Акционерлік қоғам

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 14:29, реферат

Описание работы

Қазіргі заманғы қор биржалары әрине, өздерінің түп тамырынан мүлде өзгеше, бірақ бұған қарамастан осы уақыттың ішінде биржалық сауданың негізгі қағидасы өзгерген жоқ. Биржа дегеніміз бұл – ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс істейтін нарық, онда сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады.

Работа содержит 1 файл

қор нарығы.doc

— 30.50 Кб (Скачать)

Қазіргі заманғы қор биржалары әрине, өздерінің түп тамырынан мүлде  өзгеше, бірақ бұған қарамастан осы  уақыттың ішінде биржалық сауданың негізгі  қағидасы өзгерген жоқ. Биржа дегеніміз  бұл – ұйымдастырылған, дәйекті  жұмыс істейтін нарық, онда  сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады.

Қор биржасы қандай да бір бағалы қағаздарды сатады деп ойлайтын адамдар көп. Шын мәнінде биржада сатылатын бағалы қағаздар онда жоқ. Биржаның өзі ештеңе де сатпайды, сатып та алмайды! Бұл әншейін мыңдаған компаниялар мен адамдар бағалы қағаздарды өздерінің агенттері арқылы сатып алатын жер, бұл агенттер брокерлер деп аталады.

Қор биржасының өзінің сатылатын және сатып алынатын акциялардың  бағасын белгілеуге тікелей қатысы жоқ.  Оларды нарық белгілейді. Бағалар сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады. Бірақ биржада нарықтық бағаларды айқындау үшін арнайы жағдайлар жасалған. Сатып алушылар қай жерде болса да және қашан болса да тауарды мүмкіндігінше арзанырақ сатып алуға, ал сатушылар – мүмкіндігінше қымбатырақ сатуға тырысады. Қор биржасы – нарықтардың барлығының ішіндегі ең серпінді нарық. Биржа сұраныс пен ұсыныстың өзара еркін әрекеттесуі үшін барлық кедергілерді жоюға тырысады. Биржадағы мәмілені жасаған сәтте, бағалардың арасалмағы сатушы мен сатып алушы үшін ең оңтайлы болатындай етіп жасауға болады.

Егер сатушы акцияларды ең жоғары бағаға сатса, бұл сатушыға пайдалы болар еді де, бірақ сатып алушы үшін пайдасыз болар еді. Егер сатып алушы акцияларды ең төмен бағаға сатып алса, бұл оған пайдалы болар еді де, бірақ сатушы үшін мүлде пайдасыз болар еді. Бұл орайда, әрине, әңгіме жоғары және төмен бағалардың ақылға қонымды шектері туралы айтылып отыр. Себебі, биржаға нарықтың беталысымен мүлде мөлшерлес келмейтін, ақылға сыймайтын төмен немесе жоғары бағаға сатып алу немесе сату ниетімен шығатын болса, бұл сұраныс та емес, ұсыныс та емес. Бұл әншейін орындалмас қиял ғана, салиқалы инвесторлар ондай қиялдарға жол бере алмайды.

Оңтайлы бағалар  туралы мәселеге оралатын болсақ, биржада  мәміле жасаудың бағасы – бұл сатушы үшін мәміле жасалған сәттегі мүмкіндігінше  оңтайлы жоғары сату бағасы, ал сатып  алушы үшін – мүмкіндігінше оңтайлы төмен сатып алу бағасы. Кәдімгі базарда сіз өзіңізге керекті тауар арзанырақ сатылатын жерді байқамай өтіп кетуіңіз мүмкін. Биржада бұлай болуы мүмкін емес. Сіз әр секунд сайын барлық бағаларды көріп отырасыз.

Бәлкім, сіз сатып  алушы немесе сатушы ретінде өзіңіз бастапқыда жоспарлаған баға бойынша сатып алмассыз және сатпассыз, бірақ сіз өзіңіз жасаған мәміленің сол сәттегі ықтимал нұсқалардың ішіндегі ең жақсысы екеніне сенімді боласыз. Және де сіз, әрине, өзіңізге қолайлы бағаға сатып ала алмадым немесе сата алмадым деп биржаны тіпті де кіналай алмайсыз. Ауа райы нашар болса, сіз ауа райын болжаушыны кіналай алмайсыз ғой.

Әңгіме қор биржалары  туралы болғанда, көптеген адамдардың басына акциялардың биржалық бағамының  күрт ауытқулары, бағалардың күрт көтерілуі мен күрт түсіп кетуі, алаяқтықтар мен алыпсатарлықтар туралы ойлар келеді.

Әрине, биржалық бағам  қатты ауытқуы мүмкін, алайда мұндай жайттар едәуір сирек болады. Көбінесе бағамның күрт өзгерістері акцияларды иеленушілердің көңіл-күйіне байланысты болады, ал ол өз кезегінде елдегі жалпы экономикалық жағдайға және нарықтың оптимистік немесе пессимистік күйіне әсер ететін, әдеттен тыс оқиғаларға байланысты болады.


Информация о работе Акционерлік қоғам