Акционерлік қоғам

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 10:47, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қоғамдардың дамуы. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып – сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қоғамдар акционерлерді басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қоғамдардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.

Содержание

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Акционерлік қоғамдардың мәні және түрлері...........................................4-8
1.2 Акционерлік қоғамдардың экономикадағы маңыздылығы.....................8-12
2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
2.1 Акционерлік қоғамның экономикалық тиімділін талдау.....................13-19
2.2 ҚР экономикасындағы акционерлік қоғамдардың қызметін жетілдіру мәселелері.........................................................................................................20-23

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Работа содержит 1 файл

Мой измененый вариант курсовой.doc

— 240.00 Кб (Скачать)


 

М А З М Ұ Н Ы

 

 

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

 

1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

1.1 Акционерлік қоғамдардың мәні және түрлері...........................................4-8

1.2 Акционерлік қоғамдардың экономикадағы маңыздылығы.....................8-12

 

2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

2.1  Акционерлік қоғамның  экономикалық тиімділін талдау.....................13-19

2.2 ҚР экономикасындағы акционерлік қоғамдардың қызметін жетілдіру мәселелері.........................................................................................................20-23

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................24

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қоғамдардың дамуы. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып – сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қоғамдар акционерлерді басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қоғамдардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.

Экономикадағы өндірістің құлдырауы және дағдарыс жағдайларында акционерлік қоғамдардың дамуы қаржылық ресурстардың көлденең түрде ауысуын қадағалап, салааралық қаражаттардың қозғалысын рационалдайды, яғни экономиканы көтерудің және қайта құрудың алғышарттарын қалыптастырады.

Елімізде акционерлік қоғамдардың дамуы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді жүзеге асыру нәтижесінде кеңістікте де, уақыт бойынша да жаңа қарқынға ие болды. Оның негізгі жекешелендіру формаларына акционерлендіру жатады. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру кезінде әр түрлі деңгейде мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар құрылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, ең кең таралған ұйымдастырушылық – құқықтық нысан болып акционерлік қоғамдар болып табылады. Акционерлік қоғамдардың экономикадағы ролі мен маңызы 2003 жылы 13 мамырда «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР арнайы Заңы қабылданғаннан кейін күшейді.

Жекешелендірудің мемлекеттік саясаты акционерлік қоғамдарды мүліктік айналымның орталығына қойды, кәсіпкерлік қызметтің акционерлік нысаны шаруашылық жүргізудің ең кең тараған нысанына айналып, Қазақстан Республикасының экономикалық қайта құрулар механизміне терең енді және оның дамуына біршама әсер етуде.

Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік қоғамдардың маңызы мен тиімділігін ашып көрсету.

Аталған жұмысқа сай, оның негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

      нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік қоғамдардың теориялық негіздерін ашып көрсету;

      АҚ – дың экономикалық мәнін, оның Қазақстан Республикасындағы ролін қарастыру;

   Қазақстан Республикасы экономикасындағы акционерлік қоғамдардың қызметін жетілдіру мәселелерін қарастыру.

 

 

1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

 

1.1 Акционерлік қоғамдардың мәні және түрлері

 

      Қазіргі өндіріс ауқымының өсуімен және оның техникалық базасының күрделенуімен негізгі капитал ұлғаяды. Ең ірі деген жеке капиталдың өзі бұл жағдайда алып металлургиялық және машина құрылысы кәсіпорының,жол,порт,канал және т.б. салуға жеткіліксіз.

        Осыдан барып бірнеше жеке капиталдардың ірі капиталға объективті бірігуі қажеттілігі туындайды,сөйтіп акционерлік қоғам құрылады. Бірінші акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде XVI-шы ғасырда пайда болды. Олардың жаппай құрылуы XIX-шы ғасырдың үшінші жартысына келеді, ол ҒТП-ның шарықтауымен байланыстырылды: электр жарығының ашылуы, іштен шығатын электр двигателдерінің пайда болуы, металл балқытудың жаңа технологиясы және т.б. Металлургиялық өнеркәсіптің, автомобиль және авиақұрылыстары қарқынды дами бастады. Зауыттар салу көптеген қаржыны талап етті. Бірде бір жағдайы осы салаларда өз меншігіндегі кәсіпорынды ұйымдастыра алмады. Тек акционерлік негізде ғана құрыла алады.

       Акционерлік нысан ғана ірі және ең ірі өндірісті құрудың негізі болып табылыды және қазіргі нарықтық шаруашылықта шешуші роль атқарады. Мысалы, АҚШ-де 80-шы жылдардың ортасында 32 млн.корпорация болды және олардың үлесіне осы жылдары өндірілген барлық өнімнің 90% тиді. (1)

      Акционерлiк қоғамның құқықтық ережелерi, акционерлердiң құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының «Азаматтық Кодексінің» және оған  байланысты басқа да заң құжаттарына сәйкес белгiленедi. (2) Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 85-ші бабына сай Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi. Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.  Қоғамның барлық акцияларын бiр акционер сатып алған жағдайда акционерлiк қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн.(2)

 

____________________________________

1.        Российский экономический журнал. 1993ж, №6, 134 б.

2.        КР Азаматтық Кодексі. Алматы,  2003ж., 12 -14 б.

 

 

Акционерлік қоғамды ұйымдастыру үшін оның құрылтайшылары банкке белгілі ақша соммасын салады. Қоғамның капиталы құрылтайшылардың акция шығару жолымен құрылады және оны барлық қоғам типтеріне байланысты алғысы келетіндерге сатады.

АҚ  басқа заңды тұлғалардан негізгі айырмашылығы қатысушының (акционердің) міндетті құқығын бекіту тәсілі арқылы ұйымға қатысты мүлікке акцияға қатысты көз жеткізу жолы.

АҚ шығаратын акциялар біркелкі номиналды бағада болуы тиіс. Акциялар иесі – акционерлік ұйымның міндетімен жауап бермейді, олар тек шығын әкеледі – оларға тиесілі акциялардың шығындары жатады. «Акционерлік Қоғамдар туралы» Заңға байланнысты АҚ – дар тек өздерінің міндеттері бойынша оларға қатысты мүліктерге жауап береді. (1)

              АҚ тек өзіне қатысты мүліктерге қорған бола алады, яғни ұйым өз қатысушыларының міндеттеріне жауап бермейді. Акционерлердің кредиторлары өзге қатысушылардан, жеке шаруашылықпен айналысатындардан АҚ – ның үлесін талап ете алмайды.

              Мүлік есептеудің алғашқы көзі – АҚ ақша соммалары болып табылады (алайда төлем натуралды немесе басқа түрде болуы мүмкін). Уақытында төленбеген акция кредитордың кепілдігін әлсіретеді және ұйымның шаруашылық сферасын қиындата түседі. Қатысушылар уақытында акцияларды төлеп тұруы үшін, АҚ – ның міндеттемелерін орындаулары қажет. Ұйым бір қатысушы ретінде басқа шаруашылық бірлестікті иемдене алмайды.

              Акционерлік меншік тек екі жолмен ғана құрылады: салым салушы акционерлік қоғамнан немесе мекемесі бар заңды тұлғадан. (2)

              Жекешелендіру қалпында акцияларды сату мекеме  жұмысшыларында акциялардың өсуі дегенді білдіреді. Жұмысшыларға акциялардың сатылуы – жұмысқа деген қызығушылығын тудыртады және бұл мекемеге кіріс әкелудің бір жолы болып табылады.

              Алайда жұмысшылардың мекеме меншігіне айналуы тек мекемелік салық түсімі және жұмысшыларға акция сатуға арналған немесе жеңілдік түрінде сатылған акциялар болуы мүмкін. Нәтижесінде жеке шаруашылықтың потенциалды және жұмысшылардың ұйымшылдық қабілеті толығымен қолданылмайды.

Жекешелендірудің ең көп тараған түрлерінің бірі – халыққа жария түрде акцияларды сату болып табылады, яғни көрсетілген акциялардың ашық күйде сатылуы конкурстық бағамен сатылады. Фиксацияланған акция сату кезінде акция бағасы бір көтеріліп, бір түседі. Ал конкурстық бағамен сатқанда мүлікке мемлекеттік шаруашылықтарға тұрақты баға қойылады.

____________________________________

1.        ҚР Акцинерлік коғамдар туралы Заңы  2003ж., мамыр 

2.        учебник

 

 

 

              Акцияны ашық күйде сату халыққа жинақ түрінде келеді. Оның ең басты ерекшелігі – ашық түрде өтуінде. Мемлекеттік кәсіпкерлікті жекешелендіру кезінде шетел инвесторларына да қатысуға болады. Алайда, ережеге сай, олар ұлттық  экономиканың бәсекеге қабілетті заңдарына сәйкес нақты анықталған. Осы кезде олардың қатысуы мемлекеттік ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылыққа септігін тигізуі қарастырылады.

Акция- бұл бағалы қағаз, белгілі пайды акционер қоғам капиталына салғаның куәландырады. Ол иегерде акционерлік қоғам пайдасынан дивидент түрінде белгілі табыс алуға құқық береді. Дивидент мөлшері кәсіпорын пайдасымен байланысты.

Батыс елдерінде акционерлік қоғамның ірі құрылтайшылары көбінесе мол пайданы дивидент түрінде ғана емес, сондай-ақ құрылтайшылық пайда түрінде алады. Құрылтайшылық пайда- құрылтайшыға сатылған баға акциясының сомасы мен кәсіпорынға салынған нақты капиталдың арасындағы айырмасы.

Акцияны акционерлік қоғам, кәсіпорын,ұйымдар,коммерциялық банк, кооперативтер мен басқада мекемелер шығарады. Олар ұжымдық меншікке негізделген немесе толық мемлекеттік меншік шаруашылығында болады. Акция бағалы қағаздар нарығы-қор биржасында сатылады және сатып алынады. Акция бұл процесті биржалық емес сауда негізінде де жүзеге асырады. Акцияның номиналды құны мен нарықтық бағасы бар. Акцияның нақты бағасы(нарықтық курсы) акционерлік қоғам пайдасының мөлшеріне тікелей байланысты өзгереді. Сондай-ақ  алынатын дивидент мөлшері мен қарыз пайызы деңгейіне байланысты да өзгереді.

        Шетел тәжірибесінде акцияның әртүрлі: есімді (ірі купюрлы) және өкілді (ұсақ купюрлы), жай, жеңілдікпен пайдаланатын, бір дауысты, көп дауысты, дауыссыз болып қабылданады. Біздің елімізде жай акция шығарылып, жеңілдікпен пайдаланатын табысы болып, акционерлерге салған капиталы үшін айқындалған процент түрінде қатты табысты алуларға құқық береді. Алайда жеңілдікпен пайдаланылатын акция шектелген мерзімде қолданылады және белгілі уақыттан соң, акционерлік қоғам оны жабады. Ал, оларды иемденушілер акционерлік қоғам жұмысын басқаруда ешқандай дауысқа ие емес. Жеңілдікпен пайдаланылатын акциялар акционерлік қоғамның жарғылық қорының 10%-тен аспайтын соммасы мөлшерінде ғана шығарылады.

       Акция категория бойынша былай бөлінеді: еңбек ұжымының акциясы, кәсіпорын акциясы және акционерлік коғам акциясы.  Еңбек ұжымының акциясын сол кәсіпорында жұмыс істейтіндерге ғана таратылады. Оған қатысы жоқтарға таратылмайды. Акцияны кәсіпорын шығара отырып  екі пайдалылықты көздейді: көбірек пайда табу үшін, кәсіпорын жұмысшыларын басқару процессіне барынша тарту. Себебі кәсіпорынның жетістігі оның табысына тікелей әсер етеді.

Акционерлік қоғамның акциясы кәсіпорын мүлігінің барлық сомасына немес  жарғы қорына шығарылады. Сондықтан кезкелген меншіктегі кәсіпорын акционерлік түрде өзгертеді. Бұл қоғамның акциясы оған еркін арқылы таратылады. Кейде барлық акцияны құрылтайшылар арасында өзара бөледі. Олар есімді және көрсетілген болып та шығарылады. Бір қолдағы қорлардың көп болмауы үшін және акционерлік қоғамнан бақылауды жоғалтпау үшін есімді акциялар қолданылады.Алайда бұл да сенімсіз, себебі оған қатысы жоқ адамдар болуы да әбден мүмкін. Әлемдік тәжірибе бұған қарсы өте тиімді тәсіл белгілі мысалы АҚШ-та бір компанияның 5%-тік акциясына иесі оған ай сайын оның сатып алу- сату жайында есеп беріп отырады.

Әрбір есімді акцияның қозғалысы акцияның тіркеу кітабында белгіленеді. Акция бланксінде есімді акция ұстаушының аты-жөні көрсетіледі. Акция блактің көрсетілген түрінде оның ұстаушының аты жазылмайды. Акция тіркеу кітабында жалпы шығарылған акцияның көрсетушіге қатысты ғана белгіленеді.

Акционерлік қоғам-кәсіпорын,ұйым мен мемлекеттік орындардың еркін біріккен түрі. Ол акциясын айналымға шығару арқылы өзінің босаған қаржы ресурстары мен еңбекшілердің сақтық қорын орталықтандыруға жұмылдырады. Акционерлік қоғам өз жарғысы негізінде жұмыс жасап, кез келген шаруашылық саласында құрыла алады. Сондай-ақ, қаржы мен өндірістік-шаруашылық қызметпен айналысатын күрделі ұйымдардың да негізі бола алды. Бұған жетекшілік жасау басқарма, деректордың бақылау кеңесі және басқа да ұжым түрлері арқылы жүргізіледі. Басқарудың ең жоғары түрі- акционерлердің жиналысы болып табылады. Акция мөлшеріне қарай пропорционалды түрде әрбір акционердің жиналыста алатын өз даусы бар. Акцияны ұстаушы өз өктемдігін жүргізу үшін, акцияның көп мөлшеріне ие болуы қажет. Егер ұстаушы акцияның 50%-дан астамын иеленсе, онда ол акция пакетіне ие болады. Акционерлік қоғамы басқаруға және толық бақылауға 20% мөлшердегі акция да жетеді.

Акционерлік қоғам акциясын, жоғарыда айтқанымыздай кәдімгі және жеңілдетілген болып бөлінеді. Соңғы түрі табысты алуға құқықтық негіз болады. Жеңілдетілген(жеңілдік пайдаланатын) акция дивидентті акция ұстаушыа тұрақты мөлшерде төлеуге кепілдік жасайды. Дивидент пайдадан төленеді, ал оның жетіспеген кезінде резервтік қор есебінен алынады. Кәсіпорынның жойылған кезінде жеңілдетілген акция иесі пайданың бір бөлігін сатылған мүліктен алады. Бағалы қағаздар иерархиясында компания акциясы облигациядан төмен болады, бірақ кәдімгі дауысқа түсетін акциядан жоғары. Алайда, жеңілдетілген(жеңілдік пайданалылатын) акция акционердің жалпы жиналысында дауысқа түсу құқына ие емес. Олар «дауыс бермейтіндерге» жатады. Сондықтан оның иесі акционерлік қоғамның басқару процесіне қатыспайды. Мұндай акциялар жаңа инвесторды тартуға қызмет жасайды. Жетілген акция иесі қатты процентті төлеуден қалған пайданың бір бөлігі кәдімгі акцияны ұстаушылардың арасында дивидент түрінде бөлінеді. Кәдімгі «дауыс беруші» бола алады. Олар бір немесе бірнеше дауысқа ие болуы мүмкін. Оған дивидент жылдың аяғында пайданың есебінен төленеді және мөлшері тез ауытқып отыруы мүмкін.

Информация о работе Акционерлік қоғам