Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 21:10, курсовая работа
Бүгінгі күні карточкалық бизнестің дамуы, ел экономикасы дамуының индикаторы ретінде саналады. Расында да, осы көрсеткішпен қатар, банктер өз клиенттеріне сервистің жоғарғы деңгейін көрсетуге талпынуда. Кез келген банктің негізгі мақсаты – клиенттер үшін жоғары деңгейлі ыңғайлылықты қамтамасыз ету. Адам өзінің ақшасына әлемнің кез келген нүктесінен қол жеткізуі қажет және өзін жайлы және сенімді сезінуі керек. Осы ретте банктер төлемдік карталарды, клиенттің шотына рұқсаттық әмбебап құрал ретінде пайдалануға тырысады, адамның уақытқа да, қашықтыққа да тәуелсіз болуы үшін, өзіне-өзі қызмет ету тәртібі жағдайында операциялардың барынша көп санын аударады.
Кіріспе 3
1 ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ – ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙРЫЛЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ 6
1.1 Шетелдегі карточкалық бизнестің дамуы 6
1.2 Карталардың түрлері және жіктелуі 13
1.3 Төлем карточкаларының жұмыс принциптері 33
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ НАРЫҒЫНЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҒДАЙЫ 42
2.1 Қазақстанда төлем карталарын енгізудің экономикалық алғышарттары 42
2.2 Төлем карталары бойынша несиелеу механизмі 46
2.3 Екінші деңгейлік банктерде төлем карталарын қолданудың талдамасы 57
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 61
3.1 Ұлттық төлемдік микропроцессорлық карточканы қолдану 61
3.2 Жұмыстың озық әдістері мен түрлерін төлем карталарымен жұмыс барысында енгізу 66
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 77
ҚОСЫМШАлар А 80
Қосымша Ә 87
Тауарлар
мен қызметтерге төлем
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі осы бағытта жұмыс атқаруда. Анық болғандай, төлем жүйелері дамыған елдерде соңғы уақыттағы жасампаздары микропроцессорлық технологиялар негізіндегі төлем карталарының дамуына, электронды ақшаларды енгізу мен оларды қолдануды дамытуға бағытталған. Қазақстанда электронды ақшаларды енгізу бірқатар артықшылықтарды береді. Жекелей айтсақ, тиімсіз төлем құралдарынан (мысалы, чектерден), анағұрлым тиімді төлем құралдарына көшуге мүмкіндік береді.
Екінші
деңгейлік банктер төлем
Ұлттық банктің жұмысының тағы да бір бағыты –электрондық банктік қызметтің жаңа түрлерін банктерге ұсынуға және оларды дамытуға қолдау көрсету. Бұл қолданушыларға тауарлар мен қызметтерге төлем жасауды электронды байланыс каналдары арқылы жүзеге асыруларына мүмкіндік береді, ол сондай-ақ осыдан былай экономикада қолма-қол ақша айналымы аясының ары қарайғы тарылуына жағдай жасайды
2.2 Төлем карталары бойынша несиелеу механизмі
Төлем карточкалары мықтап біздің өмірімізге еніп келеді және көптеген адамдар үшін есеп айырылысулар үшін үйреншікті зат болып отыр. Бүгінгі күні коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне пластикалық карталардың толық құрамын ұсынып отыр: халықаралық немесе локалды, дебеттік немесе VISA international, EuroCard/MasterCard, Cirrus/Maestro несиелік жүйелерін. Олардың барлығы да белгілі бір мақсаттарға арналған. Егер клиент жиі шетелге шықса, онда халықаралық жүйелердің VISA, EuroCard/MasterCard секілді карточкалары оған анағұрлым тиімді. Бұлардың ерекшеліктері: осы карталар бойынша шығарылушы ақшаларды кеденде декларациялаудың қажеті болмайды, олар арқылы шетелде және Қазақстанда қызмет көрсетудің кеңейтілген желісі, Интернет қызметтерін және телефон қызметтерін төлеудің мүмкіндігі, қонақүй жалдау, автокөлікті жалға алу, банк овердрафтын алу және т.б. Жалпы алғанда пластикалық карталардың қызмет ету мерзімі бір жылдан, бірнеше жылға дейін. Ол карточканың физикалық көрсеткіштерінен және клиенттің мүмкін болатын алаяқтық жағдайлардан сақтану жағдайына байланысты анықталады. Карта сенімді түрде қолдан жасау жағдайларынан, ал карточкалық шот - карточкаға алдын ала белгіленбеген қол жеткізу жағдайларынан (карт-шоттағы ақшаға қол жеткізу тек жеке парольді қолданып ғана немесе карточка иесінің қатысуымен оның жеке қолының болуы нәтижесінде іске асады) сақтандырылған.
Қазақстанның
карточкалық технологиялар
Карточкалық
бизнестің дамуы барысында
Несиелік карточка есеп айырылысулардың мынадай құралын білдіреді, яғни мұнда эмитент өзіне оның контрагентінің есебіне клинетінің ақшаларын аудару міндетін жүктеп алудан басқа, сондай-ақ несиелеудің белгіленген лимиті мөлшерінде оның иесінің тауарларды, қызметтерді жедел түрде төлеу қаупін де жүктеп алады. Басқаша айтсақ, карточка оның иесіне кез-келген сауда жасауда банктен оны төлеуге несие алуына мүмкіндік береді. Банк-эмитент карточканың иесіне оның ссудалық шотындағы несиелеудің лимитін, оның кәдімгі салымдық шотына тәуелсіз анықтап береді. Ережеге сай, ссудалық шот ашпас бұрын, карточка шығарумен айналысушы банк немесе компания болашақ карточка иесінің қаржылық жағдайын тексереді, сонымен қатар осы клиенттің бұрынғы несие операцичларының детальдарын, яғни «несиелеу тарихын» анықтап біледі. Осы ақпараттың негізінде эмитент клиенттің ссудалық шотындағы ақшаның қалдығын анықтайды.
Мынаны атап айтқанымыз жөн, эмитенттер әдетте клиенттің банк несиесін қайтаруға міндетті нақты мерзімін белгілейді. Егер клиент қайтарылым мерзімін созып алса, онда банк әрбір мерзімінен асушы күндерге пайыздық үстеме алуға міндетті. Осы мақсатта несиелік ұйымдар жиі түрде арнайы сақтандыру депозитін енгізген, ол бойынша ондағы ақшалар банк қарызын жабуға да, клиенттің мүмкін болатын кредиторларының пайдасына шешіледі (кейбір банктер ғана сақтандыру депозиттерінсіз жұмыс істей береді). Бұдан басқа, көптеген банктік ұйымдар овердрафт шығарады – несиелік ақшалардың қайта шығындалуы. Әрине, белгіленген лимиттен асып түсуші несиелік ресурстарды қолдану пайыздар арқылы жүзеге асады, мұнда бұл жағдай бойынша пайыздар өте үлкен мөлшерде болмақ. Дегенмен, клиенттер төлемдік карточкалар түрінің осы түрін қабылдауды жөн көріп отыр.
Дебеттік карточка карточка иесінің шотынан тікелей кредитордың шотына бар соманың мөлшерінде ақша аудару жолымен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді шұғыл түрде төлеу үшін тағайындалған. Егер шоттағы ақша мөлшері жеткіліксіз болса, онда төлемдер жүргізілмейді, себебі лимит шотты ашудағы енгізілген төмендетілмеуі керек, ал клиентті несиелеу жөніндегі міндеттемені банк мойнына алған жоқ болатын. Осыған орай, дебеттік карточка бойынша есеп айырылысулар банктен несие алу арқылы емес, карточка иесінің шотынан шығарылушы ақшаны тікелей аудару арқылы жүргізіледі. Мұның бәрі қарама-қайшылықты, себебі эмиттелуші карточкалардың барлық түрі несиелік атауға біріксе де, шын мәнінде дебеттік карточкалар ғана эмиттелген екен. Бұл жағдай елдің экономикалық жағдайының ерекшеліктері болып табылатын – инфляция, төлеуге қабілетсіздік кризисі арқылы телекоммуникациялық желілердің әлсіз дамуымен түсіндіріледі.
Белгілі
бір жағдайларда дебеттік карточка
несиелік карточкаға айнала алады. Соңғы
уақытта, өз карточкаларының тартымдылығын
арттыру мақсатында, банктердің көп
бөлігі келісілген мөлшерлерде клиенттің
карточкалық шотында
Пластикалық карточкалар бойынша овердрафты несиелеу – бұл банктің карточка иесіне оның карточкалық шотындағы бар ақшаны шығындау мүмкіндігін қамтамасыз ету болмақ. Осылайша, берілген банк өнімі несиені алудағы ешбір құжат толтырмай-ақ жүзеге асатын қысқамерзімді несиелеу түрі болмақ. Ресей банктерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастығыңыз тарихыңыз болмаса, несие алудың өте қиын екендігі көптеген клиенттерге жақсы таныс. Сондықтан да қалдықты қайта есептеулер рұқсат етілген карточкалар, толық бағаланушы несиелік карточкасына қарағанда, уақыт өте келе қысқамерзімді несие қажет болатын жеке тұлғалар үшін өте тартымды болмақ.
Пластикалық карточкалар бойынша овердрафты несиелеу банк карточкаларымен жұмыс технологияларында ерекше орын алады – ол оның ұстаушыларына банктің несиелік ресурстарына қол жетерлік жағдайлар ашады. Сәйкесінше банк, карточка иесіне ссуда ұсына отырып, берілген салаға тиесілі банктік операцияларға тән бірқатар мәселелермен бетпе-бет келеді. Банктік карточка бойынша несие, жеке тұлғаларды несиелеудің басқа түрлеріне қарағанда қауіп қатердің жоғарғы дәрежесімен байланысты. Соымен, кәдімгі тұтынушылық ссуда бойынша банк құнды қағаздарды, тауарлы-материалдық құндылықтарды, жылжымайтын мүлікті және т.б. кепілдеме түріндегі қамтамасыздықтарды алады. Ссуданы өтемеу жағдайында немесе төлемдерді ұзақ мерзімге созып алу жағдайында, бұл осы кепілдемелерді пайдаланып және соның арқасында келітірілген шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Бұдан ерекшелігі, пластикалық карточкалар бойынша овердрафты несиелеу қамтамасыз етілмеген ссудалар категорияларына жатады. Мұнда кепілдеме ретінде потенциалды борышкердің өзі және оның банк-эмитентпен қарым-қатынасының тарихы болмақ
Овердрафты бар карточка арқылы қызмет көрсету қосымша операциялардың орындалуын қарастырпды – ссудалық шоттарды, мерзімі асып кеткен ссудалық және мерізімі асып кеткен пайыздық шоттарды ашу және жүргізу, мерзімдік және мерзімінен асып кеткен пайыздарды аудару, сондай-ақ ссудалық және мерзімі асып кеткен қарыздар бойынша резервтің қалыптасуы жатады. Карточкамен пайдаланудың өзіндік схемасы қарапайым болып келеді (Сурет 3). Карточканың ұстаушысы карточкалық шот ашу үшін банк-эмитентке жүгінеді. Карточканы алып, оның иесі карточка көмегімен қызмет көрсету пункттерінде есеп айырылысады. Мұнда әрбір карточкалық шоттан операция шығынына банк-эмитенттің рұқсаты талап етіледі, ал соңғысы сауда нүктелеріне барлық операциялар шығынын өтеп береді.
3 Сурет Төлем жүйесі жұмысының жалпы схемасы
Овердрафты несие транзакцияға төлем жүргізу нәтижесінде туындауы мүмкін. Банктік карточка шотындағы туындаушы овердрафт – оның өлшемі мен карточкалық өнімінің түріне байланысты рұқсат етілген және рұқсат етілмеген (белгіленген лимиттен асып түсуші) болып табылады. Банк әдетте клиентке рұқсат етілген овердрафт шамасындағы операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді, оның шамасы карточка бойынша шығын лимитіне кіреді және авторизация жүргізуде ескеріледі. Егер рұқсат етілмеген овердрафт немесе рұқсат етілген овердрафт шамасының асып түсуі байқалса, құзырлы банк қызметкері клиентті қарызын өтеу қажеттілігі туралы хабардар етуі қажет. Несиелік мекемесі овердрафтының уақытылы төленуіне бақылау жасайды және ай сайынғы мерзімі асып кету жағдайларын болдырмаудың шараларын алдын алады: банк клиенттеріне есептік кезеңдегі операциялары мен шоттағы қалдыққа аударылған пайыздар мөлшері көрсетілген барлық карточкалық және депозиттік шоттарының жағдайы туралы, сондай-ақ клиенттің овердрафтыны қолданумен байланысты қарызын төлеу туралы жазбаларды әзірлеп, салып жібереді. Келісімшартта көрсетілген мерзімнен кешіктірмей (әдетте 30 күн, құлағдандырған күннен бастап) карточка иесі есепте көрсетілген сомадан кем емес сома көлеміндегі овердрафтыны төлеуі қажет болады. Егер бұл іске асырылмаса, онда төленбеген овердрафт сомасы мерзімі асып кеткенге шығарылады. Овердрафт бойынша қарызды жабуды карточка иесі банк карточкасының шотын толтыру кезінде жүзеге асырады.
Карточкалық шотты жүргізуші банк қызметкері сәйкес операцияны орындайды, және клиенттің овердрафтыны жабу бойынша қарызы болса, қарыздың сомасы жөніндегі дәл мәліметтерді алу үшін овердрафт жөніндегі бухгалтерге жүгінеді. Карточкалық шот бойынша операциялар шот иесінің қаржылық жағдайының құлдырау белгілерін және қарызын төлемеу мүмкіндіктерін қамтуы мүмкін. Мысалы, белгіленген овердрафтың мөлшерінен артуы бойынша транзакциялардың жиілеуі болашақтағы қарыздың мерзімінен асып кету секілді жағдайлар мен қаржылық қиыншылықтардың туындауы туралы куәлендіреді. Осы жағдайларда банк қызметкері карточка иесімен байланысуы мүмкін және қарызды дереу қайтаруы туралы шешім қабылдайды.
Овердрафтыны
пайдаланғаны жөнінде банк рұқсат етілген
овердрафтыны пайдалануы жөніндегі, рұқсат
етілген овердрафтының
Осыған орай, пластикалық карточкалар бойнша овердрафтылы несиелеу схемасында банк-эмитент жағынан келесі банк қызметкерлері қатысады
(4 Сурет):
-
карточкалық шотты ашушы және
жүргізуші, қарызды жабу
- овердрафтының туындауы
Банктің операциялық
қызметкерлері мен
Карточкалық шотты жүргізуші операциялық қызметкердің автоматты жұмыс орнына (АЖО) келесі міндеттер жүктеледі: