Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 10:47, курсовая работа
Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қоғамдардың дамуы. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып – сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қоғамдар акционерлерді басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қоғамдардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Акционерлік қоғамдардың мәні және түрлері...........................................4-8
1.2 Акционерлік қоғамдардың экономикадағы маңыздылығы.....................8-12
2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
2.1 Акционерлік қоғамның экономикалық тиімділін талдау.....................13-19
2.2 ҚР экономикасындағы акционерлік қоғамдардың қызметін жетілдіру мәселелері.........................................................................................................20-23
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................
2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ
2.1 Акционерлік қоғамның экономикалық тиімділігін талдау
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау
мен талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенді-лікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланған-дығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Яғни, кәсіпорынның нарықтық белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
бір акцияға түскен табыс (пайда);
акцияның құндылығы;
бір акцияның баланстық құны;
акцияны котировкалау – бағалау коэффициенті;
бір акцияның табыстылығы;
дивиденттерді төлеу коэффициенті (төленген дивиденттер үлесі, дивиденттік шығу);
тұрақты өсу коэффициенті;
капиталдандыру коэффициенті;
Бұл көрсеткіштерді талдау қор биржасында тіркелген және сонда
өздерінің құнды қағаздарын бағалайтын компанияларда орындалады. Талдау тікелей қаржы есебі бойынша ғана орындала салмайды, оған қосымша ақпарат керек. Біздің елімізде құнды қағаздар бойынша терминология әлі қалыптасып болмағандықтан, келтірілген көрсеткіштер атауы шартты болып табылады. [ ]
Акцияға түскен табыс. Инвестор акцияны сатып алғанда, әрқашан дивидент түрінде алатын болашақ табысты бағдарға алады. Өйткені, компанияның табысы дивиденттер төлеудің негізгі көзі болып табылатындықтан және келешекте акцияның рыноктық құнын көтеруге бизнес болғандықтан, инвесторлар әрқашан акцияға табыстылық коэффициентіне құзығушылық білдіреді. Ол таза табыстан айрықша акциялар бойынша дивиденттерді алған соңғы қалдықтың, шығарылған және қолдағы әдеттегі (кәдімгі) акциялардың жалпы санына қатынасы ретінде формуламен есептелінеді:
ДЧА = ДЧ – ДВПР.А./ АО
Мұндағы: ДЧА – бір акцияға түскен түскен таза табыс;
ДЧ – таза табыс;
ДВПР.А. – айрықша акциялар бойынша дивиденттер;
АО – айналымдағы әдеттегі (кәдімгі) акциялар саны.
Бір акцияға түскен табыс, айналымдағы әдеттегі әрбір акцияға таза табыстың қанша үлесі тиетінін көрсетеді (айрықша акциялар бойынша төленген дивиденттерді алып тастағанда). Айналымдағы акциялар жалпы шығарылған әдеттегі акциялар мен меншікті портфельдегі акциялар саны арасындағы айырмамен есептеледі.
Акцияға түскен табыс – бұл сол бойынша төленетін жыл сайынға табыс. Осы көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігін жанама түрде сипаттайды, бірақ қаржылық стратегияның үлкен ықпалында болады,өйткені кәсіпорынның өз табысын өндіріске қосымша қайтадан инвестициялау (реинвестиция) қажеттігі, акция бойынша төленетін табыс мөлшерінің азаюына әкеліп соқтырады. Акцияға табыстың нақты шамасы басқа көрсеткіштен – үлестіру нормасынан тәуелдің, ал соңғысы дивидент түрінде төленген табыс сомасын барлық таза табысқа бөлу жолымен есептелінеді.
Айта кету керек, дамыған нарықтық экономика жағдайында бір акцияға түскен табыс, компанияның бір акциясының нарықтық бағасына әсер ететін ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады, ол өкілетті статистикалық зерттеулермен дәлелденген.
Оның аналитикалық тұрғыда негізгі кемшілігі – әр түрлі компаниялардың акцияларының нарықтық құнының бірдей еместігі салдарынан оларды кеңістікте салыстыруға келмейтіндігі болып табылады.
Акциялардың құндылығы. Ол акцияның нарықтық бағасын акцияға түскен табысқа бөлгендегі бөлінді ретінде формуламен есептелінеді.
Мұндағы: Ц А – акцияның құндылығы;
РЦ – акцияның нарықтық бағасы;
Д АЧ – бір акцияға түскен таза табыс.
Акцияның нарықтық бағасы бағасы мен бір акцияға түскен табыстың арақатынасы компания мен оның акционерлері арасындағы қатынасын көрсетеді.
Акцияның нарықтық бағасы мен акцияға түскен табыс шамасы арасындағы өзара байланысты әдетте «баға – табысы» коэффициенті деп атайды. Бұл көрсеткішті акционерлер мен мүмкін инвесторлар компанияның акцияның құндылық бағалылығын бағалау үшін жалпы басшылыққа алады. Ол аталған компанияның акциясына деген сұраныстың индикаторы ретінде қызмет етеді, өйткені, акционерлер мен инвесторлар компания акциясының таза табысының бір ақша бірлігіне қанша ақша бірлігін төлеуге келісетіндігін көрсетеді.
Бұл көрсеткіштің динамикасында салыстырмалы түрде жоғары өсуі, басқа фирмаларға қарағанда аталған фирманың табысының жылдамырақ өсуін инвесторлар күтулі екенін көрсетеді. Бұл көрсеткішті кеңістік (шаруашылықаралық) салыстыруларда пайдалануға болады. Өсуге жеткілікті мүмкіншілігі мол фирмалар әдетте «баға – табыстың» жоғары коэффициентіне ие және керісінше.
Инвестор жоғары табыс алу мақсатымен ақшасын бір компанияға жиі сала береді. Кейбір акционерлер мен инвесторлар бүкіл алынған табысты, компания өзінде, операцияларды кеңейту мақсатымен қалдыруына мүдделі. Осындай тәсіл қолданатын компаниялардың акцияларының нарықтық құны тұрақты тез өседі, оларды сатса үлкен табыс келтіруі мүмкін. Бірақ бұл операция қор нарығында болатын кездейсоқтыққа байланысты қауіпті.
Басқа инвесторлар кепілді табыс көзін табуға ынталы. Сондықтан олар үшін тұрақты дивидент төлеп тұратын акциялар қызығушылық тудырады. Алайда акционерлер мен инвесторлардың екі тобы үшін де дивиденттік табыстылық пен дивиденттік төлеу коэффициенттерінің маңызы зор.
Бір акцияның баланстық құны кәсіпорынның бухгалтерлік есеп пен есеп беру мәліметтеріне сәйкес бір әдеттегі акцияға келетін таза активтерінің (меншікті капиталдың) құнын көрсетеді. Бұл көрсетіш былайша есептелінеді:
БС.А.= СА.К. – СП.А./ АО
Мұндағы: БС.А. – акциялардың баланстық құны;
С А.К. – акционерлік капиталдың құны;
С П.А. – айрықша акциялардың құны;
А О – айналымдағы әдеттегі акциялар саны.
Акцияны бағалау коэффициенті – акцияның нарықтық бағасының оның баланстық құнына (есептеу бағасы) қатынасымен формула бойынша есептеледі:
КК.А. = РЦ / БС.А.
Мұндағы: К К.А. - акцияны бағалау коэффициенті;
Р Ц – бір акцияның нарықтық бағасы;
Б С.А. - бір акцияның баланстық құны.
Бағалау коэффициенті мағынасының бірден артық болуы, потенциалды (мүмкін) акционерлер акцияны алуға, сол уақытқа нақты капиталдың бухгалтерлік бағалауынан артық бағаға сатып алуға дайын екенін білдіреді.
Акцияның есептеу (баланстық) бағасы көрсетілген (номиналдық) құнның (яғни акционерлік капиталда есептелгендей акцияның бланкісінде қойылған құны), эмиссиялық табыс үлесінің (сату кезіндегі акцияның нарықтық бағасы мен көрсетілген құны арасындағы жиналған айырмасы) және фирманың дамуына салынған және жинақталған табыс үлесінің қосындысынан тұрады.
Акцияның нарықтық бағасы – бұл оның қазіргі сату және сатып бағасы. Ол сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы әсерімен қалыптасады, тек экономикалық себептерге ғана тәуелді емес және саяси – психологиялық, алып сатарлық сияқты көптеген жағдайларға да байланысты.
Акцияның нарықтық бағасының көрсетілгеннен айырмашылығы, ол капиталдандырылған табысты есепке алады. Акцияны сату дивидент алу құқығын сату болып табылатындықтан, қор биржасындағы оның нарықтық құндылығы капиталдандырылған дивидентті көрсетеді. Сондықтан ол акция бойынша табыстылыққа тура пропорционалды (акция әкелген дивидентпен мөлшеріне) және несиелік капиталдың (депозит бойынша төленетін пайыздың) пайыздық мөлшерлемесіне кері пропорционалды болады.
АКЦИЯ КУРСЫ = ДИВИДЕНТТЕР / НЕСИЕЛІК ПАЙЫЗ * 100
Несиелік пайыз есебінен (есептелген пайыздың орташа мөлшерлемесі) салым бойынша жоғары дәрежедегі кепілдікпен төлей алуға болатын мөлшерлеменің пайызы қабылданады. Ал несиелік пайыз ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің коммерциялық банктерге қаржы ресурстарын сатудың есептік мөлшерлемесін алып қарауға болады.
Акцияның табыстылығы – табыстылықты ағымдағы және жиынтық деп бөледі. Ағымдағы табыстылық дегеніміз ең алдымен акция иесінің қолына тиетін дивиденттер. Бұл коэффициент дивиденттік табыс немесе дивидент нормасы деп аталып, былайша есептелінеді.
НД = ДВА / РЦ.А.
Мұндағы: НД – дивиденттің іс жүзіндегі нақты нормасы,
Д АВ- бір акцияға түскен дивидент;
Р Ц.А. – бір акцияның нарықтық бағасы.
Басқа сәйкес компаниялармен салыстырғанда акцияның табыстылық коэффициентін талдаумен қатар, төленетін дивидент сомасы акцияның көрсетілген құнына қатынасын көрсететін, дивиденттің нақтылы (хабарланған) нормасымен салыстырғандағы дивидент нормасының деңгейін бағалау маңызды. Сондықтан жоғарыда келтірілген дивиденттік табыс көрсеткішін дивиденттің нақты нормасы деп атауға болады.
Акцияның табыстылығы курстық айырманы есепке ала отырып та есептелінуі мүмкін, оны акция иесі акцияны сатқанда сала алады. Бұл жағдайда акцияның табыстылығы акцияны иеленген кезеңде алынған дивиддент сомасын бір акцияға бөлгенде және акцияны сатып алу бағасы (РПЦ.А.) мен оның сатылу бағасының (РПРЦ.А.) арасындағы (табыс пен шығын) айырмашылықты акцияның сатып алу бағасына бөле отырып анықталады.
ДА = ДВА +(РПРЦ.А. – РПЦ.А.) / РПЦ.А.
Мұнда: ДВА – бір акцияға түскен дивидент;
РПЦ.А. – акцияның сатып алу бағасы,
РПРЦ.А. – акцияның сатылу бағасы.
Акцияның табыстылығы жоғары болған сайын, ол инвестор болуы мүмкін кісілерді солғұрлым қызықтырады. Дамыған нарықтық экономикалы елдерде акциялардың табыстылығы туралы мәліметтерді қор биржасында тіркелген сарапшылардың аналитикалық шолуларынан алуға болады. Мүдделі акция ұстаушы ретінде, мамандарға бұл ақпарат қаржы нарығында қандай бағыт ұстану қажеттігін көрсетеді. Төленетін дивиденттер үлесі немесе дивиденттерді төлеу көрсеткіші (48) компанияның таза табысының дивидент түрінде төленуге тиісті бөлігін сипаттайды. Әрбір кәсіпорында бұл көрсеткіштің өз мағынасы болады. Әдетте жас және тез өсіп келе жатқан кәсіпорындарда бұл көрсеткіштің шамасы өте төмен және кейде нөлге жақын болады. Акционерлер фирманың өсуінің болашағымен қанағаттанып, іс жүзінде ұзақ мерзімді инвестицияларды қаржыландырады. Қазіргі кәсіпорындар акционерлерді өзіне тұрақты жоғары (50%-ға дейін) дивиденттер төлеу арқылы тартуға тырысады.
Бұл көрсеткіш дивиденттің бір әдеттегі (жай) акцияға және бір жай акцияға түскен табысқа қатынасымен формула бойынша есептеледі:
КД.В. = ДВА / ДЧА
Мұндағы: КД.В. – дивиденттерді төлеу коэффициенті;
ДВА – бір акцияға түскен дивидент;
ДЧА – бір акцияға түскен таза табыс.
Аталған коэффициентті талдаудың бір ерекшелігі оның «жақсы» немесе «жаман» деңгейінің болмайтындығы. Бұл жерде ең жалпы критерий, ол 1-ден (бірден) аспауы керек. Егер осы шарт сақталса, онда компания есеп беру жылында дивиденттер төлеу үшін жеткілікті табыс тапқан деп қорытынды жасалады. Бұл коэффициенттің 1-ден (бірден) асуы компанияның тиімсіз дивиденттік саясатын немесе оның қаржылық қиыншылықтарын (компания ақшаны өзінің қаржы резервтерінен «қарызға» алуға мәжбүр болады) дәлелдейді.
Қаралған коэффициенттің белгілі бір деңгейіне келсек, ол әр компанияда 0-ден 0,9-ға дейін ауытқиды. Оған қоса, әрбір инвестор оның бір ғана деңгейінің өзін, сол фирмаға салған қаражатының инвестициялық мақсатына байланысты әр түрлі талқылайды.
Дивидент төлеу коэффициентінің мағынасы фирманың инвестициялық саясатына тәуелді. Құнды қағазға инвестициялаудың екі негізгі мақсаты бар:
ағымдағы табысты (дивидент) алу және акцияның курстық құнының артуы есебінен қаржы жинақтау. Бұл екі мақсат белгілі дәрежеде біріне – бірі қайшы келеді: бірдей жағдайда неғұрлым дивиденттер төлеу үшін табыстың көп бөлігі жұмсалса, солғұрлым аз қаражат компанияға қайта инвестициялануы, оның өсу қарқыны төмендеуі және акцияларының курсының құнының өсуі қиындап, баяулауы мүмкін. Дивиденттік шығыс көрсеткіші мағынасы мен табысты қайта инвестициялау коэффициентінің сомасы бірге тең.