Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 20:32, курсовая работа
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» (2004 ж) заңы бар, осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін, акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай – ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзіретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.
КІРІСПЕ--------------------------------------------------------------------------------------3
1 Акционерлік қоғамның қоғамда алатын орны-------------------------------------7
1.1 Акционерлік қоғамның пайда болу тарихы--------------------------------------7
1.2 Акционерлік қоғамның құрылымы және процедуралары--------------------10
2 ҚАЗАҚСТАНДА АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫН БАСҚАРУ ------------------------------------------------------------------------------------------------------15
2.1 "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының құрылуы----------------------------15
2.2 "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының менеджмент жүйесін қалыптастыру------------------------------------------------------------------------------16
3 ҚАЗАҚСТАНДА АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫ БАСҚАРУЫН ЖЕТІЛДІРУ--------------------------------------------------------------------------------19
3.1 Акционерлік қоғамды басқаруда кездесетін негізгі проблемалар----------19
3.2 Қазақстанда акционерлік қоғамның даму перспективасы -------------------21
Қорытынды ---------------------------------------------------------------------------------27
Қолданылған әдебиеттер-----------------------------------------------------------------29
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ-----------------------
1 Акционерлік қоғамның қоғамда алатын орны--------------------------
1.1 Акционерлік қоғамның пайда болу тарихы------------------------
1.2 Акционерлік қоғамның құрылымы және процедуралары-----------------
2 ҚАЗАҚСТАНДА АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫН БАСҚАРУ ------------------------------
2.1 "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының құрылуы-----------------------
2.2 "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының менеджмент жүйесін қалыптастыру------------------
3 ҚАЗАҚСТАНДА АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫ БАСҚАРУЫН ЖЕТІЛДІРУ---------------------
3.1 Акционерлік қоғамды басқаруда кездесетін негізгі проблемалар----------19
3.2 Қазақстанда акционерлік қоғамның даму перспективасы -------------------21
Қорытынды ------------------------------
Қолданылған әдебиеттер--------------------
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» (2004 ж) заңы бар, осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін, акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай – ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзіретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.
Акционерлік қоғамдар (корпорациялар) жауапкершілігі шектелген фирмалардың түріне жатады. Кәсіпкершілік фирманың мұндай түрі Батыста, әсіресе АҚШ – та тараған. Қазір АҚШ – та 3,5 миллионға жуық мемлекеттік емес корпорациялар бар. Айта кететін бір жайт, өнеркәсіптің барлақ салаларында кәсіпорындарының акционерлік түрі басым. 50 миллионға жуық американдықтар әртүрлі бірлестіктегі акциялардың иелері, оның ішінде, жартысынан көбін орта деңгейдегі жылдық кірістері төмен адамдар (15 мыңнан 50 мың долларға дейін) құрайды.
Бірлесіп шаруашылық жүргізетін азаматтар мен заңды құқығы бар мекемелердің бірлестігін акционерлік қоғам дейміз. Бұл қоғамның мүлкі ең алдымен акциялар, яғни акционерлік фирмалардың капиталындағы үлеске көмектер, жеңілдіктер, сыртқы экономикалық операциялар, мамандықты жоғарлату, экономикалық жобаларды даярлау, ғылыми зерттеулер; қоғамдық өмірде қандай да болсын бір жобамен іске асыру үшін қоғаның әртүрлі саласындағы ынталы адамдардың мемлекеттік емес бірлестіктер, кәсіпорындар, ұйымдар мен өнімді шығару, өндіру, жәрдемдесу орталықтары жатады.
Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп те аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда қоғамның атауы, сондай-ақ қоғамның үлгісіне қарай, «ашық акционерлік қоғам» немесе "жабық акционерлік қоғам" деген сөздер немесе тиісінше "Ашық Акционерлік Қоғам" және "Жабық Акционерлік Қоғам" аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Акционерлік қоғамдардың көптеген құрылу жолдары бар. Олар - жұмыс істеп тұрган заңды тұлғаны АҚ түрінде қайта құру, олардың бірнешеуін біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару және өзгерту. Қоғамды ұйымдастырудың осы айтылған жолдары ҚР-ның Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа қоғамның жарғысын бекітуді және органдарын сайлауды жаңадан пайда болған қоғамның ұсынысы бойынша белгілі-бір мерзімде өткізілген акционерлердің жалпы жиналысының асыруы қоғамды қайта құру болып есептеледі.
Екі немесе одан да көп қоғамның соңғысының қызметін тоқтатып, барлық мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін өткізу актісіне сәйкес берумен жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бірігуі деп аталады. Бірігуге қатысқан әрбір қоғамның барлық өзгергең деректері жаңа қоғамның акционерлеріне баспасөзде жариялау арқылы берілуі тиіс.
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмыл- дырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан тұрғындарының қолында айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін нығайтып, олардың са- лымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты тұрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр.
Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу механизмі келесі бағытта жүзеге асады:
1. Мемлекет бағалы қағаз рыногын реттеп, ұйымдастыратын заң жүйесін қабылдайды. Бұл заңдар:
акционерлік қоғамдардың қалыптасу тәртібін анықтайды және реттейді;
бағалы қағаздарды шығару тәртібін және акцияны шығаруға рұқсат алу түрлерін анықтап реттейді;
бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардан түсетін пайдаға салық кесімдерін реттейді;
биржаның қызметін және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар түрлерін анықтап реттейді.
2. Мемлекет мекемелері рынок субъектісі ретінде бағалы қағаздар рыногына шығады. Қаржы ресурстарын жинау үшін мемлекет облигациялар, қазыналық міндеттемелер (қысқа мерзімдік облигациялар) сияқты бағалы қағаздарды айналымға шығарады.
3. Ұлттық банктің ақша – несие саясаты арқылы бағалы қағаздар рыногына ықпал жасайды. Басқаша айтқанда, қор рыногындағы жағдай айналымдағы ақша көлемін реттеумен және несиені қолдау саясатымен тығыз байланысты.
Акционерлік қоғам және бағалы қағаздар нарығының мәнін, түрлерін қарастыру, олардың қалыптасуына, дамуына және заңдылықтарына тоқталу. Акционерлік нысан ғана ірі және ең ірі өндірісті құрудың негізі болып табылды және қазіргі нарықтық шаруашылықта шешуші роль атқарады. Мысалы, АҚШ-де 80-шы жылдардың ортасында 32 млн. корпорация болды және олардың үлесіне осы жылдары өндірілген барлық өнімнің 90% тиді.
Акционерлік қоғамды ұйымдастыру үшін оның құрылтайшылары банкке белгілі ақша сомасын салады. Қоғамның капиталы құрылтайшылардың акция шығару жолымен құрылады және оны барлық қоғам типтеріне байланысты алғысы келетіндерге сатады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 85-ші бабына сай акционерлік қоғамды бір ғана тұлға құруы мүмкін немесе бір акционердің барлық акциясы иеленген жағдайында тек бір тұлғадан тұрады.
1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚОҒАМДА АЛАТЫН ОРНЫ
1.1 Акционерлік қоғамның пайда болу тарихы
Қазақстанда акционерлік қоғам ХІХ-шы ғасырдың аяғы мен XX-шы ғасырдың басында пайда болды. Бұл кезде Қазақстанның өнеркәсібі өте нашар дамыды. Тек ғана таукен өнеркәсібі алғашөы қадамдарын бастап, шетел капиталы сол салаға ұмтылды. Зыран қазба байлығы 1886-шы жылы француздардың қолына өтіп "Зыран таукен өндіруші қоғамы" кұрылтайшьшығы құрылды. Американдықтар "Спасс қоғамы", "Орыс-азият корпорациясы" акцияларын ұстап , Қазақстанда екі "балалық" құрылтайшы қоғам құрылды. Олар-Риддер полиметалдық қазба байлығы ("Риддер акционерлік қоғамы") және Екібастұз көмір аумағы. Ағылшын кәсіпкерлеріне жататын — "Батыс-Орал мұнай қоғамы", "Солтүстік-Каспий мұнай компаниясы" да бізге белгілі. Сондай-ақ шетел капиталының негізінде құрылған "Нобель серіктестігі", "Колхида", "Қырғыз тау өнеркәсібі қоғамы", "Виннер" т.б. атауға болады.
Қазақстан 1899-шы жылы бай Копес Деров құрған Воскресенск таукен өнеркәсіп қоғамы құрылды. Бұл бірінші ірі тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорны орыс капиталының негізіне құрылып, Павлодардан Балхашқа дейінгі кеңістіктегі тас көмір мен күміс-қорғасын рудасы бар көп жерді жалға алды. Сондай-ақ ХІХ-шы ғасырдың 90-шы жылдарында Ембіде бірінші мұнай өнеркәсібі компаниясы пайда болып, оған отставкадағы штабс-капитан Ясман басшылық жасады. Орыс қоғамы "Ембі -Каспий" және "Орал-Каспий" мқнай өнеркәсібі қоғамы шетел "Орал-Каспий мұнай өнеркәсібі қоғамы" мен "Орал-Каспий мұнай корпорациясын" бақылады.
Большевиктердің 1917-шы жылы өкімет басына келуіне орай және Кеңес үкіметінің құрылуымен акционерлік меншік түрі жойылды. Алайда жаңа экономикалық саясатқа көшуге байланысты акционерлік қатынастар қайта туа бастады. Қыска мерзімде 1922-24- ші жылдары - 120-дан астам сауда, өнеркәсіп және несие компаниялары тіркеліп үлгерді. Акционерлік механизм арқасында мемлекет жеке капиталды экономиканың қажетті саласына тарта бастады. Әміршілдік-әкімшілдік жүйенің 1929-шы жылдың аяғында қалыптасуы мемлекеттің экономикадағы нарықтық қатынастардан толық бас тартуына әкелді. Нәтижесінде акционерлік қоғамның тіршілігі тоқтады.
Қазақстан Республикасында реформалық процессті жүргізудің және әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесін қайта құрудың арқасында 1991-ші жылдан бастап акционерлік процесс қолға алына бастады. Дағдарыстың күшеюіне қарай бұл процесс өте ауыр жүрді. Сондай-ақ оның экономикада қалыптасуы мен қарқында дамуы айқын байқалуда. Ең басты ассоциация құрылтайшылардың қатысу үлесіне қарай ірі кәсіпорындардан қалыптасады. Ен басты ұйымында "балалық" кәсіпорынның бақылау пакет акциясы қалады.
Акционерлік ұйымның мұндай бірлестігі ірі өндірістік кешеннің жұмысын кепілдіклен атқарады. Бұлай атқару оз саласында бір-бірімен байланысқан дайын білімді өткеретін, шикізатпен қамтамасыз ететін кәсіпорындар, конструкторлық және жобалық ұйымдар, зерттеу-іздеу мекемелерін т.б. тиімді тарту нәтижесінде жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында 1996-шы жылға дейін 48 холдингтік компаниялар болды. Өте белгілі холдингтер — "Камкор-холдинг" (Қазақ мемлекеттік автосервис пен сауда холдингтік компаниясы), "Казагрореммаш" (ауыл шаруашылық машина мен автосервис акционерлік холдинг компаниясы), "Интеркаспий", "Каратау", "Монтажспецстрой", Акционерлік қоғам акциясын, жоғарыда айтқанымыздай кәдімгі және жеңілдетілген болып бөлінеді. Соңғы түрі табысты алуға құқықтық негіз болады. Жеңілдетілген (женілдік пайдаланатын) акция дивидендті акция ұстаушыға тұрақты мөлшерде төлеуге Кепілдік жасайды. Дивиденд пайдадан төленеді, ал оның жетіспеген кезінде резервтік кор есебінен алынады. Кәсіпорынның жойылған кезінде жеңілдетілген акция иесі пайданың бір бөлігін сатылған мүліктен алады. Бағалы қағаздар иерархиясында компания акциясы облигациядан төмен болады, бірақ кәдімгі дауысқа түсетін акциядан жоғары.
Алайда, жеңілдетілген (жеңілдік пайдаланатын) акция акционерлердің жалпы жиналысында дауысқа түсу құқына ие емес. Олар "дауыс бермейтіндерге" жатады. Сондықтан оның иесі акционерлік қоғамның баскару процесіне қатыспайды. Мұндай акциялар жаңа инвесторды тартуға қызмет жасайды.
Жетілген акция иесі қатты проценті төлеуден қалған пайданың бір бөлігі кәдімгі акцияны ұстаушылардың арасында дивиденд түрінде бөлінеді. Кәдімгі "дауыс беруші' бола алады. Олар бір немесе бірнеше дауысқа ие болуы мүмкін. Оған дивиденд жылдың аяғында пайданың есебінен төленеді.
Акцияның сатылу және сатып алу бағасын акция курсы дейміз. Егер ол көп болса, онда дивиденд те жоғары болып төленеді. Алайда, ақша капталының иесі акцияны сатып алғанда, одан алған дивидентін қарыз проценті-табыспен салыстырады. Себебі банкке ақшаны сала отырып кепілдікпен алатынына толық сенімді. Процент деңгейі жоғары болса, акция курсы төмен болады және керісінше. Ол былайша анықталады:
Дивиденд деңгейі ауытқыса, оның көлемін анықтайтын бағыттар бар. Дивиденд пайыздан төмен болмауы қажет, себебі ол банктегі салымдар арқылы төленеді. Банк проценті кепілдендірілген, ол дивиденд тәуекелмен байланысты. Әйтпесе инвестор банкке салым салуға ыңғайланар еді. Дивиденд деңгейінде инфляция индексі мен тәуекел дәрежесі ескеріледі. Соңғысының саңдық бағасын беру қиын, сондықтанда оның негізіне акционерлік қоғам тәуекелділік қорының жіберген пайызын есепке алады. Егер банктің салымдық процентін орташа 5% ден алсақ, инфляция индексі 7 процентке, ал тәукелділік дәрежесі 5% болады. Онда дивнденд акцияның номинальдық құнының 17%-тей шамасын құрайды.
1.2 Акционерлік қоғамның құрылымы және процедуралары
Акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз, яғни акция қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына (категорияларына) қарай акционердің дивидендтер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылғаннан кейін оның қалған мүліктерінің бір бөлігіне құқықтарын куәландырады. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады. Акционер қоғамның міндеттемелер бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді.
Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп те аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда қоғамның атауы, сондай-ақ қоғамның үлгісіне қарай, «ашық акционерлік қоғам» немесе "жабық акционерлік қоғам" деген сөздер немесе тиісінше "ААҚ" және "ЖАҚ" аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтеді.