Толем картолары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 21:10, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні карточкалық бизнестің дамуы, ел экономикасы дамуының индикаторы ретінде саналады. Расында да, осы көрсеткішпен қатар, банктер өз клиенттеріне сервистің жоғарғы деңгейін көрсетуге талпынуда. Кез келген банктің негізгі мақсаты – клиенттер үшін жоғары деңгейлі ыңғайлылықты қамтамасыз ету. Адам өзінің ақшасына әлемнің кез келген нүктесінен қол жеткізуі қажет және өзін жайлы және сенімді сезінуі керек. Осы ретте банктер төлемдік карталарды, клиенттің шотына рұқсаттық әмбебап құрал ретінде пайдалануға тырысады, адамның уақытқа да, қашықтыққа да тәуелсіз болуы үшін, өзіне-өзі қызмет ету тәртібі жағдайында операциялардың барынша көп санын аударады.

Содержание

Кіріспе 3
1 ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ – ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙРЫЛЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ 6
1.1 Шетелдегі карточкалық бизнестің дамуы 6
1.2 Карталардың түрлері және жіктелуі 13
1.3 Төлем карточкаларының жұмыс принциптері 33
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ НАРЫҒЫНЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҒДАЙЫ 42
2.1 Қазақстанда төлем карталарын енгізудің экономикалық алғышарттары 42
2.2 Төлем карталары бойынша несиелеу механизмі 46
2.3 Екінші деңгейлік банктерде төлем карталарын қолданудың талдамасы 57
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 61
3.1 Ұлттық төлемдік микропроцессорлық карточканы қолдану 61
3.2 Жұмыстың озық әдістері мен түрлерін төлем карталарымен жұмыс барысында енгізу 66
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 77
ҚОСЫМШАлар А 80
Қосымша Ә 87

Работа содержит 1 файл

diplom.doc

— 1.12 Мб (Скачать)

       - карточка иесі туралы мәліметтерді  енгізу мен өзгерту, сондай-ақ  Процессингтік орталыққа (ПО) жіберуге  арналған сәйкес ақпараты бар  файлды қалыптастыру;

       - карточкалық шоттарды ашу. Егер карточкалық шоттағы қалдық мөлшері кепілденген деңгейден түсіп кетсе, онда жүйе автоматты түрде толықтыру шотынан карточкалық шотқа ақша аударуды жүзеге асырады;

       -банк арқылы берілген карточкалар тізімін жүргізу. Әрбір жаңа карточканы енгізуде жүйе ПО жіберу үшін электронды түрде карточканың берілгендігі туралы арызды қалыптастыруы керек. Бұдан басқа, бірнеше карточкаларды бір ғана карточкалық шот арқылы немесе бір карточканы бірнеше шот бойынша беру мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. ПО келіп түскен транзакция кезінде бекітілген байланыстар негізінде клиенттің нақты транзакциясы төленетін шотты анықтау талап етіледі;

       - банк клиенттерінен карточкаларды  қайталап дайындау және мерзімінен  бұрын қайта дайындауға қатысты,  файлды дайындау мен ПО жіберуге  байланысты карточкларды қайта  дайындау жайындағы арызды әзірлеу;

       - карточкалық шотты жою, жойылған  карточкалардың файлдарын ПО  жіберу үшін топтау, қалыптастыру;

       - карточкалық шот бойынша әртүрлі  операцияларды орындау; пайыздарды  есептеу, аудару, шоттардан шоттарға  қолма-қол ақшасыз аударымдр жүргізу, бір шоттан екінші шотқа конвертациялау;

       - карточкалық шот бойынша әртүрлі  кірістік операцияларды орындау  нәтижесінде карточкалық шоттағы  соманың толығуын көрсету мен  ПО жіберуге қатысты файлды  дайындау;

       - ПО келіп түскен ақпаратты  өңдеу (транзакцияларды, комиссияларды, ПО арқылы бнктен келіп түскен ақпаратқа жауап беру);

       - карточка иесі үшін оның карточкалық  шоты туралы есеп дайындау;

       - өз және басқа да банктердің  карточкалық шоттары бойынша  қолма-қол ақша беру, орындалған  операциялар туралы файлды ПО  жіберу үшін дайындау;

       - карточкалық шотты жабу, жабылған  шоттар туралы ПО жіберу үшін  файлды қалыптастыру;

       - барлық қажетті есеп берулерді  дайындау.

       Карточкалық өнімдер саласына қатысты карточкалық  шоттар бойынша стандартты операцияларды  есепке алушы бухгалтердің автоматты жұмыс орнымен бірге, овердрафты несиелеу жөніндегі бухгалтердің АЖО құру қажеттігі туындайды, ол қарастырады:

       1) Овердрафтың пайда болуы қарастырылатын  карточкалық шот бойынша ақпарат  жүргізу. Мұнда рұқсат етілген  овердрафт лимиті туралы, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген овердрафтың пайыздық үстемесі жайлы, рұқсат етілген овердрафтың мөлшерінен асып кетуі жайлы, сондай-ақ шұғыл және шұғыл емес пайыздар есептеулерінің күнтізбесі туралы сөз қозғлып отыр;

       2) рұқст етілген немесе рұқсат  етілмеген овердрафт туындаушы карточкалар туралы ақпарат алу, сондай-ақ фронт офис қызметкерлерінен овердрафтың төленуі туралы ақпарат алу. Мұнда төлем сомасы төлемнің банк бекіткен сомасына сәйкес төленуі қажет.

       3) овердрафты карточкалармен жұмыс  жүргізулерді тіркеп отыратын үшін шоттар ашу (ішкі аналитикалық есеп жүргізу);

       4) овердрафтының пайда болуы мен  төленуі туралы операциялардың  бухгалтерлік есебін жүргізу.  Мұнда орындалатын операциялардың  типтері мен қадамдарын бағыттап  отыру керек (карточка ашу,  рұқсат етілген овердрафтының пайда болуы, рұқсат етілмеген овердрафтының пайда болуы, оларды төлеу, резерв қлыптастыру, карточканы жабу);

       5) карточка иесінің қарыздары бойынша  ақпаратты есеп жүзінде ұсыну;

       6) АБС жадысындағы қосымша –  құрама құжаттарды қалыптастыру мен босату;

       7) барлық қажетті есептеулерді  қалыптастыру (сальдолық ведомость,  мерзімі сып кеткен төлемдерді  жоюға арналған жоспарлы сома  және т.б.).

       Егер  автоматталған жүйе жоғарыда айтылған міндеттердің барлығын орындауға қабілетті  болса, онда мынадай тұжырымға келуге болады, яғни ол пластикалық карточка бойынша овердрафтылық несиелеудің толық циклін қамтамасыз ете алады.

       Карточкалар эмиссиясы, овердрафтының пайда  болуын қарастыратын қызмет көрсету  шарттары карточкалық бизнеспен  айналысушы банктер үшін анағұрлым болашағы зор. Несиелеу бойынша пайыздар әлемнің барлық елінде карточкалық бизнес кірісінің басты құраушысы болып табылады. Иә тұтынушылық тауарлардың басым бөлігін дамыған елдердің  тұрғындары несие есебінен ала алады. Тауарларды несиеге алу нарықтық экономикасы дамыған еледердегі төлем жүйелерінің ажырамас бөлігі болмақ.

       Төлем карталары кәсіпорындар қызметкерлеріне  аударылған еңбекақыны алу үшін ғана қолданылмайды,сондай-ақ болашақ еңбекақы негізінде аванстау қызметін де жүзеге асырады. Карт-шотқа жүргізілуші аударымдармен байланысты кәсіпорындардың шығындары банк пен кәсіпорын арасындағы келісімшарттың шарттарына байланысты. Соңғысы үшін осыған ұқсас есептесу схемасының жайлылығы мынада, яғни  бұл схема қолма-қол ақша берумен, оларды сақтау және  тасымалдаумен байланысты шығындарды анағұрлым төмендетеді.

       Төлем карталары бүкіл дүниежүзінде әртүрлі  мақсаттар үшін (төлемдер, ақша айналымын  бақылау, электронды рұқсат қағаздар және т.б.) белсенді түрде қолданылуда. Ақшасыз  есеп айырылысулардың кең таралған құралдарының бірі ретінде олар өзінің иелерімен қатар, сондай-ақ оларды шығару және олар арқылы қызмет көрсетуші ұйымдарға бірқатар ерекшеліктерін ұсынуда. Жекелей алсақ, карточкалар иелеріне бұл жақсы мүмкіндік, яғни өзіңмен бірге әмияныңды алып жүрмей-ақ, тауарлар мен қызметтер үшін кез келген сәтте құнды уақытыңды үнемдеп төлем жүргізу. Карточкаларды эмиттейтін ұйымдар үшін бұл клиенттер ауқымын кеңейту, айналымға қосымша ақшалар тарту, қызмет көрсетулер үшін жүргізілуші төлемдер түріндегі тағы да бір кіріс көзінің табылуы, іскерлік бет-бейнеңді нығайту, ақшалай-қағазды құрамды өңдеуге кететін уақытты үнемдеу. Екінші деңгейлік банктер бірқатар қосымша қызмет түрлерін ұсынуда: ұялы телефон қызметтерін төлеу, коммуналдық төлемдер жүргізу, депозиттерге ақша аударымдары, зейнеткерлер үшін бұл кезе келген уақыт тәулігінен тәуелсіз өздерінің зейнеткерлік шоттарына бақылау жүргізу. Ақпарат банкомат арқылы шынайы уақыт біріліг режимінде тікелей зейнеткерлік қорының мәліметтер базасынан, салымдар жөніндегі барлық құпиялылықтың сақталуы жағдайында беріледі. Телефон шоттарына төлем жүргізу мүмкіндігінің акцептсіз түрі бар. Төлем карточкасының иесінің өтінішінен кейін шоттан ақшаны алу процесі автоматты түрде жүргізіледі. Карточка иесінен халықаралық сөйлесулер мен абоненттік төлемдерді төлеу үшін қажетті соманы өз шотында қалдыру ғана талап етіледі. Банктер жүйенің инфрақұрылымын белсенді дамытуда және өздерінің ерекше дизайнымен ерекшеленуші және әлемдік стандарттар деңгейінде көптеген қосымша қызметтерді осы карточкалар иелерінің алуына мүмкіндік беретін карточкаларды эмиттеу арқылы оларды мақсатты түрде дамытуға бағытталаған. 

    2.3 Екінші  деңгейлі банктерде төлемдік  карталарды қолданудың талдамасы

       Ұлттық  банктің 1 наурыз 2006 жылғы мәліметтері  бойынша 21 екінші деңгейлік банктерге және «Қазпошта» АҚ төлемдік карточкаларды шығару жөнінде лицензиялар берілді, олардың ішіндегі 19 банк төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлік банктер арқылы локалдық жүйенің келесі төлем карточкалары шығарылуда: «Қазақстан Халық банкі» АҚ мен «АСҚ Банкі» АҚ-ның - Алтын карды; «Тұран Әлем банкі» АҚ-ның – SmartAlemCard – ы; «Каспий банкі» АҚ-ның – Каспийлік карточкасы; АО «Қазақстанның СитиБанкі САҚ-ның - SmartAlemCard карточкасы, «Цесна Банк»АҚ-ның – Цесна банктің локалдық карточкасы; сондай-ақ VISA International, Europay International - халықаралық жүйелер карточкалары. Бұған қоса Қазақстанның банктері арқылы халықаралық төлем жүйелерінің карточкалары таралуда: «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның, «АСҚ Банкі»АҚ, «Тұран Әлем банкі»АҚ-ның, «Темірбанк» АҚ-ның, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «ЦентрКредит Банкі» АҚ, «Нұрбанк»АҚ, «ТEXAKABANK» АҚ - American Express International - ы; «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның - Diners Club International-ы.

       2005 жылдың сәуірінде қазақстандық  эмитенттердің төлем карточкаларын қолданып жасалған транзакциялар көлемі 47,8 млрд.теңгені құрады, мұндағы транзакциялар саны 3,0 млн. транзакция болса, ал 197 мың транзакция санындағы қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2,4 млрд. теңгені құрады. Пайыздық қатынаста берілген көрсеткіштер мына түрде болмақ: 95,2 және 93,8 пайыздарына қарсы 4,8 және 6,2 пайыздары болмақ.

       1 қаңтар 2005 жылғы жағдай бойынша  банктер арқылы 2,36 млн. төлем карточкалары  шығарылды, ал осы карточкаларды  ұстаушылар саны – 2,27 млн адамды  құрадыт (осыған ұқсас көрсеткіштерді 2003 жылғы мәліметтермен салыстырғанда - өсу 22,3 және сәйкесінше 20 пайызды құрады). Анағұрлым кең таралған түрлері ретінде карточкалардың халықаралық түрлері болып табылады, олардың үлесіне 87,3 пайыз, локалды жүйелер карточкаларының үлесі 12,7 пайыз болып отыр. 2005 жылдың 1 қаңтарындағы аталған қатынас 82,2 және 17,8 пайызды құраған еді.

       1 наурыз 2005 жылғы жағдай бойынша  банктер арқылы 2,5 млн. төлем карточкалары  шығарылды, ал осы карточкаларды  ұстаушылар саны – 2,39 млн адамды құрады (осыған ұқсас көрсеткіштерді 2005 жылғы мәліметтермен салыстырғанда - өсу 29,7 және сәйкесінше 26,3 пайызды құрады). Анағұрлым кең таралған түрлері ретінде карточкалардың халықаралық түрлері болып табылады, олардың үлесіне 87,6 пайыз, локалды жүйелер карточкаларының үлесі 12,4 пайыз болып отыр. 2005 жылдың 1 наурызындағы аталған қатынас 85,7 және 14,3 пайызды құраған еді.

       2005 жылдың сәуірінде қазақстандық  эмитенттердің төлем карточкаларын  қолданып жасалған транзакциялар  көлемі 57,6 млрд.теңгені құрады (2004 жылғы көрсеткішпен салыстырғандағы өсу 44,7 пайызды құрады). Мұнда мынаны, яғни ақшаны шешу бойынша жүргізілуші операциялар санының өсуімен салыстырғанда (40,1 пайыз, 54 млрд.теңге дейінгі), қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің қарқынды өсуі (2,8 есе 3,7 млрд. теңге дейін) байқалғандығын атап көрсеткен жөн. Қазақстан Республикасының облыстары бойынша POS-терминалдар, импринтерлер, банкоматтар мен сауда кәсіпорындарының 2008 жылдың наурыз айы бойынша саны Кесте 2 көрсетілген.

       2007 жылдың желтоқсанында Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолданып жасалған транзакциялар көлемі 216,5 млрд.теңгені, ал транзакциялар саны 9,5 млн.бірлікті құрады. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда төлемдердің көлемінің 51,3% пайызға өсуі және төлемдер санының 31,8 пайызға өсуі байқалды. Қазақстан Республикасының облыстары бойынша POS-терминалдар, импринтерлер, банкоматтар мен сауда кәсіпорындарының 2004 жылдың қараша айы бойынша саны Кесте 1 көрсетілген.

     2008 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша  19 банк және «Қазпочтасы» АҚ нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Altyn Card – «Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ, SmartAlemCard – «ТуранАлем банкі» АҚ, «Каспий банкі» АҚ, TemirCard – «Темiрбанк» АҚ, «Сити банкі» АҚ, «Цесна банкі» АҚ жергілікті карточкалары және Kazcard - «Казпочта» АҚ шығаруда. Бұдан басқа, қазақстандық банктер келесідей халықаралық жүйе карточкаларын шығарумен және таратумен айналысуда: VISA International, Europay International, American Express International, China Union Pay және Diners Club International.

     2008 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша  банктердің шығарған төлем карточкаларының  саны 6.0 млн. дана құрап, бұл  карточкалардың ұстаушыларының  саны – 5.7 млн. адам болған (2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 36.2% және 34.1% артқан[1]). Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 96.5%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі – 3.5%. 2007 жылдың 1-ші сәуірінде бұл арақатынас 95.5% және 4.5% құраған болатын.

     2008 жылдың наурызында қазақстандық  эмитенттердің төлем карточкаларын  қолдану арқылы жасалған транзакцияларының  көлемі 171.6 млрд. теңге құрады (өсім  2007 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 20.6%). 2008 жылдың наурыз айында транзакциялардың саны 8.6 млн. транзакцияны құрап, 2007 жылдың наурыз айымен  салыстырғанда 18.1%-ға өскен. Сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлемдер санының (1.4 млн. транзакцияға дейін немесе 50.3%-ға) қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар санының өсуімен (7.2 млн транзакцияға дейін немесе 13.3%-ға) салыстырғанда жоғары қарқынмен өсуі байқалады. 

     2008 жылдың 1–ші тоқсанында екінші  деңгейдегі банктер және «Қазпочта»  АҚ № 1 Кестеде  ұсынылған  төлем құралдарын  пайдалана  отырып 23 755.5 млрд. теңге сомаға 32 982 мың транзакция көлемінде транзакция өткізді. Тұтастай алғанда түрлі төлем құралдарын пайдаланудың артуы байқалады. Мәселен, 2007 жылдың 1-ші тоқсанымен салыстырғанда төлемдердің жалпы саны 12.7%, ал төлемдердің жалпы сомасы 25.4% ұлғайды.

     Ұсынылған төлем құралдарының жалпы санының  ұлғаюы негізінен 193 мың транзакцияға төлем тапсырмалары санының және 3 482.6 мың транзакцияға төлем карточкаларын  пайдалану операциясы санының ұлғаюына байланысты болды. Төлемдер көлемінің ұлғаюы негізінен 4 615,9 млрд. теңгеге төлем тапсырмаларын пайдалана отырып төлемдер көлемінің өсуіне байланысты болды.

Информация о работе Толем картолары