Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 21:10, курсовая работа
Бүгінгі күні карточкалық бизнестің дамуы, ел экономикасы дамуының индикаторы ретінде саналады. Расында да, осы көрсеткішпен қатар, банктер өз клиенттеріне сервистің жоғарғы деңгейін көрсетуге талпынуда. Кез келген банктің негізгі мақсаты – клиенттер үшін жоғары деңгейлі ыңғайлылықты қамтамасыз ету. Адам өзінің ақшасына әлемнің кез келген нүктесінен қол жеткізуі қажет және өзін жайлы және сенімді сезінуі керек. Осы ретте банктер төлемдік карталарды, клиенттің шотына рұқсаттық әмбебап құрал ретінде пайдалануға тырысады, адамның уақытқа да, қашықтыққа да тәуелсіз болуы үшін, өзіне-өзі қызмет ету тәртібі жағдайында операциялардың барынша көп санын аударады.
Кіріспе 3
1 ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ – ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙРЫЛЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ 6
1.1 Шетелдегі карточкалық бизнестің дамуы 6
1.2 Карталардың түрлері және жіктелуі 13
1.3 Төлем карточкаларының жұмыс принциптері 33
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ НАРЫҒЫНЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҒДАЙЫ 42
2.1 Қазақстанда төлем карталарын енгізудің экономикалық алғышарттары 42
2.2 Төлем карталары бойынша несиелеу механизмі 46
2.3 Екінші деңгейлік банктерде төлем карталарын қолданудың талдамасы 57
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 61
3.1 Ұлттық төлемдік микропроцессорлық карточканы қолдану 61
3.2 Жұмыстың озық әдістері мен түрлерін төлем карталарымен жұмыс барысында енгізу 66
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 77
ҚОСЫМШАлар А 80
Қосымша Ә 87
Бұрынғыдай Қазақстанның аумағында төлем тапсырмалары және төлем карточкалары неғұрлым таралған төлем құралдары болып табылады. Бұл ретте, бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2008 жылдың 1–ші тоқсанында 2.8 млн. теңге құрады және 2007 жылдың 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 22,5% ұлғайды. Сонымен бірге төлемдер саны бойынша төлем карточкаларының жоғары үлес салмағы және төлемдер көлемі бойынша төмен үлес салмағы осы төлем құралын негізінен шамалы қолма-қол ақша сомасын алу үшін пайдаланылатындығымен сипатталады (2008 жылдың 1–ші тоқсанында бір транзакцияның орташа сомасы 20.9 мың теңге болды).
2008 жылдың 1–ші тоқсанында төлем құралдарының ішіндегі төлем талаптары – тапсырмалар және инкассалық өкімдер аз пайдаланылады. Жалпы сан мен көлемдегі осы құралдарды шамалы пайдалану үлесі олардың ерекшелігіне байланысты.
Басқа құралдарға тауарлар мен қызмет көрсетуге есеп беретін чектер, банк шотын тікелей дебеттеу және орындалған аккредетив жатады.
2008 жылдың I тоқсандағы төлем құралдарына қатысты төлемдер бойынша мәліметтер
Осыған
байланысты, қосымша мүмкіндіктерді
тарту бойынша банктер арасында
жанды бәсекелестік байқалуда. Бүгінде
төлем жүйелерінің белсенді және мүдделі
мүшелері ретінде коммерциялық банктер
танылуда. Олардың отандық пластикалық
карточкалардың болашағы зор нарығы үшін
өзара күрестерінің жүргізілу барысында,
олардан жақын арада бірыңғай төлем жүйесін
құру бойынша немесе осы кезге дейінгі
бар жүйелердің бірігуі бойынша алғашқы
қадамдар жасауларын күту қиын болып отыр.
Болашаққа зер сала отырып, мынаны нық
айта аламыз, яғни төлем карточкалары
да қолма-қол ақшалар секілді есеп айырылысулар
үшін дәстүрлі құрал болмақ. Біз үшін етене
таныс, күнделікті сүйікті ісімізге айналушы
қызметтер ретінде тауарлар мен қызметтер
түрлеріне Интернет арқылы төлем жүргізу,
мобильді банкинг мүмкіндіктері болмақ.
Осы үшін қажетті шарт ретінде ұлттық
банкаралық төлем карточкалары жүйесінің
құрылуы болуы тиіс.
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ БОЛАШАҒЫ
3.1
Ұлттық микропроцессорлық төлем карточкасын
қолдану
Республикада карточкаларды қолданып ақшасыз төлем жасау жүйелерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі микропроцессорлық төлем карточкаларын қолданушы ұлттық банкаралық жүйесінің даму бағдарламасын бекітті. Бағдарлама осы жүйенің Қазақстан Республикасы территориясы аумағына сатылап енгізілуін қарастырады.
Төлемдік карточкалардың ұлттық банкаралық жүйесінің осы бағдарламасының шешетін міндеттердің ішінде келесі міндеттер бар:
-
зейнетақы, еңбекақы, мемлекеттік
төлемақыларды төлеу
- коммуналдық төлемдерді жинау, көлік, байланыс қызметтеріне төлем жүргізуді тиімді ету;
-
бюджеттік (салық, кедендік) және
басқа да міндетті алымдарды
ақшасыз түрде жүзеге асыру
үшін және қолма-қол ақшалар
эмиссиясының шығындарын
- бюджеттік қордың шығындалуын болдырмау есебінен және әлеуметтік адрестік көмек бағдарламалары мен зейнетақы реформалары бойынша шаралар аясындағы жеңілдіктер мен төлемақыларды тағайындау процесін басқаруды орталықтандыру есебінен әлеуметтік келеңсіздіктерді төмендету.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бастамасымен «Ұлттық процессингтік орталығы» АҚ құрылды. Оның басты міндеті – төлем карталарында қолдану мақсатында бірыңғай электронды кеңістікті қалыптастыру. Техниканың бұл ғажап дүниесі дегеніміз төлем жүйесінің технологиялық ядросы болып табылатын арнаулы есептеу орталығы. Кибернетикалық қуаттылығынан басқа, процессингтік орталық пластикалық карточкаларды дербестеуге арналған қондырғымен, сондай-ақ POS-терминалдар мен банкоматтарды техникалық қамтамасыз ету мен жөндеудің базасымен жабдықталған. Бүгінгі күні «Ұлттық процессингтік орталығы» АҚ 80 пайыз акциясын ҚРҰБ тұлғасындағы мемлекет иеленсе, қалған 20 пайызы 11 отандық банктер үлесінде. Процессингтік орталықтың құрылуы өзекті, себебі банктерге бір процессингтік орталықтан қамтамасыз етілу тиімді, олардың әрқайсысының осындай қондырғымен жабдықталуын ескерсек.
«Ұлттық процессингтің орталық» АҚ мен «ҚАЗПОЧТА» АҚ бірігіп, алғаш рет KazCard брендісімен (В Қосымшасы), M/Chip4 Pre-Authorized технологиясы негізіндегі микропроцессорлық төлем карточкасын шығарды. Оff-line және on-line режимдерінде төлемдер жүргізуші M/Chip 4 Pre-Authorized (PAD) технологиясы тұтас ауқымды төлемдерді қамтамасыз етудегі шығындарды төмендету үшін және телекоммуникциялар сапасына сауда нүктелерінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін шығарылды. EMV стандарты мен MasterCard халықаралық төлемдік карталарының негізінде жүзеге асушы KazCard карточкасы танымдық локалдық әмиян1 болып табылады
2005 жылдың 12 қаңтарында Алматыда, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ғимаратында, ұлттық төлем карточкамыздың тұсаукесері өткізілді. Тұсаукесерде еліміздің бірқатар алдыңғы қатарлы банктерінің басшылары мен Ұлттық банктің, «Қазпошта» АҚ мен «Ұлттық процессингтің орталығы» АҚ басшылары қатысты.
KazCard ұлттық төлем карточкасы еліміздің ішінде ақшасыз есеп айырылысуларды жүзеге асырудағы тиімді құрал ретінде танылды, сондай-ақ ол халықтың кең ауқымына арналған, өз кезегінде толайым саудадағы ұсақ төлемдер нарығын қамти алады.
Бұл карточканың тағы бір ерекшеліктерінің бірі ретінде оның көпжақты қызмет атқара алатындығы, яғни онда әртүрлі төлемдік және төлемдік емес қосымшалардың орналастырылу мүмкіндігі. Төлем карталарының ұсынылушы ұлттық жүйесі екінші деңгейлік бір немесе бірнеше банктердің жобасы емес, бұл құрылымға тең құқық танытушы қазақстандық барлық банктер кіре алады.
Алғаш рет Қазпошта Ұлттық процессингтік орталықпен бірігіп локалды карточкасын шығара отырып, өзінің алдына мынадай мақсат қойған еді, яғни еңбекақы, зейнетақы, әлеуметтік төлемдерді төлеу механизмін жетілдіру, коммуналдық төлемдерді, салықтарды, кедендік жиындарды және басқа да міндетті төлемдерді жинау процесін тиімді ету. KazCard көп қызметті микропроцессормен жабдықталған, онда карточка иесі туралы ақпарат сақталады: СТН, ЖӘК, төлқұжаттық мәліметтері, жүргізуші куәлігінің номері және т.б. Біздің карточкамыздың ерекше қасиеті ретінде, оның off-line мен on-line режимдеріндегі төлемдерді жүзеге асыра алатындығы және ол телекоммуникациялар сапасына сауда нүктелерінің тәуелсіздігін төмендету мен тұтас төлемдерді қамтамасыз етуге арналған шығындарды азайту мақсатымен жасалған. Сонымен қатар тағы да бір атап айтатын дүние, қазақстан нарығында ұлттық төлем карточкасының пайда болуы елімізде төлем карточкаларының ұлттық жүйесін енгізудегі алғашқы қадам болып табылады, ол өз кезегінде толайым сауда саласындағы ақшасыз есеп айырылысулардың кеңеюі үшін жағдай туғызады.
Сауда
және сервис кәсіпорындары мен екінші
деңгейлік банктер үшін осы карточкалар
төлемдік карточклаар бойынша
Осы карточка OpenWay компаниясының WAY4™ процессингтік жүйесі негізінде қызмет етеді, бұл жүйе off-line режиміндегі төлемдер үшін қажетті ақшаның лимиттерін толық бақылай алу мүмкіндігін ұсынады. Мұнда off-line режимінде төлем жүргізу .үшін карта иесіне қол жетерлік сома, on-line режиміндегі төлем жүргізу үшін де қол жетерлік болмақ, яғни офф-лайндық лимит пен карта балансының автоматты түрде синхронизациясы арқасында бұған қол жеткізілді. «Казпошта» АҚ өз тарапынан тұрғындарға тармақталған филиалдық желісін ұсына алады, сондай-ақ осы жылы қолма-қол ақша алу мен қызметтерге төлемдер төлеу үшін банкоматтар мен POS-терминалдар желісін ұсынбақ.
Аудан
орталықтары мен ауылдық
Банки-эквайерлер өз кезегінде KazCard карточкасын жаңа қаржы ағындарына шығу тәсілі ретінде қолдануға мүмкіндік алуда; яғни, қоғамдық көлікте жүру үшін төлем жүргізуде, off-line терминалдарды қолданушы зейнетақы мен басқа да қызметтерге төлем жүргізуде қолданылуда.
KazCard
карточкасын қолданып
«Казпошта» АҚ мен «Ұлттық процессингтік орталығы»АҚ бірлесіп 45 банкомат пен 4000 POS-терминалдар орнатуды жоспарлауда, мұнда эмиссиялар көлемі жуықтап алсақ 24000 картаны құрамақ (Кесте 9).
Төлем карталары нарығы дамуының себептері:
- тұрғындардың бос жатқан ақшаларын тарту қажеттігі, себебі карточкалық шот – шотта ақша сақтау мен шоттағы ақшаны иеленуден түсетін пайдалардың жақсы үйлесуі;
- қолма-қол ақшалай төлемдердің жеткіліксіздігі, бұл ақшасыз есеп айырылысулар түрінің дамуына жол ашады;
- бүгінде тұрғындар касса саңылаулары жанында кезекте тұруды қаламайды, олар өз ақшаларын кез келген уақытта, кез келген жерден алуды қалайды;
- карточкалар адамдар өміріне қарқындап енуде, қолма-қол ақшаны дебеттік немесе несие карточкалары алмастыруда.
«Қазпошта» АҚ –да карточкалық бизнестің дамуы келесі мақсаттарды көздейді:
- клиенттер үшін жылдам және жайлы есеп айырылысуларды ұйымдастыру;
- есеп айырылысуларда қолданылатын қолма-қол ақша көлемін азайту, осыған сәйкес барлық қызметтердің өзіндік құнын төмендету;
- жаңа клиенттер тарту мен бұғанға дейінгі бар клиенттерді уысыңда ұстау;
- бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату қажеттігі;
- жаңа, прогрессивті «қағаз ақшасыз» технологиясын пайдалану;
- байланыс бөлімшелерін клиенттер ағынынан босату;
- пластикалық карточкалар имиджін көтеру және оларды қоғамдық жарнамалау
9 Кесте Төлем карточкаларын жүзеге асыру жоспары
Жыл | Карточкалар саны | Пайдаланушылар |
2005 | 24000 | «Қазпошта»АҚ қызметкерлері, бюджеттік ұйымдар |
2006 | 87500 | Екінші деңгейлік банктер жоқ, аудандық орталықтардың әлеуметтік төлемдерді алушылары, бюджеттік және басқа да ұйымдар қызметкерлері |
2007 |
101319 | |
2008 | 142319 | әлеуметтік төлемдерді алушылар, аудандар мен қалалардағы бюджеттік және басқа да ұйымдар қызметкерлері |
2009 | 238819 | |
2010 | 266638 | |
2011 | 323638 | |
2012 | 420138 | |
Қорытынды | 1 604 371 |
Қазақстанда
бірнеше процессингтік
Анық болғандай, құрлық асушы серіктестің маркетингтік саясаты отандық қаржыгерлерді мазалай бастады, және олар біртіндеп бәсекелесінен құтылуға тырысты. Шетелдіктерді ішкі банкішілік клиринг бойынша қызмет көрсету жөніндегі провайдерлік қызметті жүзеге асыруда ығыстыру жөніндегі шешім қабылдады.
Мұндағы барлық жұмысты, олардың орнына Ұлттық процессингтік орталығы атқарады. Дегенмен бүгінгі күні ол осы және басқа да себептері жөнінен өзіне осы қызметтерін қолға ала алмай отыр.