Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 21:40, реферат
Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.
Кіріспе............................................................................................................
1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі......................................................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі........................................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...............................................................................................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі....................................................................................
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнесті несиелендіру және даму тенденциялары..............................................................................................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)............................................................................................
2.3. БТА Банкінің шағын және орта бизнесті несиелеуіне талдау.
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары................................................................................
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару...........................................................................................
3.2. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары............................
Қорытынды....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.............................................................
Қосымша........................................................................................
Шағын кәсіпкерліктің басқа артықшылықтарынан, автолар айналымдылықтың жоғары жылдамдығымен, құрылыс мерзімдерінің қысқартылуымен, негізгі қорлардың жалпы құнындағы белсенді бөлігінің жоғарлауымен, басқару персоналдарын ұстау шығындарының төмендігімен, ірі капиталды тарту қажеттігінің жоқтығымен қамтылған күрделі және ағымдағы шығындардың тиімді қолданылуынан көреді.
Сонымен, кәсіпкерліктің ұсынылған тұжырымының және шағын және орта бизнестің қолдағы бар тұжырымдарын талдау негізінде, шағын және орта бизнестің келесі анықтамасын көрсетуге болады: Шағын және орта бизнес – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген, қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасатын, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріспен басқару үдерісіне жеке қатысуын талап ететін, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту жүйесі болып табылады.
Құрамдас бөлігінің бірі –
бизнес инкубаторлары болып
Соңғы кездерде ШОБ-ті қолдауды және дамытуды реттейтін заңнамалық және нормативтік база құрылды. Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бұрынғы мемлекеттік бағдарламаларын (1992-1994 жж., 1994-1996 жж., 1999-2000 жж., 2001-2002 жж., 2003-2005 жж.) талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекелі нарығы құрылды және шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың институтционалдық шаралары айқындалды.
Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа: кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конститутциялық құқықтарының шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізілді, ол үшін мемлекет қажетті жағдайларды жасады.
Ресми статистика деректері бойынша республикада осы сектор дамуының оң серпіні, шағын және орта бизнес субъектілерінің тұрақты өсуі 2006 жылы 521,5 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері есепке алынған, оларда шамамен 1,2 миллион адам жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің үлес салмағы жұмыс істейтіндердің жалпы санының 17,6%-ын құрайды.
Экономикасы жаңа дамып отырған елдер үшiн орта және шағын бизнестi жандандыру шешушi рөл атқарады. Кәсiпкерлiк қызмет бұл елдер үшiн дағдарыстан алып шығатын бiрден-бiр сара жол болып отыр. Оның аясында жалпы iшкi өнiмнiң үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етiледi. Бұл индустриалды, дамыған экономикасы бар және өтпелi кезеңдi басынан кешiрiп отырған елдер экономикасы үшiн тым жағымды көрiнiс. Ол бәсекелестiкке сай келе алатын динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен қамтамасыз етiлуiне, оның әлеуметтiк тұрмыс жағдайын көтеретiн шын мәнiндегi қуатты экономикаға жол ашады.
2006
жылы шағын кәсіпкерлік
Дегенмен,
зерттеу барысында шағын және
орта бизнес алдында тұрған проблемалардың
жеткілікті екендігі анықталды және олар
терең ғылыми ізденісті талап етеді. шағын
және орта бизнестің дамуына кері әсер
ететін бірқатар факторларды былайша
топтауға болады:
Кесте 1 – Шағын және орта бизнестің дамуына кері әсер етуші факторлар
Кедергілер | 2007 ж. | 2008-2009 жж. |
|
2 | 1 |
|
1 | 2 |
|
4 | 3 |
|
– | 4 |
|
5 | 5 |
|
3 | 6 |
Ескерту – ҚР Статистика жөніндегі агенттiгiнiң мәлiметтерi негізінде автормен құрастырылған |
Келтірілген
мәліметтерден көріп
Шағын
бизнес субъектілерінің жұмысына кедергі
болатын мәселелердің екінші түрі –
жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы.
Яғни, АҚШ доллары бағамының тез өзгеретіндігі,
макроэкономикалық жағымсыз өзгерістерге
байланысты инфляция және жоғары тәуекелдер,
әлемдік қаржы дағдарысының орын алуы
және т.б.
Сурет 1
– Қазақстандағы шағын бизнесті
дамыту бағыттары
Үшінші орында кәсіпкерлер несиені алу кезінде туындайтын қиыншылықтар мәселесі. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған бұл мәселе субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Республика бойынша шағын және орта бизнес субъектілермен жүргізілген анонимді сауалнаманың мәліметтері бойынша, шағын бизнестің алдында тұрған ең негізгі мәселе-несиелік ресурстарға шығу жолының қиындығы.
Төртінші мәселе – шикізатпен
қамтамасыз етілуі мен өнімді
өткізуі. Өнімді өткізу кезінде
қиыншылықтардың пайда
Шағын
бизнесті дамытудағы және жұмысбастылық
мәселесін шешудегі мемлекеттік саясатты
жасап, жүргізу үшін жоғарыдағы факторларды
бөліп көрсетуге болады. Аталған факторлар
өз кезегінде шағын бизнестің дамуын тежейтіндіктен
бірінші кезектегі міндеттерді анықтауға
мүмкіншілік береді.
Кесте
2 – Шағын кәсіпкерлік
Көрсеткіштердің
аталуы |
Жылдар | 2009/
2004 жылға, % | |||||
2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | ||
1. Тіркеуге алынған ШКС саны, соның ішінде: | 514,4 | 331,5 | 372,5 | 388,2 | 408,5 | 449,9 | 87,4 |
шағын кәсіпорындар, мың бірлік | 318,4 | 109,0 | 110,1 | 111,7 | 103,2 | 114,8 | 36,0 |
жеке кәсіпкерлер, мың бірлік | 196,0 | 225,5 | 262,5 | 276,6 | 305,2 | 335,1 | 171,0 |
2. Қызмет ететін ШКС, саны мың бірлік, соның ішінде: | 248,2 | 280,9 | 329 | 353,7 | 382,2 | 376,4 | 151,6 |
- шағын кәсіпорындар, мың бірлік | 52,2 | 58,4 | 66,5 | 77,0 | 77,0 | 97,1 | 186,0 |
3.
Тіркеуге алынған |
48,3 | 84,7 | 99,2 | 91,1 |
93,7 | 83,7 | 173,3 |
- шағын кәсіпорындар үлесі, % | 10,1 | 17,6 | 17,9 | 19,9 | 18,8 | 21,6 | 213,9 |
4.Тіркелген шағын кәсіпорындардың жалпы санындағы қызмет ететін шағын кәсіпорындардың үлесі, % | 16,4 |
53,6 |
60,5 |
69,0 |
74,5 |
84,6 |
515,8 |
Ескерту – ҚР шағын кәсіпорындары қызметінің негізгі көрсеткіштері, 1 бөлім, 2007 ж. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде автормен құрастырылған |
Шағын және орта бизнес қызметін арттырудың негізгі нәтижелері кестеде көрсетілген. 2004 жылды базалық жыл деп алып 2009 жылмен салыстыратын болсақ, соңғы жылдары тіркелген кәсіпорындар мен қызмет ететін бизнес субъектілерінің әлдеқайда азайғанын байқауға болады. Мысалы, тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері 22,6%-ға төмендеген.
2004 жылы тіркеуге алынған ШКС жалпы саны 514,4 мың бірлікке тең болса, оның ішінде шағын кәсіпорындар үлесі 61,9 %, жеке кәсіпкерлер, соның ішінде шаруа (фермерлік) қожалықтары 38,1%-ды құрайды. Бұл жылы 318,4 мың шағын кәсіпорындар тіркеуге алынды, олардан тек 16,4% ғана қызмет ететіндер. Көріп отырғандай, жыл ішінде «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» негізгі заңдарды қабылдау нәтижесінде ШКС санының күрт өсуі байқалады.
2004-2009 жылдар аралығында шағын кәсіпкерлік сферасындағы жұмыс істейтіндер саны 930,7 мың адамнан 1407,6 мың адамға дейін немесе 51,2% көбейді. Жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер санының өсу қарқыны шағын кәсіпорындарға қарағанда жоғары.
Егер, 2004 жылда, яғни базалық жылда қарастырылып отырған субъектілердің жұмыскерлер саны өзара тең болса, онда 2009 жылы жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер саны 715,4 мың адамға тең, ал шағын кәсіпорындарда 692,2 мың адам, ол жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер санынан 23,2 мың адамға жоғары.
Көп өңірлерде кәсіпкерлердің біліктілігі мен оларды оқыту проблемасы шешілмеген күйде қалуда. Жүргізілген талдау шағын кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары өткен жылдардың тәжірибесі негізінде жүйелеу жолымен экономикалық, құқықтық және институтционалдық – құрылымдық реформаларды тереңдету қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретiн субъект – екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер болып табылады. Коммерциялық банктер көбінесе заңды тұлғаларды және қысқа мерзімді несиелеуді жақтайтыны – тарихи қалыптасқан жағдай. Қазақстандық шағын және орта бизнес субъектілерінің екiншi деңгейдегi банктерден коммерциялық несиелер алуы кәсіпорындарды дамыту үшін қаражаттарды толықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі болып табылады. Алғашқы құрылу кезінде шағын бизнес несиесіз өз жұмысын атқара алмайды.
Қазіргі кездегі республикадағы шағын және орта бизнесті несиелеуді дамытуға кедергі болып отырған негізгі факторлар мыналар:
Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары