онда тұратын халықтардың өзінің ең көкейтесті армандары мен тілектерін толық дамыту үшін осындай мүмкіндіктерге ие болатындығын ешқашан білген емес. |
||
Ассамблеяның басты рөлі, ең алдымен, біздің көпұлтты елімізде бейбітшілік пен келісімділікті қолдау болып табылады. |
7-тапсырма. Оқыңыз,
түсініңіз. Конфуцийдың дана
«Өте шыншыл бол, үйренгенді сүйе біл, өлімге дейін берік болып, жақсарған үстіне жақсара түс. Егер елге қауіп төніп тұрса, онда барма, ал бүлік шықса, онда тұрақтап қалма. Егер адамдар дұрыс жолмен жүрсе, әрқашан елдің көз алдында бол, ал жолдары дұрыс болмаса-жасырынып қал. Егер елде дұрыс бағыт болса, жарлы да елеусіз болудан қысыл, ал бағыты дұрыс болса, әйгілі де дәулетті болудан қысыл».
Конфуций
«Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады».
Расул Ғамзатов
ЕСІМДІК ТҮРЛЕРІ
Жалпылау есімдіктері деп заттар мен құбылыстарды жинақтай көрсететін жалпы мағыналы сөздер аталады. Олар: бар, барлық, бүкіл, күллі, тама, бәрі, барша, баршасы, түгел.
Белгісіздік есімдіктері деп заттар мен құбылыстардың, олардың сан, сапа, белгілерін, мекен, мезгілін анық айтпай, көмескі, белгісіз мәнде білдіретін сөздер аталады. Белгісіздік есімдіктері мыналар: бір, біреу, кей, әлде, пәлен, бірдеңе, бірнеше, кейбір, әлдекім, әлдене, әлденеше, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдебір, әркім, әрқайсысы, әрбір, бірдеме, әлдеқайдан.
Болымсыз мағынада қолданылатын есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі деп аталады. Олар: ешкім, ештеңе, ештеме, ешнәрсе, ешбір, ешбіреу, ешқашан, ешқайсысы, ешқандай, дәнеңе, дәнеме, бір де бір. Мысалы: Бір де бір адам естімеген. Ешкімге айтпа. Ештемеңді жоғалтпа. Ешкім келмеді. Үйде ешкім жоқ.
8-тапсырмаМәтіннен
жалпылау, белгісіздік, болымсыздық
есімдіктеі бар сөйлемдерді
15 АПТА
1 КРЕДИТ САҒАТ
№1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Лексикалық тақырып: КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯ
Грамматикалық тақырып: ҚИМЫЛ ЕСІМІ
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
ОҚЫТУДЫҢ КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯ ЖҮЙЕСІ
Қазақстан Республикасы 1997 жылы Лиссабонда Еуропа қауымдастығы мен ЮНЕСКО жоғары білім туралы Конвенциясына қосылды.
Қазіргі таңда Қазақстан жоғары
мектебінің алдында бүкіл дүниежүзілік
білім кеңістігіне кіруі
1999 жылғы Болон декларациясынан бастап, бүкіл Еуропа елдерінде оқу, білім беру үрдісін нарық қатынастарына бейімдеп, бір жүйеге келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Оқытудың кредиттік жүйесі – білім берудің бейсызықтық (нелинейный) жаңа технологиясы. Бұл жүйе – білімгерге өз бетінше, шығармашылық негізде, білім алуды өз жағдайына бейімдеп, оқуға мүмкіндік беретін технология. Бұл жүйенің дәстүрлі жүйеден айырмашылығы – мемлекеттік стандарт талаптарына сай жоғары деңгейдегі кәсіптік білімді білімгер өз белсенділігі арқылы меңгереді. «Кредит» термині білім алушы білім еңбегінің өлшемі. «Кредиттік сағат» деп оқу процесі кезінде аудиторияда өтілетін сабақ және білімгердің өзіндік жұмыстарына (БӨЖ) жұмсалатын уақыттардың қосындысына тең шаманы атайды.
Білім беру саласына оқытудың кредиттік
технология жүйесін алғаш рет 1869
жылы Алирикодағы Гарвард
Халықаралық жоғары білім саласында кредиттік оқытудың төрт түрлі моделі қолданылуда. Олар:
1. Еуропалық жүйе – ЕSTS (European Credit Transfer system) ;
2. Американдық – USCS;
3. Британдық – CATS;
4. Азия мемлекеттерінде және тынық мұхиты кеңістігіндегі жүйе – UCTS;
Ал Қазақстанда қазіргі білім беру саласында Еуропалық – ЕSTS және Американдық – USCS кредит жүйелерінің элементтерін пайдалана отырып, Ұлттық моделін жасауда.
Қазақстан Республикасының білім
беру жүйесінің кредиттік
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:
2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
3-тапсырма. Оқыңыз,
түсініңіз. Мақал-мәтелдерді
Адам ғалам үшін.
Бір айтса да, нық айтар.
Ақымақ үйретуге құмар.
ҚИМЫЛ ЕСІМІ
Қимыл есімі (кейде тұйық етістік, қимыл атауы) тек қана қимылды атайды, басқа қимыл туралы ешбір мағлұмат бермейді. Қимыл есімі рай, шақ, модальдық категориялардың көрсеткіштерін, жіктік жалғауын қабылдамайды, олармен түрленбейді. Сондай-ақ қимыл атау есімше, көсемше жұрнақтарын да қабылдамайды.
Қимыл есімінің ерекшелігі: есімдерше көптеледі, тәуелденеді, септеледі. Мысалы:
Қимыл есімі етістіктің түбіріне –у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бару, келу, айту, жазу, қызмет ету, көмек көрсету және т.б.
4-тапсырма. Мәтіннен
тұйық етістіктерді тауып,
Үлгі: кіруі (тәуелдік жалғау ІІІ жақ), қарастыру, ...
5-тапсырма. Мәтіндегі түбір етістіктерді алып, олардан тұйық етістік жасаңыз.
Үлгі: қосыл – қосылу, меңгер – меңгеру ...
6-тапсырма. Мақал-мәтелдерден тұйық етістіктерді тауып, оларға талдау жасаңыз.