Акционерлік қоғам

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 10:47, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қоғамдардың дамуы. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып – сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қоғамдар акционерлерді басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қоғамдардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.

Содержание

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Акционерлік қоғамдардың мәні және түрлері...........................................4-8
1.2 Акционерлік қоғамдардың экономикадағы маңыздылығы.....................8-12
2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
2.1 Акционерлік қоғамның экономикалық тиімділін талдау.....................13-19
2.2 ҚР экономикасындағы акционерлік қоғамдардың қызметін жетілдіру мәселелері.........................................................................................................20-23

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Работа содержит 1 файл

Мой измененый вариант курсовой.doc

— 240.00 Кб (Скачать)

1998 ж. 10 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы» заңына бойынша Акционерлік қоғамның екі түрі болған. Акциясы құрылтайшыларға болып,еркін нарықта сатылмайтын түрін «жабық», Акциясы еркін сатылатын және сатып алынатын түрін «ашық» деп бөлінген. Ал 2003 ж. 10 мамырда қабылданған Акционерлық қоғам туралы Заңда мүндай бөліну көрсетілмеген.

Осы соңғы қабылданған заң бойынша акционерлік қоғам - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акцияға шығаратын заңды тұлға болып табылады.Қоғамның өз акционерлерін мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың мінгдеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамның акционерлері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді. Қоғам облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда «Акционерлік қоғам» ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның арауы қамтылуы тиіс. Қоғамның атынан кейін «АҚ» аббевиатурасын пайдалана отырып, қоғамның ататуын қысқартуға жол береді.

 

              Халықтық акционерлік қоғам – өз капиталының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы ҚР-ның жаңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 1000000 еселенген мөлшерінде болатын және акционерлердің саны 500 және одан да көп қоғам болып табылады.

              Қоғамды халықтық акционерлік қоғам деп тануды қоғамның өтініші негізінде не қоғамның өз капиталының мөлшері және акционерлерінің саны туралы уәкілетті органда бар ақпарат негізінде уәкілетті орган жүргізеді.

              Қоғамды халықтық акционерлік қоғам деп, сондай-ақ акционерлік қоғам мәртебесінен айырылды деп тану тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Акционерлер саны алты ай ішінде бес жүзден төмен азайып кеткен жағдайларда халықтық акционерлік қоғам мәртебесінен айырылады.

 

 

1.2       Акционерлік қоғамдардың экономикадағы маңыздылығы

 

Қазіргі Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастардың қалыптасу процесінің жүруімен сипатталады. Олардың пайда болуы мен қалыптасуы экономиканың барлық сферасын қамтыған дағдарысты жеңу және экономиканы әкімшіл - әміршілдік арқылы басқарудың мүмкін еместігін алдын ала анықтап берді.

Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі – кәсіпорынды мүліктік жауапкершілігі анықталған заңды тұлғалар құқықтарына бөліп беру. Шаруашылықтың акционерлік формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлер қоғамның міндеттеріне жауап бермейді және тек сатып алған акция құнымен шығын тәуекеліне барады. Акционерлік қоғамдағы капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдық иемдену құқығы мен жеке меншік  құқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, эмиссиялау көлемін біршама мөлшерде қысқартады, сол сияқты бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді.  

Қазақстан Республикасының Үкіметі нарық экономикасы стратегиясын жарияланғаннан бастап мемлекеттік меншікті түрлендіруді біртіндеп жүргізуде. 1991 жылдың ортасында сарапшылардың бағалауы бойынша негізгі өндірістік қорлардың 90 % дан астамы мемлекеттік меншікте болған. Қалған мүліктің біршама санын мемлекеттік емес ұйымдар – кеңшарлар мен кооперативтер иеленді.

Алдағы уақытта мемлекеттік меншікте ұлттық экономиканың үштен бір бөлігі қалады деп күтілуде. Бұл экономика өзегін, мемлекет меншігін құрайтын қазба байлықтарға негізделген салаларға байланысты болып келеді.

Меншіктің монополиялану көлемі мен ауқымын, сол сияқты экономиканың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, ҚР сы Үкіметі ұзақ уақытқа мемлекет иелігінен алудың және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасын жасады. 1991 – 1992 жылдарға есептелген бағдарламаның бірінші кезеңінде, шағын жекешелендіруді жүргізу және халық шаруашылығының  әр түрлі салаларының орта және ірі кәсіпорындарын мемлекет иелігінен алуды бастау қарастырылған. Бұл процесс  өте баяу жүрді. 1992 жылы көктемде меншік қатынастарын түрлендіру процесін жеделдету мақсатында ҚР сы Президентінің  №728 «Материалдық өндіріс салаларындағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру Жарлығының қабылдануы, ірі және орта кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алудың негізгі тәсілі болып табылады.  Алайда бұл басқа формаларды да жоққа шығармады, керісінше Жарғы әр объектінің түрлендірілуінің ықшамды формасын таңдауға мүмкіндік жасады. Кәсіпорындарға өздерінің шаруашылықтану формаларын таңдауға және жекешелендіруді жүргізуге байланысты шараларды жасауға құқық берілді. Бұл кәсіпорындардың жұмыс жасау ерекшелігіне, олардың негізгі қорларының әр түрлі құндарына, еңбекшілердің санына, рентабльдігіне және т.б.

Қазақстанда мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің бірінші кезеңінде 6-9 мың объекті қайта түрлендірілді. Мемлекеттік  сектордан 18%  негізгі қорлар сатылып, жекешелендірілген кәсіпорындарда республикада жұмыс жасайтын жұмысшылардың тізім бойынша орташа санының 12% жұмыспен қамтылды.

Меншіктәң әр формасын тарихи тұрғыдан, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың жеткен деңгейімен байланыстырып қарастыру қажет.

Қайта түрлендірген объектілердің жартысынан астамы ұжымдық меншікке берілді. Бірақ меншіктің ұжымдық формасына берілгенімен, ондағы жұмыскерлердің еңбегінің нәтижелерінде көп өзгеріс болған жоқ.

Сатып алудың бұл формасы мемлекет және халық үшін күткен нәтижені бере алмады. Талдау көрсеткендей, ұжымдық кәсіпорындардың 25%-ы нашар жұмыс жасап, өндірістің 24%- ы қысқарды немесе мүлдем жабылды, 30%-ы сол деңгейде қалды, тек кәсіпорындардың  31%-ы ғана өз өнімдеріне бағаның өсуі есебінен ісі жақсара түсті.

1993 жылы 1 қаңтарда Қазақстандағы қайта түрлендірген  6198 кәсіпорын ішінде жеке меншікке берілгендер саны  1461 ді құрады. Өндірістің  шоғырлануы және техникалық деңгейі жоғары сатыға жетпеген салалар мен сфераларда жеке меншіктің өзіндік экономикалық артықшылықтары болады. Ол өз ерекшеліктеріне қарай тауарлар өндіру және қызмет көрсететін шағын объектілеріне өте тиімді болып келеді. Егер қандай да бір сферада өндіргіш күштер тиісті деңгейіне дейін дами алмаса, онда бұл теріс және әлеуметтік салдарлар тудырып, нәтижесінде еңбекшілердің қажетін қанағаттандыра алмайды.

Нарықтың қазіргі түсінігі меншіктің бір формасына монополия болуды теріске шығара отырып оның көп түрлілігіне экономикалық және саяси теңдіктің болуын талап етеді. Ол үшін нарық заңына сүйене отырып, экономикалық процестерді дұрыс реттеу, сондай – ақ шаруашылықтың іскерлік белсендігі үшін бірқатар ынталандыру жағдайларын жасау қажет.

Толыққанды нарық жағдайында қажеттілікті нақты анықтауға және оларды тиімді  қанағаттандыру тәсілдерін табу, сұраныс пен ұсынысты теңестіру, өндірістің дамуы үшін бірқалыпты сфераны жасауға мүмкіндік болады. Нарық экономикалық тиімділігін және адамдардың өмір сүру деңгейін арттыру құралы ретінде қызмет етеді. Әлеуметтік  бағыттағы нарыққа өту барысындағы алғышарттарды бұзбаған жағдайда, ол экономиканы толығымен адам мүддесіне бағынышты етуге қол жеткізеді.

Меншіктің көп түрлілігі мен тең құқылы формаларын жасау мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік меншікті қайта түрлендіру процесінде республика Үкіметі екі негізгі қағиданы жетекшілікке алады.

Бірінші, бұл үлкен істің еңбекшілердің қатысуымен және олардың мүдделерін ескере отырып жүргізілуден тұрады.

Екінші қағида, меншіктің көп түрлілігі мен тең құқылылығын барлық сфераларда пайдалану болып табылады.

1993 жылы көктемде Қазақстан Республикасында 1993 – 1995  жылдарға (2 кезең ) арналған мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы қабылданды. Ұлттық бағдарламаның басты мақсаты мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру купондарының иелеріне акционерлеу жолыменен меншікке біртіндеп беру болып табылады.

Жаппай жекешелендіру тұжырымының  алатын орны ерекше. Біріншіден, ол республиканың барлық тұрғындарының мүдделерін толық қамтиды; екіншіден, оның басқа елдердегі тұжырымдамалармен сәйкес келмейтін өзіндік ерекшеліктері бар.

Жаппай жекешелендіру төңірегінде республика тұрғындарының меншігіне барлық мүліктік кешенді беру қарастырылады. Мұнда бірқатар мәселелерді шешу талап етіледі. Купондық жекешелендіруді алдыменен республика тұрғындарының мүддесіне сай жүргізу қажет. Бұл процесс басқарылатын және бақыланатын, сондай -  ақ  әлеуметтік маңызы болуға тиіс. Сонымен қатар, республикада бар жеке капиталды тартуды ынталандыруы тиіс. Ең соңында купон түріндегі жаңа төлем құралдары инфляцияны жұмсартуды көздейді.

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасына сәйкес жекешелендіру купондарын пайдалана отырып, жаппай жекешелендіру бағдарламаларын  іске асырылуда. Олар Мемлекеттік қоры өткізетін купондық аукциондардағы жекешелендірілетін кәсіпорындар акцияларын кейіннен ауыстыру мақсатында халықтың купондарын шоғырландыруға бағытталады.

Миллиондаған купон иелерінің көзқарасымен қарағанда, ИЖҚ (инвестициялық жекешелендіру қоры) купондарды көптеген кәсіпорындар акцияларына салуды диверсификациялау және белгілі бір дивидент пайыз алу есебі тәуекелді төмендетіп, сол сияқты қордың мамандары купондарға білікті қызмет етуді қамтамасыз етумен қатар, аукцион өткізетін орынға дейінгі жол ақысын және қаржы делдалдарын жалдау, жекешелендірілетін объектілерді оқып үйренумен байланысты шығыстарды олар өздеріне алады.

Акционерлеудің басты пайдасы -  бұл алдағы уақытта әр түрлі қаржы көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету  болып табылады. Акционерлік қоғам облигацияларды эмиссиялаудан басқа да, яғни қосымша акцияларды шығару нәтижесінде біршама қаражат тарта алады.

Егер, басқа да компанияның акцияларын орналастыру нәтижесіне байланысты, оның акцияларын көп инвесторлар иеленсе, онда бұл олардың қор нарығындағы нақты рейтингін материалдық жағынан куәландыруды білдіреді. Ондай компаниялардың акцияларының ашық түрде сатылуына бірдей көңіл аударылады. Компанияның танымалдығы мен ашықтығы, потенциалды клиенттері мен серіктестерінің көп болуы ондай компаниялармен ынтымақтасуға болатындығын көрсетеді. Егер де олар бұл компанияның акционерлері болатын болса, онда оларда сол компанияның өнімі мен қызметіне деген ұзақ мерзімді мүдделігі арта түседі.

Акционерлеу процесінің қолайлы жақтарымен қоса теріс жақтары да бар. Дегенмен де, сол компанияның акцияларын сатып алу – сату объектісіне айналдыру туралы шешім қабылдау, бұл шешімді іске асырумен байланысты біршама материалдық шығындардың жұмсалуын қажет етеді.

Акционерлік меншік формасы қосарланған салық салуға, яғни салықты корпорацияның пайдасынан іздестіруге, корпорацияның салық төлегеннен кейінгі қалатын және акционерлер арасында бөлінетін пайдадан алуға мүмкіндік жасайды. Шаруашылық қызметті ұйымдастырудың акционерлік формасы, әсіресе ірі немесе орта кәсіпорындар үшін тиімді, себебі ондай кәсіпорындарда мүлік құнының өте жоғары болуына байланысты бір  немесе бірнеше тұлғаның капиталы жеткіліксіз болатындықтан заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын тарту талап етіледі.

Кәсіпорындар мөлшері және акцияны шығаруды ұйымдастырудың техникалық қиындығы жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасын таңдауға итермелейді.

Міне, сондықтан да Қазақстан заңдылықтарында ірі және орта кәсіпорындарды жекешелендіру барысында, олардың негізінде жартылай акциялары жеңілдік жағдайында сатылатын немесе сол кәсіпорын қызметкерлеріне тегін берілетін акционерлік қоғам құру көзделген. Акционерлік қоғамды құру мемлекеттік бір бөлігін иеленуге ынталы кәсіпорынның еңбек ұжымының мүддесін, сондай – ақ жекешелендіруге жатпайтын өндірістік емес сферада немесе кәсіпорында жұмыс жасайтын Қазақстанның басқа да азаматтарының мүдделеріне қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға қайта түрлендіру процесіндегі ең қиын сұрақ бұл акционерленетін кәсіпорынның мүлкін бағалау болып табылады. Мүліктің құны жаңадан құрылатын акционерлік қоғамның бастапқы капиталын алдын – ала анықтай отырып, кейіннен оның болашақтағы пайдасына ықпал етеді. Қаншалықты төлем мөлшері үлкен болса, солғұрлым кәсіпорының қожайындарының саны аз, пайдасы төмен және сондай – ақ кәсіпорынды акционерлеу мерзімі ұзаққа созылып, ол кәсіпорынның мемлекеттік құрылымдарға қаржылық жағынан тәуекелділігі сақталып қалады. Шындығында да мүлік құнын жоғарылату барысында оны бірден сатып алу қиынға соғып, мемлекет (Мемлекеттік мүлік комитеті) сол кәсіпорынды ұзақ уақыт басқаруға араласа отырып, оның пайдасының бір бөлігін, өзіне тиесілі акциялары арқылы дивидент ретінде иемденіп отырады. Мұның бәрі акционерленетін кәсіпорынның бәсекелестік мүмкіндігін төмендетеді.

Қазақстанда жекешелендіру объектісінің мүлкін бағалау барысында

инфляция индексін ескеретін қалдық құны негізінде әдістеме қолданылады. Бұл әдістемені қалыптастыратын бағалар мен негізгі қор құны және айналым қаражаттарының шекті қатынасын, сатып алатын өнімге (қызметке) деген сұранысты, бәсекелестік қабілетті, рентабельдігіне, кәсіпорынның даму перспективасын әлемдік бағалар деңгейі және басқа да факторларды ескере отырып, ай сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік комитеті анықтап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Акционерлік қоғам