Акционерлік қоғам

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 20:21, курсовая работа

Описание работы

Акционерлік қоғамға, ұжымдық кәсіпкерліктің құқықтық нысаны ретінде, заңды тұлғаның барлық негізгі белгілеріне тән, атап айтқанда:
1.Акционерлік қоғам – акционерлік заңнамасымен, жарғысымен, жергілікті нормативті актілерімен бекітілген ұйымдастырушылық бірлік, оған ең аз дегенде үш элемент кіреді:
Біріншісі: жеке субъектілер жалпы біртұтасқа бірігетін әлеуметтік мәнді өзара байланыстар жүйесінің бар болуы;
Екіншісі: құрылу мен қызмет етудің белгілі бір мақсатының болуы. Акционерлік қоғам, кез – келген әлеуметтік ұйым сияқты мақсатты жалпылық – бұл осындай мақсат үшін адамдардың бірігуі, ол әрқайсысы үшін маңызды болса да, жеке түрде оған ешкім қол жеткізе алмайды. Бірақ та бұл мақсатқа жету оларды рольдер бойынша, мақсаттар бойынша, бағынуы бойынша бөлінуіне мұқтаж етеді.

Работа содержит 1 файл

Акционерлік қоғамға.docx

— 18.18 Кб (Скачать)

Акционерлік қоғамға, ұжымдық кәсіпкерліктің құқықтық нысаны ретінде, заңды тұлғаның  барлық негізгі белгілеріне тән, атап айтқанда:

     1.Акционерлік  қоғам – акционерлік  заңнамасымен, жарғысымен, жергілікті нормативті  актілерімен бекітілген ұйымдастырушылық  бірлік, оған ең аз дегенде  үш элемент кіреді:

      Біріншісі: жеке субъектілер жалпы біртұтасқа бірігетін әлеуметтік мәнді өзара  байланыстар жүйесінің бар болуы;

      Екіншісі: құрылу мен қызмет етудің белгілі  бір мақсатының болуы. Акционерлік  қоғам, кез – келген әлеуметтік ұйым сияқты мақсатты жалпылық – бұл  осындай мақсат үшін адамдардың бірігуі, ол әрқайсысы үшін маңызды болса  да, жеке түрде оған ешкім қол  жеткізе алмайды. Бірақ та бұл  мақсатқа жету оларды рольдер бойынша, мақсаттар бойынша, бағынуы бойынша  бөлінуіне мұқтаж етеді.

      Акционерлік қоғамдардың құрылуы мен қызмет етуінің негізгі мақсаты болып, кез – келген коммерциялық ұйымдікі сияқты пайда табу  болып табылады. Ары қарай, бірақ та акционерлік  қоғамдардың құрылуы мен қызмет етуіне селсоқ қарауға болмайтыны түсіндіріледі  – акционерлік қоғамның дамуы  акционерлік қатынастардың субъектілерінің (акционерлер, персонал, несие берушілер, мемлекет және оның органдары ретінде  т.б.) әр түрлі топтарының мүдделер жүйесінің  жиынтығын жүзеге асырумен анықталады.

      Үшіншісі: ішкі құрылымның және функционалды дифференциацияның  бар болуы (акционерлік қоғамды  ұйымдастырудың корпоративті әдісі, компанияның  өндірістік – шаруашылық қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы).

     2.Экономикалық  белгі – жарна ретінде жарғылық  капиалға акционерлермен берілген  жинақталған мүлікті, сонымен  қатар қызмет үрдісінде заңды  негізде құрылған немесе иемденген  қоғамды иелену.

      3. Материалдық – құқықтық белгі,  оған екі элемент кіреді: азаматтық  айналымда өз атынан жеке түрде  шығу қабілеті және жеке мүліктік  жауапкершілік, яғни өз атынан  мүліктік және мүліктік емес  құқықтарды иемдену және міндеттерді  өз мойнына алу қабілеті.

         4. Процессуалды –  құқықтық белгі – соттарда  талапкер және жауапкер болу  қабілеті. Заңнамаға сәйкес акционерлік  қоғамдар соттарда міндеттемелерді  орындау, өнімді, жұмыстарды, қызметтерді  және т.б. иемдену бойынша шаруашылық  субъектілер ғана емес, сонымен  қатар директорлар кеңесі мүшелерінің  (бақылау кеңесі), коллегиялық атқарушы  органның (басқарма, дирекциялар), сонымен  қатар жеке атқарушы органның (бас директор, директор) мүшелеріне, басқарып отырған ұйымға немесе  басқарушыға жауапкершіліктің негізі  мен өлшемдері орнатылмаған болса,  шығындарды өтеу, қоғамға олардың  қателі іс - әрекеттерімен (іс - әрекет  етпеуі) жасалған қателері бойынша  талабымен сотқа жүгіне алады.  Қазіргі Қазақстан экономикасы  нарықтық қатынастардың қалыптасу процесінің жүруімен сипатталады. Олардың пайда болуы мен қалыптасуы экономиканың барлық сферасын қамтыған дағдарысты жеңу және экономиканы әкімшіл - әміршілдік арқылы басқарудың мүмкін еместігін алдын ала анықтап берді.

   Нарықтың  қазіргі түсінігі меншіктің бір  формасына монополия болуды теріске  шығара отырып оның көп түрлілігіне  экономикалық және саяси теңдіктің  болуын талап етеді. Ол үшін нарық  заңына сүйене отырып, экономикалық процестерді  дұрыс реттеу, сондай – ақ шаруашылықтың  іскерлік белсендігі үшін бірқатар ынталандыру  жағдайларын жасау қажет.

   Толыққанды  нарық жағдайында қажеттілікті нақты  анықтауға және оларды тиімді  қанағаттандыру тәсілдерін табу, сұраныс пен ұсынысты теңестіру, өндірістің дамуы үшін бірқалыпты сфераны жасауға мүмкіндік болады. Нарық экономикалық тиімділігін  және адамдардың өмір сүру деңгейін арттыру  құралы ретінде қызмет етеді. Әлеуметтік  бағыттағы нарыққа өту барысындағы  алғышарттарды бұзбаған жағдайда, ол экономиканы толығымен адам мүддесіне  бағынышты етуге қол жеткізеді.

   Мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға  қайта түрлендіру процесіндегі ең қиын сұрақ бұл акционерленетін кәсіпорынның мүлкін бағалау болып табылады. Мүліктің құны жаңадан құрылатын акционерлік  қоғамның бастапқы капиталын алдын  – ала анықтай отырып, кейіннен оның болашақтағы пайдасына ықпал  етеді. Қаншалықты төлем мөлшері  үлкен болса, солғұрлым кәсіпорының  қожайындарының саны аз, пайдасы төмен  және сондай – ақ кәсіпорынды акционерлеу  мерзімі ұзаққа созылып, ол кәсіпорынның мемлекеттік құрылымдарға қаржылық жағынан тәуекелділігі сақталып қалады. Шындығында да мүлік құнын  жоғарылату барысында оны бірден сатып алу қиынға соғып, мемлекет (Мемлекеттік мүлік комитеті) сол  кәсіпорынды ұзақ уақыт басқаруға  араласа отырып, оның пайдасының бір  бөлігін, өзіне тиесілі акциялары  арқылы дивидент ретінде иемденіп отырады. Мұның бәрі акционерленетін кәсіпорынның бәсекелестік мүмкіндігін төмендетеді. 

     Өзiн-өзi қаржыландыру акционерлік қоғамдардың  толық қаржы дербестiлiгiмен және жауапкершiлiгiмен тығыз байланысты. Оларға өздерiнiң меншiктi ресурстарын  өз бетiнше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын iздестiрiп, айналымға салуға құқық  берiлген. Мемлекет корпорациялардың қаржы  ресурстарын қайта бөле алмайды.

     Акционерлік қоғам қаржысын ұйымдастырғанда  қаржылық, өндiрiстiк және коммерциялық қаржылардың арасында тығыз байланыс пен өзароа тәуелдiлiк бар. Осылайша қаржылық қызметтiң жетiстiгi, көбiнесе оның өндiрiстiк сату көрсеткiштерiмен  анықталады.

     Акцияға түскен табыс – бұл сол бойынша  төленетін жыл сайынға табыс. Осы көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігін жанама түрде сипаттайды, бірақ қаржылық стратегияның үлкен  ықпалында болады,өйткені кәсіпорынның өз табысын өндіріске қосымша  қайтадан инвестициялау (реинвестиция) қажеттігі, акция бойынша төленетін  табыс мөлшерінің азаюына әкеліп соқтырады. Акцияға табыстың нақты  шамасы басқа көрсеткіштен – үлестіру нормасынан тәуелдің, ал соңғысы дивидент түрінде төленген табыс сомасын  барлық таза табысқа бөлу жолымен  есептелінеді.

     Айта  кету керек, дамыған нарықтық экономика  жағдайында бір акцияға түскен табыс, компанияның бір акциясының нарықтық бағасына әсер ететін ең маңызды көрсеткіштердің  бірі болып табылады, ол өкілетті статистикалық  зерттеулермен дәлелденген.

Акцияның  нарықтық бағасының көрсетілгеннен айырмашылығы, ол капиталдандырылған табысты есепке алады. Акцияны сату дивидент алу құқығын сату болып  табылатындықтан, қор биржасындағы оның нарықтық құндылығы капиталдандырылған дивидентті көрсетеді. Сондықтан ол акция бойынша табыстылыққа тура пропорционалды (акция әкелген дивидентпен  мөлшеріне) және несиелік капиталдың (депозит  бойынша төленетін пайыздың) пайыздық мөлшерлемесіне кері пропорционалды болады. 

АКЦИЯ КУРСЫ = ДИВИДЕНТТЕР / НЕСИЕЛІК ПАЙЫЗ * 100 

      Несиелік  пайыз есебінен (есептелген пайыздың орташа мөлшерлемесі) салым бойынша  жоғары дәрежедегі кепілдікпен төлей  алуға болатын мөлшерлеменің  пайызы қабылданады. Ал несиелік пайыз  ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің коммерциялық банктерге  қаржы ресурстарын сатудың есептік  мөлшерлемесін алып қарауға болады.

      Акцияның  табыстылығы – табыстылықты ағымдағы және жиынтық деп бөледі. Ағымдағы табыстылық дегеніміз ең алдымен акция иесінің қолына тиетін дивиденттер. Бұл коэффициент дивиденттік табыс немесе дивидент нормасы деп аталып, былайша есептелінеді.  

НД = ДВА / РЦ.А. 

      Мұндағы: НД – дивиденттің іс жүзіндегі нақты нормасы,

                           Д АВ- бір акцияға түскен дивидент;

                           Р Ц.А. – бір акцияның нарықтық бағасы. 

      Соңғы жылдары  Қазақстан экономикасы  тез қарқынмен  өсіп келе  жа - тыр. Мысалы: соңғы  үш  жылда ЖІӨ - нің өсу деңгейі 10% көлемінде  болып отыр. Бұл шама еліміз үшін үлкен жетістік. Бірақ, мұндай жетістіктерге жету- іміз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соң –ғы  жылдары  мұнай  мен  металл  бағасының  өсуіне  тікелей байланысты. Ел экономикасы әлі шикізаттық бағытынан арыла қойған жоқ. Ал әлемдік прак - тикада дамыған елдер шикізаттық өндірістен сервистік –технологиялық өнді-ріске өтіп, индустриялы – инновациялы дамуға бет алған. Ал шикізаттық өн – діріспен  даму  жағынан  артта  қалған  және  дамушы елдер ғана айналысады екен. Ел басымыз атап өткендей, еліміз жоғары дамыған елдер  қатарына қо -  сылу  үшін  және  экономикамыз  шикізаттық  өндіріске  тікелей  байланысты емес тұрақты экономикалық  өсу үшін бүгінде инновациялық саясатты тиімді жүргізіп, әлемдегі елдердің қатарына қосылуымыз керек. Сол  себепті, қазіргі кезде  өндіріс тиімділігін арттыруда  жаңа технологиялар мен  нарыққа бәсеке  қабілеттілігі жоғары  жаңа  тауарларды  шығару  арқылы  көрініс  табады. Яғни, ұйымдастырудың жаңа техника және технологиялық шешімдері, басқарудың негізгі принциптерін  дамытуды қолдану,  отандық нарықтың спецификасына байланысты кәсіпорынның өндіріс үрдістерін жаңартумен кәсіпорынның экономикалық өсуіне қосымша импульс береді. Өз табиғатына байланысты тек қана техника мен технологияны дамыту емес, сонымен қатар ғылыми өндірістегі кез – келген өзгерістерді айта аламыз. Кәсіпорынның техникалық және технологиялық базасының жаңарып  отыруы, бәсеке қабілетті өнім шығарудың негізгі жағдайы ретінде қарастырады.  Сонымен қатар, кәсіпорынның нарықта жаңа позицияны жаулап алуға және өз позициясын жоғалтпауға; өндірісті көтеруге және кәсіпорынның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Дуйсенбаев К.Ж. «Анализ финансового положения предпринимателя»,

          1998, Алматы, Экономика 
 

Беквит  Г. «Маркетинг услуг» 2008

Бағалау коэффициенті мағынасының бірден артық  болуы, потенциалды (мүмкін) акционерлер  акцияны алуға, сол уақытқа нақты  капиталдың бухгалтерлік бағалауынан  артық бағаға сатып алуға дайын  екенін білдіреді.

      Акцияның  есептеу (баланстық) бағасы көрсетілген (номиналдық) құнның (яғни акционерлік  капиталда есептелгендей акцияның бланкісінде қойылған құны), эмиссиялық табыс үлесінің (сату кезіндегі акцияның нарықтық бағасы мен көрсетілген  құны арасындағы жиналған айырмасы) және фирманың дамуына салынған және жинақталған  табыс үлесінің қосындысынан тұрады.

      Акцияның  нарықтық бағасы – бұл оның қазіргі сату және сатып бағасы. Ол сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы әсерімен қалыптасады, тек экономикалық себептерге ғана тәуелді емес және саяси – психологиялық, алып сатарлық сияқты көптеген жағдайларға да байланысты.

Информация о работе Акционерлік қоғам