Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 10:47, курсовая работа
Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қоғамдардың дамуы. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып – сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қоғамдар акционерлерді басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қоғамдардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Акционерлік қоғамдардың мәні және түрлері...........................................4-8
1.2 Акционерлік қоғамдардың экономикадағы маңыздылығы.....................8-12
2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
2.1 Акционерлік қоғамның экономикалық тиімділін талдау.....................13-19
2.2 ҚР экономикасындағы акционерлік қоғамдардың қызметін жетілдіру мәселелері.........................................................................................................20-23
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................
Кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау үрісі басқару шешімдерін қабылдауға көмектесетін құрал болып табылады. Оның міндеті – ұйымға жа– ңартулар мен өзгерістерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету.
Ішкі үйлесу тиімді біріктіру мен ішкі операциялардың оң нәтижесіне жетуін қамтамасыз етеді, кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін стратегиялық қызметті үйлестіруді қамтиды.
Кәсіпорын стратегиясын жүзеге асырудың құралы ретінде оны дамыту- дың стратегиялық жоспарын жасау керек.
1- сурет. Әлемдік тәжірибеде қалыптасқан стратегиялық жоспарлаудың сатылары
Фирма стратегиясы таңдап алынған соң жүзеге асыру жөніндегі күрде - лі жұмыс басталады. Ол үш міндетті атқаруға бағытталады. 1-ден, ұйым жү- зеге асыратын стратегияға сәйкес әкімшілік міндеттерге басымдық беру. Бұл жұмыс ресурстарды бөлу, ұйымдық қатынастар орнату, көмекші жүйелер құ- ру және тағы басқа міндеттерге қатысты. 2-ден, осы таңдалған стратегия мен ұйым ішіндегі үдерістер арасында сәйкестік орнату. Сәйкестік ұйымның мынадай сипаттамалары бойынша орнатылуы тиіс: оның құрылымы, ынта- ландыру жүйесі, мінез – құлық тәртіптері мен нормалары, ортақ құндылық- тар, менеджерлер мен қызметкерлердің мамандануы. 3-ден, жүзеге асыры- латын стратегияға сәйкес лидерлік стиль мен ұйымды басқару тәсілдерін тал- дау. Осы үш міндет өзгерістер жасау жолымен орындалады.
Сонымен, кәсіпорын айтарлықтай жеңіске ие болмаған күнде де қолда бар ресурстарға, нақты тәжірибеге сүйене отырып, өз стратегиясын әзірлеуі керек. Қолда бар ресурстар мен біліктілікті қолданбайтын стратегияны құру әрқашан тиімсіз болмақ.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі күні нарықтық экономиканың қатаң заңдарына бейімделе алған тек қана 5000 – ға жуық АҚ – дар жұмыс жасайды. Бірақ, осы қоғамдардың қызмет ету жағдайы қандай, ол бастапқыда оған қойылған талаптарға сай келе ме: бағалы қағаздар эмиссиясын бағалы қағаздар нарығына орналастырып, нарық механизмдерін ескере ме?
Алғашқыда АҚ – дар (бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектісі ретінде) бағалы қағаздар нарығының қызмет етуіне әсер етеді деп болжанған, бірақ шындығында бағалы қағаздар нарығына қатысуда акционерлік қоғамдардың көп бөлігі, ең жақсы дегеннің өзінде, тек қана акция эмиссиясын тіркеумен ғана шектеледі. Сонымен қатар, кейбір акционерлік қоғамдар тіптен акция эмиссиясының мемлекеттік тіркеу құжаттарын да көрсетпеген. Акцияны шығару мен орналастыру қорытындысы бойынша есеп беруін де жарияламаған.
Негізінде кез келген акционерлік қоғамның өмір сүру әдісі – акция шығару болып табылады және оның номиналды құны болуымен қатар, дивидент алуға құқық беруі тиіс, сондай – ақ акционерлік қоғамдар бағалы қағаздар нарығының дамуына жағдай жасауы тиіс.
Сонымен, Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың дамуында келесідей негізгі мәселелерді көрсетуге болады:
қарапайым халықтың көбінің акционерлік қатынастар мәселелерін түсінбеуі;
көптеген қоғамдарда акция «акция» болып табылмайды;
акционерлік қоғамдардың үлесінің көптігі;
Заңдық базадағы қайшылықтар
Осындай бірқатар мәселелерді шешу жолдары:
Заңдық базаны ретке келтіру;
Акционерлік істі білетін мамандарды дайындау (қаржыгерлер, брокерлер мен диллерлер, қаржы менеджерлері, т.б.)
Акцияның әлеуметтік қағидасын максималды түрде сақтай отырып, тарату керек.
Акционерлік қоғамды құрғаннан кейін салымшыларға қоғамның жағдайы туралы ақпарат беріп, акционерлік капиталдың жұмсалуын қатаң бақылау.
Міне, осындай мәселелерді шешудің бірден – бір жолы ретінде парламент акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының минималды мөлшерін ұлғайту арқылы акционерлік қоғамдар қызметінің олардың инвесторлар үшін тартымдылығын көтеруді ұсынды. Менің ойымша, АҚ – ды басқаруды ұйымдастыру құрылымын әлі де болса жетілдіре түсінуіміз керек. Мысалы, талдау және болжам жасау бөліміне қарайтын маркетинг бөлімшесін коммерция бөліміне біріктіріп, керісінше коммерция бөліміне қарасты қоймалар бөлімшелерін қызмет көрсету бөліміне ауыстыру қажет, сонымен қатар осы жерде талдау және болжам жасау бөлімінің орнына тек қана қызмет көрсету бөлімі деп қалдыру қажет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының «Акционерлік Қоғам туралы» Заңы, 2003. 13 мамырындағы
№ 415 – II, қарашадағы № 500 – II, 2004. 8 шілдедегі, № 72 – II ҚР-ның
заңдарымен енгізілген өзгертулер.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім). Алматы 2003ж.
3. ҚР-ның Президентінің «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы».1996ж.21-сәуірдегі жарлығы.
4. Уткин С. Акционеру все об АО. «Предприниматель и право»,2009, № 13
5. Шеденов О.Қ.,Сағындықов Е.Н. Жалпы экономикалық теория. -Ақтөбе 2004.
6. Шиткина И.С. Правовое обеспечение деятельности акционерного
общества. –Москва: 2007.
7. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теориядан оқу-әдістемелік кешен.- Астана:2006.
8. Климкин С.И. Правовые формы предпринимательства в РК.-Алматы:
2007.
9. Абуталипов Ж. Казахстан в мировой экономике.1993г.
10. Видяпина В.И., Журавлева Г.П. Общая экономическая теория.-Москва:1995.
11. Фишер С.,Дорнбуш Р.,Шмалензи Р.Экономика.-Москва:1994.
12. Дуйсенбаев К.Ж. «Анализ финансового положения предпринимателя».-
Алматы:2008.
31