Толем картолары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 21:10, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні карточкалық бизнестің дамуы, ел экономикасы дамуының индикаторы ретінде саналады. Расында да, осы көрсеткішпен қатар, банктер өз клиенттеріне сервистің жоғарғы деңгейін көрсетуге талпынуда. Кез келген банктің негізгі мақсаты – клиенттер үшін жоғары деңгейлі ыңғайлылықты қамтамасыз ету. Адам өзінің ақшасына әлемнің кез келген нүктесінен қол жеткізуі қажет және өзін жайлы және сенімді сезінуі керек. Осы ретте банктер төлемдік карталарды, клиенттің шотына рұқсаттық әмбебап құрал ретінде пайдалануға тырысады, адамның уақытқа да, қашықтыққа да тәуелсіз болуы үшін, өзіне-өзі қызмет ету тәртібі жағдайында операциялардың барынша көп санын аударады.

Содержание

Кіріспе 3
1 ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ – ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙРЫЛЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ 6
1.1 Шетелдегі карточкалық бизнестің дамуы 6
1.2 Карталардың түрлері және жіктелуі 13
1.3 Төлем карточкаларының жұмыс принциптері 33
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ НАРЫҒЫНЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҒДАЙЫ 42
2.1 Қазақстанда төлем карталарын енгізудің экономикалық алғышарттары 42
2.2 Төлем карталары бойынша несиелеу механизмі 46
2.3 Екінші деңгейлік банктерде төлем карталарын қолданудың талдамасы 57
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 61
3.1 Ұлттық төлемдік микропроцессорлық карточканы қолдану 61
3.2 Жұмыстың озық әдістері мен түрлерін төлем карталарымен жұмыс барысында енгізу 66
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 77
ҚОСЫМШАлар А 80
Қосымша Ә 87

Работа содержит 1 файл

diplom.doc

— 1.12 Мб (Скачать)

       Төлемдік  емес қосымшалары бар микропроцессорлық  карточкаларды енгізу жеке және заңдық тұлғалар туралы бірыңғай мәліметтер базасын аккумулирлеуге мүмкіндік  береді, экономиканың, мемлекетттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің тиімділігін арттыруды, ақпаратқа еркін қол жетерлік құқықтарды қамтамасыз ету арқылы азаматтық қоғамның дамуы үшін технологиялық алғышарттар құрады.   

    3.2 Жұмыстың  озық әдістері мен түрлерін  төлем карталарымен жұмыс барысында  енгізу

       Қазақстанның  төлемдік карточкалар нарығы қарқынды дамып келеді, бұл әсіресе төлем  карточкаларын ұстаушылар санынан  да, олар арқылы жүргізілуші трнзакциялар көлемі мен санынан көрініс табуда.

       Екінші  деңгейлік отандық банктердің бірі «Қазкоммерцбанкі»АҚ алғаш рет Қазақстанда теңдесі жоқ бонустық «GoCard» несиелік карточкасын шығарды.

       Бүгінгі таңда «Қазкоммерцбанкі» АҚ жәй  ғана клиентінің ақшасы сақталушы пластикті  ұсынып отырған жоқ, дегенмен  осыған сай қызмет түрлерін де ұсынуда: автоматты түрде карточкадан депозиттік шотқа ақша аудару (еңбекақылық шот), банктің несиелік ақшасын пайдалану (несиелік лимит, еңбекақылық несие), ағымдағы немесе карточкалық шоттар арасындағы ақша аударымдары және тағы басқалар.

       Тұтынушылық белсенділікті үстемелеу үшін «Қазкоммерцбанкі»АҚ лояльдық бағдарламасымен (төлем карточкасы + несие құралдары- бонустар түріндегі – клиенттің есебінен сауданың бір бөлігін қайтару) бірлікте «GoCard» өнімін жасап, оны енгізді.

       «GoCard»  – бұл тек ғана тауарлар мен қызметтерді сатып алуға ғана мүмкіндігінен басқа, сонымен қатар ол арқылы ақша табуға болатын халықаралық төлемдік бонустық карточкасы. Өндірілген бонустарды сауда жасап болған соң төлеуге болса, сондай-ақ ірі сауда жасау үшін оны жинауға болады екен. Мұнда өзіңнің ақшаңды бірге алып жүру мүмкін емес, бонустық карта арқылы банк қаржысын қолданасыз, яғни несие есебінен саудаңызға төлем жасайсыз, ал жиналған бонустарды ол кез-келген сауда нүктесінде бонустық жүйеге қатысушы нүктелерде жұмсай аласыз.

         «GoCard» бонустық карточкасы сауда және сервис кәсіпорындарының барлығында да қабылдана береді және оны ресторандарда, супермаркеттерде, жанармай құю станцияларында да электр - тұрмыстық тауарлары дүкендерінде, яғни «GoCard» белгісі бар барлық жерлерде жинай аламыз, демек бүкіл әлем бойынша қай жерде осы төлем жүйесінің белгісі болса, сол жердегі нүктеден қызмет аламыз. Тек оны және анкетаны  дұрыс толтыра алсақ болғаны.

       Мұнда ақша басқа елде қолдануға болатындай автоматты түрде конвертацияланады. Бонустық карточканы қолдануда банк клиентіне берілетін артықшылықтар:

       - «GoCard» желілерінің серіктестерінен  қызмет алуда сауда жасау кезінде  төленетін сыйақыны лезде алу; 

       - жиналған бонустар есебінен тауарлар  мен қызметтерді тегін алу;

       - бюджетті ұқыптау;

       - «GoCard» бонустық бағдарлама серіктестерінің тұрақты түрде кеңеюші сауда нүктелерінің желісі;

       - карточка бойынша несиелеудің  жеңілдетілген схемасы;

       - несие алуда әркез банкке жүгіну  қажеттігі жоқ, себебі несие  револьверлік болып табылады(орнына  келтірілуші);

       - басқа да көптеген дисконттық карточкаларды иелену мүмкіндігі қажет емес;

       - карточканың құны төмен болып келеді;

       - несиені өтеудің тиімді каналдары (мультибанктер, Homebank.kz, телефон банкингі, WAP-портал және т.б.);

       - аз уақыт мерзімінде бонустардың көп бөлігін жинақтау – бонустық желі күн сайынғы клиент қызметін  қолданушы компанияларды қамтиды.  Бонустар клиенттің осы бағдарлама бойынша сауда және сервис кәсіпорындарында «GoCard» арқылы төлем жүргізген сайын алынып отырады. Сыйақылық ұпайлар жылдам түрде жиналады: 1 бонус=1 теңге;

       - клиентке қашан несие қажет  болса, сонда қолдану мүмкіндігі  – клиент өзіне қажетті сомадағы  ақшаны ғана қолданады, қалған  бөлігі карточкада сақталады,  және де пайыздық алымдар жұмсалған  ақша көлемінен алынады;

       - шарттары: тиімді сыйақы ставкалары, қамтамасыз етуді талап етпейді, несиелік лимитті сақтандыру мен еңбекақы туралы анықтамалар қажет емес; бонустық желілер кәсіпорындарында тауарлар/қызметтер үшін төлемдер жүргізуде комиссия алынбайды. «GoCard» бонустық карточкасын алу мүмкіндігі үшін тек қана анкета-арызды дұрыс, әрі толық түрде толтырса болғаны.

       Толтырылған анкетаны банк алғаннан кейін несиелік карточканы шығару туралы шешім қабылдайды және бұл туралы клиентке телефон  арқылы хабарлайды. Арыздарды алу  технологиясы дәстүрлі түрінен ерекше болады, егер арыз тек банк бөлімшелерінде қабылданса. Клиенттер толтырылған арызды сауда және сервистік кәсіпорындарда қалдырып кетулеріне болады, тіпті арызды Интернет арқылы да толтыра алады. Қабылданып алынған арыздар автоматты режимде жаңа технологиямен өңделеді. Осы карточканы алу үшін өзіңмен бірге жеке басыңның төлқұжаты мен салық төлеушінің тіркеу номері (СТН) болуы шарт. Сатып алу арқылы клиент еңбектенеді. Доллар көлеміндегі несиені алудағы сыйақы мөлшері – айына 1,5 пайызды құраса, ал кәсіпорындардың ұсынушы бонустық желісі бойынша қабылданған бонусының орташа пайызы тауардың бағасынан 3-10 пайызды құрайды екен. Автоматты режимдегі банктік жүйе клиенттердің «тәртібінің» талдамасын жүргізеді, және де соның негізінде клиенттерге несие мөлшерін және пайыздық үстеме мөлшерін өзгерту мүмкіндігі болмақ. Мерзімінен кешіктірмей төлейтін және басқа да келеңсіз жайттарды болдырмайтын  ұқыпты клиенттерге пайыздық үстеме мөлшерін төмен мөлшермен беру, несие мөлшерін көбейту секілді ұсыныстар қаралады. Бұдан басқа, жеңілдік кезеңінің пролонгациясы қарастырылады. Жеңілдік кезеңі – бұл несиелеудің үстемақылық пайызы төмендетілген уақыт кезеңі.

       Бонустық  бағдарлама бойынша сауда және сервистің  кәсіпорындарының «Қазкоммерцбанкі»  АҚ-мен серіктес болудан келетін пайдалары:

       - сатып алушылық қабілетінің артуы  есебінен кәсіпорынның сауда  айналымдарының өсуі. Карточкалар  иелері тауарлар мен қызметтерді  несиеге алу мүмкіндіктері туындайды;

       - тұрақты клиенттер ағыны. Клиенттер бонустар алғылары келеді;

       - өздерінің клиенттерімен берік қарым-қатынас;

       - бонустық бағдарлама мүмкіндіктері  негізінде жеке маркетингтік  компанияларды өткізу.

       Бонустық  бағдарламаның дәстүрлі дисконттық бағдарламадан ерекшелігі:

       - клиентті үстемелеу, жеңілдіктер  алу үшін тауарлар мен қызметтерге бонустық карточканы тұрақты пайдалану арқылы төлемдер жүргізу;

       - кәсіпорынның өзінің ғана дисконттық  бағдарламаларын ұйымдастыруға,  дисконттық карталарын және басқа  да тасымалдаушыларын жасап шығаруға  кететін шығындары/қысқартулары (шығындар  тек банкке ғана тиесілі);

       - ұсынылушы бонустар төңірегінде  ешбір мәселенің туындамауы, себебі  барлық операциялар банк арқылы  автоматты режимде жүзеге асырылады;

       - бизнестегі серіктестерімен жол  айырығындағы сауданы ұйымдастыру  мүмкіндігі.

       2005 жылы «GoCard» несиелік бонустық бағдарламасы географиясы жөнінен Астана мен Алматы қалаларын қамтып, 2006 жылы басқа да аймақтарға шыға бастайды.

       «Қазкоммерцбанк»АҚ  төлем карталарын ұстаушылардың 2005 жылдың  1 сәуіріндегі саны 325000 қолданушы  болса, сауда және сервис кәсіпорындарындағы POS-терминалдар саны 1100 данадан асады, ал орнатылушы банкоматтар саны – 330 дана құрады.

       «Қазкоммерцбанкі»АҚ карталарын ұстаушылары арқылы сауда  және сервистік желілерде жүзеге асқан ақшасыз төлемдер операцияларыың үлесі 2004 жылы, Қазақстанның барлық банктері арқылы эмиттелген карточка иелері арқылы жасалған ақшасыз төлемдер операциясының жалпы көлемінен 30 пайыздан астамын құрайды.

       «Қазкоммерцбанкі» АҚ тұрақты түрде өзінің қызмет аясын  кеңейтіп отырады, мысалы, оның «карточкалық»  клиенттері «Қазақтелеком» АҚ қызметін және DALACOM ұялы операторының қызметтерін «Қазкоммерцбанкі» АҚ шоттары арқылы төлей алады. Бұған қоса, банк «Қазкоммерцбанкі» АҚ POS-терминалдары орнатылған сауда және сервис кәсіпорындарына өздерінің клиенттеріне шынайы уақыт режимінде POS-терминалдардың қызмет көрсетуші желілері арқылы ұялы операторлар қызметтеріне төлем жүргізу жөніндегі қосымша қызметін ұсынуға мүмкіндік береді.

       Төлем карточкаларының  тез таралуы, олардың  танымалдығының тұрғындар  арасында мүлтіксіз  өсуі, бұл төлем формасының жүйенің мүшелерінің негізгі категориясы үшін тиімді екендігін білдіреді. Карточка иелері үшін тартымды негізгі сипаттары мынада болмақ: қолданудағы жайлылық, банктік несиенің автоматты түрде ұсынылуы, жүргізілген операциялар жайында ақпаратты тұрақты түрде алып отыру.

       Тауарлар  мен қызметтерді  сатушылар үшін есеп айырылысулардың  келесі артықшылықтары бар: сауданың ұлғаюы мен жаңа сатып  алушыларды тарту, өзіңнің  ақшаң мен есеп жүргізу жүйесін  қолданбай несие  ұсынудың  мүмкіндігі, қауіп-қатерді төмендету. Келесі пайда табуды ескеріп банктер карталар енгізудің ойлап табушылары бола білді: тұтынушылық ссудаларды ұлғайту, қызмет көрсету аясын кеңейту, комиссиялық сыйақылар мен пайыздық түсімдер түріндегі пайда табу.

       Қазақстан төлем карточкалары көмегімен көлеңкелі экономикамен күреседі. Қазақстан Үкіметі, кейбір бағалауларға сүйенсек, ауқымы Орталық Азия елдерінде бүкіл ішкі өнімнің 30 пайызын құрайтын көлеңкелі экономикамен қатаң түрде күресуді қолға алды. Атап айтсақ, барлық азаматтар қолма-қол ақша арқылы есеп айырылысады, сол себепті мемлекет тұрғысынан бақылау мен бюджетке салық салымдарының түсуі қысқарып отыр. Сондықтан да қазақстандық билік өкілдері азаматтар үшін ақшасыз есеп айырылысу жүйесін енгізуді жөн көріп отыр.

       Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Сеулге барған іссапарында осы саланың оңтүстік корейлік тәжірибесіне аса қызығушылық танытты және көлеңкелі экономикамен күрестің корейлік үлгімен жүзеге асуына аса ынта танытты, мұнда алғашында арнайы транспорттық пластикалық карточкалар болған, олардың көмегімен азаматтар қоғамдық көліктерде жол ақысымен есеп айырылысатын болған, содан соң бұл сала басқа да салаларды қамтыды, атап айтсақ қоғамдық тамақтану орындарын, автокөлікке жанармай құю орындарын, сауда орындарын және қонақүй желісін. Қазіргі кезде Қазақстанның шекарасындағы 100 ден астам кедендік бекеттер пластикалық карточкалар арқылы төлемдер жүргізу үшін жабдықталған. Екінші деңгейлік банктер төлемдік карталарды қолданумен байланысты қызметтер ауқымының кең саласын ұсыеуда.  Бұл дегеніміз банкоматтардағы тәулік бойғы қызмет көрсетулер, сауда және сервис кәсіпорындардағы тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу, өкілдік, іссапарлық, шаруашылық шығындарын жүзеге асыру, сондай-ақ ҚР кеден бекеттерінде кедендік төлемдерді жүргізу. 

       Төлеуші ретінде Процессингтік орталыққа  қосылған екінші деңгейлік банктің  карточкасын (VISA немесе MasterCard) ұстаушы  кез-келген заңды немесе жеке тұлға  бола алады.

       Аталған қызметтің өзектілігі, егер қарапайым  түрдегі (төлем карточкасын қолданбай) кедендік төлемді жүргізуде:

       - заңдық тұлға алдын-ала кедендік  посты шотына аударылымдарды  жүргізеді, 3 немесе 5 күн тосады, кедендік  постқа ақша түсімдері болғанда  ғана жүкті кедендеуге кіріседі;

       - жеке тұлға қолма-қол ақша арқылы  операция жүргізе отырып, банк бөлімдерінде(кеденнен шалғай жатқан) кедендік төлемдерді төлейді де 3 немесе 5 күн тосады, сөйтіп кедендік постқа ақша түсімдері болғанда ғана жүкті кедендеуге кіріседі;

       - егер төлемде бір ғана кеден  бекеті көрсетілсе, ал жүк басқа тағайындалуы бойынша келсе(тапсырыс берушінің жағдайы немесе тілегі бойынша), онда төлемді қайтадан (уақытты өткізіп ) қажетті бекетке тіркеу қажет. Төлемдік карточканы қолданып кеден бекетінде кедендік төлем жүргізу мынадай жайсыздықтарға жол бермейді, қосымша келесі артықшыдықтарды қамтамасыз етеді:

       - төлем тікелей кеден бекетінде  жүргізіледі;

       - чек, выданный POS-терминал арқылы  берілуші чек – жүкті кедендік  рәсімдеуге рұқсат беретін төлемнің  негізі;

       - шұғыл, кедендік рәсімдеу процесін  үзбей-ақ  жетіспеген соманы толықтыру;

       - төлемдік төлемдерді артық төлеуді  болдырмайды;

       - уақытша сақтау қоймасын және  көлікті жалға алу мерзімдерінің  қысқалығы;

       - тез бұзылатын тамақтар мен  дәрі-дәрмектерді сақтау мерзімінің  талаптарының қанағаттандырылуы;

       - кедендік бақылау комитеті шотындағы ақшаны депонирлеу қажеттігінің болмауы, нақтырақ айтсақ, уақытты және ақшаны үнемдеу.

       Ішкіэкономикалық  қызметтің мүшелері үшін артықшылықтарды  қарастырайық, себебі бұлар кеден  бекетінің негізгі клиенттері.

       Біріншіден, бизнестің дамуы мобильді болып келеді, себебі алдын ала болжамсыз, жоспарсыз қай кеденде, қандай жүк, қандай көлемде рәсімдеу жүргізілетіні жөнінде қолайлы кеден бекетінде кедендік рәсімдеу.

Информация о работе Толем картолары