Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 21:10, курсовая работа
Бүгінгі күні карточкалық бизнестің дамуы, ел экономикасы дамуының индикаторы ретінде саналады. Расында да, осы көрсеткішпен қатар, банктер өз клиенттеріне сервистің жоғарғы деңгейін көрсетуге талпынуда. Кез келген банктің негізгі мақсаты – клиенттер үшін жоғары деңгейлі ыңғайлылықты қамтамасыз ету. Адам өзінің ақшасына әлемнің кез келген нүктесінен қол жеткізуі қажет және өзін жайлы және сенімді сезінуі керек. Осы ретте банктер төлемдік карталарды, клиенттің шотына рұқсаттық әмбебап құрал ретінде пайдалануға тырысады, адамның уақытқа да, қашықтыққа да тәуелсіз болуы үшін, өзіне-өзі қызмет ету тәртібі жағдайында операциялардың барынша көп санын аударады.
Кіріспе 3
1 ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ – ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙРЫЛЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ 6
1.1 Шетелдегі карточкалық бизнестің дамуы 6
1.2 Карталардың түрлері және жіктелуі 13
1.3 Төлем карточкаларының жұмыс принциптері 33
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ НАРЫҒЫНЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҒДАЙЫ 42
2.1 Қазақстанда төлем карталарын енгізудің экономикалық алғышарттары 42
2.2 Төлем карталары бойынша несиелеу механизмі 46
2.3 Екінші деңгейлік банктерде төлем карталарын қолданудың талдамасы 57
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 61
3.1 Ұлттық төлемдік микропроцессорлық карточканы қолдану 61
3.2 Жұмыстың озық әдістері мен түрлерін төлем карталарымен жұмыс барысында енгізу 66
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 77
ҚОСЫМШАлар А 80
Қосымша Ә 87
«Төлем
карталары»
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ – ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙРЫЛЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ 6
1.1 Шетелдегі карточкалық бизнестің дамуы 6
1.2 Карталардың түрлері және жіктелуі 13
1.3 Төлем карточкаларының жұмыс принциптері 33
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ НАРЫҒЫНЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҒДАЙЫ 42
2.1 Қазақстанда төлем карталарын енгізудің экономикалық алғышарттары 42
2.2 Төлем карталары бойынша несиелеу механизмі 46
2.3 Екінші деңгейлік банктерде төлем карталарын қолданудың талдамасы 57
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 61
3.1 Ұлттық
төлемдік микропроцессорлық
3.2 Жұмыстың озық әдістері мен түрлерін төлем карталарымен жұмыс барысында енгізу 66
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 77
ҚОСЫМШАлар А 80
Қосымша
Ә 87
КІРІСПЕ
Бүгінгі күні карточкалық бизнестің дамуы, ел экономикасы дамуының индикаторы ретінде саналады. Расында да, осы көрсеткішпен қатар, банктер өз клиенттеріне сервистің жоғарғы деңгейін көрсетуге талпынуда. Кез келген банктің негізгі мақсаты – клиенттер үшін жоғары деңгейлі ыңғайлылықты қамтамасыз ету. Адам өзінің ақшасына әлемнің кез келген нүктесінен қол жеткізуі қажет және өзін жайлы және сенімді сезінуі керек. Осы ретте банктер төлемдік карталарды, клиенттің шотына рұқсаттық әмбебап құрал ретінде пайдалануға тырысады, адамның уақытқа да, қашықтыққа да тәуелсіз болуы үшін, өзіне-өзі қызмет ету тәртібі жағдайында операциялардың барынша көп санын аударады.
Дегенмен,
төлем карталары сирек
Төлем карталарын ұстаушылар, оның басқа да қызметтерінің болатындығын ұмытып, тек ақшаны ғана алуды іске асырады. Ол бүкіл дүниежүзі бойынша ақшаны аудару мен қабылдап алудағы жылдамдық пен құпиялылықты, тауарлар мен қызметтерге төлем жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ ақшаңызды тәулік бойында алуыңызға рұқсат берілген. Ақшаны тек беріп ғана қоймай, сондай-ақ ақша қабылдап алатын да банкоматтар бар. Бұдан басқа, карточка сізге тиімді валюта курсы бойынша валютаны конверсиялау мүмкіндігін береді, бұл да оның соңғы мүмкіндігі емес.
Төлем
карталарын тауарлар мен қызметтерге
төлем жүргізудегі қолдану
Жұмыстың мақсаты – Қазақстанның несиелеу мен ақшасыз есеп айрылысу жүйесінде төлемдік карточкаларды қолданудың экономикалық шарттарын зерттеу.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- төлем карталарын және олардың қызмет ету принциптерін зерттеу;
- Қазақстанда төлем карталарын енгізудің экономикалық алғышарттары қарастырылған;
- төлем карталарымен жұмыстың алдыңғы қатарлы үлгілері мен әдістерін енгізу;
- ұлттық төлемдік микропроцессорлық карточканы қолдану.
Төлем карталары негізіндегі ақшасыз есеп айырылысу жүйесін Қазақстанда кеңінен енгізу тек мына жағдайда ғана мүмкін болады, егер коммерциялық банктер, сауда және қызмет көрсету мекемелері, жеке тұлғалар, яғни есеп айырылысу процесінің барлық қатысушыларының мүдделерінің теңдігі қамтамасыз етілсе. Қазіргі кезде төлемдік жүйелердің мүдделі қатынасушылары ретінде коммерциялық банктер танылады, дегенмен, төлем карталары бойынша төлемдер жүйесін құру, тек банктердің тауарлар және қызметтер ұсынушы кәсіпорындармен бірлесіп, келісіп әрекет етуінде ғана мүмкін болмақ. Өз кезегінде, тұрғындар күнделікті есеп айырылысу үшін, әрине, егер бұл қарапайым және жайлы болса, төлем карталарын пайдаланады. Осы секілді жүйелерді енгізудегі потенциалды пайдалар барлық қатынасушылар үшін, сонымен қатар мемлекетке де жақсы таныс.Жұмыстың ғылыми жаңалығы – төлемдік-карточкалық қызмет көрсетудің тиімділігі мен оның заңдық-нормативтік базасын жетілдіру бойынша кепілдеме ұсыну болмақ.
Жұмыстың
тәжірибе жүзіндегі құндылығы –
жеке сипатты ғана емес, сондай-ақ ұлттық
мүдделерді қарастырушы төлемдік жүйелердің
қауіпсіздігі мәселелерін қарастыру
болмақ.
1 ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ – ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙРЫЛЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ
1.1
Шетелдегі карточкалық
Пластикалық карточкалардың ежелгі тарихы бар. Кредиттік карточка идеясы өткен ғасырда, Эдуард Белламидің 1888 жылы жарық көрген «Өткенге көзқарас» (Looking Backward) атты кітабында ұсынылған еді, ал алғашқы рет картонды кредиттік карточкаларды тәжірибелік тұрғысынан енгізудегі әрекеттер АҚШ-та толайым сауда кәсіпорындары мен мұнай компаниялары арқылы жиырмасыншы жылдары жүргізілді. Әрине, мұндай несиелеудің ерекше құралы тек АҚШ-та енгізілді, себебі ол елде ХІХ ғасырдың аяғынан бастап жеке тұлғаларға тұтынушылық несиелер беру қарқынды дамыған еді. 1914 жылы кейбір дүкендер өздерінің тұрақты ауқатты тұтынушыларына арнайы карточкалар бере бастады, яғни оларды өздеріне «байлап-матап» ұстау мақсатында. 1928 жылы Бостондық Farrington Manufacturing компаниясы арқылы алғашқы металлдан жасалған пластинкалар шығарылды, оларда адрес басылған және олар несие төлеуге қабілетті клиенттерге ғана берілді. Карточканы жасау үшін қолданылатын материалды іздестіру он шақты жылдарға созылды, және тек 60-шы жылдары ғана қабылдауға болатын шешім табылды – ол магниттік жолағы бар пластикалық карточка.
Несиелік карточкаларды құрастыру жобасы ресторанда басталды. Бұл АҚШ-та 20-шы ғасырдың ортасында басталды. 1936 жылы ортақ кленттерді несиелеуге келісім берген кәсіпорындардың алғашқы бірлестігі пайда болды. Ерекше табыс ресторандық «Diners Club» («Түстену клубы») несиелік карточкасының үлесіне түсті. Жақсы абыройға ие болған ресторандардың тұрақты клиенттері ғана «DC» карточкасын ала алды және де оны олар Нью-Йорктың көптеген ресторандарында қолма-қол ақша орнына ұсынды. Ресторандар шоттардың көшірмелерін «DC» -қа беріп отырды, ол ай сайын клиентке жалпы шот есебін шығарып беріп отырды. Клиент «DC» -пен есеп айырылысса, ал ол ресторандармен есеп айырылысып отырды 1951 жылдың басына қарай Diners Club компаниясы, сауда және сервистің 300-ге жуық кәсіпорындарымен келісімшартқа отырды, және де 35 мыңға жуық адам карточка иелері ретінде саналды. Карточканы қолданудың ақысы жылына 3 долларды құрады. Жылдың аяғына қарай компанияның табыс айналымы 6,2 млн. долларға жетсе, таза кіріс 61 мың.долларды құрады.
Төлем жүйелерінің дамуына шешуші әсерін тигізген АҚШ-тың карточкалық нарығындағы негізгі оқиғалар 1958 жылы шешілді. Hilton қонақ үйі желісінде ауқатты клиенттерге есептеліп жасалған Carte Blanche жүйесі жұмыс істей бастады. Бірінші ашушылар табысын бағалай келе, ірі американдық банктердің бірқатары тек ресторандарда ғана қолданып қана қоймай, сондай-ақ басқа да орындарда қолдануға болатын несиелік карточкаларды шығарды. Сөйтіп, төлем жүйелері қалыптаса бастады: банк карточка шығарып және де клиентке шот ашты; бір елдің территориясында және де одан тысқары шетелдерде дүкендердің, барлардың, ресторандардың, қонақ үйлердің және т.б. тұтас желісі қалыптаса бастады, оларда пластикалық карточкалардың қызметімен айналысушы орталық жабдықталды, төлемге банк-эмитент арқылы шығарылған карточкалар алынды. Пластикалық ақша нарығын игеруде алғашқы бастаушылар ретінде, қазірде аттары әлемге әйгілі Bank of America, Master Card, American Express, Visa International танылды. 1958 жылдың қазан айында карточка нарығына American Express жүйесі шықты, ол жол чектерімен қызмет көрсетудің халықаралық инфрақұрылымын құрған еді. Американдық қонақ үйлер ассоциациясы шығарған Universal Travel Card карточкасына құқық алғаннан бері, American Express алғашқы шын мәніндегі бұқаралық карточка болып саналды. Бір жылдан соң осы карточканың иегерлері 50 мыңға жуық адамға жетті. Карталарды сауда және сервистің 30 мыңдай кәсіпорындары қабылдады. Иә, осындай жағдай қалыптасты, яғни карточкалық нарықтың қалыптасуы мен дамуы, «саяхаттар мен көңіл көтерулер» (Travel and Entertainment – T&E) үшін арналған карточкалар есебінен жүзеге асырылды. Банктік карталар бірқатар кейінірек пайда болды, яғни T&E, Diners Club, American Express, Carte Blanche карталарын таратушы компаниялар күш ала бастағанда. Карточкалар нақты түрде T&E типті және тек банктік типті карточкаларға жіктеле бастады. 1958 жыл банктік несиелік карталардың шығуымен ерекшеленді. АҚШ-тың банктерінің 100 -ден астамы, осы уақытқа өздерінің карточкалық бағдарламаларын іске асыра бастады. Олардың арасында екі банк танылды: Bank of America и Chase Manchattan Bank, яғни, оларға пластикалық карталар нарығы тарихында ерекше роль атқару жүктелді. Өзінің жекелеген карточкалық бағдарламасын іске асырудағы алғашқы жылдарының аяғына қарай Chase Manchattan Bank 350 мың. карточкалар шығарды және олардың қызметіне 5 мыңнан астам сауда мекемелерін тартты. 1960 жылдың соңына қарай карточкалар бойынша айналым 25 млн.долларға жетті. Сонымен қатар, сол кезде қауіпті қарқынмен операциялық шығындар мен несиелерді қайтармау жағдайлары өсті. Бағдарлама ешқандай кепілдіксіз, жағдайдың күрт өзгеруіне әкеп соққан шығынды бағдарламаға айналды. 1962 жылдың қаңтар айында банк өзінің карточкалық бизнесін 9 млн.долларға сатты. Бірқатар уақыт бойы, American Express бөлігі ретінде танылып, 1969 жылы ол Chase Manchattan Bank –тің оған 50 млн. доллар төлеуі нәтижесінде оның қарамағына өтті. Кейінгі екі жыл ішінде карточкалық бағдарламаны қолдану нәтижесінде банк 2 млн. доллар көлемінде шығынға батты және 1972 жылдың қаңтар айында, National Bank of America Inc ассоциациясының барлық құқықтарына мойынұсынып, одан құтылды. National Bank of America Inc пайда болуы карточкалық нарық дамуының жаңа кезеңінің тууымен ескерілді, яғни оның интернационализациясы мен шын мәніндегі ғаламдық төлемдік жүйелердің қалыптасуымен ерекшеленеді. Сол кезде Chase Manchattan Bank-тің және көптеген АҚШ-тың барлық банктерінің бағдарламалары қиындықтарға ұшыраған еді, ал сол кезде кеңінен танылғаны BankAmericard-тың карточкасы еді, ол АҚШ-тың ірі Bank of America арқылы шығарылды. Бірақ карточкалық істе оның кең танылуына, сәттілікке ие болуына (сол Chase Manchattan Bank өз мүмкіндіктері бойынша Bank of America –дан ешбір кемшілігі жоқ еді) банктің мөлшері мен шамасы себеп болған емес, керісінше банктің географиялық орналасуы себеп болды десек қателеспес едік: Калифорния – АҚШ-тың ең бай штатттарының бірі еді. Бұдан басқа, 1996 жылы Bank of America өзінің карточкаларын шығаруға басқа банктерге лицензияларын бере бастады.
Калифорниялық банктің экспансиясына жауап ретінде Банкаралық карточкалық ассоциациясының бірнеше ірі банктері арқылы құрылған Inter Card Association (ICA) болды. 1969 жылы АҚШ-тың батыс жағалауы банктері арқылы шығарылған Master Charge карточкасына деген құқықты Асоциация сатып алды. Өз кезегінде, BankAmericard-ты шығарушы банктер, бақылаудан бір банктің (Bank of America) бағдарламасының шығарылуын талап етті. 1970 жылдың шілде айында National Bank of America Inc (NBI) төлемдік ассоциациясының құрылғаны туралы жария етілді.
Сөйтіп, 70-шы жылдардың басында АҚШ-та бір мезгілде банктік карточкалар нарығында бәсекелесінің күші бойынша тең келуші екі карточка пайда болды: ICA мен NBI. Басында барлығы бұғанға дейінгі жүргізілген ретпен жүрді: банктер таңдау жасап, біреулері бір ассоциацияға, екіншілері басқасына қосылып жатты.
Бірақ 1971 жылы, нарықтың барлық қатысушылары үшін күтпеген жерден банк Worthen Bank Trust Company of Little Rock екі жүйенің де мүшесі ретінде қабылданды. NBI жағынан Ассоциация мүшелерімен Master Charge карточкаларын шығаруға шектеу қойылды. Іс сотқа дейін барды, сөйтіп, 1972 жылы аймақ соты бұл мәселені қараушы қорытынды шығарды, яғни NBІ тыйым салу антитрестік заңның бұзылуына, еркін бәсекеге кедергісін келтіреді және тұтынушылар құқықтарын шектейтіндігі анықталды. NBI сот шешіміне қарсы шығуға ұмтылды, дегенмен прецедент құрылды, және әзірге бұл процесс созылғанға шекті (жалпылама 5 жылға) көптеген банктер екі карточкаларды да шығаруды бастады. 1976 жылы NBI берілді. Мәселе түбегейлі түрде күн тәртібінен алынып тасталды, сонда ірі бірнеше банктер – NBI мүшелері, Bank of America және Chase Manchattan Bank банкін қоса, сол жылы ICA-ға мүшелікке қабылдауға және Master Charge карточкасын шығаруға өтініш жасады. Америкалық нарықтың дамуына қарама-қарсы карточкалық операциялардың интернационализациясы жүріп жатты. Европаға «жол ашқан» Diners Club компаниясы болды, ол 1951 жылы Ұлыбританияда өзінің атын және несиелік схемасын қолдануға қатысты алғашқы лицензиясын берді. Осыған ұқсас, ауқатты British Hotels Restaurans Association ұйымы (қонақ үйлер мен ресторандардың британдық ассоциациясы) өзінің жеке дербес несиелік карточкасын (BHR) шығара бастады. 1965 жылы, Rikskort шведтік компаниясымен бірігу арқылы, ағылшындық жүйе Швециядағы бас-пәтері бар Eurocard International компаниясын құрды. Американдық төлемдік ассоциацияларының бәсекесі 70-ші жылдары европа нарығына шықты. 1974 жылы ICA, Eurocard International мүшесі болып табылатын AcsessCard британдық жүйесімен келісімге қол қойды. Осылай Eurocard International мен ICA арасында ынтымақтастық басталды. 1976 жылы BankAmericard өзгерткен NBI VISA карточкасының жаңа атауы, түбегейлі Ассоциация қызметінің ғаламдық сипатын өзгертті, ал оның өзі VISA International деп аталды. Осыған ұқсас қадамды 1980 жылы, өзінің карточкасының атауын анағұрлым түсінікті - MasterCard етіп өзгерткен ICA жүзеге асырды. Осылайша Eurocard International мен ICA ынтымақтастығы басталды. 1976 жылы BankAmericard ауыстырған NBI VISA карточкасының жаңа атауы, нақты түрде Ассоциация қызметінің ғаламдық сипатын бекітті, ал оның өзі VISA International деп аталды. 1980 жылы осыған ұқсас қадамды ICA жасады, ол карточкасының атауын – анағұрлым түсінікті – MasterCard етіп өзгертті. 1992 жылдың аяғында Eurocard International мен Eurocheque төлем жүйесінің бірігуі жүргізілді. Жаңа ұйым Europay International деп аталды. Оның бәсекелесі – сол бұрынғы - VISA International болды.