Толем картолары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 21:10, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні карточкалық бизнестің дамуы, ел экономикасы дамуының индикаторы ретінде саналады. Расында да, осы көрсеткішпен қатар, банктер өз клиенттеріне сервистің жоғарғы деңгейін көрсетуге талпынуда. Кез келген банктің негізгі мақсаты – клиенттер үшін жоғары деңгейлі ыңғайлылықты қамтамасыз ету. Адам өзінің ақшасына әлемнің кез келген нүктесінен қол жеткізуі қажет және өзін жайлы және сенімді сезінуі керек. Осы ретте банктер төлемдік карталарды, клиенттің шотына рұқсаттық әмбебап құрал ретінде пайдалануға тырысады, адамның уақытқа да, қашықтыққа да тәуелсіз болуы үшін, өзіне-өзі қызмет ету тәртібі жағдайында операциялардың барынша көп санын аударады.

Содержание

Кіріспе 3
1 ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ – ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙРЫЛЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ 6
1.1 Шетелдегі карточкалық бизнестің дамуы 6
1.2 Карталардың түрлері және жіктелуі 13
1.3 Төлем карточкаларының жұмыс принциптері 33
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ НАРЫҒЫНЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҒДАЙЫ 42
2.1 Қазақстанда төлем карталарын енгізудің экономикалық алғышарттары 42
2.2 Төлем карталары бойынша несиелеу механизмі 46
2.3 Екінші деңгейлік банктерде төлем карталарын қолданудың талдамасы 57
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 61
3.1 Ұлттық төлемдік микропроцессорлық карточканы қолдану 61
3.2 Жұмыстың озық әдістері мен түрлерін төлем карталарымен жұмыс барысында енгізу 66
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 77
ҚОСЫМШАлар А 80
Қосымша Ә 87

Работа содержит 1 файл

diplom.doc

— 1.12 Мб (Скачать)

       2) дебеттік карточкада ЭЕМ оқитын магниттік кодттар бар, ол терминалдар көмегімен автоматтандырылған төлемдік операцияларын жүргізу үшін кілт болып табылады;

       3) дебеттік карточка оның иесіне, қарыз немесе міндеттемелерінің  ұлғаюы орнына, керісінше оның  қаржы активтері көлемдерінің  тікелей азаюы жолымен төлемдік операцияларды орындауға тиімді құрал болып табылады.

       Дебеттік  карточка, оған сәйкес келетін байланыс жүйесімен үйлесімге түсіп қолма  қол ақшаны немесе азаматтардың жеке төлемдері саласының көптеген төлемдік операцияларында қарапайым чектерді алмастырушы болып табылады.

       Карточканы  қолданушы адамдар үшін, әсіресе  олардың құқықтық анықтамасы маңызды. АҚШ-та несиелік деп анықталған карточкаларға, бірқатар «Truth in Lending Act» және «Fair Credit Billing Act» секілді федералдық заңдар таралған. Несиелік карточкаларын көптеп тарату тәртібімен, қаржы мекемесінде клиентті сәйкес тексеруден өткізбей беруге болмайды.

       Банкте  шоты бар, кез келген тұлғаға оның қалауы бойынша дебеттік карточка беру заңнамалық тұрғыдан алғанда, несиелік болып табылуы мүмкін, егер ол қандай да бір несиелік арнайы белгісімен ерекшеленсе, мысалы, несиелік овердрафтыны (яғни шотында ақша болмаса да банк несиесі есебінен тауарлар мен қызметтерді төлеу мүмкіндігі) ұсыну мүмкіндігінің болуы секілді.

       Кейбір  елдерде бұл ерекшелік заңмен бекітілген. Кейбір елдерде бұл ерекшелік заңмен бекітілген. Мысалы, АҚШ-та федералды резервтік жүйені басқару кеңесі ерекше атап көрсетеді, яғни мына жағдайларда, егер банк және клиент арасында кез келген осыған ұқсас овердрафтар туралы келісім болса, ФРЖ несие секілді операцияларды ғана қарастырады, ал осы операцияларды жүзеге асыруға берілген карточкалар несиелік карточкалар болып саналады.

       Банктік автоматтар арқылы шоттарда ақшаларды  алу немесе салу үшін қолданылатын карточкалар банктік карточкалардың анағұрлым жай типі болып табылады. Ережеге сай, мұндай карточкада оның клиентінің аты жазылмайды. Онда тек банк атауы, шот номері жазылады. Карточканың артында клиенттің қолы мен шотының кодталған жағдайы туралы ақпарат жазылған магниттік жолақ бар. Осындай карточканы алу үшін тек банкте шот ашсаң болғаны. АҚШ пен Батыс Европада ол чек шоттарын ашқызушы барлық банк клиенттеріне беріледі.

       Чектері бар кепілдік операцияларда қолданылатын карточка жоғарыда айтылған анықтамаларға  дәл келмейді. Бұл карточкалар (check guarantee cards) клиентке жазылушы чектің құпиялығы үшін және оның шотындағы ақшаның барлығына кепілдеме бола алады. Шотындағы ақша карточканың магниттік жолағында кодталады. Ұсақ-түйек сауда жасауларды чек арқылы төлеуде, шотты тексеру міндетті емес, себебі кепілдеме карточкасы бар клиенттің банкте қажетті мөлшердегі депозиті бар (әйтпесе оған карточка берілмес еді).

       Жоғарыда  келтірілген сұрақтар мен тұжырымдардан  шығатыны, ең аз дегенде екі қорытынды. Біріншісі, карточкалық бизнес екі өзара байланысқан және бір-біріне тәуелді бөлімдерден тұрады: яғни карточкалардың клиент-ұстаушылары және төлем құралы ретінде осы карточкалар қабылданушы коммерциялық желі. Осыған байланысты коммерциялық компаниялар арасында неғұрлым қолайлы жағдайда осы банктер болмақ, себебі оларда осы және басқасы да бар. Екіншіден, бір ғана банктің болуы, мейлі ол үлкен ірі болсын, ең тиімді жолы олардың бірнешеуінің бірігуі болмақ. Бұған қоса, бұл әрі арзан, және банктердің өздері үшін тиімді болмақ, және соңғысы, ережеге сай, бәсекелестік немесе бет-бейнесі тұрғысынан ойларды таразылайды. Осылайша бір ғана атауы, эмблемасы бар және бірыңғай стандартта жасалған, оны шығарушы банк туралы өзіне ғана тән дизайнды логотипі бар карточка пайда болады. Атап айтар болсақ, осындай жолмен әлемдік карточка нарығында 70 пайызды құраушы Виза, МастерКард және  Европей карточкалары дамыды. Дәл осындай жолды, ресейлік СТБ карт және Юнион Кард желілері де таңдады.

       Бірақ, осындай банк аралық ассоциацияда, тіпті алғашқыда байланыстырушы торап – яғни эмитенттер арасында есептесулер жүргізуші ұйым қажет болады. Демек бір банктің клиенті, басқа банк арқылы қызмет көрсетуші дүкеннен сауда жасауға келуіне болады. Бұл жағдайға барлығы қызығушылық танытуда, яғни тек карточка арқылы төлем жүргізілмей, сондай-ақ барлық есептесулер анағұрлым жылдам түрде өтсе. Мұны, тек процессті жүзеге асырушы, операцияларды өңдеуші бір ғана орталықты ашып жүргізген дұрыс болады. Мұндай төлемдік жүйеде осы секілді процессингтік компания басқа да маңызды қызметтерді, мысалы авторизацияны жүзеге асырады.  

1.3 Төлемдік  карточкалардың қызметтік принциптері

       Қазіргі күні төлемдік карточкалардың дамуы  төлемдік жүйе саласында ерекше дамушы бағыттардың бірі болып отыр. Микропроцессорлық  технологиялар негізіндегі төлем  карточкаларының банк аралық жүйесінің құрылуы мен дамуының маңызды міндеттерінің бірі ретінде қолма-қол ақша айналымының көпшілік көлемінің есеп айырылысудың ақшасыз үлгісіне ауыстырылуы жатады.

       Төлемдік  карточка ондағы ақпараттың сақталу  және өңделу тәсіліне және оның дайындалу материалынан тәуелсіз қаржылық есеп айырылысулар жүйесінде басты құрал болып табылады.

       Кез-келген төлемдік жүйе қатысушылардан және олардың  өзара қарым-қатынасынан тұрады.

       Төлемдік  жүйенің міндетті қатысушылары келесілер:

       - карточкалардың эмитент-ұйымы;

       - карточканы ұстаушы (жеке немесе  заңды тұлға);

       - карточкаға қызмет көрсетуші  ұйым, яғни ол бойынша төлем  қабылдаушы, қолма-қол ақша беруші  немесе есептесулердің басқа  да түрлерін жүргізуші ұйымдар. 

       Эмитент-ұйым бір мезетте қызмет көрсетуші ұйым да болуы мүмкін, мысал ретінде телефон карталарын алуға болады, мұнда карта эмитенті және қызметін ұсынушы ұйым ретінде телефон байланысы компаниясы болмақ, яғни бір ғана ұйым жүйенің әртүрлі  қатысушыларының қызметтерін де орындай алады немесе бір ғана және  тағы да сол қызметті атқарады. Қолма-қол ақшасыз есептесулер жүйелері бір немесе бірнеше эмитенттерді иелене алады, және сәйкесінше қызмет көрсетуші ұйымдардың бірнешеуін. Көптеген жүйелерде қарапайымдыларын ескермей де, яғни олардың карточкаларына алдын ала төленген тауар мөлшері, немесе белгілі бір қызметті пайдалану мерзімі жазылады, карточка оны ұстаушы иесінің шотына байланысады, мұнда бір ғана шотқа бірнеше карточка байланысуы мүмкін, және ол карточка  оны қолдану үшін құрал болмақ. Мұндай жағдайларда карталар ұстаушыларының шотын жүргізу қажеттігі туындайды, бұл өз кезегінде тағы да бір қатысушының – есептік орталықтың пайда болуына әкеледі. Оның қызмет аясына карточкалық шоттар жай-күйін бақылау, шоттың жай-күйіне тәуелді төлемдік операцияларды жүргізуге рұқсаттар беру, өзара есептеулер жүргізу үшін жүйе қатысушылары арасында қаржылық хабарламаларды беру кіреді. Мына жағдайда, егер жүйе бірнеше эмитенттерді есепке алса, карточкалық операциялар бойынша төлемдер жүргізудің кепілдік мәселесі туындайды. Әдетте ол былай шешілмек: карточкалар эмитенттері сақтандыру сомаларын алдын ала бір тұрақты және сенімді банкке салады, бұл осы эмитенттер карточкалары бойынша жүргізілуші операциялар үшін төлем жүргізудегі кепілдікті қамтамасыз етеді. Әдетте мұндай банк екінші қызметті де орындайды – есептік орталықтың қаржылық хабарламаларына сәйкес жүйе қатысушылары арасында есептеулер жүргізеді. Осындай қызметтерді атқарушы банкті жүйенің есептік банкі деп атайды. Бір жүйеде бірнеше есептік банктердің (орталық есептік банк және аймақтық есептік банктер) болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда олардың арасында жүйе қатысушылары шоттары бойынша операцияларды қамтамасыз ету үшін өзара несиелеу туралы келісімшарттар жасалады.

       Төлем жүйесінің құрылу схемасына тәуелді карточка эмитенті ретінде банк, қаржы компаниясы, сақтандыру компаниясы, қызметтер саласы бойынша және сауда кәсіпорындары, мұнай компаниясы (жанармай құю станциялары желісі бар) және т.б. болуы мүмкін. Сәйкесінше, нақты жүйенің құрылу мақсаттары мен өлшемдеріне тәуелді карточка төлем жүйесінің қызмет көрсетуші ұйымдарында қолма-қол ақша алу мен тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу үшін қолданылады. Егер қолма-қол ақшасыз жүйені мұнай компаниясы тұрғызса, онда осы мұнай компаниясының карточкасын алғаннан  кейін клиент компания шотына ақшасыз аударылымды жүзеге асырады немесе компания кассасына тауар үшін алдын ала төлем түріндегі қолма-қол ақша енгізеді.

       Карточкалық есеп айырылысулардың негізгі қатысушылары:

       - карточкалардың клиенттері-пайдаланушылары;

       - карталардың банк-эмитенттері;

       - банк-эквайерлер – дүкендермен жұмыс істеуші «коммерциялық желілер иелері» (ағылш. acquirer);

       - қызметтер саласының немесе сауда сату;

       - операцияларды өңдеуші, орталық және жиі түрде олармен байланысушы аймақтық компаниялар (процессингтік компаниялар).

       Сонымен, банктік карточкаларға негізделген үлкен төлемдік жүйелерінің ұйымдары туралы айтар болсақ, әрқашанда мына есте ұстаған жөн, яғни карточка көмегімен жүзеге асушы кез келген төлемдік операцияда Сурет 2 көрсетілген келесі тізбек іске кіріседі.

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Банктік карточкалармен жұмыс тәртібі келесі түрде жүзеге асырылады:

       1) клиент банкке өтініш бағыттайды, анкета толтырады, келісімшартқа қол қояды;

       2) оның несиеге төлем қабілеттілігін тексерген соң, банк карта дайындайды, клиент  алғашқы жарна мен сақтандыру депозитін енгізеді;

       3) сауда жасарда клиент карточкасын сатушыға ұсынады;

       4) сатушы авторизация жүргізеді (дауыстық немесе электронды);

       5) егер карта жұмыс істейтін болса, операция жүргізіліп, клиенттің қолына слип беріледі (чек).

       6) слиптердің екінші даналары сатушыда қалады, үшіншісі банк-эквайерге беріледі.;

       7) банк слиптерді тексереді және ақшаны саудагердің шотына аударады;

       8) жұмыс күні аяқталған соң банк «бөтен слиптерді» сатады, өздерінікін сатып алады, яғни таза позициялар алмасуы жүргізіледі.

       Карточкалық есеп айырылысулар жүйесінде екі  жақтың құқықтары мен міндеттерін  қарастырайық.

       Карточка  иесі міндетті:

       - карточкалық келісімшарттың басқа да мүшелері ұсынушы карточканы сауда жасауда немесе қызметтерді төлеуде қолдануға, сондай-ақ белгіленген лимит шегіндегі қолма-қол ақша түрінде банктен несие алуға;

       - ешбір пайызсыз жеңілдік мерзімінде сауда жасауда банк қарызын өтеуге ;

       - ұзартылған банк несиесін пайдалануға (белгіленген пайыздары бар жеңілдік мерзім аясында);

       - қарызын жабуға және схемаға сәйкес, келісімшартпен анықталушы пайызды да өтейді.

       Келісімшартқа қатысушы сауда кәсіпорны:

       а) карточканы тауарлар мен қызметтерге төлем жасауда қолдануға және авторизация жүргізуге қолдануға міндеттенеді;

       б) егер карточканы ұсынушы оны заңсыз жолмен алғандығы анықталса, немесе күдік туындаса карточканы алып алуға;

       в) төлем жүргізу үшін банкке сауда  шоттарын ұсынуға, олар арқылы тез арада  ақша алуына;

       г) клиент туралы құпия ақпаратты сақтауға міндеттенеді.

       Банктік карточкалар жүйесінде анық қызметтік шектеулер банк-эмитентпен банк-эквайерлер арасында жүргізіледі. Алғашқылары карточка иелеріне қызмет көрсетеді, екіншілері сауда кәсіпорындары мен сервистік фирмалар арасында бірқатар қызметтер ұсынады. 

       Банк-эмитенттің негізгі қызметі келесідегідей:

       - карточкаларды шығару (карточка  иесінің персоналды мәліметтерін  кодтау және жазу, карточканы  қайта қалпына келтіру);

       - несие төлеуге қабілеттілігін  талдау (арыз берушінің қаржылық  жағдайын тексеру);

       - авторизация ;

       - биллинг (қарыздарының сомасы мен өтеу мерзімі көрсетілген жазбаны карточка иесіне салу және дайындау);

       - мерзімі ұзартылған қарызды өтеу және кредиттік лимиттің шамасынан асып кетпеуін бақылау;

       - клиенттермен жұмыс;

       Клиенттің арызы бойынша оң шешім оның қаржылық жағдайын мұқият танып білген соң және төлемге қабілетсіздік қаупін бағалаған соң ғана шығарылады. Егер талдаулар нәтижелері клиент үшін қолайсыз болса, оған шотынан қолма-қол ақшасын шешу үшін дебетік карточка ұсынылады. Егер де клиенттің несие төлеуге қабілеттілігі оң шешімін тапса, ол туралы барлық ақпарат компьютерге енгізіледі.Онда клиенттің аты-жөні, оның тұрақты мекенжайы, әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі номері, несиелік лимиті, карточка шотының номері мен карточканы қалпына келтіру мерзімі көрсетіледі.  Бұған қоса, бір уақытта клиент карточкасын жасау үшін қажетті магниттік жолақ дайындалады.

Информация о работе Толем картолары