Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 21:10, курсовая работа
Бүгінгі күні карточкалық бизнестің дамуы, ел экономикасы дамуының индикаторы ретінде саналады. Расында да, осы көрсеткішпен қатар, банктер өз клиенттеріне сервистің жоғарғы деңгейін көрсетуге талпынуда. Кез келген банктің негізгі мақсаты – клиенттер үшін жоғары деңгейлі ыңғайлылықты қамтамасыз ету. Адам өзінің ақшасына әлемнің кез келген нүктесінен қол жеткізуі қажет және өзін жайлы және сенімді сезінуі керек. Осы ретте банктер төлемдік карталарды, клиенттің шотына рұқсаттық әмбебап құрал ретінде пайдалануға тырысады, адамның уақытқа да, қашықтыққа да тәуелсіз болуы үшін, өзіне-өзі қызмет ету тәртібі жағдайында операциялардың барынша көп санын аударады.
Кіріспе 3
1 ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ – ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙРЫЛЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ 6
1.1 Шетелдегі карточкалық бизнестің дамуы 6
1.2 Карталардың түрлері және жіктелуі 13
1.3 Төлем карточкаларының жұмыс принциптері 33
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ НАРЫҒЫНЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҒДАЙЫ 42
2.1 Қазақстанда төлем карталарын енгізудің экономикалық алғышарттары 42
2.2 Төлем карталары бойынша несиелеу механизмі 46
2.3 Екінші деңгейлік банктерде төлем карталарын қолданудың талдамасы 57
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 61
3.1 Ұлттық төлемдік микропроцессорлық карточканы қолдану 61
3.2 Жұмыстың озық әдістері мен түрлерін төлем карталарымен жұмыс барысында енгізу 66
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 77
ҚОСЫМШАлар А 80
Қосымша Ә 87
Банктік
карточкалар бойынша
Банк-эмитенттің негізгі пайдасы – жылдық пайыздық үстемесі.
Банк-эмитент периодты түрде, айына бір рет клиентке ерекше құжат жібереді – яғни, онда операцияларды өткізгендігімен байланысты банкке төленетін комиссиялық жиындары, қарызды төлеудегі міндеттелген ең аз сомасы, қарыздың жаңа қалдығы көрсетілген несиелік шотынан алынған жазба. Жазба банк арқылы клиентке төлем мерзімі болғанға дейінгі 14 күннен кешіктірілмей жіберілуі тиіс.
Банк-эквайердің міндеттері карточкалық жүйелердің сауда мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі оның ролімен анықталады. Оның негізгі қызметтері:
-
карточкалармен жүргізілуші
-
сауда келісімдері туралы
- есептесулер жүйесіне жаңа және қазіргі бар саудагерлердің несие төлеуге қабілеттілігінің талдамасының, алаяқтыққа байланысты күдікті саудагерлерді тексерулердің қосылуына байланысты, саудагердің арыздарының қаралуы;
-
маркетинг, яғни пластикалық
Көптеген
елдерде карточкалармен жүргізілетін
операциялар арнаулы заңдармен
реттеледі. Ұлыбританияда, мысалы, карточкалық
келісімдердің шарттарын
Несиелік карточкамен жұмыстың жалпы ережелері:
1) Банктің клиенті банкке банктің несиелік карточкасын алатындығы жөнінде арыз ұсынады. Арыз үлгісі банкпен анықталады. Клиенттің келтірген мәліметтері, оның несиеге төлем қабілеттілігін бағалау үшін және де тағайындалушы лимит шамасын анықтау үшін қолданылады;
2) Мәселенің оңды шешілуі
3)
Банк-эмитент екі түрлі
- карточкалық
шот бойынша төленбеген
- бір рет сауда сомасына арналған бір реттік лимит.
Әртүрлі
клиенттерге банктің
а) тауарды сатып алуда және қызметті көрсетуде карточка иесі карточкасын ұсынады;
б) сатушы сауда шотын басады, онда арнаулы қондырғы көмегімен карточкадан мәліметтер басылып шығады;
в) сауда шоты үш данада әзірленеді. Алғашқы данасын карточка иесі алса, екіншісі сатушыда қалады, үшіншісі банк-эквайерге жіберіледі;
г) саудагер банкі (эквайер) өзінің клиентінен күн сайын немесе басқа да бекітілген күндері толтырылған сауда шоттарын алады. Бұл шоттар ақша сомаларының эквиваленті ретінде банкпен қаралады, және де олар саудагер шотына жылдам тапсырылады. Шоттарды төлеу кезінде саудагерден сауда келісімінің жалпы сомасынан 2-5 пайыз көлемінде ерекше комиссия ұсталады;
д) әр айдың соңында банк биллинг процедурасын іске асырады, яғни карточка иесіне оның шотынан жасалған барлық операциялары көрсетілген, сондай-ақ қарыздар сомалары мен оларды жабу кезеңдері көрсетілген арнайы жазба жібереді.
Карточкалық
операциялар бойынша
Карточкалық
операциялар бойынша банк-
Кірістің басты тарауы – бұл банкте сауда шоттарын депонирлеу кезінде саудагердің төлейтін дисконты. Соңғысы, банк-эквайер депо саудагердің шотындағы сақталушы ақшаны жұмсаудан пайда табады. Банк-эквайердің шығынының негізгі тарауы – интерчейндж үшін арналған комиссия. Ол банк-эмитентке сауда шоттарының сомасынан белгілі бір пайыз көлемінде төленеді. Басқа да шығындар түрлері, банк-эмитенттің процессинг пен маркетинг бойынша шығындарына ұқсас келеді. Пластикалық карталар пайдасына келтірілетін нақты дәлелдердің бірі ретінде қолма-қол ақш(тенге және валютада) айналымдарының қысқаруы болмақ. Барлық ірі ақша сомаларымен байланысты келеңсіздіктер(дайындалуы, сақталуы, тасымалдануы, шоты, шынайылығын тексеруі және т.б.) анық және анықтама беруге зәру емес.
2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА
ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ НАРЫҒЫНЫҢ
ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстанда
төлем карталарын енгізудің экономикалық
алғышарттары
Бізде
пластикалық карточкалар сирек
кездесетін зат ретінде болуын азайтты,
бірақ олар әсіресе төлем құралы
ретінде кеңінен таралған емес.
Қазіргі кезде негізгі мәселе
мынада, яғни төлем карточкалары көп
жағдайларда «еңбекақы
Бүкіл сауда орталықтарында, қонақ үйлерде, ресторандарда, казино, кинотеатрларда, клубтарда, туристік және сақтандыру агенттіктерінде «пластикалық карточкаларды» алу үшін POS-терминалдар орнатылған. Дегенмен, шетелдіктер үшін ақшасыз төлем жасау күнделікті тұрмыста кездесетін белгіленген тәртіп болса, қазақстандықтар ескіше әмияннан төлем жүргізуді құптайды.
Атап айтсақ, өз көзіңмен нені көрсең, соған сену - біздің менталитетіміздің ерекшелігі болып табылады. Мынаны еске түсірсек, яғни осыдан бірнеше жыл бұрын кейбіреулер еңбекақыларын карточка арқылы алудан бас тартқандығы, алданып қалудан қорқып. Осылайша жағдай POS-терминалдармен де болған, ең соңында барлығы ақшасыз төлем жүргізудің қауіпсіздігі мен жайлылығының неде екендігін түсінуде, сонымен мәселе жабылып қала береді.
Бүгінде
карточкалық бизнестің дамуын біздің
еліміздің экономикасының өсуінің
қозғаушы күші ретінде санауда. Әрине,
бұл көрсеткішке қарама-қарсы
түрде банктер клиенттерге
Қазіргі кезде банкомат арқылы карточкадан карточкаға ақша аудару кеңінен қолданыс тапты. Банкоматтардан депозитке ақша салуға болады, ұялы телефон, теледидар, коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, салық төлемдерін жүргізуге болады. Коммерциялық банктер мобильді банкингті дамытуда, клиенттеріне Visa несиелік револьверлік карталарын ұсынуда, мультивалюталық төлемдік, виртуалдық және Visa Platinym сыйақылық карталарын енгізумен шұғылданады.
Кейбір клиенттер өз ниеттерімен SMS-банкинг секілді қызмет түрін бағалауда. Карточка иелері, осы карточка арқылы жүргізілген барлық операциялар туралы SMS-хабарламаларды тікелей өзінің ұялы телефонында ала алады, мұнда оған осы үшін банкоматқа немесе банктің есептік-кассалық бөліміне бару қажет емес. Клиенттер өз қалауларына байланысты қандай операцияның типін (ақша алу, тауарларды сатып алу, қызметтер мен коммуналдық төлемдер жүргізу) таңдағандығына орай SMS- негіздемені алу мүмкіндігі бар, ал мобильді телефонында роумингі болуы себепті, ол шекара асып кетсе де осындай құлақтандыруларды ала алады. Бұдан басқа, банк клиентке оның карточкасының пайдалану мерзімінің аяқталуы жақындағандығы жөнінде де құлаққағыс етуді қарастыруда. POS-терминалдар мен банкоматтар арқылы төлемдер жүргізу туралы айтар болсақ, бұл қызметтер қазақстандықтар үшін жақсы таныс. Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктер өздеріне карточкалық терминалдарды орнату орындары ретінде көптеген сауда фирмаларын, дүкендерді, ойын-сауық орталықтарын тартуда. Өкінішке орай, бұл процесс ойлағанымыздай тез қарқын алмай отыр. Қазіргі күні сапалы карточкалық қызметтерді жаңа технологияларды енгізбей қамтамасыз ету мүмкін емес, сондықтан бұл бағыт қазіргі кезде барлық қазақстандық банктер үшін ерекше болып отыр.
Кез келген банк әр дүкенде POS-терминал орнатудан бас тартпақ емес, мұның тікелей пайдасы зор, бірақ барлық сауда және сервис мекемелерінің дамыған технологиялық желілері жоқ. Карточкалар бойынша төлемдерді аздаған сауда мекемелері жүзеге асыруда, олардың көпшілік бөлігін күрделі тұрмыстық техникасын сатушы дүкендер немесе ауқатты клиеттерге бағдар жасаушы дүкендер құрайды. Кейбір жерлерде коммерсанттар өздері терминалдар қоюға құлықсыз, себебі банктер 1,5-2 пайыздық комиссия алады. Егер сауда айналымы үлкен болса, дүкендер иелерін бұл қорқытпайды, керісінше олар POS-терминал орнатуға келісім береді. Сауда айналымы төмен кәсіпкерлер бірден шығын көлемін есептеуге кіріседі. Бұл іс алға жылжиды, егер салықтарды төмендетсе. Банктер қай жерде болмасын терминалдарын орнатуға құлықты, бірақ олар өлі жүк болып тұрмаса, себебі бұл терминал банк үшін 800 евро тұрады. Төлем карталары бойынша күнделікті төлемдер қабылдаудың дамыған желісінің болмауы тұрғындардың бірқатар кең ауқымы үшін олардың тартымдылығын төмендетеді және оларды қолдану мүмкіндіктерін бірталай шектейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15 желтоқсан 2004 жылғы №1328 қаулысы «Қазақстан Республикасы территориясында сауда операцияларын (қызмет көрсетулерде) жүзеге асыруда төлем карточкаларын қолданып төлемдерді қабылдауға міндетті сауда ұйымдарының категорияларын бекіту туралы» қабылданды, ол күшіне 1 шілде 2005 жылы енгізілді. Мұнда осы Үкімет қаулысы арқылы бекітілген сауда ұйымдарының категориялары, кіші бизнес субъектілері үшін Қазақстан Республикасы салық заңдылығына сәйкес арнаулы салық тәртібін қолданушы сауда ұйымдарына және жалпы қолданыстағы телекоммуникация желісі жоқ жерлерде орналасушы сауда ұйымдарына таралмайды.
Осы
қаулыда көрсетілген
Ереже бойынша, эквайринг келісімшартына сәйкес, банк өзіне есеп айырылысуға төлем карточкаларын қабылдауды қамтамасыз ету бойынша қызметті алады: сәйкес құжаттарды дайындау, қажетті қондырғыны орнату және қызмет көрсету, олардың авторизациясына қатысты кәсіпорындардың берген сұраныстары бойынша қызмет көрсету, сондай-ақ кәсіпорынға сауда чектері мен слиптердің бланкілерін жеткізу мен олардың инкасациясын қамтамасыз ету. Клиенттерге стоп-парақтарын салып жіберу (төлем карталары бойынша операциялары тоқтатылған немесе қысқарған карталардың тізімдері, сондай-ақ есеп айырылысуға төлем карточкаларын қабылдау бойынша қызметкерлерді оқытуды жүзеге асырады. Банктер сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарына эквайрингтік қызмет көрсеткендері үшін эквайрингтік келісімшартпен мөлшері бекітілген комиссиялық үстемақы алады. Қазақстанда төлем карталары негізіндегі қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізу жүйесінің кеңінен енгізілуі мына жағдайда іске асырылады, егер төлем карталары көмегімен есеп айырылысулар процесіне қатысушы барлық мүшелердің – коммерциялық банктердің, сауда және сервис кәсіпорындарының және жеке тұлғалардың мүдделерінің тепе-теңдігі қамтамасыз етілсе.
Қазіргі кезде төлемдік жүйелерге анағұрлым қызығушылық танытушы коммерциялық банктер болып отыр, иә банктердің сауда және сервистік кәсіпорындармен бірігіп және келісіліп жүргізген әрекеттері арқасында ғана төлем карточкалары бойынша төлемдік желілерді құру мүмкін болып отыр. Өз кезегінде, тұрғындар, егер бұл қарапайым және тиімді болса, күнделікті есеп айырылысулар үшін төлемдік карточкалармен қолдана алатын болады. Осындай жүйелерді енгізуден келетін пайда ьарлық қатысушылар үшін, оның ішінде мемлекет үшін жақсы таныс.