Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 21:40, реферат

Описание работы

Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................

1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі......................................................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі........................................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...............................................................................................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі....................................................................................
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнесті несиелендіру және даму тенденциялары..............................................................................................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)............................................................................................
2.3. БТА Банкінің шағын және орта бизнесті несиелеуіне талдау.
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары................................................................................
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару...........................................................................................
3.2. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары............................
Қорытынды....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.............................................................
Қосымша........................................................................................

Работа содержит 1 файл

шагын жане орта бизнес.doc

— 1.17 Мб (Скачать)

    Банктер  кез келген уақытта,  қарыз алуға  ниет бiлдiрген субъектiлердi несиелеген кезде пайда болатын несиелiк тәуекелге ұшырайды.  Жалпы отандық несиелеу тәжірибесі көрсеткендей банктердің кәсіпорындарды қаржыландыру кезінде келесідей факторлар өз әсерін тигізеді (3-кесте).

    Банк  несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.

    Шағын және орта бизнестің күрделі мәселелерінің  бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Өйткені, несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар дайындауда қиыншылықтар жеткілікті.  

Кесте 3 – Банктердің  кәсіпорындарды  несиелеуге  әсер ететін факторлардың топтамасы 

Банк  тұрғысынан Кәсіпорын тұрғысынан
1. Кепілзатпен  қамтамасыз етудің болмауы 1. Несиеге деген  жоғары пайыздық мөлшерлеме
2. Несиені  қамтамасыз етудің өтімсіздігі 2. Несиелердің  қысқа мерзімділігі
3. Қарыз  алушы-кәсіпорынның қанағаттанғысыз  қаржылық жағдайы 3. Несиені өтеу  кезінде жеңілдік кезеңінің жоқтығы 
4. Қарыз  алушы-кәсіпорынның ақпарат

тық жабықтығы

4. Құжаттарды  дайындау процедурасының ұзақтығы
5. Қарыз  алушы-кәсіпорынның нақты несие  тарихы туралы ақпараттарға қол  жетпеушілік 5. Кепілдің бағалау  құнын оның нарықтық құнынан  кемітіп көрсетуі
6. Банк  менеджерлерінің ұзақ мерзімді несиелермен жұмыс істеу тәжірибесінің жоқ болуы 6. Кәсіпорын  менеджерлерінің ұзақ мерзімді  несиелерді рәсімдеу бойынша   жұмыс істеу тәжірибесінің жоқ  болуы
 
 

    ҚР  Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, қарастырылған алты жыл аралығында, ШКС берілген несиелердің ағымдағы портфелі 145,4 млрд теңге құрады. Қысқа мерзімді несиелер үлесі 55,9%, орта және ұсақ мерзімді несиелер – 44,1%-ға тең. Қысқа мерзімді несиелер үлес салмағының жоғарылығы екінші деңгейдегі банктердің тез айналатын сауда-делдалдық операцияларды несиелеудегі қызығушылығын көрсетеді.

    Орта  және ұзақ мерзімді несиелердің төменгі  үлесі өндіріс және ауыл шаруашылық секторын қаржыландыру қызығушылығының  жоқтығын көрсетеді, ол кепілдікке қойылатын  мүліктің жоқтығына, несиелерді алудағы  құжаттарды реттеу қиыншылықтарына және банктердің басқада талаптарына байланысты. Жалпы алғанда 2004-2009жж. аралығында ШКС несиелеу өсу үрдісіне ие болып келді 

Кесте 4 – ШКС несиелеудің негізгі  көрсеткіштерінің өсу деңгейі

Көрсеткіштердің аталуы                             Жылдар
2004 2005 2006 2007 2008 2009
Экономика салалары бойынша барлық несиелер, млрд теңге

с.і. –  ШКС

71,6 

22,9

93,4 

24,3

148,8 

39,9

276,2 

74,2

489,8 

122,0

672,4 

145,4

Несиелеу  мерзімдері бойынша ШКС несиелері, млрд теңге

- қысқа мерзімді

- ұзақ  мерзімді

 
 
20,1

2,8

 
 
17,7

6,7

 
 
20,4

19,5

 
 
40,1

34,1

 
 
60,2

61,8

 
 
67,6

77,8

ШКС барлық несиелері,млрд теңге

- ұлттық  валютада

- шетелдік  валютада

 
13,0

9,9

 
17,1

7,2

 
2,3

17,6

 
40,7

33,5

 
75,4

46,6

 
53,2

92,2

Ескерту – Қазақстанның ұлттық банкінің 2004-2009 жылдардағы жылдық есептері мәліметтері негізінде автормен құрастырылған

    Қарастырылған аралықта елдің экономикасына бағытталатын несиелердің жалпы сомасының  базалық кезеңмен салыстырғанда 2009 жылы 71,6 млрд теңге-ден 672,4 млрд теңгеге дейін немесе 9,4 есеге, соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері 22,9 млрд теңгеге немесе 6,3 есе өскенін көреміз. Несиелеу аумағының күрт кеңейуі біріншіден 1997-1998 жылдары субъектілердің нормативті-құқықтық базасын дайындаумен; екіншіден, ШКС тез қарқында өсуімен түсіндіріледі. Елде қысқа мерзімді несиелеу көлемдерінің  20,1 – 67,6 млрд тг немесе 47,5 млрд теңге сомасына жоғарыласа, өз кезегінде орташа және ұзақ мерзімді несиелеу 2,8-ден 77,8 млрд теңге немесе 75,0 млрд теңге ұлғайды.

    % 

    Сурет 2 – Шағын кәсіпкерлік субъектілерін  несиелеу динамикасы, %

    Ескерту – ҚР ҰБ-ның Статистикалық бюллетені  мәліметтері бойынша автормен құрастырылған 

    Сонымен қоса, ұлттық валютада несиелеу көлемдері 13,0-ден 53,2 млрд теңге дейін немесе 309,2%, ал шет елдік валютада несиелеу көлемдері 9,9-дан 92,2 млрд теңге дейін немесе 9,3 есе өседі. ШКС белгілі бөлігі несиелерді шетелдік валютада алуды ұнатады. Сөйтіп, 2006 жылы ұлттық валютадағы несиелердің үлесі 36,6% тең болды, ал шетелдік валютада 63,4%. Осыған қарамастан, ШКС бөлінетін несиелердің үлес салмағы 31,9-тен 21,6% дейін төмендеді.

    Соңғы екі жылда Республиканың бюджеттік  қаржыларынан шағын кәсіпкерлік  мұқтаждарына 50 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, әрбір облыс пен аудандар экономиканың осы секторын жергілікті бюджеттерден қаржыландыруды жүзеге асыруда.

    Азия  даму банкінің (АДБ) қаржылық бағыты аймағында 67 жоба 37,7 млн АҚШ долларына қаржыландырылады. ЕБРР займын игеру басында 20285 жоба 139,98 млн АҚШ долларына қаржыландырылды, оның 58,3% – микро несиелер (1915 жоба 81,57 млн АҚШ долларына) және 41,7% шағын несиелер (1134 жоба 58,41 млн АҚШ долларына). АДБ несиелік қаржыларына ауыл шаруашылық кісіпкерлерінің кең қол  жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында несиелерді беру құрылымы өзгертілді, яғни нақты несиелердің сомасынан айналым қаржыларын толықтыруға бағытталатын, несиелер үлесі 20-дан 60%-ға дейін ұлғайтылды.

    Сондықтан, екінші деңгейдегі банктердің жүргізіп жатқан несие саясатының арқасында  да соңғы жылдары шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген несиелер көлемінің қарқынды өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік туды: республикада ЕДБ-нің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің жиынттық мөлшері 2007 жылдың ақпан айында 205 322 млн теңгені құрады.

    Екінші  деңгейдегі банктердің аймақтары бойынша  шағын және орта бизнес субъектілеріне берген несиелерінің құрлымында дербес кәсіпкерлік қаласы – Алматы ең үлкен орынды алады. Ресми статистика мәліметтері бойынша (2007 ж.) Алматы қаласында 27677 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішінде сауда саласында – 13764 (50,3%), өнеркәсіпте – 2742 (9,8%), құрылыста – 2661 (9,5%), көлік пен байланыста – 1820 (6,5%), қонақ үйлер, мейрамханалар және басқа да қызмет түрлері – 6690 (23,8%).

       Жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелгендер – 2060 адам, 2004 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48%-ға көп. Бұл аталған сандар Алматы қаласында шағын және орта бизнестің қарқынды дамуын қөрсетіп отыр. Алайда республиканың басқа да аймақтарында даму жағдайлары байқалуда.

          Қарастырып отырған мерзім аралығында екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелер құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ. Мәліметтерден көріп отырғанымыздай, екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелерінің жартысынан астамы сауда саласындағы кәсіпорындарға жұмсалды. 

 

    Сурет 3 – 2009жылдағы екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелері, %  

          Сауда қызметі шағын  кәсіпорындарға неғұрлым қол жетерлік, себебі үлкен капитал жұмсалымын, тауарлы-материалды запастарды қажет етпейді, сондай-ақ ақша қаражаттарының тез шалымдылығын қамтамасыз етеді.

    Қазақстандық коммерциялық банктер жалпы 2009 жылы 57 млрд теңге көлемінде несие берді. Шағын және орта бизнес субъектілеріне тиетін үлес 20-30%-дан аспайды. Мысалы: 2008 жылғы есептегенде барлық деңгейдегі борыштар сомасы 1,5 трлн теңгеге жеткен. Сондықтан банкер нақты секторды несиелеудің орнына  құнды қағаздар нарығында қызмет еткенді дұрыс көреді. Шағын және орта кәсіпкерлікті жетілдіру және оның рөлін көтеру дамыған елдерге ғана емес, сонымен бірге Азия, Африка және Латын Америкасына көптеген дамушы мемлекеттеріне тән екендігін атап өту қажет. Қазіргі кезде дамушы мемлекеттердің едәуір бөлігінің экономикалық саясатының негізгі бағыты экономикасы дамыған елдер тәжірибесі мысалында ұсақ өндірісті дамыту және оның орта және ірі кәсіпкерлікпен байланысын нығайту болып табылады.

    5-кесте  мәліметтері бойынша, экономикасы  дамыған елдерге қарағанда негізгі  капиталдың мөлшері 30-40 есе төмен, дамушы елдерде ұсақ бизнес 2-5 есе жоғары. Ұлттық өндірушілердің жалпы санындағы ұсақ кәсіпкерлердің үлесі өнеркәсібі дамыған елдердің сәйкес көрсеткішінен 1,5 есе жоғары. Сондай-ақ, ЖІӨ, халықты жұмыспен қамтудағы шағын кәсіпорындардың үлесі дамыған елдердегі нәтижеге жақындауда. ҚР шағын және орта кәсіпорындар қызметінің барлық көрсеткіштерінің арасында тек ұлттық өндірушілердің 92,7% үлесі дамыған елдер шамасына сәйкес келеді. ҚР шағын және орта кәсіпкерлігінің қалған көрсеткіштері дамыған елдермен қоса, дамушы елдермен қол жеткен көрсеткіштер деңгейінен төмен.  

Кесте 5 – Даму деңгейі әртүрлі елдердегі  шағын және орта кәсіпорындар шектерінің орташа есептелген критерийлері және олардың экономикадағы алатын орны 

Көрсеткіштердің аталуы Дамыған елдер Дамушы

елдер

Қазақстан

Республикасы

1. Жұмыскерлердің  саны

( адамға  дейін)

500 50 50
2. Негізгі  капитал (мың АҚШ доллары) 170-190 5,0 -
3. Максималды  жылдық

айналым (мың АҚШ доллары)

150-200 300-1000 -
4. Ұлттық  өндірушілердің

жалпы санындағы үлесі (%)

60-80 90-98 92,7
5. ЖІӨ  құрудағы үлесі (%) 50-60 20-40 16,3
6. Ұлттық  жұмыс бастылықты 

қамтамасыз  етудегі үлесі (%)

60-70 40-50 10,3
Ескерту – автормен құрастырылған
 

      Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруды жандандыру отандық экономиканы дамытудың ең өзекті мәселелерінің бірі. Себебі, олар арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген мәселелерін шешеді: өндіріс өнеркәсібін модернизациялауды және кеңейтеді, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығарады, жұмыс орны санын өсіреді, халықтың әл-ауқатының жалпы деңгейін көтереді.

    Барлығына мәлім, шет мемлекеттердің тәжірибелері көрсеткендей, кәсіпорынды қаржыландырудың  кең таралған көздерінің бірі –  коммерциялық банктердің жеке инвестициялары болып табылады. Банктiк несиеге  деген сұраныс күннен-күнге өсуде, ал оған шағын бизнес субъектiлерiнiң қол жеткiзе алмауы көкейтестi мәселелердiң бiрi болып отыр. Әлеуметтiк-экономикалық ақпарат және жобалау институты жүргiзген сауалнама бойынша Қазақстанның шағын бизнес субъектiлерiнiң 84% несиеге тәуелдi екендiгiн көрсеткен. Сондай-ақ осы институттың мәлiмдеуi бойынша банктен алынатын несиелер мына мақсаттар үшiн жедел қажет:

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары