Толем картолары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 21:10, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні карточкалық бизнестің дамуы, ел экономикасы дамуының индикаторы ретінде саналады. Расында да, осы көрсеткішпен қатар, банктер өз клиенттеріне сервистің жоғарғы деңгейін көрсетуге талпынуда. Кез келген банктің негізгі мақсаты – клиенттер үшін жоғары деңгейлі ыңғайлылықты қамтамасыз ету. Адам өзінің ақшасына әлемнің кез келген нүктесінен қол жеткізуі қажет және өзін жайлы және сенімді сезінуі керек. Осы ретте банктер төлемдік карталарды, клиенттің шотына рұқсаттық әмбебап құрал ретінде пайдалануға тырысады, адамның уақытқа да, қашықтыққа да тәуелсіз болуы үшін, өзіне-өзі қызмет ету тәртібі жағдайында операциялардың барынша көп санын аударады.

Содержание

Кіріспе 3
1 ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ – ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙРЫЛЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ 6
1.1 Шетелдегі карточкалық бизнестің дамуы 6
1.2 Карталардың түрлері және жіктелуі 13
1.3 Төлем карточкаларының жұмыс принциптері 33
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ НАРЫҒЫНЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҒДАЙЫ 42
2.1 Қазақстанда төлем карталарын енгізудің экономикалық алғышарттары 42
2.2 Төлем карталары бойынша несиелеу механизмі 46
2.3 Екінші деңгейлік банктерде төлем карталарын қолданудың талдамасы 57
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 61
3.1 Ұлттық төлемдік микропроцессорлық карточканы қолдану 61
3.2 Жұмыстың озық әдістері мен түрлерін төлем карталарымен жұмыс барысында енгізу 66
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 77
ҚОСЫМШАлар А 80
Қосымша Ә 87

Работа содержит 1 файл

diplom.doc

— 1.12 Мб (Скачать)

       е) Эмитент бағдар жасаушы клиентура  категориясы бойынша (халықаралық  төлемдік жүйелерде мұны карталар түрлері  немесе өнімдер деп атайды - products):

              - қарапайым карточка;

              - күміс карточка;

              - алтын карточка;

              - электронды карточка.

       Басқаша айтар болсақ, жеке және корпоративті карточкалар деп бөледі. Жекелері банктің жекелеген клиенттеріне беріледі және «стандартты»немесе «алтын» болуы мүмкін. Соңғылары өте жоғарғы несиеге қабілеттілігі бар тұлғалар және қолданушылар үшін өте көп жеңілдіктер қарастырылған. Мұндай карточкаларға жататындары, мысалы, American Express Gold Card, Gold Master Card и VISA VIP.

       Қарапайымдылық  және қысқалық тұрғысынан айтар болсақ, қарапайым карточка қатардағы клиент үшін арналған. Бұл «Classic Visa» мен  «Mass (Standard) Eurocard/MasterCard».

       Күміс карточка бизнес-карточка деп аталады (Business Card) және жеке тұлғалар үшін емес, өзінің компаниясының ақшасын сол немесе басқа көлемдерде жұмсауға құзырлы ұйымдар қызметкерлері үшін арналған.

       Корпоративті  карточка, осы карточка негізінде  таңдаулы тұлғаларға (басшыларға немесе жай құнды қызметкерлерге) жеке карточкалар беруші ұйымдарға беріледі. Оларға корпоративті карточкалық шотқа «байланған» жеке дербес шоттар ашылады. Корпоративті шот үшін банк алдында жауапкершілік карточканың жеке иелеріне емес, тек ұйымдарға жүктеледі.

       «Алтын» карточкалары төмендегі көрсетілгендей келесі қосымша қызмет түрлерін қамтамасыз етеді:

       - сатып алу кезіндегі лимиттің  болмауы (барлық жағдайда да - формалды: қомақты сомаға сауда  жасау кезінде сатушы эмитенттен  несиелеудің лимитін анықтап  алады);

       - қонақ үйлер қызметтеріне төлем жүргізудің қысқартылған жүйесі (карточка иесінің төлемге қабілеттілігін тексерусіз);

       - несиелік карточкадан төленген  тауардың сатып алушысын, егер  жөндеу талап  еткен жағдайға, сол жағдайдан сақтандыру (ереже  бойынша – тауардың кепілдік  мерзімін бір жылға дейін тегін ұзарту);

       - Эмитенттің есебінен оның клиентпен  тәулік бойы телефон арқылы  байланысу мүмкіндігі;

       - Жарамсыз болып қалған карточканы  екі жұмыс күні ішінде айырбастау;

       - несиелік карточка бойынша ақша алу.

       Осыған  ұқсас карталар түрлері Американ Экспресс –те бар. Бұдан басқа, Виза мен Европей жүйелерінде, тек қолма-қол ақша алу үшін арналған банкоматтар мен «Electron Visa», «Cirrus/Maestro» электронды терминалдарында қолдануға болатын карточкалар бар. Олар шоттағы қалдық ақша мөлшерінде ғана қызмет жасайды, олар бойынша, ережеге сай, иелеріне несие берілмейді, сондықтан олар кез келген клиентке оның несиелік тарихын немесе қамтамасыздық дәрежесіне тәуелсіз беріле береді.

       Кейде «еңбекақы» карточкаларын деп те бөліп көрсетеді: эмитент ұйымдармен келісімшартқа отырады, ал карточка иелері ретінде жеке тұлғалар түріндегі оның қызметкерлері бола алады.

       Сырттай бұл жіктелу, халықаралық жүйелерде  қабылданушы, бірақ шындығында оның негізінде  клиентпен, эмитенттің карточканы шығару мен оны пайдалану туралы келісімшарт жасасуының заңгерлік статусы жатыр. Жиі түрде стандартты карточка корпоративті түрде беріледі, және керісінше, мына жағдайлар бізге жақсы таныс, яғни бизнес-карталарды, олардың статусы бойынша «күміс карточка берілуі тиіс» деп санаушы жеке тұлғалар алып отырған.

       Халықаралық жіктелуде ең маңызды қызметтер  тобы, осы және басқа карталары  бар пакеттерде ұсынылушы қызметтер  болмақ.  Мысалы, жер шарының кез  келген бөлігінде болсаң да, жоғалған карточка орнына жаңа карточка беру 24 сағаттың ішінде жүргізіледі, немесе көліктер кешеуілдеуінен және іс құжаттарының жоғалып кетуінен сақтандыру үшін  алтын карточка бойынша ай сайынғы лимит 5000 доллардан кем емес. VISA мен  Europay карточкаларында қатаң түрде бекітілген қосымша қызметтер тобы бар, оларды эмитент бизнес- және алтын карточкалары иелеріне ұсынуы тиіс.

       Карточкалардың  басқа жіктелулері  олардың қызметтік  сипаттамаларымен анықталады. Мұнда  несиелік және дебеттік карточкалар  деп бөлінеді.

       Несиелік  карточкалар төлемге қабілетті  тұтынушылар үшін шығарылады. Оларды қолдану, оларға сатып алулар үшін қажетті арнайы қамтамасыз етілмеген автоматты қалпына келтірілуші несие алуына мүмкіндік береді. Олар сондай-ақ осы жүйенің мүшелері болып табылатын қаржы мекемелерінен несиені ақшалай түрінде алуда қолданылады. Потенциалды иелеріне, олардың несие төлеу қабілеттілігі тұрғысынан аса қатал талаптар ұсынылады. Осы және басқа да тұлғаларға несие беруге шешім қабылдамас бұрын, банк, олардың берілгендерін тексереді, яғни жылдық орташа кірісін, несие тарихын, тұрмыстық жағдайын, қызмет түрін, жанұя жағдайын, банкте шотының болу, болмауын және т.с.с талдайды.

       Клиент  қызметтің кең ауқымын, әртүрлі  банктік автоматтар үшін дебеттік карточкалар  қызметтерін атқара алатын несиелік карточкалары арқылы да алады.

       Несиелік карточканы қолдану жайлылығы келесі негізгі мүмкіндіктерді алуда болмақ:

       1) эмитент-ұйым клиенттің төлемге  қабілеттілігін талдай келе, соңғысы  карточка және несиелік лимит  алады. Бұл лимит көпшілік клиенттер  үшін айын 3-5 мың АҚШ долларын  құрайды және оның иесіне, тіпті өткен айда оның шотында ешқандай ақша қалмаса да, тауарды сатып алуына жағдай жасайды. Мысалы, Diners Club несиелік карточкалары, клиенттерді оның банктегі шотында қалушы қалдық ақшадан асушы несие есебінен, бес айғы орташа айлығы сомасында төлемдер жүргізуге мүмкіндік береді.

       Сауда жасау арқылы, клиент карточкасын  сатушыға ұсынады, ол оны жоғарғы  бөлігінде сауда чектері орнатылған арнайы қондырғыға орналастырады. Клиенттің  аты мен шотының номерінен  тұратын ақпарат, қысым түсіру арқылы карточкадан, төлем сомасы, сатушының аты мен адресі көрсетілген сауда чекіне ауыстырылады.

       Бұдан кейін клиент чекке қол қояды  және бұл қол карточкадағы қол  қою үлгісімен салыстырылады. Ірі  төлемдерді (бірнеше жүз, мыңдаған АҚШ  долларындағы) жүргізуде сатушы телефон арқылы карточка эмитентімен байланысып, карточка иесінің – клиенттің қол қойған сауда чекі акцептелгендігін анықтап біледі. Акцепт туралы шешім, шоттың төлемге қабілеттілігі туралы немесе уақытылы алынушы кірістерді есепке алып оның төлемге қабілеттілігі туралы ақпарат негізінде қабылданады. Осылайша, клиент қолында ешбір ақшасы болмаса да, тіпті банк шотында ешқандай ақшасы болмаса да сауда жасауда төлем жүргізе алады (ережеге сәйкес – несиелеудің лимиті шегінде). Егер клиент, VISA немесе Master Card ассоциацияларының мүшелері болып табылатын банктің берген карточкасының иесі болса, онда ол ай сайын карточка шоты бойынша төленген соманың 5 пайызын өзінің банктік шотынан өтеуге тиіс. Төленбеген шоттардың қалған бөлігі клиенттің эмитент алдындағы қарызы болып қалады. Бұл несие эмитент бекіткен лимиттің шегінде жылдық 15-20 пайызбен беріледі. Бұл типтегі карточкалармен қолдану үшін төлемақы жылына 20 дан 50 ге дейінгі долларды құрайды.;

       2)  «классикалық» несиелік карточкалардан  басқа, клиент сауда жасау үшін  төлем жүргізуде «төлемдік» деп аталатын карточканы да қолдана алады (charge cards), ол бір айға шектелген несие алу мүмкіндігін береді. Оларға жататындары: ең алдымен, American Express карточкалары, оларды қолдану үшін жыл сайынғы төлем алынып тұрады (ережеге сай, 30 - 60 АҚШ доллары – карточка түріне байланысты). Бұл карточка бойынша қандай да бір төлем жасауда, клиент, өзінің банктік шотында қажетті сомасы болмаса да іске асыра алады, бірақ «классикалық» несие карточкаларынан айырмашылығы, ол эмитенттен, келесі айға шекті созылушы лимиттелген несие ала алмайды. Клиент эмитентке барлық шоттарды карточка бойынша сауда жасаған күннен 30 күн ішінде төлеуге міндетті. Сауда жасаған күн мен шотты төлеген күн арасындағы мерзімде клиент ақысыз және лимиттелмеген (формалды) несие алады. Егер төлеу мерзімі асып кеткен жағдайда ғана клиенттен «штрафтық» пайыздар алынады. Осы типтегі карточка бойынша төленетін сома, клиенттің шотындағы ақшалардың нақты болуымен (егер сатушы эмитенттен сұраса) немесе сатушының тәуекелге бару дәрежесімен, яғни егер ол клиенттің төлемге қабілеттілігін тексермеуімен шектелінеді. Осылайша, карточкалардың осы түрі қызметтер бағалары бойынша және төлемдер көлемдері бойынша бірқатар клиентті аса қатал қаржылық жағдайларға қалдырады;

       3) несиелік карточкалары жеңілдігі бар белгілі бір қызмет түрлерін төлеу үшін де қолданылады. Сонымен, 1980 ж. аяғы мен 1990 ж. басында, эмитенті ірі америкалық банктер  болып табылатын, VISA немесе Master Card типті несиелік карточкаларын қолдану мүмкін болды, оларды келесі қызметтерге қолданды: қала аралық телефон сөйлесулерін төлеу үшін, автокөліктерді жалға алу ақысын төлеуге, қонақ үйлер ақысы мен ресторандар шоттарын төлеу үшін, жанар май станциясындағы жанармай бағасын төлеу үшін. Осылайша, несиелік карточкалары клиенттерді мақсаттық карточкалар секілді қамтамасыз етті, бірақ соңғыларына күшті бәсекелес болды. Мысалы, эмитенті америкалық ірі банк CITIBANK болып табылатын, Citibank Classic Visa несиелік карточкасын телефон сөйлесулерінің ақысын төлеуге қолдануда, клиент 24 пайыз кем төлем төлейді екен, яғни American Telephone Telegraph компаниясының арнайы телефон карточкаларының (Calling Cards) иелеріне қарағанда;

       4) несиелік карточкалардың көпшілігі,  банктік автоматтардың карточкалары  секілді өз шотынан қолма-қол ақшаны шешу мүмкіндігін береді. Riggs немесе CITIBANK секілді америкалық банктердің несиелік карточкалары АҚШ территориясында 40-50 мыңдай автоматтардан қолма-қол ақша алуға мүмкіндік береді. Бірақ, көптеген автоматтарда шешіліп алынушы ақша сомасы клиенттің депозит көлемімен ғана шектелмек емес, сондай-ақ күн сайынғы лимитпен де шектеледі (мысалы, 150-200 доллар). Бұл мынаған байланысты, яғни несиелік карточка бойынша ақша беру арқылы банк «автомат тұлғасында» клиентке несие береді. Сондықтан, егер клиент ақша алса, автомат клиенттің төлемге қабілеттілігін және оның несиелік лимитін лезде тексере алмайды (әсіресе, егер автомат банк-эмитент қарамағында жатпаса);

       5) несие карточкаларын ұстаушылар  үшін арналған қызметтердің кең  таралған түрлерінің бірі ретінде сапарлар кезіндегі бақытсыз жағдайлардан мүлікті, денсаулығыңды және өміріңді сақтандыру болмақ. Несиелік карточка көмегімен сапарларға шығу шығындарын төлеу арқылы, клиент автоматты түрде мүмкін болатын бүлінулер немесе мүлкінің жоғалуы, жарақаттар немесе өлім секілді бақытсыз жағдайлардан сақтандырылады. Шығынның орнын толтыру карточка иесіне кепілдік береді, ал өлген жағдайда – оның асырауындағы тұлғаларға тиесілі болады;

       6) VISA, Master Card, American Express секілді аса  танымал карточкалары сақтандыру саласының басқа да қызмет түрлерімен қамтамасыз ете алады, ережеге сай, бұл қызметтер мәні мынада, яғни  карточканы пайдалану құнына, сақтандырудың әртүрлі түрлерінің төлемдері де кіреді. Мысалы, American Express («corporate cards» типіне жатқызылушы – корпорацияның заңды тұлғалары мен қызметкерлері қолданушы карточкалар) карточкалары, өз иеленушілерін автоматты түрде  мынадай қызмет түрлерімен қамтамасыз етеді (corporate cardmembers):

       - еңбекке қабілеттілігін жоғалтуы  жағдайын 50000 долларға шекті сомаға сақтандыру;

       - арендаға алушы автокөліктің  жоғалу немесе бүліну жағдайын  сақтандыру;

       - American Express (әлемде осы секілді  1200 аса қонақ үйлер саналады  екен) жүйесі бойынша есеп айырылысу  жүйесіне қатысушы қонақ үйлерде  тұруға жеңілдік( 40% дейін) алу мүмкіндігі.

       Diners Club карточкалары, иелерін бақытсыз  жағдайлардан 300 мың.долларға дейінгі  сомаға «автоматты» сақтандырады. Бұған қоса, несиелік карточка  арқылы төленуші барлық тауарлар, олардың істен шығуы жағдайында  олардың құнының жылдық кепілдігін ала алады.

       Белгілі бір қызмет түрлерін төлеуге немесе белгілі бір дүкендерде есеп айырылысулар үшін қолданылатын несиелік карточкалары, банктік карточкалар секілді  кеңінен таралған. Осы типті карточкалар - Diners Club – көптеген елдерде бұқаралық  қолдау тапқан алғашқы карточкалардың бірі болды. Бірақ та, автоматтандырылған ақшалай есептесу жүйелерінің дамуы, төлемдер құралдарының әмбебаптануы бағытында жүргізілетіндіктен, осындай мақсатты карточкалардың, VISA, Master Card или American Express типті банк карточкаларына қарағанда анағұрлым болашағы зор болмақ.

       Бұдан басқа да карточкалардың кең таралған түрлері ретінде дебеттік карточкалар  мен банк автоматтарына арналған карточкалары болмақ. Дебеттік карточка бірқатар объективті экономикалық себептер күшіне байланысты Қазақстанда анағұрлым кең таралған. Оны сондай-ақ қолма-қол ақша карточкасы немесе активтер карточкасы деп те атайды. Дебеттік карточка да, несиелік секілді, магниттік жолағында, қаржылық мекеменің белгілі бір клиенті ретіндегі оның иесінің аты, жөні, тегі жазылған. Несиелік карточкадан, оның айырмашылығы, ұстаушысына оның қаржы активтерінің көлемін тікелей азайту жолымен төлемдік операцияларды жүргізудің тиімді құралы болмақ.

       Дебеттік  карточка – қаржылық есептеулердің  автоматтандырылған жүйесінің бөліктерін анықтауға қиындықпен берілуші карточкалардың бірі. Қолма-қол ақшалар карточкасы (cash card) немесе активтер карточкасы (assets card) деп аталатын дебеттік карточка туралы түсінік, келесі сипаттамалар мен қызметтерді қамтиды:

       1) дебеттік карточка пластикалық карточка болып табылады, онда шотында  ақшалары бар, белгілі бір қаржылық мекемесінің клиенті ретіндегі, иесінің аты, жөні, тегі жазылады, сондай-ақ онда осы шот бойынша орындалушы операция түрі көрсетіледі;

Информация о работе Толем картолары