Акционерлік қоғам

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 10:47, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қоғамдардың дамуы. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып – сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қоғамдар акционерлерді басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қоғамдардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.

Содержание

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Акционерлік қоғамдардың мәні және түрлері...........................................4-8
1.2 Акционерлік қоғамдардың экономикадағы маңыздылығы.....................8-12
2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
2.1 Акционерлік қоғамның экономикалық тиімділін талдау.....................13-19
2.2 ҚР экономикасындағы акционерлік қоғамдардың қызметін жетілдіру мәселелері.........................................................................................................20-23

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Работа содержит 1 файл

Мой измененый вариант курсовой.doc

— 240.00 Кб (Скачать)

              Әдетте инвесторлар олардың инвестициялау мақсатына дивиденттік саясаты жоғары дәрежеде  сай келетін компанияларды таңдап алады. Сондықтан жалпы алғанда, дивиденттік саясаттың өзгеруі, дивиденттің төмен деңгейіне қарағанда акционерлердің көбірек наразылығын тудырады. Сонымен, дивиденттік саясаттың тұрақтылығы инвесторлардың компанияға қатынасына әсер ететін ең басты себептердің бірі болып табылады.

              Тұрақты өсу коэффициенті – компанияның келесі жылы өзінің активтерін ішкі қаржыландыру есебінен арттыру мүмкіндігін көрсетеді, ол жағдайда меншікті капитал мен міндеттемелер арасындағы пропорция сақталуы және дивиденттер төлеу үлесі есеп беру жылындағы мөлшерде сақталуы шарт. Аталған коэффициент, дәлірек айтқанда ішкі көздер есебінен тұрақты өсу қарқынының қамтамасыз етілуі коэффициенті, дивиденттер төлеген соңғы таза табыстың бөлігінің, бастапқы акционерлік капиталға қатынасы ретінде формуламен анықталады:

 

КУ.Р. = ДЧ – ДВ / СК(алдыңғы жыл)

 

              Мұндағы: КУ.Р. – тұрақты өсу коэффициенті;

                           ДЧ – таза табыс;

                          ДВ – дивиденттер;

                          СК – меншікті (акционерлік) капитал;

              Аса күрделі емес түрлендіруден кейін бұл көрсеткіш мынадай түрде бейнеленеді:

             

КУ.Р. = Д Ч / СК * (1 – ДВ/ ДЧ )

              Мұндағы:

                     ДЧ     - акционерлік капиталдың табыстылығы (пайда нормасы);

                     СК

                     ДВ  - дивиденттерді төлеу көрсеткіші.

                     Д Ч  

 

              Капиталдандыру коэффициенті – компания шығарған құнды қағаздар түрлері арасындағы пропорцияны білдіреді. Облигациялардың үлесінің жоғары болуы, айрықша және әдеттегі акциялардың тартымдылығын азайтады, айрықша акцияның үлесінің жоғары болуы да әдеттегі акцияға деген инвесторлардың қызығушылығын жоғалтуға әкеліп соғуы мүмкін. Олай болуы, облигациялар бойынша пайыздар, айрықша акциялар бойынша дивиденттер төлеуге дейін төленуі керектігінде, ал олар өз кезегінде әдетте акциялар бойынша дивиденттер төлер алдында жүргізілуі тиіс екендігіне байланысты.

Капиталдандыру көрсеткішінің динамикасы, басқадай бағалы қағаздар бойынша борышттық міндеттемелер мен меншікті капитал кіретін, капитал бөлігінің құрылымының өзгеру процесін бейнелейді. Әдеттегі  акциялар бойынша капиталдандыру коэффициентін, мысалы, әдеттегі акциялар құнын, облигациялар, әдеттегі және айрықша акцияларды қоса есептегендегі барлық бағалы қағаздар құнына бөлгендегі бөлінді ретіндегі формула бойынша анықтайды:

 

КК = - әдеттегі акциялар құны / құнды қағаздар толық құны

 

              Құнды қағаздар арасындағы пропорцияны талдау, әсіресе әдеттегі акция иеленушілері үшін аса маңызды, өйткені облигация үлесі көп болған жағдайда кәсіпорын табысының төмендеуі дивиденттерді төлеу тәуелділігіне ұрындырады, сонымен қатар табыс артқанда, әдеттегі акциялар бойынша дивиденттер, облигация мен айрықша акцияның үлесі көп болған жағдайға қарағанда, көбірек артады.

              Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен нарықтық белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі қаржылық леверидж болып табылады. Бұл көрсеткішті сипаттау алдында, біз үшін жаңа түсінік «леверидж» нені білдіретінін анықтап алайық. «Дәлме – дәл айтқанда леверидж аз күштің көмегімен (тетік) әжептәуір ауыр заттарды орындарынан қозғап ауыстыру,-деп жазады В.В.Ковалев. Экономикаға қосымша, ол аздаған өзгеруі, нәтижелік көрсеткіштердің түбегейлі өзгеруіне  әкеліп соғатын, кейбір себеп ретінде түсіндіріледі».

              «Қаржылық леверидж бір жағынан облигация мен айрықша акция, екінші жағынан - әдеттегі акция арасындағы қатынас, - деп жазады Л.Сидельникова». Ол былайша өрнектеледі:

 

Л = О + АП / АО

 

              Мұндағы: Л – леверидж деңгейі;

                           О – облигациялар;

                            АП  - айрықша акциялар;

                            АО - әдеттегі акциялар (49).

              Леверидж деңгейінің жоғары болуы – қауіпті құбылыс, өйткені ол қаржылық тұрақсыздыққа әкеліп соғады.

              Шаруашылықты жүргізуші субъектілердің нарықтық белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер осындай.

              Қазақстан Республикасында құнды қағаздар нарығы енді ғана қалыптасып келе жатқанын айта кетуіміз керек. Алғашқы қор биржалары пайда болды, бірақ олардың айналым көлемі ауыз толтырып айтарлықтай емес. Бұндай жағдай біздің елімізде жекешелендіру аяқталып біткенше және акциялар мен басқадай құнды қағаздар ұсынушылардың саны көбейген кезіне дейін созылады. Нарықтық экономиканың одан әрі дамуы, әр түрлі биржалық бюллетеньдердің, қаржылық газеттер, баланс, әр түрлі акционерлік қоғамдардың табысы туралы есеп беру, олардың акциялары, облигациялар мен басқадай құнды қағаздар туралы мәліметтер келтірілген анықтамалардың шығуына әкеледі. Компанияның акциялар пакетін сату немесе сатып алу туралы шешім қабылдау және курсын зерттеу, кәсіпорындағы қаржы бөлімінің жұмысының аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

 

 

 

 

2.2    Қазақстан Республикасы экономикасындағы акционерлік қоғамдардың қызметін жетілдіру мәселелері

 

Елбасымыз атап өткендей, еліміз жоғары дамыған елдер  қатарына қо -  сылу  үшін  және  экономикамыз  шикізаттық  өндіріске  тікелей  байланысты емес тұрақты экономикалық  өсу үшін бүгінде инновациялық саясатты тиімді жүргізіп, әлемдегі елдердің қатарына қосылуымыз керек. Сол  себепті, қазіргі кезде  өндіріс тиімділігін арттыруда  жаңа технологиялар мен  нарыққа бәсеке  қабілеттілігі жоғары  жаңа  тауарларды  шығару  арқылы  көрініс  табады. Яғни, ұйымдастырудың жаңа техника және технологиялық шешімдері, басқарудың негізгі принциптерін  дамытуды қолдану,  отандық нарықтың спецификасына байланысты кәсіпорынның өндіріс үрдістерін жаңартумен кәсіпорынның экономикалық өсуіне қосымша импульс береді. Өз табиғатына байланысты тек қана техника мен технологияны дамыту емес, сонымен қатар ғылыми өндірістегі кез – келген өзгерістерді айта аламыз. Кәсіпорынның техникалық және технологиялық базасының жаңарып  отыруы, бәсеке қабілетті өнім шығарудың негізгі жағдайы ретінде қарастырады.  Сонымен қатар, кәсіпорынның нарықта жаңа позицияны жаулап алуға және өз позициясын жоғалтпауға; өндірісті көтеруге және кәсіпорынның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мыналарды  орындау қажет:

-   қажеттіліктерді жоғары деңгейде қанағаттандыру;

-   кәсіпорынның бәсекелік қабілеті өнімнің сапасымен өндірістің тиімділігі арқылы көрсетілуі, тұрақтылық пен жаңа технологиялар арасындағы балансқа жету. Табыс алып келетін дәстүрлі технологияны қолдана отырып, ресурстардың бір бөлігін жаңа технологияларды енгізуге бағыттау, техникалық мүмкіндіктерді әртараптандыру;

-   радикалды және эволюциялық өзгерістерге дайын болу, оларға тез қарқынмен бейімделе білу, сонымен қатар, жоғарыда айтылған өзгерістерге икемделу. Кәсіпорынның өзі де эволюциялық және радикалды идеяларды шығара білу, новатор болу;

Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындардың стратегиларына өзгерістер ен- гізіліп жатыр. Олар  жаппай өндіріс  стратегиясынан бас тартып  инновация – лық стратегияға бағытталды.  Жаңалықтар  кәсіпорындарға  шаруашылықтың дұрыс жұмыс істеуін,  тиімділікпен  бәсекелестік  қабілетінің  жоғары  болуын қамтамасыз етеді. Бәсекелестік позициялармен өндіріс тиімділігі және инновациялық потенциялдар арасында тығыз байланыс бар. Кәсіпорынның тиімділігін арттыруға  өнімнің  сапасы,  шығындарды  тиімді  пайдалану  саясаты, жаңа бәсеке қабілетті проектілерді жарыққа шығару және рентабельді бизнес проектілерді таңдай білу әсер етеді.

Еліміз «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді  стратегиялық  бағдарламасына сәйкес  мақсатты даму  үстінде. Елбасымыз  атап  көрсеткендей,  бүгінгі  күн   тәртібінде  әлем қоғамдастығындағы  Қазақстанның  және барлық қазақстан -  дықтардың – ғалымдардың, менеджерлердің, бизнесмендердің, мамандар мен жұмысшылардың бәсекеге қабілеттілігі мәселе болып отыр. Осы орайда ша – руашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастарға бейімделген басқару жүесін құру процесін жеделдеткен жөн.

Нарықтық жағдайда қазақстандық кәсіпорындар басшылары мен top менеджерлеріне басқарудың әдістері мен іс – қимылдарын игеру қажет. Со – лардың қатарына кәсіпорындарға бәсекелік басымдылықтарды ұстап қалу және  сыртқы орта өзгерістеріне икемделу негізінде болашақтағы мақсаттарға тиімді жолмен қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегиялық менеджмент жатады.

Әдебиеттерде  көп  қарастырылатын, тәжірибеде өзін  өзі  ақтай  білген кәсіпорын  стратегияларының  кең  тараған  түрін базистік  немесе эталондық стратегиялар  деп атайды. Олар  мынадай элементтердің біреуіне немесе бір – нешеуінің жай күйінің өзгеруіне байланысты болады: өнім, нарық, сала, ұйымның сала ішіндегі жағдайы және технология. Бұл элементтердің әрқай – сысы  ағымдағы немесе жаңа жағдайда болады.

Эталондық стратегиялар кәсіпорынның төрт түрлі тәсілімен өсіп келе жатқандығын білдіреді:

1.Эталондық стратегияның бірінші тобын шоғырландырылған өсу стратегиялары құрайды. Бұл стратегияларды сала ерекшелігін, қызмет аясы мен өндірілетін өнімді өзгертпей – ақ жалпы көрсеткіштерді арттыру үшін қолданылады. Осы топтың нақты стратегиялары мыналар:

- нарықтағы позициясын күшейту. Мұнда кәсіпорын берілген    нарықты белгілі бір өніммен жаулап алу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды.

- нарықты дамыту стратегиясы. Мұнда өндірілген өнімге жаңа нарық іздестіріледі.

- өнімді дамыту стратегиясы. Мұнда берілген нарыққа жаңа өнімді енгізу және оны өткізу көзделеді. 

2.Кәсіпорынды дамытудың  екінші стратегиясын  әртараптандырылған өсу стратегиялары құрайды. Мұндай стратегиялар кәсіпорынмен берілген нарықта бұрынғы өнімімен ары қарай дами алмаған жағдайда қолданады.  Мұндай стратегиялардың негізгі түрлері:

-өндірісте жаңа өнім түрін өндіруге жаңа мүмкіндіктерді пайдалану  негізінде орталықтындырылған әртараптандыру. Бұл жерде жұмыс істеп тұрған өндіріс бизнестің ортасында қалып қояды да, жа -ңа өндіріс игерілген нарықтағы мүмкіндіктерге орай немесе кәсіп орын іс - әрекетіндегі басқадай күшті жақтарында пайда болады.

-көлденең әртараптандыру, нарықта жаңа технологиямен өндірілген, қолданыстағы  тауарға  ұқсамайтын  ерекше тауар  көмегімен  өсу мүмкіндігін қарастырады. Мұнда компания ең алдымен жаңа өнім өндіруге құзыреттілігін бағалағаны жөн.

3.Жаңа құрылымдарды қосу есебінен  кәсіпорындарды кеңейтуге бай -  ланысты біріктірілген өсу  деп аталатын стратегиялар. Оған мыналар жата – ды:

-сатылап біріктірудің кері стратегиясы, жабдықтаушылардың үстінен қатаң қадағалау және жабдықтаушының еншілес компания құруы есебінен өсуге бағытталған. Стратегияның бұл түрін қолдану кәсіпорынның жабдықтаушылардың бағасы мен жабдықтар ба -ғасының өзгеруіне тәуелді болмайтын жағдайын жасайды.

-алға ұмтылатын сатылас біріктіру стратегиясының мәні – компания  мен  түпкі  тұтынушы арасындағы құрылым, яғни сату және бөлу жүйесінің  үстінен  қатаң бақылау жүргізу немесе жаңа құрылымдар құру есебінен кәсіпорындарды кеңейтуден тұрады. 

4.Эталондық  стратегияның  төртінші  түрі қысқарту стратегиясы деп аталады. Кейбір жағдайларда кәсіпорынды жаңартудың бұл стратегиясы ең соңғы мүмкіндік болуы мүмкін. өйткені жаңару және жаппай тездету – көбі- не  кәсіпкерлікті дамыту жолындағы бір – біріне қайшы процестер. Кәсіпо – рынның мақсатты қысқарту стратегиясының 4 түрін бөліп көрсетуге болады:

-кәсіпорын бизнесін ары қарай жүргізе алмайтын жағдайда қолда- нылатын жою стратегиясы;

-кәсіпорын өзінің қызмет ету аясына ұзақ мерзімді өзгеріс енгізу үшін бизнесінің немесе бөлімшелерінің бірін сату немесе жабу арқылы қысқарту стратегиясы.

-өндірістік шығындарды кеміту мүмкіндіктерін қарастыруға және шығындар көлемін азайту бойынша іс-шаралар жүргізуге бағытталған  стратегия.  Бұл  стратегияны  жүзеге  асыру  шығындарды азайту, өнімділікті арттыру, персоналды қысқарту  және  тіпті  жұмыстан шығару, пайдалы тауарлардың өндірісін тоқтатумен байланысты.

Іс жүзінде кәсіпорын бірнеше стратегияларды бірге қолдануы (әсіресе көп салалы кәсіпорындарда) және оларды белгілі бір жүйе бойынша жүзеге  асыруы  мүмкін. Бұл  жағдайларда  құрамдастырылған  стратегия  ұғымын қолданамыз.

Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, стратегияны кәсіпорын  саясатынан бөліп, басқарудың жеке функциясы ретінде қарастыру керек деген қорытындыға келеміз.

Кәсіпорын стратегиясы мен саясаты өзара байланысты болады. Бір жа ғынанан стратегия кәсіпорын саясатының  норма  мен  принциптеріне  бағы-нышты болады.Стратегия кәсіпорынды тиімді басқаруға әсер ететін көптеген бәсекеге қабілетті амалдар мен жалпы тәсілдерге бөлінеді.

Жалпы  алғанда  кәсіпорын  стратегиясы – барлық негізгі функциялар мен бөлімшелерді қамтитын  мақсаттарды,  тұтынушыларды  қанағаттандыру және нарықтық  позициясын  нығайтуға  бағытталған  кәсіпорынның  басқару жоспары.

Информация о работе Акционерлік қоғам