Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 21:40, реферат
Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.
Кіріспе............................................................................................................
1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі......................................................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі........................................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...............................................................................................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі....................................................................................
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнесті несиелендіру және даму тенденциялары..............................................................................................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)............................................................................................
2.3. БТА Банкінің шағын және орта бизнесті несиелеуіне талдау.
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары................................................................................
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару...........................................................................................
3.2. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары............................
Қорытынды....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.............................................................
Қосымша........................................................................................
Ағымдағы шоттармен операциялар жүргізу
Шот ашу
банктің тарифтеріне сәйкес.
Банк операциялары мен банк қызметтерін
көрсеткені үшін банктің тарифтеріне
сәйкес Банк клиенттен комиссиялық сыйақы
өндіріп алады.
Шот бойынша банк мына операцияларды жүзеге
асырады және оның қызмет көрсетуіне байланысты
банктік қызметтер көрсетеді:
БТА Банкі өз клиенттеріне ең беделді халықаралық төлем жүйелерінің карталарын шығарады және олар бойынша қызмет көрсетеді.
Банк халықаралық Visa International және MasterCard International төлем жүйелерінің толық құқылы мүшесі болып табылады.
Банктің пластикалық карталар бойынша көрсететін қызметтерінің бірі – корпоративтік клиенттерге қатысты – жалақы алуға арналған карталар бойынша қызмет.
БТА Сіздің кәсіпорныңыз үшін пластикалық карталар көмегімен жалақы есептеу және оны төлеу шараларын ұйымдастырады.
Клиент бүкіл қазақстандық банктердің банкоматтары мен сауда орындарында (POS-терминалдарда) қабылданатын VISA Classic Domestic немесе Cirrus Maestro Local георграфиялық жергілікті картасын тегін алады. Картамен халықаралық стандарттар деңгейінде қызмет көрсетіледі және VISA Сlassic және MasterCard Standard халықаралық картасы бойынша көрсетілетін барлық қызмет түрлерін ұсынады. Бұл карта тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана қолданылмайды.
БТА заңды
тұлғалар үшін Visa немесе MasterCard Gold, Visa немесе
MasterCard Business класына жататын копоративтік
халықаралық карталарға қызмет көрсетеді.
Корпоративтік карталар — Visa Business, MasterCard
Business — бұл Сіздің компанияңыздың қызметкерлері
қатысында өкілдік және іссапар шығындарын
ұйымдастырудың және бақылаудың ең тиімді
жолы.
Компания басшылары үшін Gold категориялы корпоративтік картасын ашыңыз — бұл Сіздің корпорацияңыздың жоғары мәртебесінің айқын көрсеткіші.
БТА төлемге
пластикалық карталарды қабылдайтын
сауда-қызмет көрсету орындарының
кең желісімен ынтымақтастық
құрады.
Банкпен ынтымақтастық құру және Visa, MasterCard
пластикалық карталарын төлемге ұсыну
Сіз үшін толып жатқан мүмкіндіктерге
жол ашады. Сіздің кәсіпорныңыздың бақталастыққа
қабілетін арттырады және жаңа клиенттерді
– пластикалық карталарды ұстаушыларды
тарту есебінен табысыңызды арттыра түседі.
Енді сіздердің жалақы карталарыңызда депозит жүйесі бар! Бұл сіздің шотыңызға автоматты түрде пайыздар есептеледі деген сөз! Сіз өзіңіздің жалақыңызды ғана емес, оған қоса пайыздар аласыз! Егер сіз әлі күнге жай карточканы қолданып жүрген болсаңыз, сіз БТА-ның кез келген бөлімшесіне келіп, депозиттік қызметі бар жаңа чиптік карточканы ала аласыз!
БТА жалақы карточкалары – қолма-қол ақша алудың ғана емес, сонымен бірге оны басқарудың ең қарапайым, ыңғайлы әрі тиімді тәсілі!
Салым мерзімі 1 күннен басталады. Уақытша бос қалдық ақшаларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, депозиттен ақшаны ішінара алуға болады. % ақша қаражатын салған нақты күндерге есептеледі. Мөлшерлеме әрбір салымшыға жеке белгіленеді.
Салым мерзімі 1 айдан 36 айға дейін. Сыйақы келісім-шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғанда төленеді. Қосымша жарналар қабылданбайды және сома ішінара берілмейді.
Салым мерзімі 1 айдан 12 айға дейін. Қосымша жарналар қабылданбайды және сома ішінара берілмейді. Сыйақы әр айдың соңында төленеді. Салымшы салымды кемінде бір ай сақтап, мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатса, салым сомасы сыйақысыз төленеді. Салымшы салымды бір айдан астам уақыт сақтап, мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатқан жағдайда бұрын төленген сыйақы банкте әрекет ететін «талап етілмелі» мөлшерлеме тоқтатқан мерзімге қайта есептеледі, ал артық төленген ақша салым сомасынан ұсталады. Cалымшының бастамасымен салымды мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда бұрын ұсталған салық қайта есептелмейді.
Сыйақы мөлшерлемесі ай сайын өсіп отырады және әрбір толық айға сыйақы есептеу тиісті мерзім аралықтарының мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. Салымшы салым сомасын кез келген уақытта сұрата алады, бұл жағдайда сақтаудың әрбір толық айы үшін сыйақыны жоғалтпайды. Міндетті шарт – шот ақшаны ол ашылған күннен бастап кем дегенде 3 ай сақтау. Қосымша жарналар қабылданбайды және сома ішінара берілмейді. Сыйақы салым мерзімінің соңында төленеді.
Салым мерзімі 1 айдан 12 айға дейін, сыйақы мерзімді салымға ақшаны салған сәттен бастап салым бойынша ақшаны сақтаудың барлық мерзімі үшін төленеді. Қосымша жарналар қабылданбайды және берілмейді.
Көтелірген пайыздық мөлшерлемелер, салым мерзімі 1 айдан бастап 36 айға дейін. Қосымша жарналар қабылданбайды және сома ішінара берілмейді. Сыйақыны банк бүкіл сақтау мерзімінің әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін төлейді.
Сыйақы
салымның әрекет ету мерзімінің соңында
төленеді. Салым мерзімі 6 және 12 ай.
Қосымша жарналар қабылданады. Сома ішінара
берілмейді.
Қолданыстағы заңнама талабы бойынша
шартты депозиттер міндетті болып табылады.
Қолданыстағы мөлшерлеме «талап етілмелі
мөлшерлемеден» жоғары болмауы тиіс.
Салым кепілге салынатын зат болып табылады және Кепілдік шарты бойынша салымшының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін «талап етілмелі мөлшерлемеден» аспайтын мөлшерлеме бойынша банкке енгізіледі.
Қазақстандағы қолданыстағы заңнама талабына сәйкес шетелдік мамандардың және жұмысшылардың тұрақты тұратын елдеріне қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында ҚР-на жұмыс күшін әкелу үшін кепілдік жарнасын енгізу қажет. Бұл депозитті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің рұқсатымен ғана ашуға болады.
Бұл салым тауарларды жеткізу мен қызметтерді ұсыну бойынша тендерлер мен конкурстарға қатысатын немесе қатысуды жоспарлап отырған компаниялар үшін кепілзат болып табылады.
Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары