Толем картолары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 21:10, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні карточкалық бизнестің дамуы, ел экономикасы дамуының индикаторы ретінде саналады. Расында да, осы көрсеткішпен қатар, банктер өз клиенттеріне сервистің жоғарғы деңгейін көрсетуге талпынуда. Кез келген банктің негізгі мақсаты – клиенттер үшін жоғары деңгейлі ыңғайлылықты қамтамасыз ету. Адам өзінің ақшасына әлемнің кез келген нүктесінен қол жеткізуі қажет және өзін жайлы және сенімді сезінуі керек. Осы ретте банктер төлемдік карталарды, клиенттің шотына рұқсаттық әмбебап құрал ретінде пайдалануға тырысады, адамның уақытқа да, қашықтыққа да тәуелсіз болуы үшін, өзіне-өзі қызмет ету тәртібі жағдайында операциялардың барынша көп санын аударады.

Содержание

Кіріспе 3
1 ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ – ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙРЫЛЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ 6
1.1 Шетелдегі карточкалық бизнестің дамуы 6
1.2 Карталардың түрлері және жіктелуі 13
1.3 Төлем карточкаларының жұмыс принциптері 33
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ НАРЫҒЫНЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҒДАЙЫ 42
2.1 Қазақстанда төлем карталарын енгізудің экономикалық алғышарттары 42
2.2 Төлем карталары бойынша несиелеу механизмі 46
2.3 Екінші деңгейлік банктерде төлем карталарын қолданудың талдамасы 57
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 61
3.1 Ұлттық төлемдік микропроцессорлық карточканы қолдану 61
3.2 Жұмыстың озық әдістері мен түрлерін төлем карталарымен жұмыс барысында енгізу 66
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 77
ҚОСЫМШАлар А 80
Қосымша Ә 87

Работа содержит 1 файл

diplom.doc

— 1.12 Мб (Скачать)

       Қазақстанда тұрғындардың жан басына алғанда  төлем карточкаларының және айналымдарының үлкен көлемді саны Шығыс Европа елдерімен салыстырғанда көп. 2001 жыл біздің елдің банктері үшін елеулі жыл болды. «ТуранАлемБанкі» акционерлік қоғамы (АҚ) өзінің  ең танымал VISA Platinum карточкасын шығарса, «Қазкоммерцбанк» АҚ өзінің алғашқы чиптік транзакциясын жүргізді, ал Тексабанк өзінің ағылшын тіліндегі бірінші Virtual Visa карточкасын шығарды. Мұндай карточка «нақты өмірде» қолданыла алмайды, себебі ол Интернет арқылы ғана қолданылады.Бар жоғы бес жыл бойы VISA төлем жүйесінің қазақстандық банктермен жұмыс істеуі барысында, олар арқылы 754 мың. карточка шығарылды (өткен жылмен салыстырғандағаы өсу 110 пайызды құрады), олардың айналымы 590 млн. долларды құрады (өсім 210 пайыз), транзакциялар саны – 8,3 млн. доллар (өсім 250 пайыз). Осы цифрлардан белгілі болғаны, айналымдардың өсуі шығарылушы карточкалар санынан артып кеткені, ал бұл мынаны байқатады, яғни карточкалардың жиі түрде және үлкен көлемде кішігірім төлемдер үшін қолданылғандығы. VISA –ның серіктес банктерінің саны 1996 жылы үштен он төртке шекті өсті. Айтпақшы, қазір банктер айына 60 мың.данаға дейін төлем карточкаларын шығаруда. 1996 жылы алғашқы банкомат орнатылған болса, бүгінде олардың жалпы саны 500 құрайды. Мұның барлығы, Қазақстан нарығының осы қызмет түріне дайын екендігін және халықаралық төлемдік құралдарды қолдану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға қызығушылық танытуына куәлендіреді.

       Мұның барлығы мынаның куәсі, яғни Қазақстанның нарығы осы қызмет түріне дайын және халықаралық төлемдік құралдарды қолданып ақшасыз төлемдер жүргізу жүйесінің  дамуына мүдделі.

       Банкоматтар мен сауда терминалдары, пластикалық  карталар негізінде өзіндік қызмет көрсетудің банктік жүйесінің қызметін қамтамасыз етуші қондырғылар болып табылады. Банкомат (Automated Teller Machine - ATM) – бұл пластикалық карточкалар бойынша қолма-қол ақша беруге тағайындалған электронды-механикалық қондырғы. Банкоматтарды қарапайым және басқа да операцияларды (салымдарды қабылдау, шот туралы анықтамалар беруге, ақша аудару және т.б.) орындаушы толық қызметтік деп бөлу қабылданған. Банкоматтар алдын ала болжалынған орнықтыру орындарына қарай көшелік және ішкі(бөлмелер үшін) деп бөлінеді. Көшелік банкоматтар әдетте ғимараттар қабырғаларына орнатылады. Кез келген типті банкоматтар процессорды, графикалық мониторы бар дисплейді, ақпаратты енгізуші пернетақтаны, пластикалық карталардан және оған бағытталған ақпаратты оқу мен жазуға арналған, сондай-ақ банкноттарды сақтау мен беруге арналған  қондырғыны қамтиды. Қосымша банкоматтар бумалы принтерлермен, ақша қабылдау қондырғыларымен және қауіпсіздік құралдарымен жабдықталады.

       Төлем карталарының  бұдан былайғы алға басуы, олардың қызмет көрсету түрінің техникалық жағының жетілдірілуін талап етеді. Банкоматтар нарықтағы көзқарасты қамтамасыз ету үшін, шығындарды қысқартуға және пайда табуға арналған. (1 Сурет ). Олардан тіпті демалыс күндері де кассир жалдаудан құтылудың жолын және кассир алдындағы кезекті қысқартудың, клиенттерді сақтаудың, ең соңында – кассирлер штатының өсуін қысқартуға ұмтылуды және олардың құрамын қысқартуды, соған сәйкес шығындарды азайту тәсілдерін байқаймыз.

 

1 Сурет  Банкомат арқылы қолма-қол ақша алу

       Банкомат  арқылы қолма-қол ақша алу келесі түрде жүргізіледі:

       1) саяхаттағы адам карточкасын  Лондондағы банкоматқа салады  да  толайым бағасы бойынша  долларға алмастырылушы британ  фунттарын сұрайды;

       2) банктік компьютер мынаны анықтайды,  яғни карточканың Қазақстаннан екендігін, және де жер серігі арқылы орталық диспетчерлік компьютерге сұраныс жасайды;

       3) орталық компьютер клиенттің банкін бекітеді;

       4) компьютер клиенттің банкіне сұраныс жасайды, яғни клиенттің шотында ақшасы бар не жоқ екендігін тексереді;

       5) клиенттің төлемге қабілеттілігінің дәлелдемесі орталық компьютер арқылы кері Лондонға беріледі де, сөйтіп  саяхаттағы адам өзінің ақшасын алады. Осының барлығына 10 секунд уақыт жұмсалады. 

       1.2 Карталардың түрлері мен жіктелуі 

       Пластикалық карточка – бұл, карточканы пайдаланушы тұлғаға тауарлар немесе қызметтері үшін ақшасыз төлем жасау мүмкіндігін ұсынушы, сондай-ақ банктер бөлімшелері мен банк автоматтарында ақшаларын алуды ұсынушы жекелеген төлемдік  құрал. Карточканы қабылдаушы сауда немес сервистік мекемелер және банктер бөлімшелері карточкамен қызмет көрсету нүктелерінің желісін құрады.

       Пластикалық карталардың даму барысында, олардың  тағайындалулары бойынша, қызметтік  және техникалық сипаттамалары бойынша  ерекшеленетін әртүрлі түрлері  пайда болды.

       Егер  компания карталар шығаруға шешім қабылдағанда, алдымен мынаны анықтап алғаны дұрыс, яғни ол картаның не үшін қажеттігін және олардың қандай болатындығын. Бір  жағынан, егер адам карточка алғысы келсе, ол міндетті түрде мынаны анықтауы тиіс, яғни оған карточканың не үшін қажет болатындығы және сәйкесінше, өзіне қажетті карточка түрін таңдай білуі керек.

       Карталардың жіктелуі үшін көптеген негіздемелер бар:

       а) оларды дайындау материалы бойынша:

         - қағаздан жасалған;

         - пластикалық;

         - металлдық.

       Қазіргі кезде барлық жерде кең таралған түрі пластикалық карточкалар болып табылады. Бірақ та карточка иесін құпиялау үшін, жиі түрде пластикалық пленкаға жабыстырылған немесе жапсырылған қағаз (картонды) карточкалары қолданылады. Бұлар ламинатталған карточкалар. Ламинаттау ең қарапайым, арзан және жеңіл қол жетерлік жұмыс болғандықтан, егер карточка есеп айырысулар үшін қолданылса, бөгде адамдардың қол сұғуынан қорғау мақсатында, осы заманға лайық және пластикалы карталар дайындаудың күрделі технологиясын қолданады.

       Металл  карталарына қарағанда пластикалық  карточкалар термиялық өңдеу  мен қысымға жеңіл беріледі, бұл  өз кезегінде карточканы клиентіне  берудегі жеке дербестігі үшін қажет.

       б) Картаға ақпаратты жазу тәсілі бойынша:

          1) графикалық жазу;

          2) эмбоссирлеу(қысы түсіру);

          3) штрих-кодтау;

          4) магниттік жолақтағы кодтау;

          5) чипі;

          6) лазерлік жазу.

       Карточкаға  ақпаратты жазуда ең көне және қарапайым  жазу ретінде графикалық бейнелеу қала бермек. Ол осы уақытқа дейін де барлық карталарда, яғни ең технологиялық  жағынан алғыр карталарда қолданылады. Басында картаға, оның иесінің тек фамилиясы, аты және оның эмитенті туралы ақпарат түсірілетін еді. Кейіннен әмбебап банк карточкаларында қол қою үлгісі қарастырылған еді, ал фамилиясы мен аты эмбоссирленген еді(механикалық түрде басылуы).

       Эмбоссирлеу карточка арқылы төлем жүргізу операциясын, онда жапсырылған жапсырма арқылы тез  жүргізуге жағдай жасады. Картаға  түсірілген ақпарат, лезде көшірме  жүргізуге арналған қағаз арқылы слипке беріледі. Алаяқтықпен күрес  мақсатында көшірме қабаты жоқ слиптер де қолданылуы мүмкін, бірақ карточкада эмбоссирленген ақпаратты беру тәсілі ретінде бұрынғыдай механикалық қысым түсіру тәсілі қалды.

       Эмбоссирлеу толығымен графикалық бейнелеуді ығыстырып  шығармады. Яғни, қағазсыз технологияларға  негізделген жүйелердің шығуымен, картаның және иесінің номері картаға персонализаторлар көмегімен графикалық тәсілмен түсірілетін болды. Осы заманғы персонализациялық қондырғы бірнеше минуттар ішінде карточка иесінің түрлі-түсті фотографиясы мен оның қол қою үлгісінің лазерлік үлгісін картаға түсіріп береді.

       Штрих-кодтау. Ақпаратты карточкаға жазуды штрих-кодтау арқылы жүргізу магниттік жолақтарды ойлап тапқанға шекті қолданылды және төлемдік жүйелерде кең қолданыс таппады. Бірақ тауарларға басылатын  штрих-кодтар секілді, осыған ұқсастары, арнайы есеп айырылысулар талап етілмейтін карточкалық бағдарламаларда жеткілікті түрде танымал. Бұл осындай карточкалардың төмен бағалы екендігімен және есептеуіш қондырғының арзандығымен байланысты. Мұнда ең жақсы қорғаныс үшін штрих-кодтар түссіз, көзге көрінбейтін қабатпен және инфрақызыл түсте жабылған.  

       60-шы  жылдардың соңындағы қолма-қол  ақша беруге арналған автоматты  аппараттарды ойлап табу карточкалық  бизнесте революция болды. Осындай  аппараттармен карточка иелері  пайдалану үшін, карточканың артқы жағына магнитті қабаттан тұратын жолақ жапсырылды. АҚШ-тағы магниттік жолағы бар карточкамен жұмыс жасаушы алғашқы банкомат 1969 жылы «Докьютел» («Docutel») фирмасы арқылы ұсынылды («Docutel»).

       Магниттік жазба, бүгінгі таңда пластикалық карточкаларға ақпаратты түсірудің бірден-бір тәсілі болып табылады. Әсіресе, ол төлемдік жүйелерде кеңінен танымал.

       Магнитті  жолағы бар карточкалардың артында  магниттік жолақ бар, онда карточка иесін құпияландыру үшін, оны банк автоматтары мен сауда мекемелерінің электронды терминалдарында қолдану кезінде қажетті барлық мәліметтер жазылған. Бұл ISO халықаралық сапа талаптарына сай пластикалық карточкада, артқы жағында кемінде 100 байтқа дейінгі ақпараты бар магниттік жолағы болады, ол ақпарат арнаулы қондырғы арқылы оқылады. Карточка арнайы оқитын қондырғыға қойылған кезде, карточка иесінің жеке мағлұматтары шарт жасасуға келісімді алу үшін коммуникациялық желілер арқылы беріледі.

       Карточканың магниттік таспасы үш жолдан тұрады: қаржы саласында әдетте екіншісін қолданады. Онда персоналды идентификациялық номері – картаның ПИН-коды (Personal Identification Number) (ол карта иесі арқылы банк автоматтарын қолдану кезінде арнайы клавиатурадан енгізіледі) немесе банктік ағымдағы шот жағдайы туралы, карточка иесінің аты-жөні, тегі, карточканың жарамдық мерзімі жазылған ақпарат сақталады. Терілген цифрлар жолақта жазылған ПИН—кодпен салыстырлады. Олардың сәйкес келмеуінде карточка иесіне ПИН-кодты терудің тағы да бірнеше жолы ұсынылады. Содан кейін карточка алынып қойылады немесе иесіне қайтарылады (еврокарта). Магниттік жолақта иесінің шотының жағдайы туралы қаржылық ақпарат жоқ.

       Магниттік карталармен жұмыс істеудің екі  режимі бар. on-line  режимінде қондырғы (сауда терминалы, электронды касса, банкомат ) телефон желісі арқылы немесе арнаулы байланыс каналдар арқылы карталар авторизациясы орталығына магниттік жолақтан ақпаратты оқиды да, жеткізеді. Мұнда қабылданушы ақпарат өңделеді, содан соң  процессингтік орталықта картаның иесінің шотынан сауда сомасы алынады (дебеттік карточкалар) немесе карта иесінің қарызы осы сауда сомасындай сомаға үлкейтіледі. (несиелік карточкалар). Мұнда, ережеге сәйкес, келесілер тексеріледі: картаның ұралнған немесе жоғалтылған еместігі, иесінің шотында қажетті соманың болуы (дебеттік карточкалар үшін), несие лимитінің өспегендігі(несиелік карточкалар үшін). Оff-line режимінде  сауда жасағандығы туралы ақпарат ешқайда берілмейді, тек сауда терминалында немесе электронды кассада сақталады. Чектерді басып шығаруда қолмен айналдырушы, карточкада иесі туралы ақпаратты қайталап басушы арнайы қондырғылар қолданылады.

       Кері  байланыс бойынша банкоматтардан ақшаны беруде ережеге сай, карточка иесінің 4-6 мәндік жеке коды- PIN-код сұралады, ол өз кезегінде алаяқтардан карточканы қосымша қорғау үшін қызмет атқарады.

       Бұл қауіпсіздік шарасы пластикалық  карточкалар бойынша тонаулар санының  өсуін доғару үшін енгізілген. Іс мынада, яғни магниттік жолағы бар карточканы қолдануда оны көшіріп алса болғаны, бірақ кодты білмей, оның көшірмесін банкоматтарда қолдануға болмайтындығы. Дүкендерде пластикалық карточкалар көмегімен есеп айырылысуларды қамтамасыз ету құралдары ретінде сауда терминалдары қызмет етеді. Олардың қарапайымы клиент қол қоятын арнайы чекті алушы және пластикалық карточканың рельефтік бөлігін қамту үшін арналған механикалық қондырғылар болмақ. Сауда терминалдарында PIN-кодтар әдетте өте ауқымды емес сомаларды алуда қолданылмайды. Бірақ 15-20 жыл өтсе де белгілі болғаны,  магниттік жолақ та алаяқтық пен қолдан жасаушылықтың қажетті деңгейін қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр. Ал бұл, карточкаларға негізделген банктік және төлемдік жүйелерде сын сәті болмақ. Ендеше мамандар ақпаратты қорғаудың сенімді тәсілін іздестіре бастады. Ол чип немесе микросхема болды. Чипі  бар карточкаларды жиі түрде смарт-карталар немесе интеллектуалды карталар деп атады.

       Ең  күрделісі жадылық карта болып  табылады, онда магниттік жолақ болмайды, бірақ жады мен ақпаратты жазу мен оқуға арналған микросхемасы бар. Микросхемасы бар карточка (chip card, smart card) 1974 жылы Францияда ойлап табылды. 1975 жылы француз Ролан Морено алғаш рет жадылық электрондық картаны ойлап тауып, патенттеді. Тағы бірнеше жылдар өтті, Bull (Франция) компаниясы микропроцессоры бірге жасалған смарт-картаны жасап шығарды және патенттеді. Карточкаға кірістірілген микросхема (чип) – алдын ала жазылушы, содан соң сауда-саттық келісімінің жасалу сәтінде жаңартылып отыратын ақпараттың сақтаушысы болып табылады. Бұл карточканың қызметтік мүмкіндіктерін кеңейтіп, оның сенімділігін арттырады.

Информация о работе Толем картолары